Бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуы кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлгерлiкпен немесе ҚР заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
Бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуы кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлгерлiкпен немесе ҚР заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
Бюджеттiк кредитті пайдаланғаны үшiн қарыз алушы жүзеге асыратын төлем - сыйақы болып табылады.
Жылдық проценттер түрiнде көрсетiлетiн сыйақы шамасы сыйақы ставкасы болып табылады.
Сыйақы ставкасы тiркелген немесе құбылмалы болуы мүмкiн.
Мөлшерi бюджеттiк кредиттiң барлық мерзiмiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы тiркелген сыйақы ставкасы болып табылады.
Мөлшерi бюджеттiк кредиттiң барлық мерзiмiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы тiркелген сыйақы ставкасы болып табылады.
Мөлшерi қаржы нарығындағы конъюнктураға байланысты өзгерiп тұратын сыйақы ставкасы құбылмалы сыйақы ставкасы болып табылады.
Бюджеттiк кредит беру туралы шешiм:
1) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бюджеттiк кредиттеудiң мақсатқа сай екендiгiн айқындауды;
2) бюджеттiк бағдарламаларды мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асыруды ұсынатын бюджеттiк кредиттеу өлшемдерiне олардың сәйкестiгi мәнін қарауын;

3) бюджеттiк өтiнiмдi және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысын бюджеттiк комиссияның қарауын;
4) бюджеттік комиссияның бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарын әзірлеуді қамтиды.