Cабақтың тақырыбы: Киелі сандар (1,2- слайд) Сабақтың мақсаты


Қазақстанның жеті кереметі



бет8/8
Дата31.12.2021
өлшемі66,5 Kb.
#23589
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
14.Қазақстанның жеті кереметі:

  1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

  2. Тайқазан

  3. Айша бибі мазары

  4. Тамғалы жартас суреттері

  5. Алтын адам

  6. Домбыра

  7. Күлтегін ескерткіші

( 20,21,22 - слайд)

15.Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар: 1. Ләйлі- Мәжнүн. 2. Зылиқа –Жүсіп. 3. Фархад- Шырын. 4. Таһир- Зуһра. 5. Арзу- Қамбар. 6. Мәлік- Жамал. 7. Зияда- Бозжігіт.

(23 - слайд)

16.Тапсырмаларды орындау:


  1. 7 санынан басқа қандай тағы да қазақтың киелі сандарын білесіңдер?

( 3,9,12,40)

  1. «Сатылай талдау технологиясы» бойынша сөзге фонологиялық талдау сызбасын қайталап 3,7,9,12,40 сандарына ауызша фонологиялық талдау жасау.

( 24,25,26- слайд)

  1. «Қасиетті» сөзіндегі дыбыстарға сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау.

( интерактивті тақтада)


( 27-слайд)

17.Сандар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1. Жеті рет өлшеп , бір рет кес.

2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

3. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

4. Мыңның жүзін білгенше,

Бірдің атын біл.

5.Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

6. Бірінші байлық- денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық- он саулық.

7. Елуінде ер- дана,

Елуінде ел- жаңа.

(28,29,30- слайд)
IV.Сабақты қорытындылау. Оқушыларға топтық тапсырма беру.

( сыныпты үш топқа бөлу әр топ өзінің ережесін ұсынады және қорғайды)

Тапсырма: Әр топ мектеп оқушысының 7 тараудан тұратын ережесін құру.

18. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қадыр Мырза –Әлі – сегіз қырлы, бір сырлы дарын. Табиғат перзенті – ақын, ал сол перзенттің қолдаушысы халық. Халық аман болса, ақын да аман, ақын да бақытты. ( 31- слайд)

Бақыт деген- досыңның табағында,

Бақыт деген- домбыра шанағында,

Бақыт деген- өзіңнің босағаңда,



Бақыт деген- халықтың қабағында.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Өз беттерімен қазақтың қасиетті сандары туралы мағлұмат жинау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет