Cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата02.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78464
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
 


 
 
 
 
КӨМЕЙ ҚУЫСЫ (cavitas laryngis), шартты үш бөлікке бөлінеді: жоғарғы, 
ортаңғы және төменгі. 
Жоғарғы бөлім, немесе көмей кіреберісі (vestibulum laryngis), аралықтары 
кіреберіс саңылауын (rima vestibuli) түзетін кіреберіс қатпарларымен (plicae 
vestibulares) шектеледі. 
Ортаңғы бөлім, немесе қарыншааралық, кіреберіс қатпарларынан дауыс 
қатпарларына (plicae vocalis) дейін жалғасады. Осы қатпарлар арасында 
көмей қарыншалары (ventriculus laryngis) орналасқан, ал дауыс қатпарлары 
көмей қуысының ең тар аймағы, дауыс саңылауын (rima vocalis) шектейді. 
Дауыс саңылауының алды жарғақаралық (pars intermembranacea) арты 
шеміршекаралық (pars intercartilaginea) бөліктер деп аталады. 
Төменгі бөлім, дауыс саңылауының астында орналасқан, бұл дауысасты 
қуысы (cavitas infraglottica), ол кеңірдекке жалғасады. Көмейдің ішкі беті 
шырышты қабықпен көмкерілген. Шырышасты негізінде, төртбұрышты 
жарғақпен (membrana guadrangularis) эластикалық конустан (conus elasticus) 
құралған талшықты-серпілмелі жарғақ (membranа fibroelastica) орналасқан. 
Төртбұрышты жарғақтың жоғарғы жиегі ожау-көмей қақпашығы 
байламдарына жетсе, төменгі бос жиектері оң және сол кіреберіс 
байламдарын (ligg.vestibulares) түзеді, ал эластикалық конустың жоғарғы 


жиегі симметриялы орналасқан дауыс байламдарымен (ligg.vocale) 
аяқталады. 
 
КӨМЕЙ ШЕМІРШЕКТЕРІ 
Көмей, жұп: ожаутәрізді, сынатәрізді, мүйізшетәрізді және тақ: көмей 
қақпақшасы, қалқанша және жүзіктәрізді шеміршектерден құралған.
ҚАЛҚАНША ШЕМІРШЕК (cartilagо thyroidea) алдынан бір-бірімен, 
әйелдерде жайпақтау, еркектерде тік бұрыш құрап қосылған оң және сол 
төртбұрышты табақшалардан (lamina dextra et lamina sinistra) тұрады. 
Шеміршектің алдыңғы жіегінде жоғарғы (incisura thyroidea superior) және 
төменгі (incisura thyroidea inferior) қалқанша тіліктері орналасқан. 
Шеміршектің артқы жиегінен жоғарғы (cornu superius) және төменгі (cornu 
inferius) мүйіздерді байқауға болады. Табақшалардың сыртқы бетімен қиғаш 
сызық (linea obligua) өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет