Cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата02.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78464
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
1 курс 2 ші сабаққа материалдар

ЖҰТҚЫНШАҚ
Жұтқыншақ, pharynx,ауыз және мұрын қуыстарын өңеш және көмеймен 
қосады. Жұтқыншақ хоандар арқылы мұрын қуысымен және аңқа арқылы 
ауыз қуысымен қатынасады. Сондықтан жұтқыншақ ас қорыту және тыныс 
алу жүйелерінің бастапқы бөлігіне жатады. Жұтқыншақтың жоғарғы, артқы, 
алдыңғы және бүйір қабырғалары бар.Жоғарғы қабырғасы күмбезі, fornix 
pharуngis, деп аталады. Жұтқыншақтың күмбезі бассүйектің сыртқы негізіне 
бекиді. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы омыртқа бағанасының мойындық 
бөлігінің алдында,мойын шандырының омыртқаалдылық табақшасына 
жанасып жатады. Осы жұтқыншақ артындағы кеңістікте, spatium 


retrophayngeum, лимфа түйіндері жатады. Жұтқыншақтың бүйір жағында 
мойынның өте маңызды қантамырлары мен нервтері : ішкі ұйқы артериясы, 
ішкі мойындырық венасы, кезбе нерв өтеді. Жұтқыншақтың алдыңғы 
қабырғасында хоаналар, аңқа және көмей кіреберісі орналасқан.


Жұтқыншақтың ұзындығы 13см-15см., VІ мойын омыртқасы деңгейінде 
жұтқыншақ өңешке жалғасады. Жұтқыншақты үш: мұрындық бөлікке, pars
nasalis pharуngis, ауыздық бөлікке, pars oralis pharуngis ,және көмейлік 
бөлікке, pars laryngea pharуngis, бөледі. Осы бөліктерін мұрындық 
жұтқыншақ, ауыздық жұтқыншақ және көмейлік жұтқыншақ деп те атайды. 
Мұрындық бөлік тек тыныс алу жолына, ауыздық бөлік тыныс алу және 
асқорыту жолдарына жатады, себебі, бұл жерде ас қорыту және тыныс алу 
жолдары қиылысады, ал көмейлік бөлік таза асқорыту жолына жатады. 
Жұтқыншақтың күмбезінде және жоғарғы қабырғасының артқы 
қабырғасына өтетін жерінде - лимфоидты тіннен түзіліп, иммундық жүйеге 
жататын жұтқыншақ (аденоидтық) бадамшасы, tonsilla pharyngealis, 
орналасады. Ол ең жоғарғы даму деңгейіне балалық шақта жетеді. 
Жұтқыншақтың бүйір қабырғасында жұтқыншақты ортаңғы құлақ 
қуысымен байланыстыратын есту түтігінің жұтқыншақтық тесігі 
,ostium pharуngeum tubae auditivae, орналасқан. Тесікті артқы және жоғарғы 
жағынан түтік буылтығы ,torus tubarius, шектеп тұрады. Буылтықты есту 
түтігінің шеміршекті бөлігінің медиалды табақшасы түзеді. Есту (Евстахий) 


түтігі арқылы ауа ортаңғы құлаққа өтіп, ондағы қысымды сыртқы 
атмосфералық қысыммен теңестіріп тұрады. Есту түтігінің жұтқыншақтық 
тесігін,– түтік бадамшасы, tonsilla tubaria, қоршап тұрады. Барлығы алты 
бадамша: жұтқыншақ және жұп түтік, жұп таңдай және тіл бадамшалары 
жұтқыншақтың лимфоэпителийлік (Пирогов-Вальдейер сақинасын) 
сақинасын түзеді.
Жұту актісі кезінде жұтқыншақтың мұрындық бөлігі ауыздық бөліктен 
таңдай пердесімен бөлінеді, көмей қақпашығы көмей кірісін жабады, осының 
арқасында аc түйірі тек өңешке өтеді. Көмейлік бөліктің алдыңғы 
қабырғасының жоғарғы бөлігінде көмей кірісі, aditus laryngis, орналасады. 
Төменгі бөлігінде - көмей шодыры, prominentia laryngea, жұтқыншақтың 
қуысына еніп тұрады, оның екі бүйір жағында алмұрттәрізді ұңғылдар, 
recessus piliformes, жатады. Жұтқыншақ жүзіктәрізді шеміршектің төменгі 
жиегі деңгейінде өңешке жалғасады . 
Жұтқыншақ қабырғасының құрылымы.Жұтқыншақтың қуысы жағынан 
бастап, сыртқа қарай қарастырғанда: біріншісі - шырышты қабық, tunica 
mucosa; екіншісі – шырышасты негізі, tela submucosa; үшіншісі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет