Cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата02.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78464
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
бұлшықетті қабық, tunica muscularis; төртіншісі - дәнекертінді қабық , 
tunica adventicia,- деп,аталады. Жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің 
шырышты қабығы кірпікті, ал ауыздық және көмейлік бөліктері көпқабатты
жалпақ эпителиимен жабылған. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде 
көп мөлшерде жұтқыншақ бездері, glandulae pharуngeae, жекеленген 
лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, қан, лимфа тамырлары 
және нервтер орналасады.
Шырышасты негізі жұтқыншақтың төменгі бөлігінде, құрылымы 
бойынша кәдімгі шырышасты негізі болса, ал жоғарғы бөлігінде тығыздалып 
талшықты құрылым түзеді де, жұтқыншақ-базилярлық шандыр, fascia 
pharyngobasilaris, - деп аталады.
Жұтқыншақтың тік қабығында көлденең жолақты бес бұлшықет 
бар.Олардың үшеуі жұтқыншақты қысатын бұлшықеттер,екеуі жұтқыншақты 
көтеретін бұлшықеттер. 


Жұтқыншақтың жоғарғы қысатын бұлшықеті, m.constrictor 
pharyngis superior, сынатәрізді сүйектен, төменгі жақсүйектен және 
тілден басталып, артқа жүреді де, жұтқыншақтың артындағы ортаңғы 
сызық бойында - қарсы жақтың бұлшықетімен қиылысып,жұтқыншақ 
жігін, raphe pharyngis, түзеді. 
 Жұтқыншақтың ортаңғы қысатын бұлшықеті, m.constrictor 
pharyngis medius, тіласты сүйегінің үлкен және кіші мүйіздерінен 
басталады. Оның талшықтары жоғары, горизонталды және төмен 
жүріп жұтқыншақтың артындағы ортаңғы сызық бойында - қарсы 
жақтың бұлшықетімен қиылысып, жұтқыншақ жігін, raphe pharyngis, 
түзеді. Жоғарғы талшықтары жоғарғы қысатын бұлшықеттің төменгі 
бөлігін жауып жатады. 
Жұтқыншақтың төменгі қысатын бұлшықеті, m.constrictor 
pharyngeus inferior, қалқаншатәрізді және жүзіктәрізді шеміршектердің 
латералды беттерінен басталып, Оның талшықтары жоғары, 
горизонталды және төмен жүріп жұтқыншақтың артындағы ортаңғы 
сызық бойында - қарсы жақтың бұлшықетімен қиылысып,жұтқыншақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет