3 2 7 Өлшеу құралдарын калибрлеуді тұжырымдаңыз. Өлшеу құралдарын калибрлеу - мемлекеттік метрологиялық бақылау (ММБ) мен қадағалауға тиісті емес өлшеу құралдарының нақты мәні мен пайдалануға жарамдылығын анықтап, растау мақсатында жүргізілетін операциялар жиынтығы. Өлшеу құралының жарамдылығы деп оның метрологиялық сипаттамаларының нормативтік құжаттарда көрсетілуі немесе тапсырыс беруші анықтауы мүмкін, одан бұрын орнатылған техникалық талаптарға сәйкес келуін айтады. Жарамдылық туралы қорытындыны калибрлеуші лаборотория жасайды.
Калибрлеу біздің елімізде бұрынырақта болған өлшем құралдарын ведомстволық салыстырып тексеру және метрологиялық аттестацияны алмастырады. Калибрлеудің ММҚ органы жүргізетін салыстырып тексеруден айырмашылығы, оны кез келген метрологиялық қызмет (жеке тұлға) орындай алады. Ол ушін бұл қызмет біліктендірілген деңгейге сәйкес болуы шарт. Калибрлеу- ерікті операция. Оны кәсіпорынның өз метрологиялық қызметі де жүргізе алады. Бұл- оның салыстврвп тексеруден тағы бір ерекшелігі.
Дегенмен калибрлеудің бұл ерекшелігі кәсіпорынның метрологиялық қызметін белгілі бір талаптарды сақтау қажеттілігінен босатпайды. Талаптардың ең бастысы- жұмысшы өлшеу құралының ұлттық (мемлекеттік) эталонға міндетті түрде бағынуы. Осылайша, калибрлеу функциясы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн. Ал егер өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің принциптнрі халықаралық ережелермен және нормалармен үйлестірілгенін ескеретін болсақ, онда калибрлеу өлшем бірлігін қамтамасыз етудің әлемдік жүйесіне кітеді.
Осы талаптардың орындалуы («эталонға сәйкестендіру») басқа көзқарастан да маңызды: өлшеу- технологиялық процестің ажырамас бөлігі, яғни олар өнімнің сапасына тікелей әсер етеді.
Осыған байланысты олшеулер мемлекеттік эталонннан алынған мөлшерлер мен заңдылық метрологиясының нормалары мен ережелерін сақтау арқылы алынған нәтижелерімен салыстырылуы керек.
Өнімді сатушыға деген сенім беделді ұлттық метрологиялық ұйым атынан берілген өлшеу құралын калибрлеу туралы сертификатпен нығайтылады.
Калибрлеуді енгізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Батыс елдерінде калибрлеу жұмыстары өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі қажеттілігіне байланысты кеңейіп, дамып отырады, сондай-ақ салыстырып тексеруге (міндетті функция ретінде) өлшеу құралдарының шектелген номенклатурасы жатады. Ал Ресейде калибрлеу құрал-жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау процестерін мемлекетсіздендіру үшін пайдаланылады. Осының салдарынан салыстырып тексерудің жалпыға ортақ міндеттілігінің жойылуы калибрлеу функциясының пайда болуына алып келді.
Метрологиялық бақылау бәріне ұнай бермейді және жайлы тимейді. ММҚ де, кәсіпорындық метрологиялық қызметте де метрологтарға ондаған жылдардағы дағдылы істерінен жаңа қарым қатынас түріне ауысуға тура келеді. Ол кері реакция туғызатыны белгілі.
Калибрлеуді енгізуге бәсекелестіктің жоқтығы кері әсер етеді. Мұнда белгілі бір қарама қайшылықтар туындайды. Бір жағынан, кәсіпорындардың заңға сәйкес өздері өлшеу құралдарын калибрлеуді жүргізуге құқығы бар және олар калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқықтарына аккредиттеудің білікті органдарында аккредиттелуге мүдделі емес (бәсекелестік жоқ кезде). Екінші жағынан, кәсіпорын мемлекеттік эталоннан алынған схемадағы мөлшерден ауытқуы нәтижесінің дәлдігінің және анықтығының жоғалуына әкеп соғатынын біледі.
Калибрлеу жұмыстарын ұйымдастырудың мүмкін нұсқалары:
Кәсіпорын калибрлеу жұмыстарын өз бетінше ұйымдастырады және ешқандай жүйеде аккредиттелмейді;
Кәсіпорын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оны аккредиттеуші ұйым атынан калибрлеу жұмыстарын жүргізуге калибрлеудің жүйесінде аккредиттеледі;
Өлшеу құралын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген кәсіпорын сонымен бірге өлшеудің сол түрлерін калибрлеу жұмысын жүргізуге де құқық беретін аттестат алады;
Метрологиялық институттар мен ММҚ органдары бір мезгілде аккредиттеу органы және калибрлеуші ұйым ретінде тіркеледі;
Кәсіпорынды ашық түрдегі шет ел калибрлену қызметіндегі калибрлеуші зертхана ретінде аккредиттеу.
Бүгінгі таңда елімізде калибрлеу ісін ұйымдастырудың тиімді нұсқасы анықталған жоқ, бірақ калибрлеу жүйесінің ұйымдастыру принциптері жайлы айтуға тұрарлық. Ол мына принциптерге сүйенеді:
Мемлекеттік эталондардың өлшемдерін міндетті түрде өлшеу құралдарына беру;
Калибрлеу жүйесінің субъектілерінің кәсіпқойлығы және техникалық біліктілігі;
Өзін-өзі ақтауы.
Оған кірудегі негізгі мақсат - өнім сапасының көрсеткішіне тұтынушылардың сенімінің өсуіне ұмтылу. Бұл процесті калибрлеу ұйымдарын да қамтитын елімізде дамып келе жатқан сынақ зертханаларын аккредиттеу жандандырады. Сонымен қатар,калибрлеу қызметін ақпараттық қамтамасыз ету ұйымдастырады. 1-сызбада калибрлеу жүйесінің сызбасы көрсетілген.
Оның субъектілері болып мыналар табылады:
Мемлекеттік эталондар бірлігіне бағынатын эталондарды пайдалану арқылы өлшеу құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі;
Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтар (мемстандарттың метрологиялық қызметі) және аккредиттеуші орган ретінде тіркелген мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары. Олар өлшеу құралдарын калибрлеу құқығына ие заңды тұлғалардың метрологиялық қызметін аккредиттеуге құқылы;
мемстандарты- субъектілерінің қызметін реттеуші орталық органы;
Қызметін ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыратын метрологиялық қызметтің Бүкіл ғылыми- зерттеу институты (БҒЗИ);
Кеңесші органы- калибрлеу жүйесінің қызметінің техникалық саясатының сұрақтары бойынша орталық органының шешімдер жобаларын қалыптастыру және талқылау үшін әр елдің мемстандарты құрған Калибрлеу Жүйесінің Кеңесі.
КЖ Кеңесіне аккредиттеуші орган жетекшілері, аккредиттелген метрологиялық қызмет жетекшілері, кәсіпорын және халық шаруашылық саласының ғылыми-зерттеу институтының және бірлестіктерінің, сондай-ақ басқа да КЖ-не қызығушылығы бар қоғам және бірлестік өкілдері мүше бола алады.КЖ-нің барлық қызметі келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.
Аккредиттелген метрологиялық қызметтің жұмысына қойылған талаптарды бақылауды айтылып отырған метрологиялық қызметтің орналасқан жеріндегі ММҚ органы атқарады. Сонымен қатар аккредиттеу органы қойылатын талаптарға өзінің сәйкестігін тексеру үшін ішкі аудит және ревизиялар жүргізіп отырады.
ҚР ДСҰ-на өту қарсаңында стандарттарды және оларды мұқият талдауды қажет ететін, халықаралық талаптарға үйлестіруде үлкен көлемде жұмыс жүргізу ұйғарылған.
2005 жылдан бастап үйлестірілген стандарт СТ РК ИСО/МЭ 17025-2001 “Сынақтау және калибрлеу зертханаларының кәсіпкерлігіне жалпы талаптар” әрекетке енгізілді.
Ол бойынша, сапаны қамтамасыз етуді бақылау, сынатау және калибрлеудің шындық нәтижелеріне зертханааралық салыстыруға қатысуды қосу керек. СТ РК 3.16 2005 жылдың маусымынан бастап енгізілді және ол сынақ зертханаларына, бақылау органдарының іс-әрекетіне, сонымен қатар, эксперт-аудиторлар және зертханааралық салыстыруға қатысатын басқа заңды және жеке тұлғаларға арналған.
Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеуді, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды өкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметтің осы түріне аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Өлшеу құралын калибрлеудің құқықтық негіздері «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңымен анықталады. Аккредиттеудің реті мемстандарттармен белгіленеді. Заң калибрлеудің қолдану шекараларын белгілейді: «тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары өндірістен немесе жөндеуден шығарылған кезде, импортталған кезде, пайдаланған, жалға берген және сатқан кезде калибрлеуге ұшырайды».