Цельсий шкаласының шығу тарихын сипаттаңыз


Тыныштандырғыш құралын түсіндіріңіз



бет12/15
Дата02.06.2023
өлшемі78,58 Kb.
#97788
түріАнықтамалық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
3 2 4 Тыныштандырғыш құралын түсіндіріңіз..
: Пайдалану жағдайына байланысты аспаптың қозғалатын бөлігі тез тынышталуы керек. Бұл ауалы немесе магниттік тыныштандырғышымен іске асырылады. Ауалы тыныштандырғышта қозғалатын белігін тежеу үшін тыныштандырғыш камерасындағы ауаны сығу немесе сирету салдарын пайдаланса, магниттік тыныштандырғышында магниттік тежеу принципін (құйынды ток әсері) пайдаланады
– Тыныштандырғыш құрылысы: а) ауалы тыныштандырғыш камерасы; б) поршень; в) тұрақты магнит
Жазық орауышты электр-магниттік аспаптардың жұмысы фер-ромагниттік өзекшенің тогы бар орауыштың ішіне тартылатын принципіне негізделген. Мұндай аспап негізгі қаңкаға оралған саңылауы бар орауыштан тұрады. Аспаптың қозғалмалы бөлігі нұсқама тілі бар 1 біліктен, симметриясыз бекітілген өзекшеден 2, және қайтарушы серіппеден 3 тұрады. Нұсқама тіл өзінің орнықты қалпына қарағанда тез тынышталуы үшін ауалык тежеуіші бар тыныштандырғыш 4 қолданылады.
Рамка магнит өрісінде бұрылған кезде оның орамдарында бағыты Ленц заңымен анықталатын ЭҚК туады. ЭҚК арқылы пайда болған ток қарсы әрекет күшін туғызады да аспаптың қозғалмалы жүйесін тез тыныштандырады. Бұл аспаптарды тыныштандырғыш жүйелерісіз жасауға мүмкіндік береді.
3 2 5 Синусоидалы екі кернеудің арасындағы физикалық ығысу бұрышын түсіндіріңіз.
3 2 6 Тікелей бағалау аспаптарының өлшеуіш механизмдері түсіндіріңіз.
Өлшейтін объект – электростанция, қосалқы станция, таралу құралғылары, генераторлар (өндіргіш), қозғалтқыштар (двигательдер).
Өлшенетін физикалық шама – электр тоғы, кернеу, қуат, электр энергиясының шығыны, жиілік.
Өлшеудің әдісі – белгілі кепілдеме жүзінде, қолдану тәжірибесіне және оператордың тәжірибесіне сәйкес алынады.
Өлшеу құралы – қолданылатын әдіске байланысты, құралдың табылуына және өлшеу жағдайына сәйкес алынады.
Өлшеу қателігі – теориялық және тәжірибелік есептеу әдістеріне байланысты.
Өлшеу нәтижесі – халықаралық стандарттармен салыстырылады. ФШ өлшеу кең ауқымда (диапазон) өзгереді. Мысалы, энергетика объектілеріне кездесетін электр кедергісі Омның мыңнан бір бөлігінен тераОмға дейін өзгеруі мүмкін. Ең көп тараған өлшеу әдісі – тікелей өлшеу әдісі болып табылады. Келесі суретте өлшеу әдістері көрсетілген.

1.2 Сурет – Өлшеу әдістері сұлбасы
Тікелей өлшеу әдісін қолданғанда физикалық шама бірден өлшеуіш құралдың көрсеткішінен өлшенеді. Салыстырмалы әдісте: физикалық шаманың мәні белгілі өлшеммен салыстырылады. Көпке белгілі салыстырмалы әдіс – нөлдік әдіс.
Өлшеу құралдары мына түрлерге бөлінеді:
1. Өлшемдік құралдар – бұл физикалық шаманы бірден табатын құралдар.
2. Өлшеу құралдар, аспаптар – олар аналогтік, цифрлық, өзі жазатын, интегралдық болады. Бұлар өлшеу нәтижесін бірден береді, оны, оператор бірден байқайды.
3. Өлшеуіш түрлендіргіштер – масштабтық, бір ФШ екіншіге айландырады. Бұл құралдар ФШ-лардың шығыс параметрін кіріс параметрлеріне пропорционал жасайды.
4. Өлшеуіш қондырғылар – алдынала белгіленген өлшеу әдістерімен өлшеу құралдарының жинағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет