Целью данной дипломной работы является создание web-сайта



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата31.03.2017
өлшемі3,79 Mb.
#11004
1   2   3   4   5   6

 

 

 

 

 

21 

 

1.6 Есептің қойылымы 



 

Дипломдық 

жұмыстың 

мақсаты 


сақтандыру 

компаниясының 

қызметтерін  on-line  режімде  қолдануға  мүмкіндік  беретін    web  сайтты  құру 

болып табылады.   

Құрылатын  сайт    арқылы  қолданушылар  өздеріне  қажетті  сақтандыру 

полистеріне  тапсырыс  беруге,  компанияның  қызметтерімен  және  олардың 

бағаларымен  танысып,  қажетті  жұмыстарды    есептегіш  арқылы  on-line 

режімде есептеуге мүмкіндіктері болуы керек.  

Дипломдық  жұмыстың  нәтижесінде  келесі  негізгі  тапсырмалар 

орындалуы қажет: 

­

 

web-қосымшаның құрылымын құру; 



­

 

программалау тілін таңдау; 



­

 

мәліметтер қорын таңдау; 



­

 

тиімді және түсінікті программалық интерфейсті құру; 



­

 

клиенттердің тіркелуін ұйымдастыру; 



­

 

сайт бойынша іздеу жүйесін ұйымдастыру; 



­

 

жобаның экономикалық тиімділігін анықтау; 



­

 

еңбек қауіпсіздігін талдау. 



Web-қосымшаны  құру  барысында  JavaScript,РНР  тілі  және  MySQL 

деректер қоры қолданылады және СMS жүйе ретінде Drupal таңдалды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 


22 

 

 



2 «G&N Garant» сақтандыру компаниясының web cайтын құру  

 

2.1 Сайтты құрудың кезеңдері 



 

Кез келген өнім сияқты web-сайттың өзінің өмірлік циклының кезеңдері 

болады (2.1 - сурет). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

2.1 cурет - Web-сайттың өмірлік циклының кезеңдері 



 

Жобалау мақсаты мен міндеттері. Компания жауапкершілігі шектеулі 

серіктестік ретінде 2010 жылы ұйымдастырылған. Компанияның толық аты – 

«G&N Garant» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. «G&N Garant» ЖШС ҚР 

Конституциясына  сай  құрылған.  «G&N  Garant»  ЖШС  негізгі  мақсаты  пайда 

табу мақсатында сақтандыру қызметін ұсыну  болып табылады. Серіктестіктің 

I. Жобалау мақсаты мен 

міндеттері 

 

II. Сайтты құру 



 

1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау; 

2. Мақсатқа жету критерийлерін анықтау; 

3. Мақсатты пайдаланушылар сегментін 

анықтау; 

 

1.



 

Жобаның архитектурасы мен дизайнын жасау; 

2.

 

Технологиялық негізін құру; 



3.

 

Контентпен толтыру; 



4.

 

Дайын шешімдерді тестілеу; 



5.

 

Хостингтік платформаға көшіру; 



6.

 

Жобаны жүзеге асыру. 



 

1.

 



Іздеу жұйелеріне тіркеу және оңтайландыру

2.

 



Web-қорлар каталогтарында тіркеу

3.

 



Тематикалық  қорларда  кәсіпорын  және  сайт 

туралы ақпаратты орналастыру; 

4.

 

Іздеу жарнамасы; 



5.

 

Баннерлік жарнама; 



6.

 

Рейтингтік жүйелерде тіркеу. 



 

III. Сайтты жылжыту 

 

IV. Сайттың қызмет 



көрсетуі 

 

1.



 

Актуалдылығы және дамуы; 

2.

 

Іздеу машиналарына оңтайландыру; 



3.

 

Ендіру жұмыстары. 



 

V. Сайттың жұмыс істеу 

тиімділігі 

 

 



1.

 

Экономикалық тиімділік; 



2.

 

Компанияның бизнес жобаларының сайтпен 



интегрирленуі; 

3.

 



Сайт жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі. 

 



 

 


23 

 

ағымдағы  қызметін  басқару  жалғыз  атқарушы  органмен  жүзеге  асырылады, 



яғни  Серіктестіктің  бас  директоры  Ержанова  Раушан  Зейнуллаевнамен  

жүзеге  асырылады.  «G&N  Garant»  ЖШС  2010  жылдың  24  қазанында 

тіркелген.  Компания  көлік  түрлерін,  мүлік,  денсаулық,  кепілдіктерді,  қаржы 

шығындарын сақтандыруды ұсынады.  



Серіктестік  принциптері.  Серіктестік  қызметін  ҚР  қолданыстағы 

заңына  сүйене  отырып  жүзеге  асырады.  Компания  жұмысының  негізі  болып 

келесілер  табылады:  адамгершілік  нормаларын  ұстану  және  жақсы  бизнес-

репутацияны қолдау. 

-

 

кәсіпқойлық және біліктілік; 



-

 

құпиялылықты сақтау; 



-

 

тапсырыс берушінің мүддесін қорғау; 



-

 

әр клиентке жеке дара тіл табу. 



Компания қызметтері: 

-  көлік  құралдары  иелерінің  азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін 

сақтандыру; 

-  тасымалдаушының  жолаушылар  алдындағы  азаматтық-құқықтық 

жауапкершілігін сақтандыру; 

-    аудиторлардың  және  аудиторлық  ұйымдардың  азаматтық-құқықтық 

жауапкершілігін сақтандыру; 

-  қызметкер  еңбек  міндеттерін  атқарған  кезде  оның  өмірі  мен 

денсаулығына  зиян  келтіргені  үшін  жұмыс  берушінің  азаматтық-құқықтық 

жауапкершілігін сақтандыру; 

-   Жеке нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін 

сақтандыру; 

-   туроператордың және турагенттердің азаматтық құқықтық 

жауапкершілігін сақтандыру; 

-    экологиялық сақтандыру. 

Сайтты құру бірнеше кезеңдерді қамтиды: 

1)

 

Бастапқы кезең. Бастапқы кезеңнің мақсаты – жобаның дизайны мен 



технологиялық  негізінің  талаптарын  анықтау,  сонымен  қатар  ресурстың 

мақсаттары  мен  міндеттерін  белгілеп,  жобаны  құрастырудың  жоспарын 

бекіту. Жобаның графикалық безендірудің талаптарын қамтитын «дизайнның 

брифі» құрастырылады. 

2)

 

Жобаның дизайны мен архитектурасын жасау. Сайттың дизайнымен 



байланысты жұмыс келесі кезеңдерді қарастырады: 

-

 



пайдаланушы интерфейсіне қойылатын талаптар анализі; 

-

 



материалдардың  интуитивті  түрде  түсінікті  ұйымдастырылуы  мен 

ойластырылған өтулер; 

-

 

дизайн 



концепциясының 

құрастырылуы. 

Жобаның 

барлық 


функционалдық  мүмкіншіліктерін  жақсы  жағынан  ұсынып,  мақсатты 

аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесу; 

-

 

дизайнды  бекіту.  Жобаның  бастапқы  дизайн  концепциясына  қажетті 



өзгертулер енгізіп, соңғы шешімге келу. 

24 

 

Тапсырыс берушінің қойған негізгі талаптары келесідей: 



a)

 

сайттың бірінші бетінде компания жайлы слайд болуы



b)

 

сайтта іскерлік әдеп  сезілуі; 



c)

 

сайттағы тустердің кара және сұр тустері болғаны; 



d)

 

жоғарғы горизонталь және сол жақ вертикаль мәзірлердің болуы. 



3)

 

Технологиялық  негізін  жасау;  Технологиялық  негіздеме  мен 



бекітілген  дизайн  концепциясы  бойынша  мәліметтер  қорының  оңтайлы 

құрылымы  жасалады.  Сондай-ақ  сайт  бөлімдерінің  шаблондары  мен 

интерактивті сервистері бапталып өңделеді. 

Сайттың  қызмет  көрсету  функциялары  мен  материалдарын  компания 

қызметкерлеріне  оперативті  түрде  өзгертуге  мүмкіндік  беретін  сайттың 

әкімшілік  жүйесінің  интерфейсі  мен  механизмдерін  құрастыру  жұмыстары 

жүргізіледі. 

Аталған  кезеңде  графикалық  және  мәтіндік  материалдарды  енгізуге 

болатын сайттың жұмыс нұсқасы жасалады. 

4)

 



Контентпен толтыру;  

  Бұл  кезеңде  сайттың  мәліметтер  қоры  контентпен  толтырылады.  Тиісті 

шаблондар  мен  механизмдер  құрастырылғаннан  кейін  барлық  мәтіндер, 

файлдар  және  қажетті  көрсетілімдер  енгізіліп  немесе  әкімшілік  интерфейс 

арқылы мәліметтер қорына көшіріліп сайтта жарияланады. 

5)

 



Дайын шешімді тестілеу;  

  Жүйені  интегрирлеу  мен  интернет  өкілеттіліктің  құралдырының 

баптаулары аяқталған соң тестілеуге ұсынылады. 

6)

 



Құралдарды баптау және хостингтік платформаға көшіру;  

  Мұнда  провайдерді  таңдау,  хостингті  алу,  домендік  атты  таңдау  және 

сайтты интернетке жүктеу әрекеттері жүргізіледі. 

7)

 



Жобаны іске асыру; Барлық процедуралар аяқталғаннан кейін сайтты 

тестілеп,  жобаны  қолдау  бойынша  мамандардың  нұсқауларынан  өткеннен 

кейін сайт оның кірушілеріне ашылады. 

 

2.2

 

Сайтты құру құралдары 

 

Интернеттің  дамуына  орай  жасалынған  web-беттердің  бет-бейнесі 



өзгере түсуде. Бастапқыда HTML беттер тек белгілі бір ақпаратты бере отыра, 

ешқандай  қосымша  қызметтерді  атқармайтын.  Бірте-бірте  сұраныстар 

күрделене  түсті,  енді  сайтты  құруда  тек  HTML  тілін  білу  жеткіліксіз.  Түрлі 

технологиялар  икемді  сайт  жасауға  ықпалын  тигізеді.  Қазіргі  заманауи 

сайттарды  құру  үшін:  HTML,  CSS,  JavaScript  (немесе  VBScript),  Flash,  PHP 

(немесе  Perl)  және  MySQL  реляциялық  мәліметтер  қоры  пайдаланылады. 

Технологиялардың  қолданысқа  енуіне  байланысты  web-сайттардың  оңтайлы 

өзгеруін байқауға болады (2.2-сурет).  



25 

 

 



 

2.2 cурет - Web-технологиялардың қолданысқа енуі 

 

Клиенттік орта (браузер, мысалы Opera) бағдарламаның сыртқы келбеті 



(бір бөлігі) болады. Осы ортада HTML беттер мен қызмет көрсету сеанстары, 

ағымдағы  сессиялар  көрсетіледі.  Бетте  орналасқан  нысандар  терезелерді, 

оқиғаларды  және  HTML  беттерін  (манипуляциялауға)  басқаруға  мүмкіндігі 

болуы міндетті. Ол үшін  JavaScript клиенттік тілі керек. 

Сервермен  жұмыс  істеуде  PHP  тілі  (немесе  Perl)  және  MySQL 

мәліметтер қоры қажет. 



HTML. HTML-  бұл  бағдарламалау  да, құжаттарды басқару  тілі  де  емес. 

Бұл  ең  алдымен  гипермәтінді  белгілеу  тілі.  Оның  басты  мақсаты-  мәтінді 

орналастыру,  құрылымын  тегтер  арқылы  сипаттау:  параграф,  цитата,  тізім, 

бөлім. 


HTML  тілінде  көптеген  құрамдас  элементтері  бар.  Олар  құжатты  кез 

келген қалау бойынша безендіруге көмектеседі. Браузердің үнсіздік кейпіндегі 

қаріп  стильдерінің  көрінісі  ұнамаса,  қосымша  тегтер  арқылы  оңай  өзгертуге 

болады.  Егер  бұл  да  көңілден  шықпаса  CSS  стильдер  кестесін  пайдалануға 

болады. 

XHTML.  XHTML  тілі  XML  және  HTML  тілдерінің  қоспасы,  біртіндеп 

HTML-ды ығыстырып келеді. 



CSSCSS (Cascading Style Sheets) – каскадты стильдер кестесінің тілі. Ол 

web-беттердің мүмкіндіктерін арттыру үшін құрастырылған. 

Web  -  құрастырушыларға  беттің  сырт  келбетін  жақсартуға  мүмкіндік 

береді  (қаріптер,  түстер,  шегіністер,  орналасуы,  т.б.).  CSS  құжаттың  негізгі 

ішкі  құрылымын  (мысалы,  HTML  тілінде жазылған)  және оны безендіруінен 

(CSS-те  жазылғанынан)  айыру  үшін  жасалған.  Мұндай  әрекет  құжаттың 

сырты көрінісі мен қайталанатын элементтерін безендіруге септігін тигізеді. 

HTML мен CSS-ті пайдаланғанда келесілерді ескеру қажет: 



26 

 

-  HTML-код  мәтінді  логикалық  тұрғыда  жазады,  яғни  web-беттің 



құрылымын  береді:  абзацтардың,  графикалық  суреттердің,  жолдар  мен 

ұяшықтардың орналасуы мен кезегі; 

-    CSS стильдер  кестесі  мәтіндерді  физикалық  тұрғыда  орналастырады, 

яғни  web-беттің  көрінісін  береді:  абзац  мәтәндері  қандай  қаріппен 

терілетіндігі,  атаулары  қандай  түспен  көрінетіндігі,  кестелердің  қалыңдығын 

және т.б. 

Сонымен  қатар,  стильдерімен  толтырылмаған  HTML  бет  оқылуға 

ыңғайлы.  Себебі,  HTML  бетте  бір  уақытта  web-беттерді  (форматтаудың) 

өңдеудің  логикалық  және  физикалық  тегтері  болады.  Қаріпті  қоюл+0атып 

ерекшелейтін    және    тегтері,  сонымен  қатар  курсивті    және  



  тегтері  бар.  Бірақ    және    физикалық  өңдеу  тегтері  мәтінді  тек 

ерекшелеп  қояды  (сондықтан  олар  ескірген  және  қолданылмайтын  тегтер 

қатарына жатқызылады), ал  және  логикалық өңдеу тегтері тек 

ерекшелеп  қана  қоймай,  мәтінге  маңыздылық  дәрежесін  береді.  Егер  web-

бетті  мүмкіндігі  шектеулі  адамдар  арнайы  браузер  арқылы  оған  дауыстап 

оқып  берсе,    және    тегтер  арасындағы  сөздерге  өзге  интонация 

беріледі. 

Flash.  Flash  бір  уақытта  бағдарлама  (Flash,  Adobe  Inc.)  және  файлдық 

формат 


(.swf 

кеңейтілімде).Adobe 

Flash- 

Adobe 


компаниясының 

мультимедиялық платформасы. Ол мультимедиялық презентацияларды, 

web



беттерді,  жарнамалық  баннерлерді,  анимациялық  ойындарды, 



web

-  беттерде 

водео  және  аудио  жазбаларды  ойнауда  қолданылады.  Adobe  Flash  векторлы, 

растрлы және үш өлшемді графикалық суреттермен жұмыс жасайды. 

Компиляцияланған  flash  файлдар  .swf  кеңейтілімімен  сақталады.  Flash 

файлында  видеороликтер  .flv  кеңейтілімінде  болады  да,  ал  swf  роликтер  тек 

контейнер рөлін атқарады. Файлдық жұмыс форматы .fla кеңейтіліміне сәйкес 

келеді. 


Flash ерекшеліктері: 

-  платформалық тәуелсіздік, яғни flash арқылы құрылған сайттар түрлі 

операциялық жүйелер мен браузерлерде бірдей көрінеді; 

-   үлестірілген және дизайнерлерге үлкен көлемді құралдардың берілуі; 

-   дұрыс жасалынған flash сайттар аз орын алып, тез жүктеледі; 

Flash кемшіліктері: 

-  интернет 

пайдаланушылардың  flash  ойнатқыштарын  жаңарту 

ниеттерінің болмауы, сол себепті жаңа flash модульдері жұмыс істемейді; 

-  интерфейсі мен стандартталуының қиындығы; 

-ұзақ  жүктелуі  –  графикалық  объектілердің  көлемді  болуына 

байланысты. 



Flash  және  DHTML.  Web-сайт  дизайнерлеріне  Flash  және  DHTML 

арасында  таңдау  көп  жағдайда  туындайды.  Егер  DHTML  интерактивтілікті 

HTML, CSS және JavaScript құралдары арқылы жүргізсе, Flash технологиясы 

HTML бетіне ендірілген жеке Internet- технологиясы болып келетін нысан. 



27 

 

Таңдау  мәселесі  тұрса,  сайтта  қандай  ақпарат  орналасатындығын 



анықтап алу міндетті: 

-  мультимедия элементтері көп қолданылса, дұрысы- Flash; 

-  көлемді  мәтіндерді  қамтитын  сайтқа  DHTML  немесе  HTML 

қолданылған  жөн.  Өзінің  жетістіктеріне  қарамастан  Flash  HTML  беттерді 

ығыстыра алмайды. 

Интернеттегі бағдарламалау тілдері. Web- сайтты құрастыруда 

қолданылатын программалау тілдерін 2 топқа бөліп қарастыруға болады:  

Біріншісіне, сайтқа кірушінің компьютерінде, браузерінде, орындалатын 

код  жатқызылады.  Бұлар  бәріне  таныс  JavaScript,  VBScrpt,  Java-апплеттері. 

Осы тілдерде жазылған бағдарламалар, web-беттің кодына ендіріледі, немесе 

бөлек файлға жазылып web-беттен шақырылады. 

Екінші  топқа,  web-сервер  орналасқан  компьютерде  орындалатын 

бағдарламалар  жатқызылады.  Бұл  топқа  PHP  жатады,  және  басқа  тілдерге 

қарағанда өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бұл тілде бағдарламаны 

құра  отырып  C++    немесе  Perl  тілдеріндегі  сияқты  файл  сценарийлеріне 

қатынау құқығы туралы, түрлі модульдерге қатынау жолдарын көрсету және 

т.б. әрекеттерді ескермеуге болады. PHP бағдарламасын тестілеу үшін хостинг 

провайдерде  орнатылған  операциондық  жүйені  орнату  қажет  емес.  Сәйкес 

web-серверді жүктеп PHP модулін қосса жеткілікті. 

Құпиялылығы.  JavaScript  және  VBScript  скриптері  web-бетке  тікелей 

орналастырылады  да  көру  кезінде  беттің  кодында  қарап  шығуға  болады. 

Қандай  да  бір  скриптің  коды  ашық  жазылады.  Ешқандай  құпиялылығы, 

қауіпсіздігі не авторлық құқық сақталынбайды, кез келгені алып өз ыңғайына 

өзгерте  береді.  Perl-да  жазылған  бағдарламалар  жеке  файлдар  түрінде  SSI 

директивалар, IFRAME және IMG тегтері  арқылы шақырылады.  



 

2.2.1 JavaScript негіздері 

JavaScript  тілінің  танымалдылығы  web-  бет  элементтерін  бір-бірімен 

байланысу  және  қайта  жүктеудің  кең  мүмкіндіктеріне  байланысты.  Дизайн 

бөліктерін  көрсетуге,  жасыруға,  көшіруге  және  безендіруге  көмектеседі. 

Осындай 


әрекеттер 

презентациялық 

эффектілерді 

жасауға, 

форма 

мәліметтерін өңдеуге және құрамын басқаруға септігін тигізеді. 



-  қабаттарды  қолдау.  Бірінің  үстіне  бірін  орналастыруға  болатын 

HTML бөліктері (пиксельге дейінгі дәлдікпен) ; 

-  пішіндермен  жұмыс.  Кез  келген  мәліметтерді  скрипттер  арқылы 

өңдеу  ыңғайлы,  ол  ақпаратты  серверге  жіберу  алдында  дұрысытығына 

тексереді.  Егер  мәтіндік  алаңға  қандай  да  бір  санды  енгізуін  сұраса,  әріптік 

символдардың енгізілу мүмкіндігін ескеру қажет; 

-  суреттермен  жұмыс. Скриптер  арқылы суреттің  алдын  ала жүктелуін 

жасауға болады. Суреттерді тікелей көру алдында браузер өзінің жадысында 

сақтайды  да,  қажет  болған  жағдайда  жылдамырақ  бейнелейді.  Ені,  биіктігі, 

графикалық  файлдың  адресі  сияқты  суреттің  негізгі  параметрлерін 

динамикалық  өзгертуге  болады.  Ол  тінтуірдің  әрекетіне  байланысты  жауап 


28 

 

береді,  ерекшелегенде  сурет  өлшемі  өзгереді.  Ұқсас  әдіспен  суреттер 



галереясы жасалады- суреттің өзгеруі бір бет шекарасында жүргізіледі; 

-  уақыт  пен  күнді  айқындау.  Көптеген  дизайнерлер  өз  жобаларында 

ағымдағы  күн  мен  уақытты  көп  қолданады.  Арнайы  күнмен  жұмыс  істеуге 

арналған Date объектісі пайдаланылады; 

-  Cookies  файлдарымен  жұмыс.  JavaScript  cookie  файлдарымен  толық 

жұмысты қамтамасыз етеді. Cookie- техникалық ақпарат сақталатын локальды 

компьютердегі  мәтіндік  файл.  Бұл  файлды  оқырманның  соңғы  кіру  күнін, 

парольдерді,  сонымен  қатар  сайттағы  басқа  да  әрекеттері  туралы  ақпарат 

сақталады.  Аталған  әрекет  сайтты  жекешелеп  кірушілерге  ыңғайлы  етіп 

жасайды; 

-  оқиғаларды  бақылау.  Оқиға  ретінде  пайдаланушының  белгілі  бір 

әрекеті  немесе  құжат  күйінің  өзгеруі  айтылады.  JavaScript  көптеген 

оқиғаларды  бақылап  отырады  да  оған  жасалған  әрекеттерді  анықтауға 

мүмкіндік  береді.  Мысалы,  web-бетті  жүктегенде  onLoad  оқиғасы  жүреді. 

Егер  скриптті  құжат  жүктелгеннен  кейін  жүзеге  асуы  керек  болса,  онда  осы 

оқиға басталғандағы болатын функцияны анықтау қажет; 

-  жаңа  терезелерді  құру.  Скриптер  жаңа  терезелерді  құруға,  оларға 

сыртқы  пішінін  және  ішкі  құрамын  өңдеуге  мүмкіндік  береді.  Жасалған 

терезелердің  адрестік  жолын  алып  тастауға,  айналдыру  жолағын  жасыруға 

және экранда орналасу орнын беруге болады; 

-  браузерді  тексеру.  Түрлі  браузерлерде  объектілік  модельдерді 

бейнелеу  стандартталмаған,  соңына  дейін  барлығы  қолдамайды.  Сол  себепті 

универсалды  құжатты  жасау  үшін,  ағымдағы  уақытта  қандай  браузер 

қолданыста екендігіне байланысты сәйкес кодты беру керек

-  математикалық  функциялар.  JavaScript  қажетті  арифметикалық 

операцияларды  қамтиды,  барлық  стандартты  математикалық  функцияларды, 

бүтін мен үтірі жылжымалы сандарды, қолдайды; 

-  құжат  құрамын  басқару.  Write()  әдісімен  кез  келген  ақпаратты 

жасалған  құжатқа  ендіруге  болады,  мысалы,  бүгінгі  күнді.  Жаңа  құжатты 

динамикалық  құрастыруға  болады.  Бұл  түрлі  браузерлердің,  операциялық 

жүйелердің  ерекшеліктерін  ескере,  жеке  мәтіндерді  шығаруға  мүмкіндік 

береді. 


Әрине,  мұнда  JavaScript  тілінің  барлық  мүмкіншіліктері  жазылмаған. 

Дегенмен,  айтылған  мысалдардан  web-беттің  мүмкіндіктерін  арттыратын 

универсалды және ыңғайлы құрал екендігін көруге болады [10]. 

Орыс тілінде екі түрлі жазылуы қарастырылған – «Джава» және «Ява». 

Java  тiлiндегi  программа  байт  код  өңделетiн  бағдарламамен  (JVM)  Java 

виртуалдық  машина  атқарылатын  байтқа  хабарландырлайды  және  жабдыққа 

беретiн  нұсқау  бұл  интерпретатор.  Орындау  тәсiлiн  ұқсас  қадiр-қасиет  байт 

толық  тәуелсiздiктi  болып  көрiнедi.  Басқару  жүйесiнен  код  және  Java-

қосымша  үшiн  тиiстi  виртуалдық  машинада  болған  кез-келген  құрылғыда 

орындауға  рұқсат  берген  жабдық.  Java  технологиясының  басқа  маңызды 

ерекшелiгi  қауiпсiздiк  икемдi  жүйе  бағдарламаның  орындауы,  виртуалдық 


29 

 

машина толық бақылау арқасында болып көрiнедi. Мысалы, мәлiметтерлерге 



рұқсат  етiлмеген  қол  жеткiзудi  әрекет  бағдарламаның  орнатылған 

өкiлеттiктерiн  асқан  кез-келген  операциялар  немесе  басқа  компьютермен 

қосылуын үзуге шақырады. 

Java платформасының классификациясы: 

Java SE (Java Standart Edition) негiзгi шығару, компиляторлар, API, Java 

Runtime  Environment  бірнеше  рет  қолданбалы  қосымшалардың  жасауын 

сақтайды; 

-  Java  EE  (Enterprise  Edition)  кәсiпорынның  деңгейiн  бағдарламалық 

қамтамасыз етудiң жасауы үшiн спецификациялардың теруi болады; 

-  Java  ME  (Java  Micro  Edition)  есептеуiш  қуат  бойымен  шектелген 

құрылғыларды  пайдалану  үшiн  құрылған,  мысалы,  жылжымалы  телефондар, 

кiрiктiрме жүйелерде; 

-  JavaFX табиғи даму Java келесi қадам болып көрiнетiн технология бұл 

Rich  Client  Platform  корпоративтiк  және  бизнес  қосымшалардың  графикалық 

интерфейстердiң жасауы үшiн арналған. 

Java 


және  Microsoft.  Microsoft  компаниясымен  өзіндік  JVM 

реализациясы  жарыққа  шыққан  болатын.  MSJVM  Sun  Java  қарағанда 

ерекшеліктері  болды,  әр  түрлi  тұғырлардың  арасындағы  тасымалданғыштық 

программ көпшiлiгiнде бөлінетiн негiзiн қалайтын тұжырымдамалары: 

-  алшақ  әдiстердi  шақырудың  программалық  интерфейсi  қолдаудың 

жоқтығы (RMI); 

-  технология қолдаудың жоқтығы JNI; 

-  қалыпсыз  кеңейтулердiң  бар  болуы,  Java  және  DCOM  ықпалдасу 

Windows жұмыс iстейтiн ғана тұғырларында. 

shootout.alioth.debian.org  сайтының  тұжырымдамасы  бойынша,  Java 

C/C++ қарағанда жетi әр түрлi тапсырмалар үшiн орындау уақыты орташа бiр 

жарым-екi есе көбiрек құрайды, ал кейде Java басқа мағнада тезiрек, кейде 7 

есе  ақырынырақ.  Google  компаниясының  жүргізілген  зерттеулері  бойынша, 

C++  тiлiндегi  программалармен  салыстыруда  Java  тестiлiк  мысалдарында 

естiң  тұтынуы  көбiрек.  Қосымшалардың  әзiрлеуiн  Eclipse  ортасында  хабар 

плагин  бұл  ретте  қолдана 

  Android  Development  Tools  немесе 



 

IntelliJ  IDEA 

мүмкiн. 

 

JDK версиясы 5.0 және одан жоғары болуы керек. 



Кейбір платформалар Java үшін аппаратты қолдауды ұсынады. Мысалы, 

JVM бағдарламасының орнына Java кодын оырдайтын микроконтроллерлер. 



JavaScript тілінің және jQuery кітапханасының сипаттамасы 

JavaScript – HTML беттiң белсендi сценарилердің жазуы үшiн арналған. 

JavaScript  тiлі  Java  тiлге  ешқандай  да  қатынасы  болмайды.  Java  SUN 

фирмасымен  өңделген.  JavaScript 

  Netscape  Communication  Corporation 



фирмасымен. Бастапқы атауы 

 LiveScript. 



Коммерциялық  пiкiрлердi  Java  тiлдiң  бүкiләлемдiк  атақ  жеңiп  алуынан 

кейiн  LiveScript  атын  JavaScript  деп  өзгерттi.  JavaScript  автономды 

қосымшалардың  жасауы  үшiн  арналмаған.  JavaScript  тiлiндегi  программа 

HTML-құжат түпнұсқада тiкелей iшiне орнатады және бұл құжатты жүктеудiң 



30 

 

өлшемi  бойымен  браузерлер  түсiндiредi.  JavaScript  көмегiмен  жүктелетiн 



HTML-құжат  мәтiнiн  өзгертуге  болады,  динамикалық  және  оқиғада  құжат 

күйiнiң өзгерiстерiмен немесе терезеге келушi әрекеттерге қатысты. 

JavaScript маңызды ерекшелiгі - объектiнiң хабарланғандығы. Құжаттар, 

гиперсiлтеме,  пiшiн,  фрейм  мұндай  сияқтыларды  бағдарламалайды.  Объект 

(қасиеттермен)  ақпараттарымен  бейнеленеді  және  мүмкiн  әрекеттермен 

сипаттамалады.  JavaScript  сценариі  HTML  ішінде 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет