Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әді-
стері:
Біріншіден, жаңа материалды түсіндіргенде немесе
жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда ани-
мациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графи-
калық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған
дұрыс.
Екіншіден, оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымда-
стырғанда. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық мате-
риалдары пайдалы болуы мүмкін.
Үшіншіден, ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс,
ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастырғанда. Мұнда
бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік те-
стіленуі.
Төртіншіден, мультимедиялық құралдарды пайдалану
арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топта-
стыруға мүмкіндік беретін әдіс.
Бесіншіден, ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды
орындау кезінде. Мұндай ЦБР — дың артықшылығы қол-
дануы өте үлкен және қымбат тұратын құрылғылардан
тұратын оқу кластары мен лабораторияларды алмасты-
руға мүмкіндік береді.
Алтыншыдан, жаратылыстану ғылыми циклінің пән-
дері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР-ды
жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады.
Жетіншіден, оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өз-
деріне ығайлы уақытта, өз темпінде теориялық материал-
дармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік
тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан
оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. [6]
Қорытынды
Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды,
бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни
сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық техно-
логиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен
толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу
тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушы-
лардың назарын зерделенген көріністердің ерекшелік-
теріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, са-
бақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен,
өмірлік тәжірибелермен, оқушылардың пәнге деген қы-
зығушылықтарымен және т. б. құбылыстармен байланы-
стыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1. Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды дай-
ындау стандарты (www.nci.kz)
2. АҚ «Білім беруді ақпараттандырудың ұлттық орталығы» (www.nci.kz)
3. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық
институт (www.ripkso.kz)
4. Роберт И. В. Теория и методика информатизации образования (психолого-педагогический и технологический
аспекты). 3-е изд., доп. — М.: ИИО РАО, 2010. — 356 с.
5. Савелова Е. В. Цифровые образовательные ресурсы в школе: методика использования. Обществознание.
Сборник учебно-методических материалов для педагогических вузов. — М.: Университетская книг, 2008. — 224 с.
6. Қадірбаева Р.І. Жаңа ақпараттық-білім технологиясын пайдаланып оқытудың ерекшеліктері //Шығармашылық
іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері: Халықаралық ғылы-
ми-тәжірибелік конференцияның материалдары. — Шымкент-Москва, 2009. — Т. ІІІ. — Б. 174–178.
|