409 Young scientist Kazakhstan далану еш қиындық та, күмән де тудырмайды. Сол себепті әле-
уметтік боттар әкелетін зиян үлкенірек, әрі қауіптірек деп
бағалауға болады.
Ең маңызды екі сұрақ бар. Әлеуметтік боттардың жұмысы
санаға қалай әсер етеді? Саясатта бұл не үшін маңызды?
Бірінші сұрақтан бастап тоқталайық. Орташа адамдар
қоғамның мүшесі ретінде әркез сол қоғам ережелеріне сай
өмір сүреді. Бұл дегеніміз әлеуметтік нормаларға бағынады де-
генді білдіреді. Ұқсас шешімдер қабылдайды, ұқсас өмір сүру
стилін қолданады, ұқсас тамақ жейді, ұқсас киімдер киеді және
ең маңыздысы — ұқсас ойланады. Ең қауіптісі де осы. Адамдар
бірдей ойланған кезде жақсы өзгерістерге ұмтылмайды, қолай-
сыздықтарды нормаға қабылдап оны өзгертуге ұмтылмайды.
Осы қалыптасқан жағдайдың әсерінен адамдар көпшіліктің
пікіріне қосылуға бейік келеді. Көпшіліктікі дұрыс деп ойламауы
мүмкін, алайда көпшілікпен бірге қауіпсізірек деп санайды. Осы
инстинктивті ойлау жүйесін пайдалуға болады. Боттардың
жұмыс жүйесі осыған-ақ негізделген. Көпшілік пікірдің иллюзи-
ясын жасап басқалардың соған илануына әсер етеді. Айналаңы-
здағы адамдардың бәрі бір нәрсені айтып сендіріп жатқан кезде
оған келіспей қарсы тұру әсіре қиын. Бұны дәлелдейтін өте көп
психологиялық тәжірибелер, зерттеулер бар. Бұл туралы «Ки-
евнаучфильм» режиссері Феликс Соболев өзінің «Я и другие»
деген тәжірибелер жинағынан тұратын фильмінде көрсетеді.
Тәжірибе көрсеткендей адамдар пирамиданың түсі қара екенін
көре тұра басқалар ақ деп сипаттағанын көріп пирамида түсін
ақ деп айта бастайды. Бұның бәрі адамдардың конформдылық
қасиетінің әсерінен болады. Яғни адамдар қоғамнан бөлектеніп
қалудан қауіптенеді. Сол себепті ерекшеленіп басқа пікір айтуға
қорқады. Осы заңдылық жұмыс істеп тұрған кезде әлеуметтік
боттардың жұмысы да нәтиже бере береді.
Адамдардың санасына әсер ету принциптік тұрғыда дұрыс
емес екенін түсінеміз. Ал саяси жағдайларға қатысты бұл әдетте-
гіден үлкен маңыздылыққа ие. Себебі, әр адамның саяси пози-
циясы ешкімнен тәуелсіз болуы керек. Журналистика саясаттан
тәуелсіз болуы керек. Ол тікелей мемлекеттің тағдырына әсер
етеді. Саяси компаниялар, насихаттар мен үндеулер манипуля-
циясыз болуы керек. Басқа жағдайдың бәрі биліктің авторитар-
лығына әкеліп соғады. Сондықтан саясатта бұл әдістің қолда-
нылуына шектеу қою керек.
Қорытындылай келе, адамдар тәуелсіз ойлануы үшін, тәу-
елсіз сайлауы үшін, тәуелсіз шешімдер қабылдауы үшін бұл
әдісті заңмен шектеу маңызды. Осылай ғана журналистика
тәуелсіз өмір сүре алады. Осылай ғана журналистика өз функ-
ционалдық қызметін дұрыс атқара алады. Соны жүзеге асыру
үшін алдымен әлеуметтік боттардың қызметін ақпаратты жет-
кізу тәсілі ретінде мойындау керек және заңмен шектеу керек.
Осылай ғана манипуляциялық насихат жолын бөгей аламыз.
Әдебиет:
1. Хачатрян, М. Г. Обнаружение ботов в социальных сетях с помощью многослойного перцентрона / М. Г. Хачатрян,
П. И. Чепик. — Текст: непосредственный // Политехнический молодежный журнал. — 2019. — № 4.
2. Мартьянов, Д. С. Политический бот как профессия / Д. С. Мартьянов. — Текст: непосредственный // ПОЛИТЭКС. — 2016. —
№ Том 12, № 1. — С. 74–89.