3.2 Қ. Нұрғалиевтің кәсіби мұрасы
Қ. Нұрғалиевтің педагогикалық көзқарастары, мектеп білімін дамытуға
қосқан үлесі ұлттық педагогиканың қалыптасуына зор ықпал тигізген тарихи
құбылыс болды. Құмаштың түрлі тақырыптарда жазылған, айтылған ой-
пікірлерін, мектеп ісіндегі жаңашылдығына тарихи талдау жасасақ оның еңбегі
гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық
идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Оның педагогикалық ойларында
өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл-ой ізденістері, талғамды
тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді,
жастарды білім, ғылым, өнерге баулуды мұрат тұтты.
Бүгінде Құмаш Нұрғалиевтің арманы тәуелсіздік алғаннан кейін
Қазақстанның барлық жерінде іске асып, егеменді еліміздің ұл-қыздары соңғы
үлгіде жабдықталған мектептерде білім алуда.
«Боранды артта қалған ауыл деп есептесе де, біз өзімізді провинциал деп
есептемейміз. Мәдениет - ол географиялық ұғым. Біз барлық мүмкін болған
құралдармен жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге тырысамыз»
дейтін Қ. Нұрғалиев [111].
Ол баланы білім мен ғылымның, техниканың дүниесіне тереңдеп кіруге,
техниканы игертуге ұмтылдырды. Қолынан келгенше біразын жүзеге асырды,
толық орындауға қаражатта керек болса, сонымен қатар сүйенері де аз болды,
кейбіріне заманы жол бермеді. Шәкірттерін төрге сүйреген ұстаз қала, орыс
мектептерінен артта қалып жатқан ел-жұртын басқалардың өнер-білімін,
техникасын игеругу ғана шақырып қоймай, сол игі істі тікеклей жүзеге асыруға
да өлшеусіз үлес қосты Құмаш Нұрғалиевтің еңбегі сонда, ол ауылдағы
мектепті мәдениет орталығына айналдырды.
Мектеп бірінші рет, эстетикалық орталықтардың жиынтығын: көркем
галерея, киноклуб, акті және дискотека залы, әскери даңқ, әдеби және ел тану
мұражайы, спорт алаңы бар, демалыс саябағы орналасқан мәдениеттің
әлеуметтік институты ретінде көрінді.
Мектептің мәдениетінің әлеуметтік институты ретіндегі педагогикалық
нәтижелілігі – оқушылардың өнерге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне, халық
өнеріне деген ерекше қызығушылығымен сипатталады.
Құмаш Нұрғалиев өз қызметінде авторлық мектеп құру арқылы ерекше
мәдени орта жасауға тырысты. Оның пікірінше, мектеп, балалардың әлемге
көзін ашып, оларды ғылым, техника, мәдениет саласындағы қазіргі заманға сай
жетістіктерге тартуы тиіс.
«Тәрбие жұмысының творчестволықпен ойланатын, іске асыратын, тіпті,
кей жағдайда талас, пікір тудыратын әдістері, түрлері көп. Әнгіме соңы
орынды, дұрыс пайдалана білу. Қайткенде жас ұрпақты мәденниетті, білімді,
бүгінгі өмір талабына сай баулу керек. Сондықтан бұл жұмыста қол жеткен
жетістіктеріміз болса, қанағат етіп тұрып қалмай, үнемі іздене берсек дер едім.
Болашақтын ұрпағын тәрбиелеу, өсіру, оқыту, үйрету керек. Иә, ұстаздың
73
борышы, шәкірт алдындағы зор енбегі, арайлы ісі, Отанға деген игі қызметінің
бәрі осы үлкен арнаға сияды» деген Қ. Нұрғалиевтің ойында үлкен мән
жатқандай.
Өз өмірінде Құмаш Нұрғалиев 1968; 1978 жылдары Бүкілодақтық
Мәскеуде өткен мұғалімдер съезіне, Алматыда өткен республикалық IV; V; VI
мұғалімдер съезіне қатысып, сөз сөйлеп ұстаздар мен пікір алысты. Өз ойын,
көңіліне тоқығаның алмасты. Өзінің көп жылдар тырнақтап жинаған, мол
педагогикалық, басшылық, ұйымдастырушылық іс-тәжірибесімен бөлісті.
Құмаштың мектебі елге таңымал болды. 1971-1972 оқу жылдың өзінде
ғана Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі белгілерін алғандар тізімі ішінде
Боран орта мектебінен Қ. Нұрғалиев, А. Копытина, Қ. Айкенева, А. Голосова,
М. Раисов болды [112].
«Боран мектебінде КСРО халық ағарту ісінің үздігі, 8 Қазақ КСР халық
ағарту ісінің озық қызметкерлері, медальмен марапатталғандар бар», - деп
сонау 1977 жылдары аудан басшысы ерекшелеген еді [113].
Сонымен қатар КСРО Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев көптеген
республикалық және Бүкілодақтық педагогикалық форумдарға қатысушы.
Мысалы, 1953 жылы Алматыда Қазақстан мұғалімдерінің съезі, 1962 жылы
Қазақстан мұғалімдерінің Республикалық слеті, 1968 жылы Бұкілодақтық
мұғалімдер съезі, 1984 жылы Қазақ КСР жастары ізбасарларының слеті, 1985
жылы Алматыда өткен Қазақстан мұғалімдерінің ІІІ съезі, 1987 жылы
Алматыда өткен Қазақстан мұғалімдерінің VІ съезі .
1980-1981 оқу жылы Қазақ КСР Оқу Ағарту министрі Қожахмет
Балахметов министрлік қызметкерлерімен мектепте болып, сабақтарға
қатысып, оқу-тәрбие жұмысымен және жұмыс үстіндегі теледидарлық-
техникалық жүйемен танысып, сынақтан өткізіп мектеп жұмысына өте риза
болып кеткен еді.
Алыстағы ауылда, Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданының
Боран ауылында, облыс орталығынан 500 шақырымдай қашықтағы елді
мекенде, елдің шығыстағы шекарасында Қ. Нұрғалиев ауыл мектебінің
авторлық үлгісін құрды. 1975 жылы мектеп КСРО Бүкілодақтық Ауыл
шаруашылық көрмесіне қатысып II-орын алды, ал 1980 жылы Қазақ КСР Ауыл
шаруашылығының қола медаліне және III-орынға ие болды. Құмаш
Нұрғалиұлы Әскери Қызыл Ту, Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен,
Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, бес медальмен марапатталды, «Қазақ
КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі» белгілеріне, 1965
жылы фашистік германияны жеңудің 20 жылдығы құрметіне және еңбектегі
табысқа ие болғаны үшін, 1966 жылы жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегі
үшін Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарына ие болды, 1985 жылы Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының төрағасы С. Мұқашев оны 60 жасқа
толған мерейтойымен құттықтап, жастарды тәрбиелеудегі еңбегі үшін Құрмет
грамотасымен мадақтады. 1984, 1987 жылдары Қазақ КСР Оқу министрі
Қ.Б. Балахметов оны еңбегі үшін Құрмет грамотасымен мадақтады. «Қазақ
КСР-ның еңбегі сіңген мұғалімі», 1986 жылы педагогикалық қызмет
саласындағы еңбегі үшін «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының
74
лауреаты» атанды. 1981 жылы «КСРО Халық мұғалімі» атағын иемденген
Құмаш Нұрғалиев еді. Осының барлығы оның ерен еңбегінің жемісі.
Бұл атаққа ұсынылған оның құжаттары сан мәрте жоғалып кетті де.
Сондықтан да болар Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы
Александр Константинович Протазанов оған телефонмен звондап, ешкімге тіс
жармастан тікелей құжаттармен Алматыға ұшып келуді тапсырады.
А.К. Протазанов бүкіл құжаттарды алып Д.А. Қонаевтың қабылдауына өзі
кіреді. Аталмыш оқиғадан кейін ғана оған «КСРО Халық мұғалімі» атағы
берілген [114].
«КСРО Халық мұғалімі» атағы қашаннан бастап қолданысқа енгізілді
деген мәселеге келсек, педагогтардың қоғамдық өмірдегі жоғарғы рөлі
бағаланып, арнайы жарлық шығып,. 1977 жылы халыққа білім беру
саласындағы ерекше іскерлік үшін «КСРО Халық мұғалімі» деген құрметті атақ
енгізілді [24, 12 б.]
Қазақстанда Қ. Нұрғалиевтен басқа «КСРО Халық мұғалімі» атағын алған
тағы кімдер бар деген мәселені қарастыру барысында сол уақыттағы Кеңес
мемлекеті бойынша «КСРО Халық мұғалімі» атағы жиырма бір адамға берілсе,
оның төртеуі ғана Қазақстандықтар [24, 112 б.]. Олар: Айтқалиев Құсейін
Айтқалиұлы Атырау облысы Махамбет ауданындағы Алға орта мектебінің
директоры, қазақ тілі мұғаліміне 1980 жылы, Қасимов Төлепберген
Смағамбетұлы Қызылорданың № 6 ПТУ-да арнаулы пән мұғаліміне 1982 жылы
және Кубраков Григорий Максимович Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавловскідегі саноторий мектеп-интернатының директоры, орыс тілі
пәнінің мұғаліміне 1988 жылы «КСРО Халық мұғалімі» атақтары берілген. Қате
деректерде кездесіп отырды, Қазақстанда үш «КСРО-ның Халық мұғалімі»
атағын алғандар бар деп мәліметтер де берілген
[35, 23 б.].
Педагогикалық тамыз конференциясында ол жергілікті партия, өкімет
органдарының атына өткір сын айтқан болатын, соған байланысты билік
басындағылардың оған қысым жасағысы келді. Социалистік Еңбек Ері атағын
беруге байланысты ұсыныстар кейінге қалдырылып отырылды. 1980 жылы
Қазақ КСР-да Социалистік Еңбек Ері атағын алған 7 мұғалім, КСРО-ның Халық
мұғалімі атағын алған бірінші Қ. Айтқалиев, екінші Қ. Нұрғалиевке берілді
[115].
Ия, кешегі билік басында отырғандар қаншама кедергі жасағанымен тарих
әр уақытта өз төрелігін айтады. Оның жемісі мыңдаған шәкірттері емес пе.
Құмаш Нұрғалиевтің өзінің жазған бірнеше мақаласы бар. Оның
мақалалары тек аудан, облыс көлемінде шыққан жоқ, сонымен қатар
Республикалық, Одақтық басылымдарда да жарық көрді. «Ұcтaз борышы»,
«Сұңқар бол сен де жас ұрпақ» [98], «Оқу мен еңбекті ұштастырып» [116],
«Растим детей для счастья» [98], «Наш семидесятый учебный год» [117], «Мы
тверды за мир!» [118] деген мақалалары тек оқу-ағарту ісіне ғана арналған жоқ,
онда сол кездегі қоғамдық өмір, саясат, көкейкесті мәселелер де қаралған.
1982
жылдың
көктемінде
Мәскеудегі
Орталық
теледидардың
«Жеңіскерлер клубы» атты хабары бойынша сөз сөйледі. Ол республикалық,
облыстық көлемде радио, теледидарларға әр түрлі пікірталастарға, хабарларға
75
қатысты. Пікірталастарда өз ұстанымы бар, кең көзқарастың иесі еді.
Өзгелердің пікіріне, оның өз ұстанымына үйлесе бермесе де, ерекше зейін
қойып қарайтын. өз пікірі дұрыс емес екеніе түсінсе, кешірім сұраудан бас
тартпайтын.
1982 жыл 19-20 қазанда – КСРО-ның құрылғанының 60-жылдығына
арналған Форумы Москвада одақтар Үйінің колонна залында өтті. Осы
форумда педагогика ғылымдарының қызметкерлері, еліміздің және одақтас
республикалардың ағарту жүйесінің жетекшілері, мұғалімдер, Мәскеудің және
Мәскеу облысының ағарту саласының мамандары, партияның, кәсіподақ,
комсомол ұйымдарының жауапты қызметкерлері қатысты. Онда мектеп ісінің
шешілмеген мәселелері, ғылыми зерттеулердің жоспарлы бағыттары және
өзекті мәселелері қаралды. «Ертеңгі күн кеше жобалануы керек. Біз келешек
ғасырдың қам-қаракетін күйттеудеміз», - деп орта мектептердегі білім берудің
көкейкесті мәселелерін көтерді.
1982 жылы Құмаш Нұрғалиев Мәскеуде өткен ЛКЖО-ның XVIII-ші
съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты, ал 1986 жылы «Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығының лауреаты» атағы берілуі – ұзақ жылдар бойы жастарға
білім- тәрбие берудегі ұлан-ғайыр еңбегінің жемісі екені даусыз.
1984 жылғы мектеп реформасы бойынша біршама өзгерістер болды.
Оқушыларды 6 жастан мектепке тартып, сәлде болса мұғалімдердің беделін
көтеру, мектептің материалдық базасын нығайту көзделді. Құмаш Нұрғалиев
басшылық еткен мектептің деңгейі осы реформа талаптарынан да биігірек
болды деп айтуымызға болады. Себебі оның қызметін қарастыру, тарихи талдау
барысында аңғарғанымыз, мектеп сол кездегі ҚазКСР-де материалдық базасы
ең мықты, біілім сапасы жоғары мектептердің бірі болды.
1987 жылы 22-23 мамырда Алматыда өткен Қазақстан мұғалімдерінің VI
съезінде Қ.Н. Нұрғалиев жас және тәжірибелі мұғалімдерді өзіне тартқан ұстаз,
азамат
ретінде
көрінді.
Съездегі
өз
сөзінде
Құмаш
Нурғалиев
интернационалдық және әскери-патриоттық тәрбиедегі күрделі олқылықтар
жөнінде айтты [119].
Оның кәсіби мұрасы жайлы құжатты–публицистикалық «Комсомольский
билет», «Здравствуй солнце», «Учитель», «Открытый урок» фильмдер
топтамасынан көп мағлұмат алуға болады.
Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық идеясының негізгі өзегі оқушы мен
мқғалім болып табылады.
Әр аудандық комитеттің хатшысы өзінің әрбір малшысын, қанша қой-
қозысы, қанша егістік жері бар барлығын біледі. Ал, ауданда қанша мұғалім,
қанша оқушы бар, қандай атақты ұстаздар бар десе білмейді. Менің арманым
мұғалімді барлығы құрметтеп, таныйтын мұғалімдік диплом жоғары
бағаланатын уақыт туса деймін. Мұғалімдік отандық интеллигенцияның ең
көрнекті бөлігі болуы қажет. Бұндай уақыт қашан келеді? Оны қайтып
жылдамдатса деп ой толғайды [117, 1 б.].
Мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегінің бәрінен де қымбат көремін.
Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы. Тамаша педагогика құралдары
да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең
76
келе алмайды. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды
кінәләуға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәләуі тиіс. Қаншама
жетілдірілген техникалық құралдар болса да мұғалімнің жеке басын алмастыра
алмайды. Оның оқушыға деген жүрегінің жылуы ешқашан сөнбек емес.
Өз пәнінді білуің аз, шәкірттер алдында сол пәннің поэтикасын аша білуге,
романтикасын танытуға тиістісің. Озық ойлы маман болсаң, алдыңнан дәріс
алғандар: «Мен де осы ұстазым сияқты осы пәннің, осы ғылымның қыр-сырын
түгел білетін білгір боламын!» деп құлшынсын. Бұл бірінші өлшем де болмас.
Ең үлкен өлшем сенің адамгершілік бейнең еліктеуге татырлықтай биік болсын.
Жақсы мектептің тақтасы да, әр қабырғасы да тәрбиелейді демекші, ұстаздың
әр қимылы, әр сөзі тәлім-тәрбие берсін. Мектептегі мұғалімдердің басым
көпшілігінің ер адамдар болуын жақтаймын. Әке тәлімін көрмеген ұл қандай
болмақ деп мектепке ер азаматтарды тартуды қолдады [32, 315 б.].
Ең бастысы – оқушыңды ойлай білуге, ешбір түртпексіз, зорлық-
зомбылықсыз, тіпті ескертпесіз еңбектенуге үйрет. Міне Нұрғалиевтің ұстанған
талап өлшемдері осындай болды.
Оқыту мен тәрбиелеудің табысты болуы мектеп басшылары мен
педагогтердің қалай жұмыс істегеніне ғана емес, оқушылардың қалай
еңбектенетініне де байланысты. Ойлана еңбектенудің қандайлық зор
жаңартқыш қуат-күші барын ұмытуға болмайды. Осындай күш педагогтерді де,
оқушыларды да баурауы тиіс [116].
Мектептің педагогтар ұжымы жастарды еңбекке, еңбек адамдарына зор
ілтипатпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеуде өз міндеттерін жақсы шешіп
жүр. Еңбеке тәрбиелеу бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселе емес пе деді [97, 29 б.].
Мектептің оқу-өндірістік комбинатында оқушылар автомобиль, трактор
жүргізуге үйренеді, электрик, іс жүргізуші машинистка, машинамен сиыр сауу
операторы, сылақшы-сыршы мамандықтарына үйретіледі. Комбинат жүк, жеңіл
автомашиналарымен, тракторлармен, басқа да құрал-жабдықтармен және
көрнекі құралдармен толық қамтамасыз етілді. Тиісті мамандық алған көптеген
оқушылар он жылдықты бітіргеннен кейін өз ұжымшарында жұмысқа қалды.
«Мектептегі тәрбиенің ең негізгісі - еңбек болған соң, мектеп бастауыш
кәсіптік мамандық беруге тиіс деген пікірдемін. Еңбек ешқашан оқуға
қолбайлау болмайды», - деді [120].
Педагогикалық ұжым еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдарға ерекше маңыз
берді. Оған негіз болған КСРО Жоғары Кеңесінің 1958 жылы 24-желтоқсанда
«Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-да халыққа білім беру
жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң қабылданды. Бұл заң бойынша 9-
сыныптан бастап оқушылар аптасына екі күн өндірістік мамандықтарды
меңгеруге тиіс болды. Заңда «КСРО-да халыққа білім берудің мақсаты - ...
денсаулығы мықты, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыстың түрлі
салаларында ойдағыдай еңбек ете алатын, қоғамдық және мемлекеттік
қызметке белсенді ат салыса алатын, Кеңестік Отанды қалтықсыз қорғауға,
оның материалдық және рухани байлықтарын сақтап, еселей арттыруға әзір
коммунистік қоғамның жоғары білімді, жан-жақты жетілген белсенді
құрлысшыларын даярлау» [6, 288 б] деп атап көрсетілді.
77
Сонымен, барлық оқушыларды да еңбекті қажетсінушілікке тәрбиелеу
мектептің айбынды міндеттерінің бірі болып қойылды. Оған оқу еңбегін
оңтайлы ұйымдастыру арқылы өзіне-өзі қызмет көрсетуге баулу, еңбек
сабақтарын сапалы құру, мектептен тыс түрліше еңбектерге қатыстыру сияқты
қосымша шаралар арқылы қол жеткізу жоспарланды.
Бұл уақытта жалпы білім беретін орта мектептер кәсіптік мамандар
даярлайтын оқу орны болып есептелінбеді. Ол жайында «КСРО мен одақтас
республикалардың халыққа білім беру туралы заңның негіздерінде» ашық атап
көрсетілді. Жастарға жалпы білім беретін мектептер туралы 18-бабында:
«жалпы білім беретін орта мектеп балалар мен жастарды оқытып тәрбиелеуге
арналған бірыңғай, еңбек политехника мектебі. Оқушыларды политехникалық
оқыту, еңбекке тәрбиелеу және кәсіби бағдарлау олардың жас ерекшелігі мен
жеке басының ерекшелігін, денсаулық жағдайын ескере отырып және ғылыми-
техникалық прогестің талаптарына сәйкес ғылымның негіздерін үйрену,
еңбекке үйрену, сыныптан тыс алуан түрлі қызметті, оқушылардың қоғамға
пайдалы еңбегін ұйымдастыру үдерісінде жүзеге асырылады» деп айқындалды.
Қол еңбегі кабинеттерінде, ағаш шеберханасында шәкірттер бағдарламаға
сәйкес білім алады. Жоғары сынып оқушыларын ауданның жұмысшы
мамандығына зәрулігін ескеріп, ауыл шаруашылығының бес түрлі мамандығы
бойынша оқытты. Еңбек сабақтары жүретін кабинеттер осы күнгі техниканың
үздік бұйымдарымен жабдықталды. Оқушылар мұнда лабораториялық және
практикалық бағдарлама талаптарын толық орындады. Көптеген түлектер туған
ауылының экономикасы мен мәдениетін өрге бастыру үшін тікелей еңбекке
араласты.
Білімді еңбекпен ұйымдастыру арқылы оқушыларды келешекте табанды
ұйымдастырушы, қандай жұмыс болмасын сүйсіне атқарушы ретінде тәрбиелей
білді. Мұндай істерді оқушылардың ата-аналары толық құптады. Өз
балаларының бос уақытында пайдалы жұмыспен шұғылданатындарын көріп
қуанды. Осындай жастардан келешекте көп нәрсе күтуге болатыны ұстаздар
қауымы кәміл сенді. Қай кезде болмасын оқушыларға игі тілектерін білдірді.
Сөйтіп, оқушылар үлкен өмірге араласады, үлкендердің тәжірибесін,
дәстүрлерін үйренеді. Қоғам, еңбек түсініктерімен тәжірибеде іс жүзінде
танысады.
Оның педагогикалық көзқарастарына тарихи талдау жасау барысында
жасаған түйініміз, балалар еңбегінің тиімділігін ол төмендегідей шарттардың
орындалуына тәуелді етіп қарастырған:
– баланы еңбекке неғұрлым ертерек баулыса, оның еңбектік және
экономикалық тәрбиеленуі, кәсіби бейімделуі соғұрлым жемісті болмақ;
– балалардың еңбек қызметінің қоғамдық маңызы және ар-ұждандық негізі
болуы керек;
– баланың көңіл-күй және ақыл-ой күштері тұтас жұмсалғанда еңбек
қуаныш әкеледі;
– үлкендер тарапынан бақылау жасалуы тиіс, бірақ ол баланы ығыр қылып,
шаршатып, баланың өзіне, өз мүмкіндіктеріне деген сенімін жоятындай
болмауы керек;
78
– ең жақсы демалыс – қызмет түрлерін ауыстырып тұру болып табылады;
– еңбек нәтижеге бағытталуы керек; еңбек қызметі барысында алынған
нәтижелер неғұрлым тиімді болса, еңбектің тәрбиелік әсері де соғұрлым
жоғары болмақ;
– бала өнімді еңбекке материалдық мүдделі болуы тиіс;
- еңбек қызметінің қажеттілігін дәлелдеудің маңызы зор;
– өнімді еңбекті ұйымдастыру кезінде баланың өзіндік және жас
ерекшеліктерін есепке алып отыру керек;
– балаларда еңбекке, оны ұйымдастыруға, еңбек қызметі барысында
туындайтын қандай да бір мәселелерді шешуге деген шығармашылық
қатынасты тәрбиелей білу қажет.
Осы шарттарды қадағалау барысында ғана жетістіктерге жетуге
болатының мектептегі әр мұғалімнен талап етті. Сабақ оқып, білім алу олдағы
еңбек деді.
Педагогтар ұжымының, ата-аналар жұртшылығының күші оқушыларда
ауыл
шаруашылығы
еңбегінің
әр
түріне
тұрақты
ынталылықты
қалыптастыруға, кәсіптік бағдарлау ісін жақсартуға жұмылдырылған.
Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді қатыстыру түрлерінің
бірі жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларына қамқорлық
көмегі болып табылады. Ересек балалар кішкентай балаларға сабаққа
даярлануға, оқу кабинеттерін жабдықтауға, көрнекі құралдар әзірлеуге
көмектеседі, октябряттар мен пионерлердің тәлімгері қызметтерін атқарады.
Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу керек. Шәкірттерді еңбекке
психологиялық тұрғыдан әзірлеу, еңбек ауадай қажет екенін ұғындыру, миына
қондыру қажет. Отбасын да осы бағытта дайындауға тиіспіз, балаларының
еңбек мәселесін ата-аналар мектеппен бірдей әрі біліктілікпен қолға
алмайынша, ештеңе өнбейді деп үнемі айтатын [120].
Бақтыкамал Дюсембаева Боран мектебінің әйгілі директорымен 26 жыл
бірге жұмыс істеді. Ол кісі жыл сайын жазғы каникул кезінде Құмаш
Нұрғалиұлы демалыстан келгенін асыға күтетіндерін, ерекше жаңалықтарға
әзірленетіндерін еске алады. Осы бір талмас қажырлы адам қай жерлерге
бармасын, қай жерлерде дем алмасын, бал жинаған арадай әр жерден
әдістемелік жаңалықтар тауып, елге жаңа әсерлер, жоспарлар мен идеяларды
көптеп әкелетін.
Мысалы, алпысыншы жылдардың басында Липецк әдісі бүкіл Одаққа
дүрілдеп тұрған кезде Құмаш Нұрғалиев ол жаққа Лия Григорьевна
Копытинаны жібереді. Ниетбаев деген мұғалімді Шаталов әдістемесі үшін
Уфаға тәжірибе жинақтауға аттандырады. Боран мектебінің мұғалімдеріне өзі
бас болып Новосибирскіге, Ульяновскіге де барып келеді. Алматының № 25
орта мектебінің тәжірибесін өздеріне енгізеді [112, 26 п.].
Қ. Нұрғалиев Ульяновск қаласының № 1 мектебіне арнайы барып
жұмысымен танысады. Мектеп директоры Семин 1968 жылы мұғалімдердің
Бүкілодақтық съезінде мектепте сабақ үлгермеушіліктің атымен жоқтығын
айтқан болатын. Сол мақтаулы мектептен тәжірибе алмасуға ниет етеді. Ондағы
өзгеше тәртіп, ахуал, тазалық - бәрі де психологиялық тұрғыдан Қ. Нұрғалиевке
79
қатты әсер етеді. Бұл мектептен ол көп, маңызды, қажетті тәжірибелер алады.
1970 жылы шәкірттерімен тағыда Ульяновск қаласында болды.
Газет-журнал
басылымдарындағы
әдістемелер
туралы
жиі-жиі
педагогикалық, әдістемелік кеңестерде баяндама жасап, бұл әдісті, алдымен, өз
сабақтарында (тарих, орыс тілі мен әдебиеті) іске асырып, ашық сабақтар
ұйымдастырып, соңынан өз қарамағындағы бастауыш сыныптар мен орыс,
қазақ тілдерінің сабақтарында пайдалана отырып, тиімді жақтары көп
болғандықтан, кейіннен математика және басқа сабақтарда қолданыла бастады.
Бұл әдістің оқушылардың сауаттылығын арттырып, байланыстыра сөйлеуді
дамытуда өте үлкен маңызы болды. Келесі жылдарда Шығыс Қазақстанда
алғашқылардың бірі болып, Уфа қаласында шыққан проблемалық оқыту,
Ю.К. Бабанскийдің «Оқу-тәрбие жұмысын оптимизациялау» әдістері,
В.Ф. Шаталовтың тірек-конспектілерінің сабақтарда пайдалануға жетекшілік
еткен Құмаш Нұрғалиев болатын.
1970 жылдары Кисловодскіге барғанда № 2 орта мектеп директоры
Божконың «В.И Лениннің өмірі мен қызметін тәрбие жұмысында пайдалану»
тақырыбы бойынша жасалған тәрбие жұмысының жоспарын мектепке алып
ќайтты. Сөйтіп, Кисловодскі мектебінің іс-тәжірибесін тәжірибе жүзінде
қолданған еді. Сол кезде мектепте жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының негізгі
бағыт-бағдары туралы тәжірибенінің маңызын, оның тарихи құндылығын
Құмаш Нұрғалиевтің «Социалистік Қазақстан» газетінің 20 қараша 1973 жылы
шыққан «Оқу мен еңбекті ұштастырып» деген мақаласынан көруге болады
[116].
Білім беру сапасы-білім беру жүйесіндегі әртүрлі аудиториялардың түсінуі
үшін көпмағыналы термин. Ата-аналар көбіне білім беру сапасын балаларының
жеке бас дамуымен байланыстырады. Оқушылар үшін білім беру сапасы
мектепішілік жағдай мен жеке бастарының жетістіктері, ал мұғалімдер үшін ол
бірінші кезекте сапалы оқу жоспарының болуы мен оқу құралдарын
қамтамасыз етумен байланысты. Барлық басқа әлеуметтік институттар үшін
білім берудің сапасы мектеп бітірушілердің өмірлік көзқарастары, білім,
іскерлік пен дағдыларымен байланыстырылады. Ал, Боран орта мектебінде
білім беру сапасы деп – білім беру үрдісінде әртүрлі қатысушылардың
үміттерін білім беру қызмет көрсетуіне байланысты, қойып отырған мақсаттар
мен міндеттерге жету сатысын қамтамасыз етуді айтты. Сондықтан да ол білім
беру сапасын арттыруға көп күш жұмсады. Боран орта мектебі 1967-1968 оқу
жылдары 96 %, 1968-1969 оқу жылдары 96,3 %, 1969-1970 оқу жылдары 97 %
үлгерім көрсетті [112, 27 п.].
1970 жылдардың басында мектептегі білім сапасымен үлгерімді көтеру
үшін Қазан, Мәскеу мектептерімен тәжірибе алмасқан. Мәскеуде көптеген
мұғалімдер 100 % үлгерім көрсетеді, Боран мектебі соған жету амалдарын
қарастырған. Өзінің бір мақаласында: «Ұжымымыз Мәскеу мұғалімдерінің
«Әрбір мектеп оқушысын оқытып, өмір сүруге және еңбек етуге үйретейік!»,
«Әрбір мұғалімге – жоғарғы саяси білім берейік!» деген құнды бастамаларын
қызу қолдап, кеңінен қолдануда», – дейді [116].
80
Оқушыларды тәрбиелеудің кешендігі жөніндегі Харьков қаласының № 1
орта мектебінің оқу-тәрбие жүйесінде техникалық құралдарды пайдалану
жайлы Мәскеу қаласының № 36 орта мектебінің іс-тәжірибелерін жан-жақты
зерттеп, өз мектептерінде іске асырды [22, 3 б.].
Осылайша жинақталған бай материалды игеру жұмысымен мұғалімдер
ұжымы тұтас айналысатын. Қанипа Әйкенқызы осы айтылғандарды растайды:
«Шипажайда жұбайы тек алғашқы 10 күнде ғана демалып, қарқынды ем
қабылдайды. Содан соң қаланың ең үздік мектептеріне, педагогтық саладағы
ғылыми-зерттеу институттарына саяхат жасап танысатын. Әрбір жаңа табылған
қызықты идеяға балаша қуанатын»
Оның сүйікті мәтелі бар еді: «Уақыт дөңгелегі бір сәт те тоқтамай
айналады». Олар үшін осы үрдістен қалмау маңызды еді. Бұл үндеу болатын.
Мұғалімдер, мектепте жинақталған көрнекі және техникалық құралдарды
барынша пайдалануға, жаңалықтар мәнін ұғынуға тырысатын. Оның үстіне,
білім беру саласындағы мерзімдік басылымдардан, әдістемелік әдебиеттерден
өзіндік, жаңа, пайдалы нәрсе табуға ұмтылды. Әрбір жаңа табысқа, өздерінің
қосқан үлестеріне, бәріне ортақ істің алға қарай жылжуына қуанатын.
Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 1971 жылғы үш жылдық
бастауышқа көшуді аяқтау жөніндегі қорытынды есепте: Шығыс Қазақстан
облысы Марқакөл ауданындағы Ленин атындағы Боран орта мектебінің
директоры Қ. Нұрғалиев мектептегі мұғалімдердің күнделікті жұмыстарын
ерекше ыждақаттықпен қадағалайды. Педагогикалық ұжым қызметі оқу-тәрбие
істерін жақсартуға бағытталған. Мектепте еліміздегі, республикамыздағы озық
мектептердің іс-тәжірибелері оқылып, талданылып білікті түрде тәжірибе
қолданысына енгізілген. Бес жылда үлгерім 97,8 % өсті, 1020 оқушының 40 %
астамы төрт пен беске оқыды. Атқарған жақсы жұмыстары үшін Қазақстан
ЛКЖО Құрмет мақтау қағазымен және облыстық комитеттің дипломымен
мадақталған деп жазылған [121, 97 п.].
Осының дәлелі 1988 жылы мектепті бітірген түлектер, оның 88 пайызы
жоғары оқу орындарына түсті [38, 179 б.].
Тарихи тұрғыда қарасақ, педагогикалық ғылым мен тәжірибені
байланыстыруда Қ. Нұрғалиев басты орынды әдістемелік қызмет пен мектеп
кітапханасының мүмкіндіктеріне беретін. Оның тікелей жетекшілік етуімен
ғылымдағы
жаңалықтарды
талқылаулар,
ғылыми-педагогикалық
монографиялар мен педагогикалық публицистика көрмелері ұйымдастырылып,
әдістемелік және педагогикалық журналдардағы мақалалардың аңдатпалары,
үздік ұстаздар жөнінде материалдар әзірленетін. Әдістемелік қызметтің
мақсаты - мұғалімге бағдарламаларда, оқулықтарда, тұжырымдамаларда
берілген идеяларды толық түсінуге көмектесу, олардың араларындағы
байланыстардың жүйесі мен бағыттарын құру болды. Бұл оларды мектеп
тәжірибесіне енгізуге толық мүмкіндік туғызды.
Боран орта мектебінің директоры Қ. Нұрғалиев өз қызметіне толық сәйкес
келеді және ол ұжым басшысы, ұйымдастырушы, педагог, шаруашылық
басшысы. Ол басқарған мектеп жоғары білім сапасын көрсетті. Марқакөл
ауданында 1970 жылдары әдістемелік бұрышы және көрмесі бар жалғыз мектеп
81
осында еді. Онда жаңа әдістемелік әдебиеттер, газеттер, журналдар - «Народное
образование»,
«Советская
педагогика»,
«Воспитание
школьников»,
«Учительская газета», «Сборник приказов и инструкции по народному
образованию СССР», «Қазақстан мектебі», «Қазақстан мұғалімі», мәтіндер,
бақылау жұмысының тапсырмалары, есептер жинағы, жоспарлар, ашық сабақ
жоспарлары, конспектілер, баяндамалар жинақталды. Бұл жас мұғалімдерге өте
үлкен көмек болды [122].
Құмаш Нұрғалиев барлық деңгейдегі әдістемелік қызмет пен басқарудың
әлсіздігі,
басшылардан
бастап
мұғалімдерге
дейінгі
білім
беру
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта дайындау жүйесінің ақсап
жатқандығы жөнінде қынжыла ойланатын. Сондықтан болар ол мектепте
оқушылардан бастап, мұғалімдерге дейін сауатты жазу мен сауатты сөйлеуді
талап ететін. Мұғалімдердің білім дәрежесіне зер салатын. Бірыңғай
мектепішілік орфографиялық және грамматикалық жүйе енгізілді. 1962 жылы
аудандық оқу бөлімінің рұқсатымен барлық мұғалімдерден диктант жаздырып,
сауаттарын тексеруді ұйымдастырды [91, 9 б.]. Оны оқу ісінің меңгерушісі
М. Тұрғанбаевқа тапсырды. Диктантта диалог, төл сөздер көп болды.
Қорытынды нәтижесі тәуір болмады. Алғашқы диктанттан оқушыларға
қарағанда мұғалімдер көп нашарлау жазған екен. Ал, грамматиканың синтаксис
бөлімін оқыған 8 сынып оқушыларына осы диктантты жаздырғанда көпшілігі
төрт пен беске жазды. Әрине, директор тарапынан болған бұл тексеріс олардың
білім дәрежелерін бақылау, талап қоюшылық еді.
1987 жылы орталықтан институт бітіріп келген екі жас маман қыздар
жолдамамен Боран орта мектебіне келеді. Мектеп директоры оларға
қайрымдылықпен қарап, тәжірибе жинақтауға уақыт береді. Бірақ бұл
педагогтардың бойында мұғалімдік қасиет пен білімділікті көрмеген ол оларға
басқа қызметке ауыстыратының айтады. Нәтижесінде ол мұғалімдер бірден
«Московские новости» газетіне шағым жазып жібереді. Арызда жазылғандай
өзін мектептің қожасы, не істегісі келсе соны істейтін директорға орталықтан
ашуға міңген тілші А. Розанов тексеріске келеді. Тілшіден жасқана қоймаған
Қ. Нұрғалиев оған «Что хочу и творю» деген екен. Тексеріс барысында
А. Розанов «Московские новости» газетіне «Хочу и творю» [107] деген мақала
жазып, мектеппен қимай қоштасқан еді. Кейіннен Қ. Нұрғалиев жайлы бірнеше
мақалалар, очеркте жазды [123].
Қолынан іс келетін, дарын-қабілеті педагогтікке бейім жастарды ғана
мектепке жіберу керек. Қазіргі мектепке жетпейтін сондай кадрлар.
Педагогикалық жоғары оқу орындарынан шыққан мұғалімдердің кейбірі
дүмбілез, піспеген жеміс секілді. Ал, нағыз мұғалім – жас өспірімнің рухани
дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды,
өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкіл. Осы аса ізгі
және аса қиын кәсіп бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты
шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын,
балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді [31, 368 б.]. Міне
Қ. Нұрғалиевтің мұғалімдерге қатысты талабы, ұстанымы осы еді.
82
Алғаш оқушылардың өзін-өзі басқарулары енгізілді [81, 5 б.]. 1988 жылы
30 сәуірде Алматыдағы республикалық пионерлер сарайында әріптестер КСРО
Халық мұғалімдерінің кездесуі болады. Олар Шығыс Қазақстан облысындағы
Боран орта мектебінің директоры Қ. Нұрғалиев және Солтүстік Қазақстан
облысындағы
Мамлют
санаторий
мектеп-интернатының
директоры
Г.М. Кубраков еді. Олардың арасында болған әңгіме-диалогта белгілі ұстаз
Құмаш Нұрғалиев былай дейді: Өзін-өзі басқаруды енгізгенімізге жиырма
жылдан асты. Біздегі оқу сыныптары тура мағынасында оқытумен айналысады.
Білім берумен байланыссыз нәрсенің бәрін сынып өзгелерге берген, сабақтан
басқа ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Жиырма жылдан бері бізде сынып
жетекші деген жоқ дейді [120, 4 б.].
Оқушылар тобына тәрбиешілер бекітілмеген, балалар өзін-өзі басқарды.
Бұл басты ерекшелік болды. Оқу, саяси, дене шынықтыру, техникалық,
тұрмыстық мәселелер бойынша 13 комиссия мүшесі жұмыс істеді. Соған сай 13
тараудан тұратын мектепішілік жоспар жасалған. Әр комиссияға балалар
өкілдері қоса болды. Мектеп комсомол ұйымының хатшылығына бірде
мұғалім, бірде оқушы сайланды.
Әр жастағы балаларға педагог бекітілмесе, оларды кім тәрбиелейді деген
сұрақ туындайды. Бізде ешкім еш адамды күштеп тәрбиелемейді. Біз жай ғана
еңбек етеміз. Оқушылар өздерін-өздері тәрбиелейді деген [120, 2 б.]. 25 жылдан
астам уақыт өткеннен кейін біз енді ғана мұғалім бағыт-бағдар беруші деп
жатырмыз. Халық мұғалімі бұл мәселені өткен ғасырда болжай білген.
Педагог-тәрбиешілер немен шұғылданады? Макаренко қалыптастырған
жүйенің ерекшелігі осы арада көрінеді. Әркім өзінің сүйікті ісімен айналысады.
Мектептегі оқу үрдісін, педагогикалық кадрларды дайындауды
ұйымдастыруға іскерлік көзқарас керек, өйткені бүгінгі күнгі біліктілікті
арттыру үрдісінде ассоциятивтік-рефлекторлық көзқарас оның тиімділігін
арттыруға ықпал етеді деді [120, 3 б.].
Құмаш Нұрғалиевтің авторлық мектебінің тұжырымдамасы біртіндеп
жасалды және тәжірибедегі шынайы қарама-қайшылыққа талдау жасаудың
нәтижесі болып табылады.
Құмаш Нұрғалиевтің жаңашылдық қызметін ретроспективтік және тарихи
талдау, оның ауыл мектебін дамыту жөнінде жасаған тұжырымдамасы, бізге
бірнеше негізгі идеяларды, мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Біздің
көзқарасымызша, бұлар оқушыларды дара дамытуда және сапалы білім беруді
қамтамасыз етуде өзекті болып табылады:
– мұғалімдер ұжымы шығармашылығын ұжымдық пікірлестер ретінде
дамыту;
– ғылымды тәжірибемен интеграциялау мектеп қызметін дамытуға
жасалатын жағдай;
– ұжымдық қалыптастыру үдерісінде оқушылырдың өзін-өзі дамыту
үрдісі;
мектепті дамыту тетігі мектептің техникалық орталығын құру;
– мектептің, отбасының және қауымдастықтың өзара қарым-қатынасы;
– мектепте ауыл мәдениетін орталықтандыру;
83
– ұлтаралық қатынаста мәдениетті қалыптастыру;
– оқушылардың кәсіптік-құндылықтарын қалыптастыру.
Қазақстанға және шетелге белгілі педагогика ғылымының докторы
Г.А. Умановтың жетекшілігімен Б.С. Күлшімбаева КСРО Халық мұғалімі
Құмаш Нұрғалиевтің жаңашылдық қызметіндегі педагогикалық идеяларын
дамыту туралы арнайы зерттеулер жүргізуі құптарлық [35, 98 б.]. Олардың
дәлелденуінше, Құмаш Нұрғалиевтің ауыл мектебін дамыту тұжырымдамасы
жаңашылдықтың жетекші тұжырымдамасына жауап береді:
– педагогикалық ғылым мен тәжірибені дамыту деңгейінің жоғарылығы;
– оның тәжірибелік жаңалығын іске асырудағы құндылық;
– нәтижесінін тиімділігі;
– шығармашылық қолданылуының мүмкінділігі.
Оның кәсіби мұрасын тарихи тұрғыда қарап, зерделеу барысында
анықтағанымыз Қ. Нұрғалиев ғылым мен тәжірибенің байланысының негізгі
белгілері:
ғылым мен алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе жетістіктерінің бір-
бірін өзара толықтыруы;
ғалымдар мен ұстаздардың өзара бірігіп қызмет етуі;
мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмысына тікелей араласуы;
мұғалімдердің өз бетімен білім алуы және әдістемелік біліктілігін
арттыру;
педагогикалық тәжірибені сараптауға жіктелімдік тұрғыдан келу деп
қарастырған.
Оқу ісі меңгерушісінің қолында барлық пәндер бойынша бақылау
функциялары шоғырланған мектеп басқарудың дәстүрлі жүйесіне сыни
тұрғыдан қарай отырып, Құмаш Нұрғалиев мектепшілік басқару құрылымын
штат кестесіне қайшылықта қайта ұйымдастырды.
Қ. Нұрғалиевтің шығармашылығының тағы бір ерекшелігі – оның тәлім-
тәрбиесінің
бағыты
негізінен
адамгершілік
тәрбиесіне
бағытталды.
Адамгершілік тәрбиесінің мәнін терең түсінген ол халықтық педагогиканың
бағытын ұстады. «Біздің мектептеріміз, ондағы мұғалімдер қауымы, талантты
шәкірттеріміз
Мәскеу,
Ленинград,
Киевтегі,
Балтық
бойындағы
әріптестерімізден неге кейін қалуға тиіс. Олардағыдай қолайлы жағдай жасалса,
біздің де тереземіз теңеліп, рухымыз көтеріледі. Біздің оқушылардың
қабілеттігі олардағылардан бір де кем емес. Қайта тектілігі жағынан
артықшылығы бар. Үлкенді сыйлау, жеті атаға дейін қыз алыспау біздің ұлтқа
тән қасиет» [48].
Құмаш ағаның бұл сөздері «Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті,
дарынды және ғажайып сезімтал келеді. Сұлтандардың ерлік істері мен
естеліктерін жырлайтын суырып салма ақындары олардың барлық руларында
кездеседі. Қазақтардың батырлық эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және
олар өлең мен музыканы жақсы көреді. Қазақ ақындарының импровизаторлық
өнері көшпелі елдің салт-тұрмысына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан
ақындық дәстүр негізінде туып, дамыды. Импровизаторлық өнері жағынан
84
қазақ ақындары көшпелі араб ақындарынан бір де кем түспейді», – деп
салыстыра баяндаған дана Шоқанның пікірлерімен үндес келеді. Құмаш
Нұрғалиев аталар сөзін ақылдың көзі деп білді. Мектеп жанынан
көркемөнерпаздар үйірмесін ашты. Онда халқымыздың бай ауыз әдебиеті
үлгілерінен үзінділер оқылып, түрлі сахналық көріністер жұртшылыққа
ұсынылды. Ертегілердің, эпос қаһармандарының, ғашықтық жырларының
мазмұнымен таныстыру оқушылардың қиялына әсер етті.
Белгілі педагогтар ғасырдан ғасырға мұра болып, үзілмей келе жатқан сөз
байлығының баға жетпес інжу-маржаны халық ертегілерінде сақталады, оның
ғылымдық, тіл байытушылық маңызы өте зор деп біліп, ертегілерді өз
тәжірибелерінде, тәрбиелік қызметтерінде шығармашылықпен пайдаланған.
Мәселен, Сухомлинский өзі басқарған мектептің жанынан «Ертегі» бөлмесін
ашып, бөлменің ішін ертегілердің басты кейіпкерлерінің қолдан салынған
суреттерімен толтырған, сөйтіп, оқушыларға рухани ләззат беріп, қиялына
қанат бітіретін ғажайып көріністі елестеткен, оған, көбінесе, төменгі сынып
оқушыларын қатыстырған.
В.А. Сухомлинский «Бала кезде – үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта
- әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» деп
көрсеткен. Ұлы Шоқан ертегілерді ұқыпты жинақтап, жинастырып, олардың
қайсыбірін орыс тіліне аударған, өміртанытушылық маңызын жоғары
бағалаған. Мұхтар Әуезов «Ертегілер» атты ғылыми еңбек жазған. Құмаш
Нұрғалиевтің осы игі дәстүрді жалғастырушы болғаны құштарлық, сол
қағиданы барынша қолдады және бойындағы бар білімін, тәжірибесін өз
мүмкіндігіне қарай жұмсаудан ешқашан жалтармайтын. Халық мұғалімі,
көрнекті ұстаз, тәрбиеші Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев біртуар тұлға ретінде
халықтың қадір-құрметіне бөленді, ұстаздардың ұстазы атанды. Ол солған сара
жол үзілмек емес, әр кез жалғасын табады. Әл-Фараби бабамыз адамның өмір
сүру мақсаты ең жоғары бақытқа жету болғандықтан, ол адам бақыт дегеннің
не екенін білуі қажет және соны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы
қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуі тиіс екенін біліп алуы қажет
деп талап қойған. Құмаш аға бұл шартты орындай алды және өзінің алдындағы
ұлы ұстаздардың заңды ізбасарына айналды. «Халықтың кемелін келіп,
өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет», – деген Шоқан
қағидасын пір тұтты, Абай айтқан кірпіш болып қаланды [124].
Шоқан Уәлихановтың «Қытайлар мен мұсылман жазушыларының
деректері бойынша, ертедегі қазақтардың өз жазуы болған және басқа
көшпелілерге қарағанда мәдениеттің анағұрылым жоғары сатысында тұрған»
деген тұжырымына, ғалымның Маңғыстау аймағындағы балбал тастарда жазу
үлгісі жетерлік деген пікіріне Құмаш аға ерекше мән беріп, пән үйірмелерінде
Шоқанның білімпаздық даралығына, ұлтының ұлылығын әлемге танытқан ұлы
ғалым болғанына шәкірттердің назарын аударған. Мектепте «Ашутас» жас
археологтар үйірмесі жұмыс істеді.
Мектепте айтулы ақын, жазушылармен, қайраткер азаматтармен, атақты
әртістермен кездесулер өткізіп, олардың тағылымдық ұлағаттарын оқушыларға
өнеге еткен. Ол көрнекті тұлғаларды, ғалымдарды, саясаткерлерді, өнер
85
қайраткерлерін, соғыс және еңбек ардагерлерін үлгі етіп тәрбиелеуге ерекше
көңіл аударды.
Дәріс беру кездерінде ұлы тұлғаларымыздың ақыл-парасатын үлгі ретінде
ұсынған. Сұлтанмахмұттың «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн
болам!»; Мағжанның «Мен жастарға сенемін!»; Абайдың «Әсемпаз болма
әрнеге, өнерпаз болсаң, арқалан»; Міржақыптың «Оян, қазақ!»; Мұхтардың
«Адам болам десең, бесігіңді түзе!» қағидаттарын іштей електен өткізіп, дәріс
беру кездерінде тәрбие құралы ретінде пайдаланған [39, 206 б.].
Қ. Нұрғалиев шығармашылығы шын мәніндегі сол ғасырдағы әлемдік
педагогикалық ойға сүйенді. Бұдан алар тағылым Қ. Нұрғалиевқа ұлттық
томаға-тұйықтық тән емес. Ұлттық қаны бар, ұлтжанды болу деген тек өз
ұлтының биіктігінде шектеліп қалу еместігін Құмаш Нұрғалиев ерте түсінген.
Ол жаңаны, білімді, өнерді үйренуден жалықпаған ұстаз.
Адамды жоғары ұлтаралық қатынас мәдениетінде тәрбиелеу деп есептеген
Құмаш Нұрғалиев, өз ұлтына қатысты жақсылықтардың бәрін бойына жинап,
туған елінің мәдениетін санасына сіңіріп, басқа халықтардың рухани
құндылықтарын қадір тұтты. Мектепте жүргізілетін эстетикалық тәрбиеде
ұлттық, ұлтаралық және әлемдік мәдениетті өзара байланысты ұстанымда
құрғанда ғана табысқа жетеді. Оқушы өзін туған халқының перзентімін,
отанымның азаматымын, өркениеттін нысанымын деп сезінуге тиіс. Мұның өзі
баланы ұлттық қазыналарымызды, халықтардың ұлттық ерекшеліктерін, басқа
ұлт өкілдерін түсінуге, құрметтеуге қабілеттендіреді деп ой қорытты.
Педагогикалық ұжымның қызметіндегі маңызды ұстанымдарының өзінде
оқу-тәрбие үдерісінде әдебиет, өнер, тарих, тіл, басқа халықтардың ұлттық
салттары, әлемдік өркениет туралы маңызды ақпараттар көп болу қажеттігіне
ерекше назар аударды.
80-жылдары ұйымдастырылған «Журавушка» интернационалдық достық
клубы жастарға іскер қарым-қатынастар жүйесін біріктіруге, түрлі ұлт
оқушыларын өзара емін-еркін қарым-қатынас жасауға қабілеттендірді. Бұл
тұрғыда клуб мүшелерінің телехабарларға тұрақты қатысып, эфирге шығуына
жағдай жасаған МТТО зор рөл атқарды. Хабарларды дайындау барысында
оқушылардың түрлі қызметі: шығармашылық көркем ақпараттық насихат,
шешендік сөйлеу, бағалау сияқты қабілеттері танылды. Оқушыларды, әсіресе,
«Тамаша адамдардың өмірінен», «Ауыл тұрғындары туралы», «Туған жерімнің
тарихы жөнінде», «Өнер әлемі» хабарлары ерекше қызықтырды. Ауылдағы
мектеп білім беру мекемесі ғана емес, ауылдың мәдениет орталығы да. Бұған
Боран тұрғындарының елеулі оқиғалары: үйлену тойы, мерейтой, басқа да есте
қалатын күндердің мектепте өткізілетіндігі ешкімді де таңғалдырмайды.
Мұндай күндері қуанышқа жиналғандар Құмаш Нұрғалиұлының ескерткішіне
гүл шоқтарын қояды, мектеп мұражайын аралайды.
Қазақтың маңдайына біткен ардагер азаматы, оқу-ағарту саласының ірі
ұйымдастырушысы, жаңалыққа жаны құштар ізденімпаз, мыңдаған дарынды
шәкірт дайындаған тәлімгер, Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевтің
ұлы бастамасы бүгінде одан әрі жалғасын табуда.
86
Қырық жыл бойы ұстаз болған Құмаш Нұрғалиевтен төрт мыңнан астам
түлек қанаттанып шығыпты. Солардың талайы бүгін өндіріс басшылары, ұжым
жетекшілері, өздері тәлімгерлер. Ел-жұртқа басшы болып, үлгі-өнеге
ұсынушылар. Өздері әке-шешелер, бала тәрбиелеушілер.
Мектеп бітірушілердің жыл сайын 30 пайыздан астамы Мәскеу,
Ленинград, Алматы, Өскемендегі жоғары оқу орындарының әр алуан
факультеттеріне түсіп жатты, қалғаны яғни 70 пайыздайы Боран селосындағы
өндіріс салаларында еңбекке жұмылды [125]. Себебі, қазақтарды оқыту
мәселелері қазақ тіліндегі оқулықтардың, қазақша әдіскерлік басшылықтың
аздығынан, КОКП-ның ұлт саясатынан қанағатты түрде жүргізілмеді.
Сондықтан да жоғары оқу орындарында оқу қазақ жастары, әсіресе ауылдан
шыққан қазақтың жастары үшін қиын соқты. Бұл мәселені шешуде Қ.
Нұрғалиев өзінің балама жолын ұсынып, оны тәжірибеде қолданды.
Мектеп басшысы Қ. Нұрғалиев жаңа мектеп, интернат салдырып қана
қоймай, мектептегі оқушыларға, ағаш шебері, радиоэлектрик, тігінші, іс
қағаздарын жүргізуші, асазшы, фотоға түсіруші, жүргізуші, тракторист,
сылақшы, сырлаушы сияқты мамандықтарды қоса игертіп шықты.
Халық мұғалімінен тәлім алған шәкірттер тәуелсіз Қазақстанның ғылым
және білім саласында елімізді өркендету жолында аянбай еңбек етуде.
Саясатпен айналысып, елге басшылық жасау жолында жүргендері де бір
шоғыр. Қ. Нұрғалиевтің педагогикалық қызметінің нәтижелілігінің айқын куәсі
оның мектеп түлектерінің әлеуметтік мәртебесі болып табылады. Олардың
ішінде:
– Социалистік еңбек ері Б. Керейбаев;
– Төрт ғылым докторлары: М. Дуанова, С. Кайгородов, Г. Нұрғалиева,
К. Прокопов;
– 20-ға жуық ғылым кандидаттары: В. Кирянский, Т. Нұрғалиев,
М. Нұрғалиев, Т. Қыстаубаев, Р. Сармулдинов т.б;
– Мектеп директорлары – Боран мектебінің бұрынғы завучтары: А. Батаев,
К. Омаров,
М. Раисов,
М. Тұрғанбаев,
Г.А. Поваляева,
Т.Ф. Пузакова
(Целовальникова) т.б;
– Еңбек сіңірген мұғалімдер және ағарту ісінің үздігі: Б. Алдажарова,
Т. Нұрғалиев, М. Нұрғалиева, Т. Долгополова, Б. Мұстафина, А. Құрманаев,
К. Урпекова,
Г. Отеева,
М. Оразбекова,
Ж. Шакирова,
Н. Шакирова,
Б Садықова, Н. Садықова, Ш. Демеубаева, Л. Копытина, М. Валитова,
Н. Маяцкая-Шаповалова, Е. Алешина-Суторнина, Г. Нұржанова, Р. Смаилова,
М. Дюсекенова, А. Демеубаева, Л. Копытина;
– Әкімшілік жетекшілері: К. Идашев, Л. Землянская, Г. Поволяева,
М. Дунгенов, А. Дюсекенев, А.Б. Тлеубергенов, Н. Көшкіншінов, А Нұржанова,
М. Нұрғалиев, Л. Фоминых, Н. Танарықова, В. Рыбалко, А. Мұхамеджанова,
С. Саутпаев, В. Шмелев, В. Бородин т.б.;
– Мәдениет қайраткерлері режиссер Г. Сейілханова, С. Жаламанова,
М. Сақатов т.б.;
– Инженерлер: К. Арнапасов, М. Нұржанов, А. Крюкович, Н. Долгополова,
М. Сармулдинова, Ф. Сармулдинова, Н. Тұранов, Т. Унтабаев, А. Швец, т.б.;
87
– Заңгерлер: А. Кирбетов, Х. Ыбраев, Н. Сабатаев, Г. Танарықова,
Г. Бабышева т.б.;
– Офицерлер: М. Дюсенбаев, Б. Танарықов, А. Қыстаубаев, А. Рыспаев,
М. Оразбеков, М. Нұргалиев, А. Доспаев, К. Тұсаубаев т.б.;
– Ұшқыштар Ю. Погожев, С. Исин, А. Базбиев, Б. Нұржанов т.б. Әуелі
«Боран» космостық ұшу аппаратының инженерлерінің бірі осы мектептің
шәкірті [39, 178 б.].
Оқушылардың ішінде малшылар да, ғалымдар да, комбайнерлер де,
офицерлерде бар. Басқалары болса, институт, техникум бітірген соң
дипломдарын алып, маман ретінде туған ауылына оралды. Біреулері болса,
Қазақстаннан көшіп кетті, кей бірі ауылда, ауданда, жұмыс істеп жатыр. Әр
мектептің аты түлектерінің жақсы істерімен шығады.
Олар өздерінің ұстаздарының ісі мен дәстүрін жалғастырып жатыр. Осы
мектептің түлектері мектептің ғана атын шығарып қоймай, сонымен қатар бүкіл
Республиканың атын шығарғанын мақтан тұтты.
Ұжым Құмаш Нұрғалиев негізін қалаған дәстүрлерді дамыта отырып,
педагогикалық мамандарды даярлайтын мынадай орталықтармен тығыз қарым-
қатынасты жүзеге асырады, олар: Шығыс Қазақстан облыстық мұғалімдердің
білімін жетілдіру институты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университеті (бұрынғы Өскемен педагогикалық институты) және
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (бұрынғы Абай
атындағы Алматы педагогикалық институты).
Алыс ауылдағы Боран орта мектебі Шығыс Қазақстан облыстық білімін
жетілдіру институтының өзіндік тәжірибе алаңына айналды. Онда аймақтық,
облыстық, аудандық мұғалімдердің ғылыми практикалық конференциялар,
тамыз айының педагогикалық оқулары өткізілді. Жекелеген мұғалімдер іс-
тәжірибелерімен алмасып, тәжірибе жинақтады, әдістемелік құралдар жасалды.
Марқа өңірінде ғылыми практикалық конференцияларды өткізуді дәстүрге
енгізген Құмаш Нұрғалиев еді. Ол 1982-1986 жылдары бірнеше аймақтық,
облыстық, аудандық көлемдегі семинарлар, конференцияларды Боран орта
мектебінде өткізді [126]. Мектеп бұл үрдісті жалғастырып, кейіннен «Ауылдық
мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін гуманизациялау» атты ғылыми практикалық
конференция өткізді.
1982 жылдың өзінде ғана 160 астам мектеп және білім беру жүйесінің
мамандары осы мектепте семинарлар мен жиналыстарда болып өтті. Тәрбие
берудегі саяси-идеялық, адамгершілік, еңбексүйгіштік құндылықтардан,
мектепішілік басқарудан тәжірибе жинақтаған олар үлкен әсермен кеткен еді
[22, 2 б.].
Бұл мектептің іс-тәжірибесі жоғарыда көрсетілген уақыттан да бұрын
таратылған болатын. Ол жайлы 1965-1966 жылдардағы орталық және облыстық
мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарының алдынғы қатарлы
педагогикалық тәжірибелерді тарату жөніндегі анықтамаларда да көрсетілген.
Әуелі онда Республикада алдынғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді
тарататын тірек мектептері ішінде Шығыс Қазақстан облысы екінші тұр.
Алматы облысында 86 мектеп, Шығыс Қазақстан облысында 80 мектеп [101].
88
Құмаш Нұрғалиұлының мектеп-гимназиясының педагогика ғылымы мен
практиканы жақындастырудағы сан қырлы қызметі 1988-1989 жылдары бірінші
рет ауыл мектебінің базасында жалпы және жоғары мектеп қарым-
қатынасының ерекше формасы болып табылатын Абай атындағы
педагогикалық институтының (ҚҰПУ)
педагогика кафедрасының ғылыми-оқу
әдістемелік кешенін (ҒОӘК) ашуға жағдай туғызды.
Ғылыми-оқу әдістемелік кешенінің біріккен зерттеу қызметі ғалымдар мен
практиктер қарым-қатынасының сипатын түбегейлі өзгертті, олар бірыңғай іс
бағдарламасы негізінде жұмыс істеді, мұнда қызмет нысаны ретінде оның
барлық қатысушылары бірдей ат салысты.
Ғалымдар мен ұстаздардың шынайы қарым-қатынасы жағдайында,
педагогика ғылымы мен практикасының өзекті мәселелері бойынша нақты
педагогикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі туды.
Жоғары оқу орындары мен мектеп мұғалімдерінің ынтымақтастығы кезеңі
өте жемісті болды, оның нәтижесі ең жоғары деңгейде орындалған үш
докторлық және бірнеше кандидаттық диссертациядан көрініс тапты.
Докторлық
диссертациялар:
Қ.Қ. Жанпейісова
«Жоғары
сынып
оқушыларының саяси мәдениетінің негізін қалыптастыру» 1993 жылы,
С.А. Ұзақбаева «Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие» 1993
жылы, Г.Қ. Нұрғалиева «Жеке тұлғаны бағдарлау құндылықтар жүйесінің
психологиялық-педагогикалық негіздері» 1993 жылы қорғалды.
Кандидаттық диссертациялар: Б. Ақжалов «Оқушылар ұжымын дамыту
процесіндегі өзін-өзі басқару жүйесі» 1991 жылы, Т.Қ. Нұрғалиев «Ауыл
мектебінің оқу-тәрбие процесіндегі мектептің телевизиялық-техникалық
орталығын пайдаланудың педагогикалық мүмкіндіктері» 1992 жылы,
Р.А. Дүсіпова «Тәрбие жұмысы процесінде жасөспірімдерде ұлтаралық қарым-
қатынасты қалыптастыру мәдениеті» 1992 жылы, Р.К. Дүйсембина «Қазақ ән-
шығармашылығы арқылы оқушыларды музыкалық-эстетикалық тәрбиелеу»
1992 жылы, С. Жолдасбекова «Бастауыш класс оқушыларының сәндік-
қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру» 1993 жылы,
У. Асанова «Қазақ халқының айтыс өнері арқылы оқушыларға адамгершілік –
эстетикалық тәрбие беру» 1994 жылы, Ж. Сәкенов «Жоғары сынып
оқушыларын жанұялық өмірге дайындауда халықтық дәстүрлерді пайдалану»
1994 жылы, Б.С. Кульчимбаева «КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлының
жаңашылдық қызметінде педагогикалық идеялардың дамуы» 1996 жылы,
Б.К. Құдышева «Жоғары сынып оқушыларының кәсіптік-құндылық бағдарын
қалыптастыру» 1996 жылы, Г. Тохтарова «Жоғары сынып оқушыларында ауыл
шаруашылығы менеджері кәсібіне бағдарды қалыптастыру» 1994 жылы,
С. Тайбағаров «Ауыл мектебінде дифференциалды оқыту жағдайында жеке
тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру» 1995 жылы, М. Құсайынов «Оқу
процесін оқушылардың білім деңгейін көтеру құралы ретінде жеке
тұлғаландыру» 1997 жылы қорғалды [39, 182 б.]. Осы аталған ғылыми
жұмыстарда Боран орта мектебі тірек базасы қызметін атқарды.
Зерттеу жұмысымен жаңадан айналысып жүргендерге, ғылым мен
техниканың соңғы жетістіктері қамтамасыз етілген қашықтағы ауыл мектебінде
89
Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің мектеп-гимназиясындағы педагогикалық
шығармашылық ұжымы бағыт берді, онда ғылыми конференциялар,
семинарлар, дөңгелек столдар, мәдени-көпшілік шараларға қатысуға, оны
ұйымдастыруға және өткізісуге белсенділік танытты.
Құмаш Нұрғалиевтің кәсіби мұрасына үңілу белгілі жағдайда жас
аспиранттардың кәсіптерін жетілдіруге, олардың жеке бастарын қалыптаструға
ықпал етті. Халық мұғалімі Нұрғалиевтің, үлкен ұстаздың прогресшіл
тәжірибесін және рухани қайнарын бойларына сіңіргендері үшін тағдырларына
риза болды [35, 98 б.].
Бұрынғы аспиранттар, қазіргі ғалымдар Б.С. Кулчимбаева және
Б.Қ. Құдышева былай деді: «Зерттеу жұмыстарын орындай жүріп, біз жағдайға
байланысты Нұрғалиевтердің отбасында айлап, кейде жылдап бірге тұрып
жаттық. Олардың үйіндегі үлкен асхана ҒОӘК мүшелері келген кезде
дәрісханаға айналып кететін, мұнда мектептегі сабақтан кейінгі біздің
жұмыстарымыз түн ортасына дейін қызу талқыланатын. Оған Құмаш
Нұрғалиевтің қатысуы ерекше шығармашылық серпіліс туғызатын» [39, 199 б.].
Осының нәтижесінде шығармашылық топ құрылып, оның құрамына
доценттер, аспиранттар, педагогика кафедрасының ізденушілері және мектептің
мұғалімдері кірді. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті
тарапынан ғылыми-оқу-әдістемелік кешенінін (ҒОӘК) мүшелері мектепке
келіп, ғылыми жұмыстар ұйымдастырып, оның барысында ауыл халқымен
кездесулер, ауданның мұғалімдерімен ғылыми-практикалық семинарлар
өткізілді.
«Ауыл мектебінің базасында бірінші рет, этнопедагогика мәселелері
жөнінде Монғолия өкілдерінің қатысуымен халықаралық конференция
ұйымдастырылды» деп, профессор Қорлан Қабыкенқызы Жампейісова,
Сақыпжамал Асқарқызы Ұзақбаева, Светлана Исламқазықызы Қалиева еске
алады [39, 198 б.].
1950-1990 жылдары мектеп ісінің дамуында кейбір жетістіктер мен қатар
кемшіліктер де аз болған жоқ. Бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа
мәселелер туындады. Республикаға тың көтеруді желеу етіп мыңдаған
отбасыларының қоныстануына байланысты көптеген қазақ мектептері
жабылып, олар аралас орыс-қазақ мектептеріне немесе таза орыс мектептеріне
айналдырылды. Бұл тың және тыңайған жерлер игерілген облыстарда ғана
емес, бүкіл Қазақ КСР-нің оқу-ағарту саласын қамтыды. Әсіресе, орыс
халқының пайыздық үлесі көбірек Шығыс Қазақстан облыстарында бұл іс-
шаралар қарқынды жүрді. Хрущевтік «жылымық» пен Брежневтік тоқырау
жылдарында қоғамдық прогрестің өрескел іркілістері кеңес халқының санасына
жалпы азаматтың абстрактлі мінез-құлық ережелерін барынша сіңіріп бақты да,
ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән этнопсихологиялық қазыналарын, салт-
дәстүрлерін еске алмады. Осындай саясаттың нәтижесінде жас ұрпақ ұлт
мәдениетінің жасаушысы – этнос тілінің иесі екенін де ұмыта бастады. Ұлттық
мақтаныш сезімінен ат-тонды ала қашатындай жағдайға жетті. Ұлттық пен
интернационалдықтың диалектикасы тек сөз жүзінде ғана үйлесім тауып, бұл
жайт нигилистер мен мәңгүрттердің, маргинал тұлғалардың көбеюіне әкеп
90
соқты. Қазақстанда ғана 650-ден астам қазақ мектептері жабылды, үкімет орыс
тілін 1-ші сыныптан бастап оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл жағдай ана тілінің
мемлекеттік дәрежедегі рөлінің төмендеуіне себеп болды. Мысалы, 1998 жылға
дейін 500 мыңдай қазақ баласы орыс мектептерінде тәрбиеленіп келді [33, 8 б.].
Осындай қазақ және ауылдық мектептерінің басына ауыр күн туғанда,
Қ. Нұрғалиев мектепке ұлттық педагогиканың озық үлгілерін, ғылыми
техникалық жаңалықтарды оқу үдерісіне батыл ендіру мәселелерін қарастырып,
жүзеге асырды.
ХХ ғасырдың 80-шы жылдардың соңында мектепте алғашқы
компьютерлік сыныптар, өзінің жеке телестудиясы болды. Телестудияға
негізделген белсенді жұмыс нәтижесінде, оқушылардың телережиссер,
журналист, тележүргізуші сияқты шығармашылық мамандықтарды игеруіне
мүмкіндік туды. Мектеп оқушылары сол алуан түрлі қызмет түрлеріне, оның
ішінде шығармашылық сипаттағы қызметтерге тартылды. Өз театрында әртүрлі
рөлдерді ойнап, әртүрлі үйірмелерге, шығармашылық ұйымдарға тартылды.
Жергілікті тұрғындар алдында концерттер берді.
Кәсіпкерлік қызмет түрлері кеңінен дамыды, мектептің іс тігетін
шеберханасында оқушылар халықтың тапсырыстарын орындады, мал бағатын
бригадаларда жұмыс істеп, еңбектері үшін жалақы алды. Қ. Нұрғалиев өзінің
бір жазбаларында мектеп кейбір шығындарды өздері өндірген өнімдердің
қаражаттарымен жабулары қажет, нақтырақ айтсақ, ауылшаруашылық, үйге
қажет заттар, кондитерлік және тігін цехының өнімдерінен пайда келтірулері
керек. Бірақ, оқушының еңбегі де төленуі қажет дейді. Оның политехникалық
оқу туралы айтқан ойлары бүгінгі күнде де өз мәнін жоғалтқан жоқ [48].
Әрбір сыныптың радиосы, теледидарлық және телефондық нүктелері
болды. Бұл әкімшіліктің мұғалімдермен және оқушылармен үнемі байланыста
болуына, кез-келген сабақта бейнефильмдерді пайдалануға мүмкіндік берді.
Мұғалімдерге үнемі қамқорлықтар жасалды. Мектепте әрбір мұғалімге
арналған жеке шкаф, демалыс бөлмесі, әдістемелік кабинет және кітапхана,
бастарында баспана бар болды. Облыс орталығынан 500 шақырымдай ауылда
барлық жағдай жасалған, суы, жылуы орталықтандырылған мұғалімдерге пәтер
берілді. Осындай жағдайды қазіргі таңда ауыл тұрмақ, қаладағы жұмыс
берушілер өз қызметкерлеріне жасай алмайды. Білікті мамандарды ауыл
мектебіне тартуға тырысты. Аматыдан ҚазМУ оқытушысы Картусованы,
аспирант Майты Юсуповты, белгілі суретші Әбілхан Қастеевтің ұлы Нұртас
Қастеевті Боран орта мектебіне шақырды. Аталғандардың барлығы, Боран
мектебінде шығармашылық ахуалдың қалыптастырды. Нұрғалиев Құмаш
Нұрғалиұлы басқарған мектеп XXI ғасырдың мектебі болды деп айтуға болады.
ХХ ғасырдың 90 жылдарына дейін Боран орта мектебі В.И.Ленин атында
еді. Сол жылдары жер сілкінісінің зардаптарын жою шараларын қолдану
мақсатымен келген Республиканың Білім министрі Шайсұлтан Шаяхметов
мектепке келгенде: «Лениннің бізге өкпесі жоқ. Бұл ауылдың, осы мектептің
жер бетінде бар екенін білген де емес. Осыны қолымен жасаған Құмаш
Нұрғалиев атымен атауға лайық», – деген екен. Мектептің ауласына ұстаздың
бюсті қойылған. Оның қабылдау бөлмесі мұражайға айналдырылған [127].
91
Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің көпсалалы мектебі ол негізін қалаған
дәстүрлерді жалғастыра отырып, оның концептуалды педагогикалық
идеяларын іс жүзіне асыруда, оның кәсіби мұрасын жалғастыруда.
Біз ол өмірден кеткеннен кейінгі мектептің педагогикалық ұжымдық
қызметінде оның бұл идеяларын одан әрі дамыту айтарлықтай құнды деп
білеміз. Мектеп жаңғырудың жаңа жүйесіне көшті. Саяси және әлеуметтік-
экономикалық қоғам дамуына үлес қосты. Қазақстанның дербес мемлекет
ретінде қалыптасуына қажетті жағдайларды, оқушыларды тәрбиелеудегі
теориялық және тәжірибелік жаңғыруды, педагогикалық мақсатттар мен
міндеттерді
жаңаша
ойлауды
жүзеге
асырды.
Құмаш
Нұрғалиев
қалыптастырған білім беру үдерісіндегі мектеп дәстүрін сақтай отырып, соның
негізінде қоғамның талабына сай мұғалімдердің ізденістерін, олардың
мүмкіндіктерін дамытуға, демократиялық және экономикалық мәселелерді,
адамдардың еркіндігін, өзін-өзі басқаруын қалыптастыру мәселесіне
айтарлықтай көңіл бөлді.
Қандай зор табысқа қол жеткізсе де асып-таспады, бірқалыпты қоңырқай
тірлік кешті. Мақтап-марапаттауға бой алдырып тасыған жоқ. Қайсыбір шолақ
ойлайтындар болмашы марапаттаудың өзіне күмпиіп, маңайына жан жуытай
кісімсіп қалады. Құмаш Нұрғалиев мұңдай жат қылықтан іргесін аулақ салған,
жастайынан арын, жанын таза сақтауға дағдыланған, өмірде кездесетін
қиындықтарға мойымай қарсы тұра білген, тұла бойы тұнған өнеге болатын. Ол
өмірден асыл қалпын, тұғырлы бейнесін кір шалдырмай сақтап өтті. Мектеп,
шәкірт дегенде ішкен асын жерге қойды. Ұрпақ тәрбиесіне атсалысуды
ғұмырының басты мәні деп білді. Жастарды жанындай жақсы көріп, бойындағы
қасиеттерін солардың келешегіне бағыштады. Бұл тұрғыда оның қиындық
көрген сәттері аз болған жоқ. Ол қандай жағдайда да ұстаздық адами қалпын
сақтап қала алды. Ұжымның, әріптестерінің, барша қауымның жүрегіне жол
тапты. Бұған жер – жерден түскен хаттар, оның атына айтылған жылы лебіздер,
марапаттаулар дәлел. Құмаш Нұрғалиев өзінен ақыл-кеңес, көмек
сұранғандарға қолұшын беруден ешқашан тартынбаған абзал, мәрт, жомарт
жанды тұлға болғанын айқындайтын фактілер де жеткілікті. Ішімдікке берілген,
жаман жолға түскен, азып – тозған көптеген адамның тағдырына араша түсіп,
жазықсыз жапа шеккендерге ағалық қамқорлық көрсеткен қайырымдылығы
туралы естеліктер ел арасында жиі айтылады.
Ардақты
ұстаз
Құмаш
Нұрғалиев
әрқашан
шәкірттерімен,
замандастарымен, халқымен бірге. Мұндай от жүректі азаматтар жайлы Абай
«Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп
даналық ой түйген.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1980 жылдары Құмаш Нұрғалиев облыс орталығы
Өскеменнен ұзақта, алыс бір түкпірдегі ауылда білім беру технологиялары
алдыңғы қатардағы қала мектептеріне сай мектеп құрды. Байтақ еліміз
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып мектепте лингафон кабинеттері,
телеорталық, «Ямаха» компьютері тағы басқада ғылым мен техника
жетістіктері қолданылды. (Мысалы, ол өз бөлмесінде отырып, ешқайда
шықпай–ақ басқа сынып бөлмесіндегі сабаққа қатысып, көріп отырды.) Әрбір
92
сынып техникалық орталықпен және директордың бөлмесімен телефон арқылы
байланысқан, барлық сыныптарға теледидарлар қойылған. Бүгіінгіі таңда
мемлекетімізде сегіз мыңңан астам мектеп бар. Соның ішінде 381 мектепте
ғана, 4,7 % лингафондық құралдары бар қазақ тілі кабинеті бар. Кәсіби еңбекке
баулитын шеберханалар жоқтын қасы. Ауыл шаруашылық мамандарынаа
баулитын мектептер аз [36, 89 б.].
Ол ХХІ ғасыр мектебіне бастау жасады. Әуелі оның мектебіндей
мектептер бүгінгі күнде де көп емес. 1997 жылдың соңында Президент Н.Ә.
Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап,
онымен халықты таныстырды. Президент бұл стратегияны болашақ ұрпақ
алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. «Қазақстан-2030»
стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары - жеті бағыт бөле
көрсетілді. Солардың бірі – Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен
әл-ауқаты. Бағдарламада Қазақстан мектептерін тұтастай компьютерлендіру
қажет делінген. Яғни, мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі
мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыруға
кірісу, бұл мақсатта 1998 жылдың өзінде кемінде 22 млн. АҚШ долларын бөлу
көзделген болатын [109].
Бұл мақсатқа бүгінгі таңда қол жеткізіп отырмыз. Осыған қарап, Құмаш
Нұрғалиевтің болашақты алыстан бағдарлағаның көреміз.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық
қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге
қабілеттігінің рейтингін анықтауға кірісті. Бәсекеге қабілеттіліктің теориясы
мен тұжырымдамалары жасалып, оның факторлары да анықталып жатыр. Ал
Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін жүзеге асырудың тиімді жолдары
Елбасының 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,
бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты
жолдауында және «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясында» айқын көрсетілген.
«Туы бірдің түбі бір, жолы бірдің жүгі бір» деп бірлік, ынтымағы жарасқан
Қазақстан халқына Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы -
мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің
белгісі.
Білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертуді қолға алған
Елбасымыздың бастамасы Қазақстан халқына үлкен серпіліс әкелуде. Ел
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына
жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері
анық», – деген тұжырымы, ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты сапалы білім
беруді бірінші орынға қояды.
Бүгінгі таңдағы әлемдік бәсекелестік заманда әрбір оқушының білім
сапасын, қабілеттілік деңгейін анықтайтын жеке тұлғаны дамыту мәселелері
күн тәртібінде өз өзектілігін жойған жоқ, яғни адамның білімі мен біліктілігі
қазіргі заманда әрбір мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды
факторына айналды. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісі заман талабы
93
және Қазақстан республикасында ақпараттандыру бағытының ең маңызды
әлеуметтік-экономикалық жалпы мемлекеттік мәселенің бірі болып табылады
[110].
Жалпы орта білім беретін және жоғары мектептерде компьютерлендірудің
бастапқы бағыттары мен міндеттерінің бірі – оқытуға ақпараттық технологияны
енгізу болып отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыру қоғамды
ақпараттандыру үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Жаңа ақпараттық
технология: ақпараттық компьютер, жинақтау, сақтау, тасымалдау, көрсету
сынды қызметтер атқарады. Бұл қызметтерді жеке-жеке пайдалану арқылы
көптеген нәтижеге жетуге болады, сонымен қатар, оның көрінісін
шығармашылық
жұмыс
барысында
да
көруге
болады.
Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесіндегі басты мақсат –
білім берудің жағдайын жасау делінген, әрине, білім берудегі негізгі бағыт
нәтижеге жету болып табылады. Сондықтан да Қ. Нұрғалиевтің кәсіби мұрасын
тарихи тұрғыда талдап, одан қажеттіні бүгінгі күнде пайдалану маңызды.
Оның қалдырған кәсіби мұрасы бүгінгі күндеде өзектілігін жойған жоқ. Ол
бастау салған мектепті ақпараттандыру технологиясы, ғылыми техникалық
жаңалықтардан қалдырмау мақсаты бүгінгі күн талабы.
Біз сіздермен сондайлық жылдам өзгеретін әлемде өмір сүріп жатырмыз:
айнала технология өзгеріп ауысуда, ал сонымен бірге біздің де тұрмысымыз
өзгеріп отыр. Адамдарға тасқындаған ақпарат ағыны сондайлық жылдамдықпен
артуда. Газет орнына кейде интернеттегі ақпараттың шексіз теңізін қараймыз.
Күн өткен сайын «скайп» немесе басқа бағдарламалар бойынша бейне
байланыс тарап жатыр.
Осының барлығымен бірге біздің балалар да өзгеруде. Олар мектепте
осыдан он жылғыдай емес, тіптен басқаша келеді. Қазір бірнеше жылда
ақпараттық технологияның және кәсіптің - физик-ядрошылардан қарапайым
бірлестіктің менеджеріне дейін, инженерден азпазшыға дейін – мазмұны
өзгерген кезде, біз бүгін мектеп оқушыларына олардың келешек кәсібінің
әлеміне қандай білім керек екенің нақты дәл айта алмаймыз. Олар өмірде бір
емес бірнеше мамандықты алмастыруға дайын болуы, үнемі өзін-өзі жетілдіріп
отыруға, кәсіптік қызмет үшін қажетті ақпаратты сауатты түрде іздеуге, алуға
және өңдей білуге дайын болуы тиіс. Батыста әлдеқашан негізгі
біліктіліктермен (оқу, санау, жазу) қатар ақпаратпен жұмыс істей білуді
білдіретін «жаңа сауаттылық» ұғымы бар.
Осыған бізде мектепті дайындауға тиіспіз. Ақпараттық қоғамда
оқушылардың толымды өмір сүруіне бағытталған оқытудың мүлдем жаңа
парадигмасы керек. Оны өткен тарихтан сабақ алмай қарастыру мүмкін емес.
Осыған қарап біз Қ. Нұрғалиевтің осыдан көп уақыт бұрын білім беру
саласында өзіндік балама жолды ұсына алғаның көреміз. «Ерте ме, кеш пе
мұғалімдер де өмірдегі өзінің биік тұғырына қонарына мен сенімдімін» деген
ұстаз арманы бүгін жүзеге асып келеді.
Жоғарыда айтылғандарға қарап, Құмаш Нұрғалиевтің кәсіби мұрасының
маңыздылығын көреміз. Елбасының қойып отырған талаптарын ол осыдан
бірнеше жылдар бұрын іске асыруға ниет еткен жаңашыл ұстаз еді. Ол өзінің
94
авторлық мектебінің тұжырымдамасын біртіндеп жасады. Тарихымыздың
дамуына ықпал еткен жеке тұлғаларға шын баға беру, тарихқа шын мәніндегі
объективті ғылыми көзқарастың қалыптасуына жол ашпақ. Әрбір тұлғаның
белгілі бір өмір сүрген кезеңде, адамзатты аландатқан мәселелер мен қоғамдық
өмірде шешуші рөл атқарған қарама-қайшылықтармен тұтас өмір сүретіндігі
тарихи шындық. Құмаш Нұрғалиевте осындай тарихи кезең ерекшелігінің
аясында қалыптасқан ұстаз-педагог, басшы-ұйымдастырушы еді. Ол өзі өмір
сүрген дәуірдің бет-бейнесін ой-елегінен өткізіп, тарихтан тағылым ала
отырып, болашаққа қарай бет алған терең де, қарама-қайшылыққа толы
идеяларын артында қалдырды. Бүгін біз сол идеяларды, оның кәсіби мұрасын
зерттеу арқылы белгілі бір кезеңнің мәнін түсініп, сол кезеңнің мәніне көз
жүгірту арқылы оның кәсіби мұрасына бойлай енуге мүмкіндік аламыз.
Қорыта айтқанда, қазақ халқы үшін кезінде «әрі қазақтың Макаренкосы,
әрі Мерьесеві, әрі Сухомлинскийі» атанған Құмаш Нұрғалиевтің кәсіби мұрасы
туған елі үшін қымбат қазына, үкілеп ұстайтын киелі дүние.
Кәсіби мұрасын тарихи тұрғыда талдаудан Құмаш Нұрғалиевтің
педагогикалық ойының ең басты ерекшелігі - адамға шынайы патриотизмі,
халқына деген сүйіспеншілігі, оның болашағы, бақыты үшін күресуге дайын
және оған жету жолдарын өз мүмкіндігінше көрсете білдіруі болды. Оның
педагогикалық көзқарастары, кәсіби мұрасы тәуелсіз Қазақстанның мектеп
тарихына зор ықпалын тигізген құбылыс болды. Оның кәсіби мұрасын
гуманистік және адамгершілік мұраттарды уағыздаған мұра деп бағалау керек.
Асылы, қандай тұлға болмасын, ол – сол заманының, өмір сүрген дәуірінің
перзенті. Жеке авторлық мектеп қалыптастырған тұлғаның пайда болуы –
қоғамдық әрі тарихи үрдіс. Сондықтан да Қ. Нұрғалиевтің педагогикалық
шеберлігін, кәсіби мұрасын тек педагогикалық категория тұрғысында қарау
жеткіліксіз. Сол сияқты оның кәсіби шығармашылығы да қоғамдық-саяси
жағдай аясынан шыққан. Ол көрнекті ұстаздың арман-мақсатымен, таным-
түсінігімен тығыз байланысты. Құмаштай жаны жібек, аяулы адамның артында
қалған мол кәсіби мұрасы талай мәрте сараланып келсе де, мәселенің осы қыры,
яғни оның көкірек күйін бүгінгі күннің болмысымен байланыстыра, тарих
ғылымы саласынан қарау сәті осы жолы түскен тәрізді.
Достарыңызбен бөлісу: |