Чекетаева роза



Pdf көрінісі
бет10/62
Дата06.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#11715
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
чекетаева пособие 1 изд2

 
 


 
44 
3 ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІНІҢ МЕКТЕП ІСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ 
 
3.1 Басшылық-ұйымдастырушылық қызметі 
Білім  беру  жүйесі  басшыларының  алдында  сөйлеген  сөздерінде  Құмаш 
Нұрғалиев  мектеп  жетекшісінің  кәсіби  дайындығы  мәселесін  жиі  көтеретін. 
Жоғары білім беру  жүйесінде оларды арнайы дайындау жүзеге асырылмайды, 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындарын  бітірушілер  тек  пән  мұғалімі 
мамандығын  алып  шығады.  Ал  мектеп  директоры  –  айрықша  кәсіп,  оның 
қызметі  қатардағы  мұғалімге  қарағанда  кеңірек.  Бұл  педагогикалық  жетекші, 
әдіскер, психолог, сарапшы, ұйымдастырушы. Қазіргі заманғы тілмен айтқанда, 
мектеп  директоры  білім  беру  менеджері,  басқару  ғылымын,  маркетингті 
меңгеруі  тиіс  дейтін  [36,  98  б.].  Жетекші  ретінде  Құмаш  Нұрғалиев  өз 
заманынан  әлдеқайда  озық  тұрғанын,  сол  кездің  өзінде-ақ  шын  мәнінде  өз 
мектебінің  менеджері  болғанын  мойындау  керек.  Педагогикалық  және 
бухгалтерлік  білімдердің  оңтайлы  үйлесімі  оған  жаңа  типті  оқу  орнын 
ұйымдастыруға  мүмкіндік  берді.  Боран  мектебі  азғантайлардың  қатарында  өз 
бухгалтериясы бар, шаруашылық жүргізуші мекеме болды. 
Құмаштың  азаматтығы  оның  таудай  төзімі  мен  қайтпас  қайсар  мінезінен, 
жомарт  жүрегінен,  көл-дария  көңілінен  көрініс  беретіндей.  Ауыр  да  азапты 
жылдарды, Кеңес дәуіріндегі қаншама қуғын-сүргінді бастан өткізсе де, сағын 
сындырмай, жадындағы мол дүниелерін жоғалтпай, келер ұрпақ қамын ойлап, 
халқына  қалтықсыз  қызмет  қылғаны  әркімдерге  үлгі  боларлықтай.  Осы  ұстаз 
өмірінің  жаңа  бір  кезені  ұйымдастырушылық-басшылық  қызметі  Боран 
мектебіндегі директорлық қызметінен бастау алып еді. 
Ол 1957 жылы 3-ші тамызда халыққа білім беру бөлімінің № 145 бұйрығы 
бойынша  Шығыс  Қазақстан  облысындағы  Марқакөлдегі  Боран  кеңшарындағы 
орта  мектепке  директор  және  тарихшы  мұғалім  ретінде  жіберілді,  кейіннен 
өзінің  саналы  ғұмырын  өмірінің  соңғы  минуттарына  дейін  осы  мектепке 
бағыштайды [77]. 
Боран  мектебі  бес  мыңнан  астам  халық  мекендеген  Боран  ауылында 
орналасқан  еді.  Онда  сол  кезде  «Боран»  қой  кеңшарынан  басқа  24  мекеме 
болды. Аудандық «Казсельхозтехника», мұнай базасы, мал бордақылау пункті, 
өзен айлағы, аэропорт, ПМК, СПТУ, 375 орындық мәдениет сарайы тағы басқа 
мекемелердің ішінде ең қажеттісі мектеп болды. 
Тарихқа  көз  жүгіртсек,
 
Боран  ауылы,  бұрынғы  Евгеньевка  1912  жылы 
Столыпиннің  аграрлық  реформасы  бойынша  жер  аударылып,  қазақтың 
шұрайлы жеріне қоныс тепкен орыс шаруаларының есімімен аталған еді. 1914 
жылы  Марқа  өңіріндегі  «Приречное»  алтын  кенін  өндіретін  приискіден  алып 
келген ағаш үй материалдарынан алғашқы мектеп салынды. Ауылда 1915 жылы 
үш  сыныптық  шіркеулік  мектеп  ашылды.  Мектептің  алғашқы  мұғалімі 
Синюшина  Евдокия  Павловна  балаларға  сабақ  берді.  Ауылға  екінші  «Боран» 
аты  берілуінің  де  өзіндік  тарихы  бар.  1913  жылы  Евгеньевка  селосына  патша 
генералы  Шмидт  келіп,  ауылда  салынғалы  жатқан  шіркеу  үйінің  іргетасын 
қалауға  қатысады.  Қайтар  кезде  үш  күн  бойы  ақ  түтек  боран  соғып,  генерал 
жолға шыға алмайды да, ауылдың атын Евгеньевка емес, «Боран» деп атау жөн 


 
45 
деген екен. Оған да, міне, 100 жыл болып қалыпты. 1918 жылы Марқа өңірінде 
кеңес  үкіметі  орнап,  Боранда  төрт  сыныптық  бастауыш  мектеп  жұмыс  істей 
бастайды. Бастауыш сыныптарда Букацкий Емельян Захарович, Дианов Кузьма 
Николаевич сабақ берді. 1934 жылы шіркеу үйі мектепке беріліп, 1935 жылдан 
бастап жеті жылдық мектеп болып қайта құрылды, ал 1938 жылы жеті жылдық 
мектеп  орта  мектепке  айналып,  оқушыларды  қабылдады.  Оның  алғашқы 
директоры  болып,  С.В.  Новиков  тағайындалды.  Орта  мектептің  бірінші 
бітірушілері  1940-1941  оқу  жылында  қолдарына  орта  білім  туралы  аттестат 
алған  еді.  Ұлы  Отан  соғысының  ауыр  да  қиын  кезеңінде  8,  9,  10  сыныптары 
жабылып,  мектеп  қайтадан  жеті  жылдық  мектепке  айналды.  1952-1953  оқу 
жылында  мектеп  орта  мектеп  болып  жұмыс  істей  бастайды.  Орта  мектепті 
1953-1954  оқу  жылында  14  оқушы  бітіріп  шықты.  Сөйтіп,  Боран  орта  мектебі 
13 жылда екі рет түлектерін үлкен өмір жолына шығарып салды. 1954 жылы № 
1,  №  2  мектеп  корпустары  іске  қосылды.  Оны  салған  «Зырянстрой»  құрылыс 
мекемесі.  1954  жылы  мектеп  шіркеу  үйінен  қазіргі  №  1,  №  2  корпустарға 
көшірілді. Ол кезде мектеп директоры Л.Г Костин болатын [78]. 
Бұл  жоғарыда  берілген  мәліметті  төмендегі  мұрағат  құжаттарымен 
салыстыра  отырып,  мектептің  1911  жылы  салынғандығы,  директор                
Л.Г. Костиннің  орнына  1948-1957  жылдары  В. Милькановичтің  келгенің 
көреміз. 
Боран  орта  мектебінің  жұмысы  туралы  мұрағаттағы  1955-1956  жылғы 
есепті  қарасақ:  бірнеше  ғимараттар  бар  деуге  болады,  біреуін  МТС-тан  жалға 
алады.  Орта  мектеп  талаптарына  сай  емес.  Мектептің  өз  ғимараты  біреу, 
мүлдемге  іске  жарамсыз.  Мектеп  1911  жылы  жергілікті  құрылыс 
материалдарынан  салынған.  Оқу  кабинеттері  жетіспейді,  спорт  зал,  дәліз, 
дәрігер бөлмесі, қол жуатын жер де жоқ. Мектептің мұндай қиын жағдайында 
мүлдемге  оқуға  мүмкіндік  жоқ.  Жарық  керосин  арқылы,  тек  1955  жылы 
қарашадан электр жарығы беріле бастады. Мектеп үйлерін жылыту отын жағу 
арқылы  жүргізіледі.  Көліктен  2  бұқа,  2  өгіз  ғана  болды.  Оқу  үрдісі  бойынша 
сабақтар  3  кезекте  жүргізілді.  483  оқушыны  35  мұғалім  оқытты.  Ауысымдар 
арасындағы  қоңырау  үзілістері  10  минуттан  болды.  Аталмыш  оқу  жылы 
мектептен  70  оқушы  кеміген,  оның  себептері:  ұзақ  ауру  мен  өлімнен  10, 
үлгермеушіліктен  10,  тәртіпсіздіктен  3  оқушы  мектептен  қол  үзген.  Мектеп 
директоры  В.  Мильканович  сабақ  жүргізуге  ғимарат,  мұғалім  іздеп, 
оқытушылардың  сабағына  мүлдем  қатыспаған.  Кемшілікті  жою  үшін 
кадрларды  қайта  қарау  керек  деді.  Аудан  басшыларына  қазақ  мұғалімдерінің 
жұмыс  істеулері  мүлдемге  төмен  деп  оларды  кемсітіп,  бүкіл  жаланы  соларға 
жапты [79]. 
Ал,  сол  ескерту  берген  мұғалімдер  Х.  Омаров,  Б.  Саутбаев,  О.  Шакиров 
кейіннен  елдің  алды  болды.  Құмаш  Нұрғалиевпен  бірге  қызмет  атқарған 
Халиқан  Омаров  оқу  ісінің  меңгерушілігіне,  кейін  директорлыққа  дейін 
көтерілді  [80].  Бұдан өз  жерімізде отырып, өз  құқығымыздың  төмендетілгенің 
көреміз.  
Басшылық  қызметке  кіріскен  ол  мектеп  жасынан  асқан  бос  жүрген 
жеткіншектерді  жинап,  кешкі  мектеп  ашты.  Алғашқы  оқу  жылын  41  мұғалім, 


 
46 
 517  оқушымен  бастайды,  оның  161  қазақ,  356  орыс  ұлтының  балалары  еді. 
Мектепте  барлығы  26  сынып,  оның  оны  қазақша  сыныпқа  айналады. 
Мектептегі  517  оқушының  37-сі  үлгермеуші  екінші  жылға  қалтырылғандар 
болатын [81]. 
Бірінші  жұмысты  осы  үлгермеушілерден  бастады.  Кейіннен  бірде  бір 
үлгермеуші  оқушысы  жоқ  директор  атанды.  Аталмыш  оқу  жылы  аудан 
бойынша  37  мектеп  болды,  оның  тек  үшеуі  орта  мектеп  еді.  Алексеевка  орта 
мектебінде  700  оқушы,  одан  кейінгі  үлкен  мектеп  қатарында  Боран  орта 
мектебі тұрды. Горный мектебінде 278 оқушы, Бобровка мектебінде 155 оқушы 
болса,  басқа  мектептердің  көбі  жетіжылдық  және  бастауыш  мектептер  болды 
[82]. 
Жағдайды  түзеп,  талапты  күшейтті,  оныншыға  дейін  қазақ  сыныптарын 
ашты.  Осы  мектепті  отыз  жыл  басқарды.  Бір  рет  те  бюллетеньге  барған  жоқ 
десе ешкім сене қоймас. Мектеп үшін жанын берді. Таңертеңгі жеті жарымнан 
түнгі он бірге дейін мектепте отыратын. Тіпті түскі асқа да келмейтін. Курорт, 
санаторийге барса да жұмыс істейтін. Алғашқы аптада демалатын да одан кейін 
жұмыс  жоспарына кірісетін,  мектептегі  әрбір  заттың қайда  орналасқаны,  тіпті 
қағылған шегеге дейін есінде сақталушы еді. Соның арқасында мектебі Одаққа 
танылды  деп  зайыбы  Қанипа  Әйкенқызы  оның  еңбектегі  жемісінің  себебін 
айтты [37, 96 б.]. 
Нұрғалиев  Боранға  келгенде  мектеп  үйі  бір-бірінен  тысқары  салынған 
шағын-шағын екі корпусқа орналасқан. Мектеп ауласы арам шөптер қаптаған, 
ешбір  пайдасыз  бос  жатқан  алаң  болатын.  Бара  сала  соны  ретке  келтірді. 
Бұндай  жағдай  соғыстан  кейінгі  жылдары  Марқакөл  ауданының  көптеген 
мектептерінде  қалыптасқан  еді.  Құмаш  Нұрғалиев  мектеп  ғимаратын  типтік 
жоба бойынша салуға ауданда бірінші болып қол жеткізді.  
Құмаш  Нұрғалиев  директорлық  қызметті  осы  мектеп  үйлері  мен  алаңын 
тәртіпке келтіруден бастады. Бұған ешбір қаржы, күш-көлік көмегін сұрамады. 
Себебі, орталықтан көмек болмайтының жақсы түсінді. Үлкен іске мұғалімдер 
мен жоғары сынып оқушыларының жігер-қайратын, энтузиазмын пайдаланды. 
Алаңға ағаштар отырғызылды, гүлдер егілді, мектеп үйлері аралығына аллеялар 
жасалды.  Мектеп  үйлері  мен  ауланың  сыртқы  көріністерінің  өзі  мұғалімдерге 
де,  оқушыларға  да  жақсы  әсер  еткендей  болды.  Мұғалімдер  сабаққа 
тыңғылықты даярланып, оқушылар тәртібі, ынтасы да нығая түсті. 
1950  жылдары  политехникалық  білімді  нығайту,  1959  жылы  Қазақ  КСР 
Жоғары  Кеңесінің  «Мектептің  өмірмен  байланысын  нығайту  туралы  және 
Қазақ  КСР-де  халыққа  білім  беруді  одан  әрі  дамыту»  жайлы  заңдар 
қабылданып  жатты.  Осының  аясында  1958-1965  жылдары  аралығында 
мектептің ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушыларының күштерімен № 3, № 4, 
№  5  корпустары  салынып,  іске  қосылды.  №  3,  №  4  корпустарды  салудың 
қажеттілігі  мектеп  үйінің  тарлығы,  оқушылардың  еңбек  сабақтарын  өз 
дәрежесінде  өткізетіндей  шеберханалардың  жоқтығы  және  ол  кезде  өмір 
талабына  сай  интернатта  тұрып  оқимын  деуші  балалардың  көбеюінен 
туындады.  Сондықтан,  Құмаш  Нұрғалиев  оның  жобасын  және  сметасын  өзі 


 
47 
жасай  отырып,  құрылысқа  жергілікті  материалды  қолданып,  құрылысшы 
ретінде өз күштерін пайдаланбақ болып, шешім қабылдады [39, 82 б.].  
Бұған  КОКП  ОК  мен  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  1956  жылғы  15 
қыркүйектегі  «мектеп-интернаттар  ұйымдастыру  туралы»,  кейінен  1959  жылы 
мамыр  айында  «1959-1965  жылдарда  мектеп-интернаттарды  дамыту  туралы» 
шыққан қаулылар негіз болды.  
Корпустардың  қабырғалары  қамыстан  салынды.  Сылақ  жұмыстарын  да 
оқушылар  сылап,  өңдеу  жұмыстарын  да  сапалы  жүргізді.  Сонымен,  жаңа  оқу 
жылында  №  3  корпус  іске  қосылды.  Келесі  оқу  жылында  8,  9  сыныптарға  әр 
оқушыға 300 саманнан құйғызып, содан мектептің өз күшімен 1966 жылы № 4 
корпус және интернат салынды [84].  
Интернатта  бірінші  кезекте  кеңшар  бөлімшелеріндегі  малшылардың 
балалары, өз үйінде тәрбие алуға мүмкіншілігі жоқ балалар да тәрбие алды. 
Білімді  еңбекпен  ұйымдастыру  арқылы  оқушыларды  келешекте  табанды 
ұйымдастырушы, қандай жұмыс болмасын сүйсіне атқарушы ретінде тәрбиелей 
білді.  Мұндай  істерді  оқушылардың  ата-аналары  толық  құптады.  Өз 
балаларының  бос  уақытында  пайдалы  жұмыспен  шұғылданатындарын  көріп 
қуанды. Осындай жастардан келешекте көп нәрсе күтуге болатынына ұстаздар 
қауымы  кәміл  сенді.  Қай  кезде  болмасын  «іске  сәт»  деп  үнемі  қолдап,  игі 
тілектерін білдірді. 
Кешегі ісіне бүгін, бүгінгісіне ертең қанағаттанбайтын, көңілі көншімейтін 
адамдар болады. Олар неғұрлым сапалы іс тындыруға ұмтылады, сол үшін жан-
тәнімен беріліп еңбек етеді. Құмаш Нұрғалиев  – дәл осындай адам болды. Ол 
енді ескі мектептің қатарынан жаңа, үлкен мектеп салдыруды армандады. Бұл 
арман  оны  алға  жетеледі,  аудан,  облыс  және  республика  мекемелері  мен 
ұйымдарының табалдырықтарын тынымсыз аттатқызды.  
Осы  жылдары  оқу-тәрбие  жұмысында  қол  жеткен  зор  табыстарын  ескере 
отырып,  Қазақ  ССР  Министрлер  Кеңесінің  қаулысымен  18-мамыр  1965  жылы 
№ 379 бұйрығы бойынша, мектепке Владимир Ильич Ленин аты берілді. 
1967  жылы  Шығыс  Қазақстан  облыстық  халыққа  білім  беру  бөлімінің 
басшысы  Б.  Қайрбеков  ҚазақКСР-нің  Құрмет  алтын  кітабына  облыстан  екі 
адамды  ұсынды.  Біреуі  Борандағы  Ленин атындағы  орта мектептің директоры 
Қ. Нұрғалиев, екіншісі Ленинагорскдегі № 5 орта мектептен Н.И. Анапова еді. 
Олардың аты алтын әріппен жазылып, еңбектері бағаланды [85]. 
1968  жылы  Мәскеуде  өткен  мұғалімдер  съезіне  барды.  Соның  алдында 
ғана  Социалистік  Еңбек  Ері  атағына  ұсынылған  болатын.  Еңбек  Ері  атағы 
берілмеді.  Әлденеше  рет  бұл  атаққа  ұсынылсада  билік  басында  отырғандар 
оның  кемшіліке  төзбейтін,  бетке  айтатын  турашылдығын  кешіре  алмады. 
Социалистік Еңбек Ері атағына ұсынған ұсыныс хаттар бірнеше рет жоғарыға 
жетпей  жоғалып  кетіп  отырды.  Құмаш  Нұрғалиевті  өнердегі  Шәмшімен, 
батырлықтағы  Бауыржан,  Қасым,  музыка  саласындағы  қайталанбас  тұлға 
Нұрғиса, «бұл күнде ақынның бәрі жалғыз», – деп мұқалып өткен Мұқағалимен 
қатар қоюға болады. 
Съезден  кейін  партиялық  бақылау  комитетінің  төрағасы  А.Я.  Пельшенің 
қабылдауына барды. А.Я. Пельше еңбек еткен Қара Ертіс қойнауынан келгенін, 


 
48 
шалғайдағы  шекаралық  ауданда  орналасқан  мектептің  тар,  жылдан  жылға 
балалар  саны  артып  келе  жатқанын  айтып,  мектеп  салуға  рұқсат  алып  беруін 
сұрайды. 
Сабырлы  да  сауалатты  Л.Я.  Пельше  өзі  еңбек  еткен  жердегі  азаматтарды 
сұрастырады.  Халқының  қамын  жеген  мүгедек  директорға  қол  ұшын  береді. 
Боранға жаңа типті мектеп салынатын болады. «Медаль емес, ауылыма мектеп 
алып  келдім»,  –  деп  қуанды.  Аудан  орталығы  емес,  Боранға  неге  мектеп 
салынады деген әңгімелер де айтылды. Әуелі қазақ сыныптарын ашқаны үшін, 
қазақтан  шыққан директордың биікке көтерілуін көре  алмаған ауылдағы орыс 
жұрты  оны  қудалауға  салып,  қорқытумен  де  айналысқан  екен.  Талант 
Құмашұлы  өзінің  бір  әңгімесінде,  таңертенгілік  тұрғанда  иттің  басын  кесіп 
жуылып  тұрған  ақ  жаймаға  орап,  иттің  қанымен  қазақ ұлтын  кемсітетін  небір 
сөздерді  жазып,  оның  директорлық  қызметтен  кетуін  талап  етеді  екен.  Ұлт 
болашағы  үшін  небір  азапқа  шыдай  жүріп  жаңа  мектеп  салуға  жанын  сала 
кірісті. 
1968  жылы  5-ші  қыркүйекте  аудандық  санитарлық  дәрігерді,  аудандық 
Кеңестің  депудаттарын  шақырып  акт  жасатады.  Мектепте  1022  оқушы 
оқитының  алға  тартып,  9-10-шы  сыныптарда  33  баладан,  1  сыныптың  ауданы 
24  шаршы  метр  болғандықтан  оған  балалар  симайды.  Сондықтан  да 
сыныптарды  бөліп,  әр  сыныпқа  17  оқушыдан  отырғызады.  Бұның  бәрі  типтік 
мектепке қол жеткізу үшін жасалды [86].  
Ал,  1967  жылы  Ә.І.  Сембаевтың  «Қазақ  Совет  мектептерінің  тарихы» 
деген  еңбегінде  «Қазіргі  Қазақстанда  мектебі  жоқ  бірде-бір  елді  пункт  жоқ, 
олардың көпшілігінің жаңа типті үйлері, мұғалімдерге арналған тұрғын үйлері 
бар», – дегені шындықтан алыс екені көрініп тұр [6, 338 б.]. 
Мектеп  1969  жылдың  бюджеттік  жоспарына  кіргізілді.  1969  жылдың 
қараша айында күн суық болатын. Мектептің ірге тасын қалау рәсімі басталған 
кезде  бүкіл  ауыл  митингіге  жиналды.  Қуаныштары  қойнына  сыймаған  ата-
аналар,  мүғалімдер,  оқушылар  мектептің  іргетасын  құю  рәсімінде  ырымдап, 
тиындар  тастады.  Содан  960  орынды  мектеп  құрылысы  басталып  кетті.  1969-
1971 жылдардағы мектеп құрылысына зор көмегін көрсеткен сол кездегі ПМК-
2410 құрылыс ұжымының бастығы А.В. Алдунин, прорабы М.К. Медведев. Ал 
мектепті  басынан-аяғына  дейін  салған  Амангелді  Дүйсембаев  басқарған 
құрылыс  бригадасы.  Құрылысшылар  құрылыс  жұмысының  қарқынды  да, 
сапалы жүруіне жауапкершілікпен қарады. Оны қатты қадағалап, әр жұмыстың 
өз  дәрежесінде  жүргізілуін  күнделікті  Құмаш  Нұрғалиев  бақылап  отырды. 
Тағаны қаланған мектеп үйінің құрылысы тоқтап қалды. Екі аяқ, бір қолының 
жоқтығына қарамастан қажыр-қайраттың арқасында бітірткізді. Қазіргі уақытта 
қаншама мектептер, үйлер дұрыс салынбай құлаудын алдында тұр. 
Ол  құрылыс  басына  жұрттан  бұрын  шалалық  байлап  қалса,  қайта  істеуді 
талап ететін. Құрылыс материалдары дер кезінде жеткізілмесе, дабыл қағатын. 
Педагогикалық лидер тұрғысы Құмаш Нұрғалиұлына материалдық-техникалық 
базаны  жылдан  жылға  жетілдіріп,  «астаналық  дәрежедегі»  әмбебап  мектеп 
қалашығы деңгейіне жеткізуге мүмкіндік берді. 


 
49 
Кейде  проект  бойынша  салынған  құрылыс  жобасы  көңілінен  шықпаса, 
оған  өзгерістер  енгізіп,  мектеп  үйінің  оқу-тәрбие  үрдісіне  ыңғайлы  болуына 
көп  мән  беріп  отырды.  Сөйтіп,  құрылысшылар,  сылақшылар,  өңдеушілердің 
ерен  еңбегі,  Құмаш  Нұрғалиевтің  қажыр-қайраты  960  орынды  мектеп  үйінің 
жоспарланған мерзімде аяқтауына жағдай жасады. 
Шығыс  Қазақстан  облысының  республикаға  берілген  1971-1972  оқу 
жылындағы  шекаралық  аудандардағы  мектептердің  жұмысы  бойынша 
есептерінде  облыста  12  мектеп  салынуы  тиіс  болған,  бірақ  салынғаны  бесеу. 
Марқакөл,  Зайсан,  Тарбағатай  аудандарында  мектеп  құрылыстары  аяқталмай, 
кейбірінде  басталған  да  жоқ  деп  көрсетілген  [87].  Бұл  мектептің  жылдам 
салынып бітуіне оның қосқан үлесі зор. 
«Адамда  адамшылықты  не  қосса,  сол  ғана  ақиқат»,  –  дейтін  Нұрғалиев. 
Сенбессің,  құрылыс  жүріп  жатты,  оны  жылжымалы  механикаландрылған 
колоннаның  бастығы  деп  атайтын.  Өз  күштерімен  бес  корпус  салды.  Мектеп 
жанындағы бақтың орнында аудан орталығына апаратын жол өтетін, сол жолды 
сәл  шетке  бұру  үшін  қаншама  күресті,  ал  аудандық  атқару  комитетінің 
төрағасы  бұл  жобаны  қолдады.  Сонда  да  дегеніне  жетті.  Ал  жаңа  корпустар 
пайда болған кезде, ол кісі біреуін қайсыбір кеңсеге беруді талап ете бастады. 
Шалқып  өмір  сүргілерің  келген  екен  дейді.  Бір  емес,  қанша  тартысты  бастан 
өткізді,  кетіп  қалуға  болатын  еді,  бірақ  ол  өзгеше  жаратылған  адам  болып 
шықты [88]. 
Келешек,  осы  мектепте  оқитын  жас  жеткіншектерді  көз  алдына 
елестеткенде  жүрегін  шаттық  кернейтін  еді.  Мұндай  шын  жүрегінен  шыққан 
ой-толғамдарда  Құмаш  Нұрғалиевтің  болашақ  жастардікі  екеніне  үлкен  сенім 
артып,  түсіне  білгенін  көреміз.  Оларға  білім  мен  тәрбие  беруді  қай  уақытта 
болсын осалдық танытпауға шақырады. 
Бұрын  шағын  корпустардан  тұратын  мектеп  Құмаш  Нұрғалиевтің  жігері 
мен ересен еңбегінің арқасында 960 орынды жаңа жобамен салынған корпусқа 
көшкен Марқа өңіріндегі бірінші мектеп болатын.  
«Іздеген  жетер  мұратқа»  дегендей,  Нұрғалиев  та  ізденісі  мен 
табандылығының  арқасында  көздеген  нысанасынан  шықты.  1972  жылы 
бұрынғы мектептің қатарында сәулетті зәулім мектеп үйі тұрғызылды. Енді бұл 
мектеп  өз  заманына  сай  мектеп  –  жалпы  ауданы  8 000  шаршы  метр,  960 
орындық кешенге айналды. 
«Біздің мектеп – үлкен мектеп. Мыңға жуық оқушысы бар. Мектеп өзінің 
территориясы жағынан Ватикан мемлекетінің территориясынан қомақтырақ», – 
деп мектебін мақтан тұтатын Қ. Нұрғалиев [28, 95 б.]. 
«Ол  мектептің  теңдесі  республикада  табыла  қояр  ма  екен.  Бұл  мектеп              
В.А. Сухомлинскийдің Павлыш мектебіне ұқсайды. Мұнда бәрі де әдеттегіден 
айырықша  бөлек  мектеп»,  –  деп  1975  жылдың  өзінде  О.  Сатыбалдин 
«Социалистік Қазақстан» газетіне жазып еді [20, 2 б.]. 
Мектептің  кіре  беріс  қабырғасына  ойылып  жазылған:  «Боран  мектебінің 
оқушылары Мәскеу мектептерінің оқушыларынан несі кем?!» 
Мен былай деп түсінем, біздің ауыл мектебінің оқушыларын материалдық 
игілік  өндіру  саласында  да,  ауыл  шаруашылығында да,  өндірісте де  еңбек  ете 


 
50 
алатындай  етіп  дайындап  шығаруымыз  керек.  Мысалы  айталық,  біздің  ауыл 
балалары ірі өндіріс орнында еңбек етуге неге дайын тұрмайды деген оймен ол 
оқушы  тәрбиесіне  аса  қатты  мән  берді  [75,  3  б.].  Қазір  біз  оқушыларда 
функционалдық  сауаттылыққа  үйретеміз  деп  жатсақ,  оны  Қ.Нұрғалиев  сонау 
ХХ ғасырдың 70 жылдарында ойлап, іске асырған екен. 
Мектептің айналасы да көркейтіліп, безендірілді. Төрт-бес жылдың ішінде 
отыз  мың  түп  ағаш  отырғызылды.  Бүкіл  мектеп  алаңы  шағын  текшелерге 
бөлінді, олар 4-8 сынып оқушыларына бекітілді. Мектепте лениндік бау-бақша 
апталығын өткізу дәстүрге айналды. Мұның өзі оқушыларды еңбекке баулудың 
бірден-бір  көрінісі  еді.  Ал,  біз  жастарды  еңбекке  үйрету  үшін  Елбасы  Н.Ә. 
Назарбаевтың  «Еңбек  қоғамына  20  қадам»  тапсырмасы  арқылы  күн  тәртібіне 
енгізіп отырмыз. 
Бұл  күні,  яғни  25  мамыр  соңғы  қоңырауда  бірінші  сыныптың  әрбір 
оқушысы  өз  сыныбының  текшесінде  бір-бір  ағаш  отырғызады  да,  мектепте 
оқыған  жылдар  бойы  оны  күтіп  баптайды.  Ал  оныншы  сынып  оқушылары 
мектеп  бітірушілер  аллеясына  бір-бірден  ағаш  отырғызып,  оларды  өздерінің 
қамқорлығындағы  сыныпқа  тапсырады.  Сөйтіп,  мектеп  алаңы  мен  ауласын 
көркейтіп,  көгалдандыру  оқушыларды  еңбекқорлыққа,  табиғатты  сүюге, 
сұлулық пен тамашаны сезе білуге тәрбиелеудің бір құралына айналды. 
Жаңа мектеп үйі пайдалануға берілісімен сабақтар бір кезекте, кабинеттік 
жүйемен  жүргізілетін  болды.  Мектептің  негізгі  корпусында  орыс  тілі  мен 
әдебиетінен  жеті,  қазақ  тілі  мен  әдебиетінен  үш,  математикадан  сегіз, 
физикадан  екі,  химия  мен  биологиядан  үш,  тарих  пен  қоғамтанудан  үш, 
географиядан  екі,  шетел  тілдерінен  үш  оқу  кабинеті  жұмыс  істеді.  Мектеп 
жанында пионерлер бөлмесі, зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән-
күй  және  музыка  кабинеті  мен  бөлмелері,  200  орындық  кинотеатр, 
медициналық  кабинет,  240  орындық  асхана  жас  буынның  игілігіне  айналып 
отырды.  Кеңшар  малшыларының  балаларына  арналған  110  орындық  интернат 
үйіне  кірсе-шыққысыз,  тамаша,  онда  өнер  бөлмесі,  екі  оқу  залы  жұмыс  істеді 
[89]. 
Зәулім  үйдің  бірінші  қабатында  орналасқан  мектеп  лениниадасы, 
лениниада  залы,  екінші  қабаттағы  қазақтың  ұлы  ағартушыларына  (Абай 
Құнанбаев,  Оралхан  Бөкей  т.б.),  аса  көрнекті  кеңес  педагогтарына  арналған, 
үшінші қабаттағы ұлы жазушыларға арналған зор көлемді стенділер, ортасында 
мәңгі  от  алаулап  жанып  тұрған  жауынгерлік  даңқ  залы  –  осының  бәрі  үлкен 
эстетикалық  әлеміне  есік  ашатын  жас  буынға  жан-жақты  тәрбие  берудің 
ғажайып құралдары болды. 
Директордың  ой-мақсаты  әрдайым  болашақты  болжап,  алысты  мензеп 
отырды.  Боран  орта  мектебінің  микроауданы  көлемді.  Ол  кеңшардың 
«Прииртыш»,  «Қазақстан»,  «Жерқұдық»  бөлімшелерін  және  көрші  «Қалжыр» 
кеңшарының «Шеңгелді», «Правоустьқалжыр» бөлімшелерін қамтиды. Кезінде 
осы  бөлімшелер  тұрғындарының  балалары  Боран  мектебінде  оқыған.  Одан 
кейін  аталған  барлық  бөлімшелерде  сегіз  жылдық  мектеп  жұмыс  істеді. 
Нұрғалиев  бұл  мектептерді  өздерінің  резервтері  деп  білді.  Өйткені  олардың 
түлектері  болашақта  орта  мектепте  немесе  селолық  кәсіптік-техникалық 


 
51 
училищеде  білімдерін  одан  әрі  жалғастырып,  тиісті  мамандық  алып  шығады. 
Сондықтан  да  Нұрғалиев  бұл  мектептердің  жоғары  дәрежеде  жұмыс  істеуіне 
қамқорлық жасап, жәрдемдесіп отырды. 
Олардың  мұғалімдерін  өздеріне  шақырады,  өздері  оларда  жиі  болып 
тұрды, әдістемелік бірлестіктерде тең құқылы қызмет атқарады, оқушылардың 
бірлескен кештерде, жорықтарда, спорт сайыстары мен ойындарда кездесулерін 
ұйымдастырды.  Сөйтіп,  орта  мектептің  сегіз  жылдық  мектептермен 
шығармашылық  ынтымақ  байалыстары  барған  сайын  нығайып,  ортақ  іске 
ықпалы күшейе түсті. 
Жаңа мектеп үйі пайдалануға берілісімен сабақтар бір кезекте, кабинеттік 
жүйемен  жүргізілетін  болды.  40  оқу  кабинетін,  дене  шынықтыру  және  акт 
залдарды,  кітапхананы,  ас  дайындайтын  үйді,  басқа  да  мектеп  үйлерін 
жабдықтау  оңайға  түскен  жоқ.  Өзінің  жақсы  жабдықталуы  жағынан  ол  ірі 
қалалардың  таңдаулы  мектептерінен  асып  түспесе,  кем  түспеді.  Мектеп  іші 
жарық,  көңілді,  бөлмелері  кең,  таза.  Сондықтан  да  балалар  мұнда  сабақтан  
кейін де өз еріктерімен қалып отырды. Спорт секциялары, пәндік, техникалық 
шығармашылық  және  ауыл  шаруашылық  тәжірибе  үйірмелері,  көркем 
өнерпаздар ұжымы мен музыкалық мектеп филиалы – осының бәрі балаларды 
жан-жақты  тәрбиелеп,  ой  өрісін  дамыту  үшін  сабақтан  тыс  сағаттарды 
мазмұнды, қызықты, пайдалы өткізуге қажетті жағдайдың бәрін туғызды [90]. 
Қ.  Нұрғалиев  ескі  мектеп  үйлерін  де  күрделі  жөндеуден  өткізіп,  іске 
жаратты. Бұларда мектеп жанындағы интернат, оқу шеберханалары, ұзартылған 
күнде  оқитын  төменгі  сынып  оқушылары  тобына  арналған  жатақхана 
орналастырды.  Бірінші  сыныптан  сегізінші  сыныпқа  дейінгі  оқушылар 
ұзартылған  күн  тобында  оқыды.  Алты  жастағыларды  оқуға  қабылдап,  олар 
үшін  мектептің  бұрынғы  үйінде  үш  оқу  бөлмесі,  тынығатын  екі  бөлме  және 
асхана  жабдықталды.  Бастауыш  сыныптар  жеке  корпуста  оқыды.  Мұнда  да 
асхана болды. 
Сондықтан да алыс учаскелердегі малшылар өз балалары үшін қам жемей, 
алаңсыз еңбек етті, өйткені олар балаларының киімі бүтін, тамағы тоқ екеніне, 
жақсы  оқып,  тынығуы  үшін  қажетті  жағдайдың  бәрі  туғызылғандығына  кәміл 
сенді. 
Ол  сонымен  қатар  мектеп  басшысының  міндеттерінің  бірі  мұғалімдердің 
материалдық  және  тұрмыстық  жағдайларына  мән  беріп,  жағдай  туғызу  қажет 
деп қарады. Жалпы кеңестік заманда мұғалімдер мен халық ағарту саласының 
қызметкерлеріне  үкімет  тарапынан  тиісінше  қамқорлық  жасалғаны  белгілі.  
Десек  те  жекелеген  жерлерде  осы  мәселелер  қажетті  деңгейде  шешілмеді. 
Бұлардың  қатарында  оларға  үкіметтен  тағайындалған  жеңілдіктерінің  өзі 
уақытында берілмеуі, көптеген мұғалімдердің пәтерсіз болуы жатады.  Аталған 
мәселелер  бүгінгі  күнде  де  өз  шешімін  тапқан  жоқ.  Әрине  осындай  келеңсіз 
жағдайлар  олардың  бір  орында  тұрақтамауына  негізгі  себеп  болған.  Осындай 
мәселелерді Боран орта мектебі өздерінше шешуге тырысты.  
Жаңа  мектеп  құрлысымен  қатар  мектеп  маңынан  мұғалімдер 
қалашығының негізін салды. 16 үйде 32 пәтер болса, 8 пәтерлік екі қабатты екі 
үй  қосымша  салды.  Ол  үйлер  қазіргі  заманға  сай  талаптармен  салынған, 


 
52 
орталықтан  жылтылатын,  қасында  бақшалық  жерімен  қоса  болды.  Оның 
мектебінің барлық дерлік мұғалімдерінің баспанасы бар еді [81, 10 б.]. 
Егер  мектепте  мұғалімдерге  арналған  отыздан  астам  пәтер  бар  екенін, 
кеңшар  бөлген  автобустар  күн  сайын  жақын  арадағы  ауылдардан  балаларды, 
мұғалімдерді  мектепке  жеткізіп,  алып  қайтатындығын,  ал  сенбі  мен  дүйсенбі 
күндері одан да алыс жерлерге «мектеп бағыттарын» жасайтындығын ескеретін 
болсақ,  онда  директордың  иығына  ұйымдастыру  және  материалдық-
шаруашылық  қамқорлықтың  қаншалықты  салмақты  жүгі  түсіп  жүргендігі 
өзінен-өзі түсінікті болады. 1968-1969 жылдары Шығыс Қазақстаннда бес мың 
оқушы мектепке көлікпен тасымалдауды қажет етті [90, 21 п.]. 
Атап айтсақ, басында Боран кеңшарының директоры Аскаров оқушыларды 
үш  шақырым  жерден  тасымалдауға  көмектеспей  қояды  [91].  Мектеп 
жанындағы  интернатта  110  оқушы  тұрды.  Мектеп  директорының 
табандылығының  арқасында  43  оқушыны  Ордынкадан  күнде,  Черняеевкадан 
аптасына  бір  рет  оқушыларды  мектепке  тасымалдап  отырды  [92].  Боран-
Рождественка  бағытында  27  оқушыны  8  шақырым  жерге  сенбі,  жексенбі 
күндері,  ал  Боран-Усть-Қалжыр  бағытында  3  шақырымға  күнделікті 
тасымалдап отырды [86, 13 п.]. 
Қажымас,  қайтпас  директор  ауылдық  балалар  Ресей  мектептеріндегі 
сияқты жағдайларда оқып, дәл сондай іргелі білім алғанын талап етті. Бұл жай 
ғана арман емес, бұл максимум бағдарлама, ерекше мақсатшыл адамның жетегі 
мен  басқаруындағы  ұстаздар  ұжымының  нақты  мақсаты  еді.  Бұл  арман  әлі  де 
мектептің ұраны болып келеді. 
Оқушылардың  пайдалы  істермен  айналысуына  мектепте  барлық  жағдай 
жасау қажет екендігі Құмаш Нұрғалиұлының бір сәтте есінен шыққан емес. Ол 
Қазақстандағы әр мектептің бүгінгі өмір талабына сай жабдықталуын армандай 
отырып,  ауыл  мектебінің  қала  мектептеріндей  болуына  ат  салысты,  аянбай 
еңбек етті. 
Аудандық  мұғалімдердің  тамыз  конференциясы  кезінде  басшылық  оны 
үлгі  етіп  «Құрметті  директорлар  орындық,  әдемі  үстел,  сейф,  линеолиум 
алғанға  мәзсіздер.  Қ.  Нұрғалиевтан  өнеге  алу  керек.  Ол  6000  сомға  оқу 
құралдарын,  көрнекіліктер,  химия,  физика  кабинетіне  қажетті  құралдарды 
алды.  Мемлекет  бір  сыныпқа  7-50  тиын  бөледі,  ол  неге  жетеді?  Кеңшар 
директорларымен  неге  жұмыс  істемейсіздер?»,  –  дейді  [93].  Бұл  мәліметке 
қарап,  оның  мектептің  қаржылық  мәселесін  шешуде  тек  үкімет  бөлген 
қаражатқа  қарап  отырмай,  өзі  қосымша  кіріс  көзін,  демеушілік  таба  білгенің 
байқаймыз. 
Театр киім ілгіштен басталса, мектептің мазмұны оның іші-сыртын қалай 
безендіріп,  қалай  түрлендіргенінен  байқалса  керек.  Ол  безендіру  тек 
эстетикалық әсемдік үшін емес, ішкі мазмұнды ашуға қызмет етіп тұрса, әрбір 
көрініс  ойға,  білімге  шақыра  білсе  –  оның  құндылығы  да  осында.  Нұрғалиев 
мектебінің табалдырығынан төріне дейін біз бұны анық көреміз. 
Бірінші  қабаттың  дәлізі.  Қабырғаларында  –  Боран  ауылының  тарихы. 
Әдемі.  Алдымен өз  ауылыңның,  туған жеріңнің  тарихын біл  деген  ой  айтады. 
Біз  енді  ғана  өлкетануға  мән  берудеміз.  Одан  әрі  бұрынғы  Одақтас,  қазіргі 


 
53 
Достастық  елдер  жөнінде  сыр  шертеді.  Тағы  да  қабырғаларда  –  қыршын 
ғұмырлары  көпке  үлгі  атақты  ғалымдар  мен  әдебиет,  мәдениет 
қайраткерлерінің  суреттері,  оқу-бөлімге  қатысты  көрнекі  құралдар.  Бұдан  соң 
«Жауынгерлік даңқ» залы [94]. 
Өскемен  қалалық  халыққа  білім  беру  бөлімінің  бұрынғы  меңгерушісі            
А.М. Курочкинге  қызмет  бабымен  Боран  орта  мектебіне  жиі  баруға  тура 
келетін. Барған сайын ол осы бір қажырлы адамның қуатына таң қалатын. Ол 
мектеп үшін қаншама шаруа атқарды десеңізші. Ол қайда ғана бармады екі рет 
Д.А. Қонаевтың қабылдауында, А. Пельшенің қабылдауында, КСРО Орта және 
жоғары білім министрлігінде, Қаржы министрлігінде болды. Ол өз мектебі осы 
қазіргідей лайықты түрге енуі үшін қаншама күш жұмсады [95]. 
Құмаш  Нұрғалиұлы  мектеп  бассейнінің  жобасын  бекіту  үшін  бір  күн 
ішінде  Бораннан  Өскеменге,  Свердловскіге  ұшып  барып  келетін.  Алыс 
мектептің директорымен біз Мәскеуде өткен жылдың жазында кездестік,  - деп 
жазады  А. Розанов.  Қ. Нұрғалиев  Алматыда  Қазақ  КСР  ауыл  шаруашылық 
министрінің  көмегі  арқасында  мектеп  шеберханасының  типтік  ғимараты  үшін 
қаражат  «қағып  алғанын»  айтып  берді.  Бірақ  республикада  лайықты  типтік 
жоба табылмады. Сонда Нұрғалиев Киевтіктермен келісе алды [96]. 
Оқыту  мен  тәрбиелеудің  табысты  болуы  мектеп  басшылары  мен 
педагогтердің  қалай  жұмыс  істегеніне  ғана  емес,  оқушылардың  қалай 
еңбектенетініне  де  байланысты.  Ойлана  еңбектенудің  қандайлық  зор 
жаңартқыш қуат-күші барын ұмытуға болмайды. Осындай күш педагогтерді де, 
оқушыларды да баурауы тиіс. Мектептің педагогтар ұжымы жастарды еңбекке, 
еңбек  адамдарына  зор  ілтипатпен,  сүйіспеншілікпен  қарауға  тәрбиелеуде  өз 
міндеттерін  жақсы  шешіп  жүр.  Еңбекке  тәрбиелеу  бүгінгі  таңдағы  ең  елеу 
мәселе емес пе деп еңбектенді [88, 34 б.]. 
Арнайы  кабинеттер  мен  лабораториялар,  шеберханалар,  олардағы 
электротехника,  ауылшаруашылық  машиналары,  автомобильдер,  техникалық 
оқу құралдарын басқаратын автоматты жүйе, диатека, фильмотека, дыбыс жазу 
студиясы, телевизиалық жүйе оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге 
қызмет етті. 
Мектептің  бұрынғы  екі  корпусында  жоғары  сыныптарға  арналған  тігін 
және  қол  еңбегі,  ағаш,  металл  өңдеу,  токарьлық  станоктар,  автомашина  және 
трактор жүргізу сабақтарын өткізуге арналған шеберханалар орналастырылды, 
электротехника  кабинеттерінде  оқушылардың  кәсіби  мамандықтарды  игеруіне 
қажетті жағдайдың бәрі жасалған болатын. 
Мектептің  оқу-өндірістік  комбинатында  оқушылар  автомобиль,  трактор 
жүргізуге  үйренді,  электрик,  іс  жүргізуші  машинистка,  машинамен  сиыр  сауу 
операторы, сылақшы-сыршы мамандықтарына үйретілді. Комбинат жүк, жеңіл 
автомашиналарымен,  тракторлармен,  басқа  да  құрал-жабдықтармен  және 
көрнекі  құралдармен  толық  қамтамасыз  етілген.  Тиісті  мамандық  алған 
көптеген  оқушылар  он  жылдықты  бітіргеннен  кейін  өз  кеңшарында  жұмысқа 
қалды. 
Өзінің  бір  мақаласында  «Педұжымымыз  еңбек  тәрбиесі  мен  кәсіптік 
бағдарға  ерекше  маңыз  береді.  Қол  еңбегі  кабинеттерінде,  ағаш 


 
54 
шеберханасында шәкірттріміз бағдарламаға сәйкес білім алады. Жоғары сынып 
оқушыларын  ауданымыздың  жұмысшы  мамандығына  зәрулігін  ескеріп,  ауыл 
шаруашылығының  бес  түрлі  мамандығы  бойынша  оқытудамыз.  Еңбек 
сабақтары  жүретін  кабинеттер  осы  күнгі  техниканың  үздік  бұйымдарымен 
жабдықталған.  Оқушылар  мұнда  лабораториялық  және  практикалық 
бағдарлама  талаптарын  толық  орындайды.  Көптеген  түлектеріміз  туған 
ауылының  экономикасы  мен  мәдениетін  өрге  бастыру  үшін  тікелей  еңбекке 
араласты.  Мектеп  бітіргендердің  70  пайызы  «Боран»  кеңшарының  комсомол 
жастар бригадасында еңбек етеді», – деп жазған [98]. 
Мектепте  еңбекке  баулу  сабақтары  үшін  9  кабинет  жасалды:  тігін  цехы, 
кондитерлік  цех,  автомобиль  ісі  бойынша  сынып,  тракторлар  жөнінде  оқыту 
сыныбы,  ауыл  шаруашылық  техникасын  жүргізуге  үйрету  сыныбы,  машина 
басу  және  стенография  сыныбы,  дәнекерлеу  шеберханасы,  темір  ұстаханасы, 
ағаш  ұстаханасы,  токарлық  шеберхана,  радиотелешеберхана,  кинофото 
сыныбы.  Мектептің  кәсіптік  даярлық  орталығы  ретінде  қызмет  істеуі 
материалдық-техникалық  базаның  жасалуын,  кадрлармен  қамтамасыз  етуді, 
арнайы әдістемелік қызмет ұйымдастыруды талап ететін. Қазір ондай қосымша 
білім беру ПТЛ немесе кәсіптік бәлім беру ұйымдарында ғана бар. 
Оқушыларды  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  қатыстырып,  баулу  ісі  де 
ойдағыдай  шешілді.  Құмаш  Нұрғалиев  балалар  еңбегін  тым  асыра 
пайдаланудан  сақтандырып,  зиянды  зардабын  тартпауын  ескертіп,  өз 
тарапынан тиісті бағыт беріп отырған. 
Сөйтіп,  оқушылар  өнімді  еңбекке  араласады,  үлкендердің  тәжірибесін, 
дәстүрлерін үйренеді, өнімнің өзіндік құны, өндірістің тиімділігі, шаруашылық 
есеп, сапа деген түсініктермен тәжірибеде іс жүзінде танысады. Дуалдық білім 
беру  іске  асырылды.  Оқушылардың  еңбекке  деген  көзқарасы  бұл  мектепте 
жандана  түсті.  Олар  сыныптан  тыс  жұмыстардың  тиімді  жүргізілуіне  үнемі 
көмектесіп отырды. Жоспарлы түрде мектепте еңбек ардагерлерімен кездесулер 
өткізу сынып оқушыларының дәстүрлі мерекесіне айналды. 
Педагогтар  ұжымының  мақтан  тұтар,  оқушыларға  өнеге  етер  түлектері 
толып  жатыр.  Олардың  арасында  техника  ғылымдарының  кандидаты  Мара 
Дуанованы,  ҚР  Бас  прокуратурасының  қызметкері  болған  Гүлзиға 
Танарықованы,  режисер  Марат  Сақатовты  тағы  басқаларды  орынды  мақтан 
етті.  
Өзін  үлкен  өмірге  қанаттандырып  ұшырған  мектебінің  директоры  Халық 
Мұғалімі  Нұрғалиев  Құмаш  ағаның  мынау  бір  сөзі  Мара  Дуанованың  мәңгі 
жадында  жатталып  қалыпты:  «айналайындар,  өз  ауылдарыңды  ұмытпаңдар. 
Ата-аналарыңның  ауылға  сіңген  еңбегін  ақтаңдар,  ауылды  гүлдендіретін 
сендерсіңдер»
 
[38, 98 б.]. 
Көз  алдыма  көктемде  егін  егіп,  жазда  малшылардың  қам-қарекетімен 
айналысып, күзде егін жинап, қыста қар тоқтатып, жем-шөп тасып, тынымсыз 
еңбек  етіп жүрген дос-жарандар  уақыт  өткен  сайын  жиі елестейді.  Күн сайын 
аңмен таласа тұрып, жұмысқа аттанғанда даланың таза ауасымен тыныс алып, 
еңбек сазына бөленетінбіз. Неткен ғажап тіршілік, рахат дүние еді?! осылайша, 
біз  осынау  ұлы  елдің  перзенті  болып  туғанымызға  шексіз  қуанып,  өзімізді 


 
55 
бақытты  санадық.  Туып-өскен  кішкентай  ауылымызды  қаншалықты  жақсы 
көрсек,  Отанымызды  да  сондай  сүйе  білдік.  Ер  жеткен  соң  еліміздің  лайықты 
азаматы  болуды  армандадық.  Ол  үшін  өз  қабілетіміз,  өз  мүмкіндігімізге  орай 
өмірден  орын  іздедік,  мамандық  таңдадық.  Еліміздің  келешегі  өзіміз  сияқты 
өрімдей  жастардың  қолында  екенін  пайымдай  бастадық.  Біріншіден, 
еңбегімізбен,  екіншіден,  білімімізбен  еліміздің  күш-қуатын  нығайту  ісіне  өз 
үлесімізді  аз  болса  да  қосып  жатқанымызды  сезгенде  кеудемізді  шаттық 
кернейтін  «Ел»  деген,  «Отан»  деген,  «Туған  ауыл»  деген  сөздердің  ұлылық 
парқын біз осылайша сезінгенбіз», - деген еді оның оқушылары [39, 89 б.]. 
«Боран»  кеңшарының  басшылары,  партия,  кәсіподақ  және  комсомол 
ұйымдары  оқушылардың  еңбегін  бағалап,  оларды  моральдық  және 
материалдық  жағынан  ынталандырып  отырады.  Оқуда  және  еңбекте  үздік 
шыққан  оқушылар  кеңшар  бөлген  жолдамалармен  сол  кездегі  астаналар  – 
Мәскеу  мен  Алматыға,  Ленинградқа  және  еліміздің  басқа  да  ірі  қалаларына 
саяхат  жасады,  мақтау  қағаздармен,  бағалы  сыйлықтармен  марапатталды. 
Сонымен қатар көктемде оқудан тыс уақытта, каникул кездерінде тоғызыншы 
сынып оқушылары Боран кеңшарының жас төлдерін қабылдауға көмектесті. Әр 
шәкірт  сақманшылығына  150  сомнан  ақша  тапты.  Бұдан  Нұрғалиевтің 
оқушыларды  қоғамдық  жұмысқа  ата-анасының  рұқсатымен,  ақылы  және 
оқудан тыс уақытта тартқаның көреміз. Қазіргі «Мақтаралдағыдай» мәселе жоқ.  
Мұғалімдердің  ата-аналар  арасында  тәрбиелік  жұмыстар  жүргізуі 
арқасында  ол  ақша  экскурциялық  жолдамаға  жұмсалатын  болды.  Боран 
мектебінің  түлектері  алыс-жақын  саяхатқа  шығып  тұрды.  Жылына  90-100 
оқушы  саяхатқа  барып  тұрды.  Ел-жер  көрді.  Сапар-саяхат  бастамасының 
иниицаторы – мектеп директорының өзі еді.  
Саяхаттап  Мәскеуге  барған  борандық  шәкірттердің  маршрутын  олар 
сапарға  шығарда  тарихшы  Нұрғалиев  өзі  сызып  береді  екен.  Қызыл  алаң, 
Мавзолей. Одан соң, балалар Кремльді айналып шығып, Ленин кітапханасына 
бет  түзейді,  Третьяков  галереясына  соғады,  тарихи  музей  залдарын  аспай-
саспай  аралады.  1988  жылы  «Еділ  тур»  туристік  фирмасының  басшысы 
Балажанов  Еділдің  қолдауымен  40  оқушы  Польша  Халық  Республикасына 
саяхат жасады.  
«Менің  ауылдық  балаларымның  қалалықтар  сияқты  техникалық  негізде 
оқуға құқы бар» деген Қ. Нұрғалиев [98]. 
Боран орта мектебінде барлық пәндерді оқытатын кабинеттер талапқа сай 
жабдықталған  болды,  оқу  кабинеттеріне  теледидар  орнатылды.  Мектептегі 
техникалық және теледидар орталығы мұғалімдер ұжымының жұмысын едәуір 
жеңілдетті.  Оқу  кабинеттерін  жақсы  жиһазбен,  техникамен  және  басқа 
құралдармен  жабдықтауда  Ленинград  пен  Рига  қалаларының  партия,  кеңес 
органдары көп көмек көрсетті. 
1974 жылы Латвия Коммунистік партиясы, Латыш КСР Жоғарғы Кеңесінің 
президиумы,  Латыш  КСР  Министрлер  Кеңесі  Латвияның  гитлершіл 
басқыншыларынан 
азат 
етілуінің 
30 
жылдық 
салтанатына                                       
Қ. Нұрғалиевті әдейілеп шақырады. Латвия Компартиясы Орталық Комитетінің 
бірінші хатшысы Босстың өзі бастап оны қошеметтейді. 


 
56 
1974  жылы  18-қазан  күні  Латвияның  азаткері  ретінде  теледидардан  сөз 
сөйлейді.  Рига  қаласында  болғанда  қалалық  партия  комитетінің  бірінші 
хатшысы  оған  «қандай  бұйымтайыңыз  бар?»  деген,  ол  оқушыларға  бір 
базарлық  апарсам  деген  ойын  ашық  айтқан:  Ол  Риганың  мектеп  жиһаздары. 
Ақшасына  есеп  жасалады,  30  мың  сомға.  Содан  мектепке  жиһаздар 
босаттырып,  парталарға  дейін  сонау  Ригадан  тасыттырады.  Жолай  Мәскеуге 
соғып, мектептегі эстрадалық ансамбльге қажетті аспаптарды алмақшы болады. 
Әртүрлі кедергілерге қарамастан, КСРО мемлекеттік банкның басшысына кіріп, 
чекқа  виза  қойғызған.  Бүкіл  аспаптарды  жалғыз  өзі  жүріп,  бөтен  елдің 
көмегімен Мәскеуден Өскеменнің Защита вокзалына жеткізген. 
1978  жылы  Қ.  Нұрғалиев  қазіргі  Санкт-Петербург,  бұрынғы  Ленинград 
қаласындағы  оптика  механикалық  ұйымнан  бейне  магнитафон  мен 
телевизорлық  кешенді  Қазақстан  бойынша  бірінші  алып,  айналымға  енгізеді. 
Сол  кезде  іздесен  таба  алмайтын  60-тай  теледидардың  әр  сынып  бөлмесінде 
болуы таңданарлық жай еді. 
Аппаратураның  өзін  ғана  60  мың  сомға  алып,  ал  орнатуын  мектеп  өз 
күшімен  жасады.  Сол  жылдары  оны  орнату  барысында  техникалық  жағынан 
басқада көптеген қиындықтар кездесті. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру үшін 
Өскеменге курсқа оқуға баратын 22 мұғалімнің 10 ғана барып, жоғары жақтан 
Қ. Нұрғалиевке  қатаң  ескерту  берілді.  Білім  көтеруге  бармаған  Т. Нұрғалиев,         
Д. Батымбаева, Б. Мұстафина, В. Шаповалова, М. Рахимжанов, Б. Бұршақбаева, 
С. Стрелов,  Р. Смаилова,  Р. Овчимикова  деген  мұғалімдер  мектептік-
теледидарлық  техникалық  орталықты  іске  қосу  үшін  күш  салып,  еңбек  етіп 
жатқан  еді.  Ойланып  қарасақ  білімдерін  көтергендеріне  бес  жыл  болмаған 
ұстаздарды ретсіз шақыра беру де жоғарыдағылардың жоспар орындаулары еді 
[99]. 
1983  жылы  1-қыркүйекте  теледидарлық  орталық  пайдалануға  берілді. 
Құмаш  Нұрғалиевқа  мектептік-теледидарлық  техникалық  орталық  (МТТО) 
құру идеясы ғылыми-техникалық жағдайын шешуге ұмтылғандықтан туған еді. 
Ақпараттық  тасқынның  арта  түсуі  және  ауыл  мектептеріндегі  ақпараттың 
төменгі  деңгейі  осыны  талап  еткен  болатын.  Яғни,  біздің  Республикада  АКТ 
Боран орта мектебінде алғаш жүзеге асырылды. 
Шопанның  бес  жасар  ұлы  әкесімен  бірге  «Нива»  қозғалтқыштарын 
шұқылап  ойнайды,  ол  мектепке  келгенде  қайтпек?  Оның  көргендерінің 
барлығы ескі құрал-жабдықтар бола ма? Қ. Нұрғалиев мектеп үшін жаңа құрал-
саймандарды  табуға  ұмтылды.  Мәскеуде,  Ленинградта,  Алматыда  болғанында 
дүкендерді ғана аралап қоймай, дыбыс жазатын құралдарды, диапозиттерді, оқу 
фильмдерін  дайындайтын  кәсіпорындарға  да  баратын.  Алған  құрал-
саймандарын  тәптіштеп  орауды,  тиеуді,  елге  жөнелтуді  өзі  бақылады.  Қонақ 
үйге  жеткеннен  кейін  протездерін  лақтырып  тастап,  денесінің  сырқырағаны 
жазылғанша дөңбекшумен болатын. Артынан тағы да жолға шығатын. Осыдан 
оның  еңбексүйгіштігін,  балаларға,  өз  оқушыларына  жаңа  әлемді  көрсеткісі 
келетінін байқаймыз [100]. 
«Әкеміз  облыстық  базистік  дүкендерге  түскен  құрал-жабдықтарға 
қанағаттанбады,  өзіне  қатаң  тәртіп  қоя  білетін  ол  тынымсыз  еңбек  етті. 


 
57 
Мектепке  қажетті  құралдарды  әкелу  үшін  Мәскеуге  іс  сапармен  баруға 
жалыққан жоқ. Қажет заттарды табу үшін Мәскеудің төрт бұрышын кезді. Әкем 
үшін  мектепке  қажетті  құрал-жабдықтарды  өзінің  таңдауы  маңызды  еді. 
Мәскеуден  «Защита»  стансасына  дейін  жөнелтілетін  құралдар  борандық 
балаларға  арналатын.  Олардың  барлығы  жақсылап  оралып,  буылатын...»,  – 
деген  Талант  Нұрғалиевтің  бұл  сөзі  де  Халық  мұғалімінің  ұлағаттығын 
көрсетеді.  
Боран мектебінде алғашында «Аккорд-ОП-7» оқулық бағдарламасы немесе 
ТҚЖО кеңейтілген кабинеті арнайы сыныпта жабдықталған еді. Ол 30 оқушыға 
арналған, оны негізінен математика, физика, химия мұғалімдері пайдаланатын. 
Бұл  кабинетте  «Украина-5»,  кинопроектор,  поляк  кодоскопы,  «Вега-106», 
стереоэлектрофон,  «ЛЭТИ-60»  диапроектор,  «Протон»  магнитті  айналмалы 
дискісімен эпидиоскоп тұратын. Басқа кабинетте сияқты мұнда да пернелер мен 
экрандарды автоматты басқаратын пульт болатын. Оқушылардың жұмыс орны 
жақсы ұйымдастырылатын: емтихан алушы пульт, электр жүйелері кез келген 
қысымда  ток  беретін.  Бұл  жүйеге  телефон,  «диктант»  жағдайында  тумблер 
қосылатын. Бұл жүйенің барлығы оқушылардың қажеттілігін өтеуге, сабақтың 
құрылымын жақсартуға әсер ететін.  
Мысалға,  «диктант»  жүйесіне  магнитофонды  қоса  отырып,  мұғалім 
оқушылардың  екі  тобына  тапсырма  береді,  ал  үшінші  топтағылар  алдын-ала 
белгіленген  бағдарламалық  тапсырманы  карточка  арқылы  орындайды.  Екі-үш 
оқушы тақтаға шақырылып, ауызша жауап беруге дайындалады. Нәтижесінде, 
оқу  үдерісіндегі  ынталандыру  талабы  ойдағыдай  орындалады,  оқушылардың 
білім сапасына дифференциялық және қазіргі жедел бақылау жасалады. 
Барлық кабинетке кодоскоптар орнатылған. Бұл аппараттың артықшылығы 
күндізгі  жарықта  жұмыс  істей  алатындығында.  Мұғалімнің  алдын-ала 
дайындаған  таспадағы  жазбалары,  үлгілері,  сызықтары  экранда  қажет  кезде 
көрсетіле  алды.  Кодоскоп  барлық  сабақтарда  кеңінен  қолданылады.  Шет 
тілдерінің төрт кабинетінде, орыс тілінің үш кабинетінде, қазақ сыныптарында 
оқушылардың ауызша сөзін мұғалім тыңғылықты пайдалана алатын лингофон 
құрылымы жұмыс істеді. 
«Бағдарламалық  оқыту  кабинеті  мені  өзінің  сан  қырлы  мүмкіндігімен 
таңқалдырды  –  магниттік  тақта,  үш  бейнекамера,  осының  көмегі  арқылы 
мұғалім  оқушылардың  белсенділігін  бақылады.  Мектептегі  бейне  орталық  
балаларға  жаңалық  еді,  –  осы  жерден  мұғалім  өзінің  қалауынша  қырық 
кабинеттен де қажетті ақпаратты бере алды: ол «Евгений Онегиннен» үзінді ме, 
немесе  Ұлы  Отан  соғысының  құжатты  кадрлары  ма,  бәрібір  техникалық 
ақпарат  орталығының  қоры  аумақты:  онда  1000  астам  фонограмма,  3000  дана 
диатека,  600  сериялы  диапозит,  бұларға  қосымша  киноүзінділер,  таңдамалы 
сабақтардың  бейнежазбалары  бар»,  –  деп  1980  жылдары  Шапорев  көрсеткен 
[64, 4 б.]. 
Бұл  тұста  Қазақ  КСР  мектептерінің  барлығын  қосқанда  оқу 
кинофильмдері,  киноүзінділер  басқада  техникалық  құралдар  Шығыс 
Қазақстанда  көп  жинақталған.  Мысалы,  1966  жылдың  өзінде  ғана  аталған 
облыста  2250  оқу  кинофильмдері  бар  болды.  Ал,  Павлодар  облысында  168, 


 
58 
Алматы  қаласында  581  оқу  кинофильмдері  болды.  Шығыс  Қазақстанда  көбі 
Боран орта мектебінің үлесіне тиеселі еді [101, 15 п.]. 
Оқу  үдерісінде  мұндай  техникалық  жабдықтардың  болуы  мектеп  үшін 
тиімді  еді.  Себебі,  біріншіден  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушуылығы 
артады,  екіншіден  білім  сапасы,  үшіншіден  оқу  үлгерімі  көтеріледі, 
төртіншіден мұғалім еңбегі жеңілдейді, бесіншіден оқушы ғылыми техникалық 
жаңалықтардан қалмайды. Техникалық жабдықтау жөнінен мектеп зор табысқа 
жетті. 
Талант  Құмашұлы  өзінде  бар  әдебиеттердің  бәрін:    «Физика  мектепте», 
«Халыққа  білім  беру»,  «Педагогика»,  «Радио»  журналын  ақтарыстыра 
бастайды. Мектепте техникалық орталықты құру идеясы, жалпы білім беретін 
мектеп 
үшін 
оқу 
жүйесін 
құрал-жабдықтармен 
қамтамасыз 
ету 
тұжырымдамасын  іске  асыру  сол  кездегі  басты  КСРО  ПҒА  ҒЗИ  басты 
институтын басқаратын академик С.Г. Шаповаленкоға жатады. 
Бұл идея Мәскеу қаласының № 625 орта мектебіндегі тәжірибе жұмысында 
жүзеге  асты.  Айтарлықтай  қызығушылық  танытқан  УКСР  Виниция 
қаласындағы № 25 орта мектеп болды, ондағы техникалық орталық өндірістік 
теледидар  орнату  базасында  құрылды.  Осындай  техникалық  орталықтар 
Виниция қаласындағы № 4 орта мектепте, Кривой Рогтағы № 99 орта мектепте, 
Луцк қаласындағы № 4 орта мектепте, Минск қаласындағы № 22 орта мектепте, 
Баранович қаласындағы № 6 орта мектепте құрылды [64, 4 б.]. 
Біздің  директор-менеджердің  аталған  орталықтарды  құру  туралы 
техникалық  сценарийі  жасалған  еді,  –  деп  әңгімесін  жалғастырды  Талант 
Құмашұлы,  –  бізге  енді  аталған  арманды  техникалық  жағынан  іске  асыру 
мәселесін білім және тәжірибе жөнінде «ұсыну» ғана қалды. 
Олар бір аптадан кейін директорға мұндай құрал-жабдықтарды іске асыру 
үшін қанша өткізгіштер, басқа да өнімдер керектігін жазып береді. Ленинградқа 
сапар  шегеді,  ондағы  оптика-механикалық  зауытта  болады.  Олар  өздерінің 
жобаларына  қажетті  құрал-жабдықтарды  тыңғылықты  зерттеп  біледі.  Олар 
өздерінде  бар  құрал-жабдықтардан  айырмашылығы,  мектептеріндегі  білім 
беруді  бақылау  үдерісінен  басқа  құралдарды  таңдайды,  оқу  бейнефильмі  мен 
басқа да экрандық құралдарды сабақта пайдалана алатын техниканы іздестіреді. 
Александр Крюкович екеуі де қажетті құрал-жабдықтарды орнату тәжірибелері 
бар еді. Жаз бойы күн сайын жаңа жүйені іске асыру үшін жұмыс істеді. Ағаш 
шеберлері  еденді  көмкеруді  бастады.  Осының  бәрін  Құмаш  Нұрғалиев  өзі 
тыңғылықты  бақылап  отырды.  Онсыз  бірде-бір  шеге  қағылған  жоқ, 
қабырғаларға  өткізгіштер  өте  ұқыптылықпен  қапталды.  Сондықтан  да 
өткізгіштердің  өте  ұқыптылықпен  қапталғаны  соншалықты  оның  қапталғаны 
білінбейтін  еді.  Мамыр  айында  Ленинградтан  оптика-механикалық  зауыттан 
инженер-орнатушылар  келгенде  олар  таңқалды,  барлық  өңдеу  жұмыстары  өте 
тыңғылықты  жүргізілген,  құралдар  дұрыс  орнатылған.  Ленинградтықтарға  тек 
іске қосу ғана қалды. Олардың теледидар жүйелері жұмыс істеп кетті. Мектеп 
жетілдіру  жұмыстарын  жүргізді.  12  монитордың  орнына  40  (немесе  барлық 
кабинеттерде көгілдір телеэкран жарқырады) мониторды іске қосты [102]. 


 
59 
Оның  монтажын  және  іске  қосуды  ұстаздар  Т.Қ. Нұрғалиев,                           
А.И. Крюкович,  К.А. Мұқұшев  жоғары  сынып  оқушыларымен  бірге  жүзеге 
асырды.  Олардың  жұмыстарын  Боранға  ұшып  келген  Ленин  атындағы 
Ленинград оптико-механикалық бірлестігі тексеріп, қабылдады. Олардың біреуі 
инженер  Д.К. Сотман  мұндайды  біз  ғылыми-зерттеу  институттарында,  ірі 
кәсіпорындарда  құрастырамыз.  Ал  қатардағы  мектеп  үшін  бұл  өте  қымбат 
нәрсе емес пе деп атап өтті [39, 98 б.]. 
«Жоқ!»,  –  деді  қатты  дауыспен  Қ. Нұрғалиев.  Ата-аналар  қымбат 
ойыншықтан  ақшаларын  аямайды.  Ал  біздегі  ойыншық  емес.  Біз  күн  сайын 
балаларды  Ленинградпен  салыстырғанда  кішкене  болса  да  жақсы  оқыту 
қажеттігін, мұндай ауылдан көшпеу, қайта ауылда өзіңнің сауатты балаларына 
үлгі болу үшін толық қайтарыммен жұмыс істеу қажеттігін дәлелдеп жүрміз», – 
деді [39, 99 б.]. 
МТТО-ны  әр  кабинетке  қосу  үшін,  оның  ішінде  бастауыш  сыныптар  да 
бар, оның басқа корпуста болатыны белгілі. Әрбір пән кабинетіне телефон және 
дыбыстық аппараттар орнатылды. 
Келесі  жүйе  өз-өзінен  сұранып  тұрды.  Оларға  мектеп  ішілік  бақылау 
жүйесін  іске  асыру  қажет  болды,  мұндай  жүйе  ол  жылдары  педагогикалық 
әдебиеттерде  айтыла  бастаған.  Мәселен,  Виниция  қаласындағы  мектеп 
директоры  Б.Б.  Шляйннің  бастамасымен  оқу  үдерісін  теледидар  арқылы 
кабинетте отырып бақылау, сабақтың барысына назар аудару іске асырылған.  
Директор  өз  коммутаторы  арқылы  кез-келген  мұғаліммен  немесе  барлық 
оқушымен  кабинеттен  шықпай-ақ  сөйлесе  алатындай  мүмкіндік  жасалды. 
Телефон байланысы барлық пән және әкімшілік кабинеттерін толық қамтыды. 
Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  олардың  атқарған  жұмысымыз  оқу-тәрбие 
үдерісінде,  техникалық  құралдарды  пайдалануда,  оны  іске  асыруда 
бүкілодақтық деңгейде екендігін танытты. Сонымен МТТО жұмыс істеді [51, 3 
б.]. 
Техникалық орталықтың лаборанттары кез-келген минутта телефон соғып, 
кез-келген  сыныпқа  қажетті  телехабарды  іске  қоса  алатын  болды.  Мектептегі 
оқу  күндері  жалпыодақтық  «Время»  бағдарламасын  көруден  басталатын,  оны 
лаборанттар  бейнетаспаға  жазып  алып  көрсететін.  Мектепте  үзіліс  кезінде 
жекелеген  желілер  арқылы  музыкалар  берілетін.  Бәрі  де  жұмыс  істейтін,  іске 
кірісетін. Бұл Құмаш Нұрғалиевтің тағы бір жеңісі еді. Мектептік телеорталық 
идеясы одан әрі дамытылды, бірінші рет МТТО құрылды. 
Ол  техноорталықпен  байланысу  арқылы  жалпы  мектептік  линейкаға 
қатысып,  барлық  оқушылармен  байланысқа  шыға  алатын  болды. 
Радиотораптың  және  байланыстың  тартармақталған  арналарының  арқасында 
барлық  мектеп  ұжымына  немесе  жекелеген  мұғалімге,  не  оқушыға 
хабарландыру беру мүмкіндігі туды. 
Мұнда  техниканы  жас  ұрпақтар  меңгеріп  қана  қоймай,  оны 
шығармашылықпен пайдалануға, өз қолдарымен бейнеорталықты және басқа да 
күрделі жабдықтарды жөндей алуға ұмтылысы қызықтырмай қоймайтын. Жаңа 
бояулардың  өткір  иістері,  едендегі  паркеттердің,  балалардың  жүгіруі  мен 
күлкісіне бөленбеген бос дәліздердің жарқырап тұруы кімге болса да әсер етпей 


 
60 
қоймайды.  Бір  сәтте  болашақ  ауыл  мектебінің  суреті,  Құмаш  Нұрғалиевтің, 
оның  талантты  балаларының  уақыт  талабына  сай  еңбектері  елестеп  өткендей 
болды.  Талант  Құмашұлы  теледидар  пультінің  батырмасын  басқанда  біз 
экраннан  «Сөйлеп  тұрған  Боран  орта  мектебінің  телеорталығы»,  деген  жазуы 
бар хроникалық кадрлерді көрдік: мектептегі алғашқы қоңырау, сан алуан күн 
нұры, гүлдер, бақытты күлкілер мен сөздер бірінен соң бірі өтіп жатты. 
Мектеп  фильмотекасында  50  кинофильм,  200  кино  үзінділері,  100  сегіз 
миллиметрлік фильм сақталған. Оның ішінде үшеуі мектеп тарихына арналған. 
Оның  авторлары  –  Өскемен  теледидар  студиясының  журналистері  және 
мектептегі  кино-фотобөлімшенің  мүшелері.  Фильмдер  де,  фонограммалар  да 
ғимаратта сақталған [102]. 
Әдебиет  сабағында  да  техника  баға  жетпес  көмек  көрсетті.  Боран 
селосында театр да, филармония да жоқ, бірақ әдебиет сабағына, жоғары сынып 
оқушыларының  үйірме  сабақтарына  қонаққа  жазушылар  мен  ақындар  келеді, 
балалар  еліміздің  атақты  театрларының  спектакльдерінен  үзінділер  тыңдай 
алады немесе көре алады. Пушкин, Чехов, Достаевский туралы сабақтар қалай 
қызықты баяндалса да, егер Михайловкіге саяхат жасалмаса, Семен Степанович 
Гейчеменкомен  теле  әңгіме  және  оның  «Лукоморье»  кітабы  жөніндегі  әңгіме 
жүргізілмесе,  ол  сабақ  өз  деңгейінде  қызықты  өтпес  еді.  Үлкен  Ленинград 
драматеатрында  экрандалған  «Идиот»  спектаклінен  үзіндісіз  Достаевскийді  өз 
деңгейінде түсіне алмас еді [103]. 
Ал  кішкентай  балалар  «Патша-бақа»  ертегісін  оқыған  кезде,  орыс 
гуслярларын  тыңдап,  «Орыс  жырлары»  диафильмін  көреді.  Сөйтіп  қазақ 
балаларына  орыс  халқының  шығармашылығы  жақындайды.  Олар  өздерінің 
ұлттық  ертегілерін  естеріне  түсіріп,  оны  орыс  ертегілерімен  салыстырады. 
Сөйтіп  балалардың  танымдылығы  артады.  Осындайдан  адамның  мәдениеті 
қалыптасады. Директор осы мақсатпен техника құралдарын алып, өзінің жұмыс 
күнін  тәулігіне  15  сағатқа  дейін  созады.  Егер  мұғалімдердің  кейбірі  бұрын 
«бізге  мұның  қажеті  қанша»,  –  деп  иықтарын  көтерсе,  енді  оның  қажеттігіне 
өздерінің көздері жетеді. 
Мектеп  білімінің  құнды  ерекшелігі  –  адамның  шығармашылық  ойлау 
қабілетін  негіздеу.  Барлығы  да  бірден  кәсіби  журналист,  оператор, 
телерепортер,  әнші,  биші,  артист  болмайды,  бірақ  шығармашылық  ұжымның, 
үйірменің,  секцияның  көптеген  түлектері  зиялыны  тыңдаушы  және  көрермен, 
жақсы спортшы болды. 
Жаңашылдық  –  уақыт  алатындай  көрінді.  Талант  Құмашұлы  мектепке 
инженер-педагог  қызметін  енгізіп,  техника  игеруге  арналған  арнайы  курс 
жүргізді.  Бір  жылдан  кейін  техникалық  орталықтың  қызметінен  бас  тартқан 
бірде-бір  мұғалім  болмады.  Техника  сабақтың  уақытын  ұтымды  пайдалануға 
ықпал етеді. Осының нәтижесінде спортқа, драматургиялық, әдеби, техникалық 
үйірмелер жүргізуге уақыт қалады. Бұл үйірмелер сағат үштен кейін жүргізілді. 
Ал сабақ бір ауысымда өтті [104]. 
Борандық  педагогтар  мен  оқушылар  оқу  кабинетін  шағын  телестудияға 
айналдырды. 


 
61 
Техникалық орталықта «технологиялық» үлкен карта ілінген. Мүмкін дәл 
термині емес шығар, бірақ негізгі мән ол емес. Оны бүкіл ұжым құрайды. Әрбір 
мұғалім  күртізбелік  жоспарды  құру  барысында  қай  тақырыпта,  қай  сабақта 
қандай  кинофильм,  фоножазба  немесе  кодоскоп  үлестірмелерін  ойластырады. 
Мұның  бәрі  технологиялық  картаға  енгізіліп,  лаборант  ТҚЖО  инженер-
педагогі көмегімен алдын ала сабаққа не дайындау керегін анықтайды. МТТО-
да  педагогтар  әдістеме  проблемаларын,  техникалық  құралдарды  қолдану 
сапалылығын  ойласатын  әдістемелік  семинар  жұмыс  жасайды.  Директор  мен 
меңгерушіге  олардың  сабағына  қатысқанда,  мұғалімнің  құралды  қанша  рет 
қосқанын  белгілеу  міндетті  емес.  «Технологиялық»  сызба  мұғалімнің  осы 
педагогикалық жаңалыққа қатысын көбірек айтып береді. 
Кейбір  сәттерде  директор  немесе  инспектор  қатысу  кітапшасына 
«Техникалық құрал-жабдық қолданылмады»,  – деп жазып, мұғалімнен керекті 
сауал сұрауды ұмыт қалдырады. Мұғалім өзі де білмейді. Мұндай болмас үшін, 
Борандық  мектепте  «Техникалық  орталық  ұсынады»  атты  бюллетень  ретімен 
шығып  тұрды.  Бұл  жаңадан  түскен  ақпараттар,  оларды  қолданудың  қысқаша 
түсініктемелері.  Мұғалім  бұл  ақпаратты  бөлме  картотекасына  енгізіп,  керек 
уақытта пайдалану керек. Техникалық орталық – аталуы ғана техникалық, шын 
мәнінде  –  терең  шығармашылық,  мұғалімге  мектептік  оқыту  техникасы 
аумағындағы соңғы жетістіктерді білуге көмектесті. Техникалық орталыққа бұл 
жөнінде алдыңғы қатарлы мектептерімен байланыстар көмектесті [105]. 
Телебағдарламалар  оқушының  танымды  белсенділігін,  материалды 
меңгеру  дәрежесін  күрт  күшейтті.  Бағдарламаның  жарты  сағатында  көп 
оқушылар экраннан материалды меңгерді. 
Бағдарлама  мазмұнында  ауылшаруашылық  өндірісінің  жеңімпаздарымен 
кездесу,  аудандық  және  орталық  аурухана  дәрігерлерімен  сөйлесу-кездесулер, 
ауыл  жетекшілері,  көрнекті  мамандармен  кездесулер  үлкен  рөл  атқарды. 
Әсіресе, оқу телеэкранында өздеріне таныс және жақын адамдарын кездестіру 
қызықты  болды.  Мысалы,  «Боран»  кеңшарында  жүгері  түрлеріне  ғылыми 
ізденіс  туралы  Бүкілодақтық  теледидар  арқылы  жасалған  фильмнің 
бейнетрансляциясының жазбасы жазылды. Балалардың көз алдында бұрыннан 
таныс  адамдардың  жаңа  бейнесі  туындады.  Оқушы  барлау  жасауға  қатысып 
көріп,  бақылап,  шарықтауы  мен  құлдырау,  қызығушылық  тудырды.  Ата-ана, 
туған-туыс,  жақындарының  үлгілері,  Құмаш  Нұрғалиевтің  ойынша  тәрбиелеу 
әдісінің жүргізушісі болды. 
Мектепте  «Колокол»  саяси  клубының  қызықты  жұмысы  жүргізілді.  Клуб 
мүшелеріне  МТТО  студиясында  әртүрлі  сынып  оқушылары  арасында  саяси 
кездесулер  өткізу  дәстүрі  болды.  МТТО  арқылы  саяси  кездесулер  сценарийі 
сынып  ұжымдарына  телефондалған  арналар,  бөлме  және  студия  байланысы 
арқылы  көмек  беру  мүмкіндігін  туғызды.  Саяси  кездесу  трансляциясы  МТТО 
арқылы  олардың  дауыстылығын  қамтамасыз  етті,  оқушылардың  ұжымдық 
сезімдерін  орнатты,  көңіл-күйге  ортақтасу  сәтінде  тұлғаның  мотивациялық 
саласы  күрт  байыды.  Осы  сәтте  бүкіл  мектеп  ұжымы  бірлескен  сезімде  өмір 
сүрді, жалпы қобалжыды. 


 
62 
Телебағдарламалар түрлі формада: мұражайдан трансляция, теледидарлық 
студиясынан  бағдарламалар,  оқу  телефильмі,  кинофрагмент,  оқу  кинофильмі 
болды. 
Республикадағы  өндіріс  күштері  мен  өндіріс  қатынастарының  дамуын 
әңгімелейтін  бейнематериалдары  бар  телебағдарламалардың  мазмұнына  көп 
көңіл  бөлінді.  Бағдарлама  барысында  оқушылар  тарихи  деректермен,  түрлі 
археологиялық, этнографиялық және жазба ескерткіштерімен танысты. 
Мектеп телебағдарламасының режиссері, ұйымдастырушы, атқарушылары 
оқушылардың  өздері,  түрлі  редакция  мүшелері  болды.  Сөзсіз,  бұл  үдеріс 
баланың сезімімен өздері әңгімелеген оқиғаға жағымды қатынастары іске асты.  
Бір  тоқсанда  оқушылардың  сабақтан  тыс  қаншама  жұмыс  атқарған6 
оқушылар  тек  эфирға  шығып  қана  қойған  жоқ,  олар  ақпараттық  жүйеге  енді. 
Сонымен  қатар  оларды  мәдениетке,  саясатқа,  тарихқа,  өнерге,  қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық өміріне баулыды. 
Балалардың  саяхат  кезіндегі  өздері  дыбыстап  көрсеткен  диафильм, 
диапозитив, слаидтарды көру балаларды ғана емес, үлкендердің өзіне әсер етті. 
Олар  күндізгі  көрсету  экранынан  көрсетіледі.  Бұл  жаңалықты  республиканың 
басқа мектептерінен кездестіру мүмкін емес еді. 
Жалпы  мектеп  оқушыларының  техникаға  деген  қызығушылықтары 
біртіндеп қалыптаса бастады. 
Қ.  Нұрғалиевтің  кәсіби  мұрасына  тарихи  талдау  жасау  барысында 
байқағанымыз,  МТТО-ның  педагогикалық  мүмкіндіктері  әдістемелік  қызметті 
ұйымдастыру  жұмыстарында  жүзеге  асты.  Жай  және  ашық  сабақтардың 
бейнежазбалары тәжірибені жүйеге келтіру ғана емес, жас маманның өздігінен 
оқуына,  мұғалімнің  жеке  жұмысына  мүмкіндік  туғызды,  осындай  жұмысты 
ұйымдастыру  әрине,  алдыңғы  қатарлы  тәжірибені  құру  және  жинақтау 
жүйелілігін қамтамасыз етті. 
Мектепте  жүйелі  түрде  бюллетень  шығып  тұрады.  Онда  түскен 
жаңалықтар  туралы  әңгімелеп,  түрлі  әдістемелік  ұсыныстар  айтылды.  МТТО 
жанындағы  мұғалімдердің  теориялық  және  тәжірибелік  семинарында  ТҚЖО 
(техникалық  құралдармен  жаабдыықтау  орталығы)  қолдану  әдістемесінің 
сұрақтары,  МБ  ҒЗИ  ұсыныстары,  «Народное  образование»,  «Советская 
педагогика»  т.б.  газет-журналдар  мақалалары  талқыланып,  практикумдар 
ұйымдастырылды. 
Техникалық  орталықтың  қызметкерлер  құрамы  диатека,  фонотека  және 
фильмотека қорын толықтыру мәселесімен шұғылданды. Мәскеу қаласындағы 
посылторг  Сәуірлік  базасымен  байланыс  орнықты.  Осы  база  тіркемесінде 
аударылған  барлық  бірліктер  МТТО-да  болды.  Мектеп  керегін  жазып  алып 
отырды.  Ішкі  теледидарлық  жүйе  жұмысының  кепілдігіне  жету  үшін  Құмаш 
Нұрғалиев  Ленинградтық  оптика-механикалық  бірлестікке  барып,  өз 
мектебінде ленинградтық жөндеушілерді қабылдады. Тапшы жабдықты табу – 
істің  жартысы.  Құмаш  Нұрғалиев  жәшіктердің  вагондарға  тиелуін,  олардың 
басқа облыс орталығында «кездейсоқ» қалып қалмауын өзі қадағалады. 
Жетпісінші жылдардың өзінде Қ. Нұрғалиев жетекшілік еткен мектеп сол 
жылдар  техникасын  пайдаланып,  оқу  үдерісін  ақпараттандыру  мәселесімен 


 
63 
айналысты.  Бірінші  бейнетехниканың  экспериментальды  үлгілері-катушкалы 
бейнемагнитофон,  теледиапроектор,  телеэпипроектор  Қ.  Нұрғалиевтің  ұдайы 
құлшынысының арқасында мектеп мұғалімдерінің кәдесіне жаратылды. 
1988  жылы  мамыр  айында  ауруханада  жатып,  Құмаш  Нұрғалиұлы  біздің 
өлкеде  тұңғыш  рет  мектепке  «Ямаха»  компьютер  сыныптарын  жеткізу 
мәселесімен  шұғылданды.  Бұл  оның  өмірден  озуына  бірнеше  күн  қалғандағы 
кез  еді.  Қазақ  КСР-на  бөлінген  компьютерлердің  бірі  министрлікке,  бірі 
ҚазМУ-ға,  бірі  Шығыс  Қазақстандағы  Боран  орта  мектебіне  Құмаш 
Нұрғалиұлын  халық  соңғы  сапарға  шығарып,  қоштасып  жатқан  кезде 
жеткізілді. 
Абзал  ұстаз  1988  жылы  көктемде,  27  мамырда  дүниеден  бақилық  болып 
өтті.  Арамызда  жүрсе  әлі  қаншама  іс  тындырар  еді.  Желтоқсан  оқиғасынан 
кейінгі  аласапыран  уақытта  Колбиннің  ызғарына  ұшырады.  Д.  Қонаевқа 
тағылған айыптардың бірінде оған Алматы қаласынан берілген пәтер мәселесі 
қозғалып, Алматы қалалық кеңесі қайта–қайта шақырып, соған қатты күйзеліп 
еді.  Марқакөлден  Алматыға  бірнеше  мәрте  жол  оның  дімкәс  денсаулығын 
нашарлатып жіберді. Колбиннің қудалауында жүрген ол жол үстінде операция 
столында қайтыс болды [45, 4 б.]. 
30  мамыр  күні,  жерлеу  рәсімі  кезінде  мектепке  компьютер  сыныптары 
әкелінді.  Мұғалімдер,  оқушылар,  ата-аналар  –  бәрінің  көзінде  алғыс  жастары 
болды. Құмаш Нұрғалиев өмірінің соңғы сәтіне дейін мектеп қамын ойлады. 
Орыс  қоғамында  Пушкин,  Лермонтовтар  қазасы  хақында  «убит 
обществом» – «қоғам өлтірген» деген пікір бар. Осы пікірді Қ. Нұрғалиұлының 
қазасына да қатысты қолдануға болар еді. 
Отан  үшін  жарты  денесін  батыста  қалдырып,  қалған  ғұмыры  мен  бар 
болмысын  ұрпақ  тәрбиесіне  арнаған  ұстаз  жүрегі  соғуын  тоқтатқанда  Ғафур 
Қайырбеков ақын жан-жүрегімен езіліп төмендегі жоқтау-жырды жазғанды: 
                             Адамда кісі-ақ еді Құмаш деген
                             Жалғанда енді ондайлар тумас деген. 
                             Жүзіне бүтіндердің татушы еді ау, 
                             Жалғыз қол, екі жанар, бір баспенен [53, 67 б.] 
Ойланайықшы?  30  жыл  бұрын  адам  облыс  орталығынан  500  шақырым 
алыста,  еліміздің  оңтүстік-шығыс  шекарасындағы  ауылда  білім  беру 
технологиялары  алдыңғы  қатардағы  қала  мектептеріне  сай  мектеп  құрды. 
Шалғайдағы техникалық ғажаптар, білім беру орнындағы радиожелісі құрылған 
және  шеберханалардың  жүйелі  басқаруы  туралы  сол  жылдары  орталық 
басылым  орындары  әңгімелеп,  ақпарат  құралдары  көрсетті.  Кинофильмдер 
түсірілді [106]. 
Бүгінде  Құмаш  Нұрғалиевтің  арманы  Қазақстанның  барлық  жерінде  іске 
асып,  егеменді  еліміздің  ұл-қыздары  соңғы  үлгіде,  жабдықталған  мектептерде 
білім алуда. 
Қазіргі  таңда  ауыл  мектептерін  компьютерлендіру  мәселесі  өз  шешімін 
табуда, осы мәселені бір мың тоғыз жүз сексенінші жылдардың өзінде ардагер 
азамат  Құмаш  Нұрғалиевтің  жүрегінен  бір  сәт  шыққан  емес.  Ұстаз  арманы 
егеменді елімізде толық жүзеге асары сөзсіз. 


 
64 
Құмаш  Нұрғалиевтің  еңбегі  сонда,  ол  ауылдағы  мектепті  қоғамның  тірі 
клеткасына айналдырды. 
Құмаш  Нұрғалиев  өз  тәжірибесінде  оқушы  –  мұғалім  -  ата-ана  қарым-
қатынасы  арқылы  ерекше  мәдени  орта  жасауға  тырысты.  Оның  пікірінше, 
мектеп  жас  жеткіншектерді  әлеммен  таныстырып,  олардың  болашаққа  барар 
жолдарын  анықтауда  өзіндік  орын  алып,  ғылым,  техника,  мәдениет 
саласындағы қазіргі заманға сай жетістіктерге тартуы тиіс. 
Ол  еліне  паналы  қорған  болған  батырлардың,  халық  қаһармандарының 
өнегелі  өмірлерін  еске  алу,  көрнекті  тұлғаларды,  ғалымдарды,  саясаткерлерді, 
өнер  қайраткерлерін,  соғыс  және  еңбек  ардагерлерін  оларды  болашақ 
ұрпақтарға жарқырата үлгі етіп тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды. Боран орта 
мектебінде әскери-паториоттық тәрбиеге өзгеше көңіл бөлді. 
«Ештеме де, ешкім де ұмытылған жоқ» деген сөз өсіп келе жатқан ұрпақ 
үшін бос даңғаза болмауға тиіс деп, сондықтан да мектепте Ұлы Отан соғысы 
ардагерлерімен кездесулер өткізіледі, біздің жеріміздегі бейбітшіліктің сақталу 
құны атап көрсетілді. 
«Менің 
оқушыларым 
бақыттылықты 
сезінетін 
болсын, 
олар 
алдыңғылардың еңбегін жоғары бағалап, адамзат сұлулығын, өзара қатынасын 
өз  өмірінде  бекіте  түссін».  Ұлы  Отан  соғысы  туралы  естелік  Құмаш 
Нұрғалиұлы жүрегенде бір сәт ұмытылған жоқ [107.]. 
Үшінші  қабатта  –  Әскери  даңқ  залы  қабырғаларға  ілінген  портреттер 
бейнебір біздің бейбіт еңбегімізді қорғап тұрған Отанымыздың даңқты ұлдары 
мен  қыздары,  азамат  және  Ұлы  Отан  соғысының  құрметті  күзетте  тұрған 
батырлары сияқты. 
Қабырғаның  ең  көрнекті  тұсында  мемориалдық  тақта.  Оған  Ұлы  Отан 
соғысының  қатал  жылдарында  қаза  тапқан  134  борандықтың  аты-жөні 
жазылған.  Олардың  арасында  Артемовтардың  алты  аға-інісі,  Поповтардан 
төртеу, Рыспаевтардан үшеу, Буржинскийлерден үшеу бар. Бұл қаралы тізімде 
аталғандардың көпшілігінің немересі мектепте оқыды. 
Тізімдегілер  туралы  мағлұматтарды  мектеп  директоры,  тарихшы                   
Қ.Н.  Нұрғалиевтің  басшылығымен  мектептің  қызыл  ізшілері  жинақтаған. 
Мектеп  директоры  Отан  қорғаушылардың  ерлігі  туралы  оқушылар  жиған 
материалдар мен шектеліп қалуды қаламады. «Олар Отан үшін күресті» әскери 
даңқ  мұражайында  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  жерлестерінің,  қазіргі  тірі 
ардагерлердің де ерліктері көрсетілген. 
Сонымен қатар онда жауынгерлердің хаттары жинақталған. Мектептің жас 
ізшілері,  олармен  үнемі  хат-хабар  алысып  отырды.  Қолына  автомат  ұстаған, 
көгілдір  бас  киім  киген  ұлдар  мен  қыздар  –  мектеп  күзетшілері  оны  бақылап 
тұрады, мұражай ашылған күні жағылған «Мәңгілік от» лаулайды. 
Әскери  даңқ  залында  әскери  дайындықтың  алғашқы  сатылары,  тарих, 
мемлекет  және  құқық  негіздері  сабақтары  өткізіледі,  соғыс  ардагерлерімен, 
шекарашылармен кездесулер болады. 
Мектепте  жыл  сайын  Ұлы  Отан  соғысына  қатысушыларды,  әскери 
училищенің  курсантарын,  офицерлерді,  солдаттарды,  демалысқа  келген 
бұрынғы  мектеп  оқушыларын  шақырып,  ерлік  туралы  сабақ  өткізіледі. 


 
65 
Оқушылар  Отан  соғысы  кезінде  қаншама  қазақтың  жастарының  қаза 
тапқандықтарын,  елге,  жерге  оралмай  жас  қыршын  өмірлерін  қиғандықтары 
жайында әңгіме-сүхбат өткізетін. «Ерлер есімі – ел есінде», «Біз сендердің ұлы 
істеріңді жалғастырудамыз» тақырыбында шығармалар жазатын.  
Мектептегі патриоттық тәрбие жүйесінде қызыл ізшілердің қызметі елеулі 
орын  алады.  Олар  Құмаш  Нұрғалиұлымен  бірге  соғыс  кезіндегі  госпиталь 
хирургі  Александр  Михайлович  Молоденковпен,  бұрынғы  медбикелер 
Валентина  Алексеевна  Шевелева,  Лиза  Великанова  және  Наташа 
Солодкинамен байланыс жасай алды. 
30 жылдан астам уақыт бойы дәрігерлер жаралы жауынгердің тағдырынан 
бейхабар болып келді. Құмаш Нұрғалиев та оларды соғыстан кейін ұзақ жылдар 
іздеді.  Олар  жөнінде  бар  білетіні  –  олар  мейірімді  еді.  Сондай-ақ,  қыздар 
Мәскеулік екенін ғана білетін. Ол өзінің әпке-қарындастарын, өзіне майданның 
алғы  шебінде  ота  жасаған  дәрігер  Александр  Михайлович  Молоденковты  да 
іздеп табады.  
Правда  газетінде  Қ.  Нұрғалиевтің  мектептегі  жұмысы  туралы  мақала 
басылып шықты. Осыдан кейін-ақ Боранға майдандастардан, госпитальда бірге 
жатқан  жолдастардан,  дәрігерлерден  хаттар  ағылып  келе  бастады.  Олардың 
бәрі  де  Құмашты  ұмытпапты,  оның  тіршілігі  қалай  қалыптасты  деп  алаңдап 
келген екен. Мәскеуден Киевке, Балтық жағалауына «Біздің Құмаш тірі екен...» 
деген сөздерден тұратын хаттар аттанды [13, 4 б.]. 
Ригадағы салтанатты мәжілістен кейін Валентина Шевелеваны кезіктіреді. 
Оған  бір  мұғалім  сол  майдандасыңыз  дәуде  болса  осында,  кеше  Рига 
теледидарынан сөйледі дейді. Содан іздеп тапқан беті екен [27, 78 б.]. 
Құмаш  Нұрғалиев  Валентина  Алексеевнаны  жұбайы  Владимир 
Федоровичпен  бірге  Қазақстанға  шақырды.  Өскеменде  оларды  тұтас  отбасы, 
дос-жарандар қарсы алды. Бұл Боран мектебінің оқушылары үшін елеулі оқиға 
болды. 
Слямпе  селосындағы  Латыш  сегізжылдық  мектебі  кіші  аға  сержант                    
Қ. Нұрғалиевтің  фашистермен  күресте  көрсеткен  ерлігі  үшін  қазақ  жауынгері 
Нұрғалиевтің  есімі  берілген.  Құмаш  Нұрғалев  өзінің  есімі  берілген  мектепке 
қонаққа  келіп,  балаларға  соғыс  туралы,  өзінің  соғыстан  кейінгі  өмірі  жайлы, 
қандай  қиындықтар  кездессе  де  оны  жеңуге  болатыны  жөнінде  қызғылықты 
әңгімелеп берді. Бұрынғы Одақтың түкпір-түкпірінен таныс емес адамдардың, 
әртүрлі  кәсіптегі  ұлт  өкілдерінің  Нұрғалиевтарға  арналған  жылы  лебізді 
хаттары,  өлеңдері  келіп  жататын.  Бұлардың  көпшілігімен  Нұрғалиевтар  ұзақ 
уақыт достық қарым-қатынаста болды.  
«Егер  қолымнан  келсе  Боран  тұрғындарын  тегіс  жинап  Сенің  алдыңда 
бастарын  игіздіртер  едім.  Пампушко  Петр  Иванович,  Глаковщан  сегізжылдық 
мектебінің директоры, Украина КСР халыққа білім беру үздігі, Черкас облысы» 
[48]. 
Мектеп  өмірі  осындай  мазмұнды  сәттерге  толы  еді.  Оқушылар  Құмаш 
Нұрғалиевпен  бірге  соғыс  жылдарындағы  оқиғаларды  жинады,  бұрынғы 
қаруластармен  кездесулерді  естерінде  сақтады.  Олар  мектеп  саханасында 
«Отан  үшін  отқа  түскендер»,  «Қазақтың  батыр  ұл-қыздары»  т.б.  қойылымдар 


 
66 
қойды. Енді елімізде тыныштық жалауы желбірейді. Біз аса қыйыншылықпен, 
қан  төгіліп  келген  бейбіт  өмірді  жалғастыра  отырып  әрқашан  тыныштық 
күзетіндеміз деген ойлар айтты. 
«Огонек» клубы көптеген даңқты істер істеді. Олар диспуттар, кездесулер, 
мектеп  кештерін  ұйымдастырады.  Мысалы,  «Алтын  күз»  күзгі  балы,  «Сенің 
белсенді  өмірлік  көзқарасың  неден  көрінеді?»  –  атты  салтанатты  кештер,  әр 
ұрпақ жалғастығы кездесулерін ұйымдастырды. 
«Олимпия»  клубы  да  өз  ерекшелігімен  көзге  түсті.  Аты  көрсетіп 
тұрғанындай,  клуб  мүшелері  жаппай  спорттық-сауықтыру  шараларымен 
айналысты.  Барлық  сыныптардың  қатысуымен  кросстар,  «Кіші  олимпиада», 
«Үміт  старты»,  «Шаңғы  старты»  т.б.  өткізілді.  «Олимпия»  клубының  ішінде 
жеңіл  атлетика,  волейбол,  баскетбол,  гимнастика,  еркін  күрес,  самбо 
секциялары жұмыс істеді. 
«Олимпия» клубының мүшелері және денешынықтыру кеңесі оқушыларды 
ГТО  нормаларын  тапсыруға  дайындауда  көптеген  жұмыстар  жүргізіп, 
таңертеңгі  гимнастиканың  орындалу  сапасын  қадағалап,  оқушылармен  дене 
шынықтырудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Мектеп  оқушылары  аудандық,  облыстық  жарыстарға  қатысып,  жүлделі 
орындарға ие болады. Мұндай сыныптан тыс жұмыстардың жүйелі түрде Боран 
мектебінде жүргізілуі мұғалімдерден көп ізденісті, үлкен жауапкершілікті талап 
етті. Олардың әрқайсысы өз ісіне білгірлік танытып, нақты нәтижеге жете білді. 
Бұл осы мектептің тағы бір үлкен жетістіктерінің бірі еді. 
Құмаш  Нұрғалиев  оқушылардың  ауыл  тұрғындарымен,  оқушылардың 
мұғалімдермен  достастығымен  ерекшеленетін,  өнердің  әр  түріне  (би,  музыка, 
домбыра,  сурет  өнері,  ораторлық,  театр,  көркем  өнердің)  т.б.  эстетикалық 
тәрбие жүйесін жасады. 
Құмаш Нұрғалиев клуб жұмысына мектептің ішкі қатынасын қамтамасыз 
ететін  шешуші  фактор  ретінде  қарады.  Ол  тәрбиешілер,  клуб  ісі  өнерін  білуі 
тиіс  деді.  Клубтарды,  үйірмелерді,  бірлестіктерді  білікті  мамандар: 
балетмейстрлер, 
пианистер, 
баянистер, 
домбырашылар, 
режиссерлер, 
музыканттар, вокалистер, әртістер басқаруы тиіс деп есептеді. 
Танымал  адам  бола  тұрып  Құмаш  Нұрғалиев,  көптеген  одақтас 
республикаларда  болып,  өз  әріптестерінің  жақсы  тәжірибелерін,  халықтардың 
мейірімді  салттарын  қабылдауға  тырысты.  Директорлық  қызметі  барысында 
мектептегі басты тұлға ұстаз екеніне кәміл көзі жеткендіктен, өз ісіне берілген, 
сауатты кадрлар жинақтады. 
Соның бірі – Секен Тұрсынғожин еді. Ол кісі сол кезде тарих және жоғары 
сыныптарда  жүргізілетін  «Конституция»  деген  сабақтардан  дәріс  беретін. 
Сонымен қатар, музыкадан хабары бар, әнді өте жақсы айтатын-ды. Мектепте 
Секен  ағаның  басшылығымен  Марқа  өңірінде  тұңғыш  рет  төрт  дауыспен 
айтылатын 120 жоғарғы сынып оқушыларынан тұратын хор ұйымдастырылды. 
Хорға оларды ешкім шақырмайтын, әр кеш сайын өздері жиналып, сайдың 
тасындай атпал азаматтар, әдемі қыздар ерікті түрде 2-3 сағат бойы, әрқайсысы 
өз  партияларын  жаттап,  өлең  айтатын.  Олардың  орындауында:  «Амурские 


 
67 
волны»,  «Махаббат  вальсі»  және  халық  әндері  көркем  өнердің  аудандық 
байқауында бірінші орынды сөзсіз алушы еді. 
1963 жылы қазан айында Алеексеевка мектебінде ән-күйден сабақ беретін 
музыка  пәнінің  мұғалімі  Әбілхан  Бастаубаев  және  оның  жұбайы  бастауыш 
сынып  мұғалімі  Ерғасымова  Балқаштарды  көшіріп  әкеледі.  Келе  сала 
музыкадан  сабақ  берген  Әбілхан  әнді  жақсы  айтатын,  би  билей  алатын 
оқушыларды  іріктеп,  «Ертіс  толқындар»  ән-би  ансамблін  ұйымдастырған-ды. 
Ансамбль  жұмыс  істей  бастағанымен,  мүшелерінің  сахналық  костюмдері  жоқ 
болатын. Сондықтан, сол кездегі ең таңдаулы мата-атластан қазақ костюмдерін 
мектеп  ұстаздары  ерінбей-жалықпай  күні-түні  отырып  тікті.  Киім  үлгісін 
көрсеткен, тігуге басшылық жасаған Құмаш Нұрғалиұлының анасы Күлдәрі апа 
болатын.  Қазақ  қыздарының  қамзолдарын  пішіп,  оған  ойылатын  ою  да  сол 
кісінің  қолынан  шықты.  Бұл  киімдерді  киіп  шыққан  ансамбльдің  қыз-
жігіттеріне  қараған  адамның  көзі  тоймайтын.  Нағыз  қазақ  салт-дәстүрін 
бойларына  сіңірген,  киімдеріне,  айтқан  ән-күйлеріне  қарасан  сонау  бір  «Қыз 
Жібек» фильмі ішінде жүргендейсін [35, 44 б.] 
Ансамбль  бүкіл  ауданды  өз  өнерімен  сүйсіндіріп,  халыққа  танымал 
болғанды.  Осы  ансамбльден  музыкалық  тәрбие  алған  Сейілханова  Гүлзия 
Өскеменде  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  музыкадан  сабақ 
беретін  болса,  ал  Марат  Сақатов  Мәскеудің  Щукшин  атындағы  өнер 
училищесін  бітірді.  Өмірінің  соңына  дейін  «Тамаша»  өнер  отауында  қызмет 
етті. 
Құмаш  Нұрғалиев  оқушылардың  кез  келген  орындауының  шынайы 
болуына  ұмтылды.  Өзі  репертуармен  танысып,  дайындық  барысын  қадағалап 
отырып,  оның  мазмұнына,  сахнаның  көркемдігіне,  орындаушылардың  киіміне 
ерекше  мән  берді.  Мектепте  бай  костюмдер  қоры,  әркімнің  өзіне  сай  киімі 
болды. 
Мәдениет  орталығы  ретінде  қалыптастырудың  шешуші  факторы  ретінде 
Құмаш  Нұрғалиев  ауылдықтармен  бірге  өткізілген  поэзия  және  музыка 
кештерін,  мәдениет  үйімен  бірге  өткізілген  оқу  конференцияларын  қарады. 
Автордың  қатысуымен  өткізілген  Сәбит  Мұқановтың  «Мөлдір  махаббат»  оқу 
конференциясын  тұрғындар  әлі  күнге  дейін  естерінде  сақтайды.  Мектепте 
қызықты  адамдармен,  КСРО  Халық  әртісі,  ҚазССР  еңбек  сіңірген  әртісі  Роза 
Бағлановамен,  Кеңес  Одағының  батыры,  ұшқыш-космонавт  Л.  Кубасовпен, 
белгілі  публицист  А.  Розановпен,  Ю.  Шапоревпен,  О.  Володинмен  т.б. 
кездесулер ұйымдастырылды. 
Қарап  отырсақ  ол  мектепті  мәдениет  ошағына  айналдырған.  Мысалы, 
балдық  билер,  «Қарлығаш»  вокалдық  аспаптар  ансамбль,  мұғалімдер  және 
оқушылардан  ұйымдасқан  хор,  ұлттық  аспаптардан  құрылған  фольклорлық 
этнографиялық ансамбль, домбыра, үрдемелі аспаптар оркестрі, баянистер және 
айтыс  өңері  үйірмелері  жұмыс  істеді.  Сонымен  қатар  волейбол,  баскетбол, 
футбол, тенис, күрес, қыста шаңғы және хоккей секциялары жұмыс істеді.  
Құмаш Нұрғалиев жалғыз ұстаз, мектеп директоры ғана емес, ол сонымен 
қатар  метептен  тыс  іс-шараларға  да  қатысып  отырды.  Бірде  ол  партия 
белсенділеріннің  жиналысында  мал  қыстаудың  жайы  жөнінде  сөз  сөйлейді. 


 
68 
1952  жылы  жазға  салым  Марқакөл  ауданының  басшысы  Сатыбалдин  оған: 
«Сармөңкедегі сиыр фермасының нақтылы жағдайы қандай?» деп сұрақ қояды. 
Фермаға  келіп,  жағдайды  аралап  жүріп  анықтаса,  жұт  жақындап  тұр  екен. 
Фермада  бір  жетілік  қана  шөп  қалыпты,  сиырлар  арық,  шығыны  да  бар. 
Жағдайды  анықтаған  ол,  не  істеу  керек  екенің  шешеді.  200  бас  ірі  қараны 
мектеп оқушылары жазға дейін асырап беруге келіседі. 
Аудан  басшысы  оған  ризалығын  білдіріп  «Сен  аудандық  партия 
комитетінің  мүшесісің.  Бізде  құрметті  ғана  мүшелер  болуы  мүмкін  емес. 
Ауылындағы,  колхозындағы  жағдайды  күнде  біліп,  тиісті  шара  қолданып 
отыруын керек», – деген екен [28, 37-39 бб.]. 
Осыдан  кейін  шаруашылық  үшін  жауапкершілікті  қатты  сезінгені  кәміл. 
Кейінгі  жылдары  аудандық  пария  мүшесі  ретінде  ұжымшардың  есеп  беру, 
сайлау  жиналысын,  жергілікті  кеңестерді  сайлауларын  өткізу,  халық 
шаруашылығын өркендетудің мемлекеттік заемдарына жазылуды өткізу сияқты 
өте  жауапты  істерді  оған  сеніп  тапсырды.  Тапсырмаларды  абыроймен 
орындауға  барлық  күш-жігерін  салушы  еді.  Олар  да  тапсырмалардың 
орындалуына қатты талап қоятын. Мұның бәрі үлкен тәрбие мектебі екен  [28, 
38 б.]. 
Сол  жылдары  мектеп  бітіргендердің  көбі  «Боран»  ұжымшарының 
комсомол жастар бригадасында еңбек етеді. Ұжымшарда жұмыс істеген барлық 
механизаторлар, орта буын және бас мамандар, шопандарың едәуір бөлігі осы 
мектептің түлектері болған. Бұның демографияға да әсері үлкен болды. Тарих 
беттерін  еске  түсірсек  кеңестік  жүйе  тұсында  кадр  жетіспеушілігі  деген 
сылтаумен  басқа  республикалардан  қаншама  маман  шақырылып  еді.  Мысалы, 
тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам келді. 
Олардың  150  мыңы  ауыл  шаруашылығының  механизаторлары  еді.  Оларды 
көшіріп әкелу, материалдық ынталандыруды есептесек қаншама экономикалық 
шығын.  Тарихшы,  ғалым  Б.  Ғ.  Аяған  осы  тың  игеру  науқанына  қатысты 
«Құлдық  сана  қалыбы»  [97]  атты  мақаласында  тың  игерудің  қазақ  халқына 
қандай  зардаптар  әкелгендігін  батыл  түрде  нақты  атап  көрсеткен  болатын: 
«1954 жылы аса кең көлемдегі жаңа майдан, жаңа науқан – тың игеру эпопеясы 
басталып,  миллиондаған  адамдар  қазақтың  сары  даласына  өз  үйіндей  жайғаса 
кетті...». 
Мемлекет  тың  игеру  ісі  ауыл  шаруашылығына  қажетті  маман  кадрларды 
дайындау қажеттігін алға тартты. Бірақ, қазақ жастарынан ұлттық кадрлар мен 
мамандар  шығаруға  мән  берілмеді.  Тыңға  интернационалдық  сипат  беріліп, 
қазақ жері келімсектерге толып, қазақ мектептері мен бала-бақшалар жабылды, 
бұл жағдай жергілікті жастардың өз салты, тілі, діні және дәстүрінен қол үзуіне 
әкелді,  ұлттық  ділінің  бұзылуына  соқтырды.  Осының  бәрін  көзбен  көріп, 
құлақпен  естіп  отырған  мектеп  басшысы  ауылдағы  қазақ  жастарына  мектеп 
қабырғасынан  бастап  қажетті  мамандық  алып  шығуларын,  болашақта 
жұмыссыз қалмауларына жете көңіл бөлді. 
Бұл  кезде  ауылдық  жерде  жас  буынға  білім  беретін  мектептердің  басты 
міндеті: оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, өндірістік оқу жүйесін жақсарта түсу, 
қоғамдық  пайдалы  еңбекке  белсене  қатысуға  әзірлеу,  ауылшаруашылық 


 
69 
мамандықтарын  игерту  мәселелері  айқындалды.  Сондықтан,  халық  ағарту 
органдары  ауылдық  мектептердің  ауыл  шаруашылық  техникасымен 
қамтамасыз етілуіне жағдай туғызу және оқушылардың өндірістік материалдық 
базасын  құру  керек  болды.  Ауыл  жастарының  жалпы  білім  алуымен  қатар 
өндірістік  мамандық  берілуіне  байланысты  оқу  комбинаттары  мен  мектеп 
аралық  орталықтарға  ерекше  көңіл  бөлу  қажеттін.  Алайда  бұл  шараны  іске 
асыру үшін материалдық база болған жоқ. Ол кезеңде мамандықтардың өздері 
де  ғылым  мен  техниканың  преспективалы  салаларымен  байланыстырылмады, 
ескі  техникалық  жағынан  артта  қалған  өндіріске  негізделді.  Соған  қарамастан 
Қ.  Нұрғалиев  ауыл  мектептерінде  осындай  жағдайларды  шешу  үшін  көптеген 
жұмыстар  атқарды,  өзі  басқарған  мектепті  сол  заманғы  озық  техникамен 
қамтамасыз етуге тырысты. 
Мектептің кәсіптік даярлық орталығы ретінде қызмет істеуі материалдық-
техникалық  базаның  жасалуын,  кадрлармен  қамтамасыз  етуді,  арнайы 
әдістемелік  қызмет  ұйымдастыруды  талап  ететін.  Қ.  Нұрғалиев  мектеп  үшін 
алғашқы қажеттіліктердің бірі материалдық база деп есептейтін. Барлық сынып 
кабинеттері  замануи  құралдармен  қамтамасыз  етілді.  Тігін  цехында  қыздар  әр 
түрлі  тігін  машиналарымен  жұмыс  істеді,  қол  машинасы  және  «Чайка»  
электрлік  машинасымен  де.  Кондитерлік  цех  кіші  наубайханамен 
жабдықталған, онда тек нан ғана емес, тәтті кондитерлік тағамдарды да пісірді. 
Стенография  және  машинада  басу  сыныбы  «Ятрань»  маркалы  электрлік 
машинкамен жұмыс істеді. Автодело, трактор, ауылшаруашылық машиналары 
сыныбында  қажетті  жаттығуға  арналған  өндіріс  құралдары  болды.  Сонымен 
қоса  мектепте  автодром  құрылған  еді.  Онда  оқушылар  тәжірибелік  оқуларды 
өтті.  Мектепте  оннан  астам  машиналар  болды:  «Волга»,  «ГАЗ-69»,  «УАЗ», 
«ГАЗ-54»,  «ГАЗ-53»,  әр  түрлі  маркалы  комбайндар,  тракторлар.  Дәнекерлеу, 
слесарлық,  токарлық  шеберханалар  паспортталған  кабинетте  арнайы 
станоктармен жабдықталса, радиотелешеберхана МТТО негізінде жұмыс істеді. 
Еңбекке баулу пәндері бойынша тақырыптық-оқу жоспарларын құрастыру 
ерекше қамқорлықты талап етті. Еңбекке үйрету бойынша бағдарлама ол кезде 
(70-80  жылдары)  бүкіл  Одаққа  ортақ  болатын,  онда  белгілі  бір  мамандықтар 
бойынша  жекелеген  сағаттар  реттелетін,  оның  үстіне  олардың  кейбіреулері 
бойынша  сағаттар  мүлде  қарастырылмаған  да.  Боран  мектебінде  мұғалімдер 
еңбекке  баулу  сабақтарының  бағдарламасын  оқытылатын  мамандықтардың 
талаптарын  есепке  ала  отырып  және  жергілікті  жағдайларға  байланыстыра 
отырып құрастырғаны сол кез үшін жаңа қадам болды. 
Ол ауыл мектебі жағдайын да балаларға кәсіби әзірлік беруді аса маңызды 
деп  есептеді.  Астанадағы  немесе  облыс  орталықтарында  орналасқан  жоғары 
және  орта  оқу  орындарына  мектеп  бітірушілердің  барлығы  бірдей  түсе 
алмайды.  Міне,  осы  себептен  де  ол  көптеген  жылдар  бойы  оқушыларды  тігін 
ісіне,  автомобиль  ісіне,  машина  басуға,  темір  ұсталығына,  ағаш  ұсталығына 
үйрету  идеясын  алып  келді.  Бұл  мамандықтардың  барлығы  да  ауыл  үшін  өте 
қажет  болды.  Мектепте  кәсіптік  білім  алып,  балалар  өз  ата-анасына  шын 
мәнінде  көмекші  бола  алады,  ал  олардың  көбісі  5-10  жас  баланы  жалғыз, 
үлкендердің  қарауынсыз  қалдырып,  айлап  қой  соңында  жайлау  мен  қыстауда 


 
70 
жүреді.  Бірақ  кәсіптік  оқыту  –  бұл  оңай  іс  емес.  Ол  тағы  да  материалдық-
техникалық  база  және  маман-оқытушылар  мәселелерін  шешумен  тығыз 
байланысты. Қосымша кабинеттер, қымбат тұратын қазіргі заманғы техникалық 
жабдықтар,  шеберханалар  керек  болады.  Әрине,  осының  бәрі    жаңа  типтік 
мектеп  ғимаратын  енгізгеннен  кейін  мүмкін  болды.  Бұл  идеяның  жүзеге  асуы 
ХХ ғасырдың 70-жылдары мүмкін бола бастады. «Енді біз соның нәтижелерін 
көріп отырмыз. Кеңшарымызда кадрлар жетіспеушілігі мәселесі жоқ. Бұл – біз 
кеңшарға  да,  ауылымызға  және  балалардың  өзіне  де  көрсетіп  отырған 
көмегіміз», – деді Қ. Нұрғалиев [98, 2 б.]. 
Құмаш Нұрғалиев барлық саналы ғұмырында жеткіншектер тәрбиелеумен 
бірге үлкен қоғамдық жұмыстарды да атқарды. Үздіксіз ширек ғасыр аудандық 
партия  комитетінің  мүшесі  болып  сайланды.  Немқұрайдылық,  селқостық, 
енжарлықтың  бірде-бір  нышаны  ол  кісінің  тарапынан  байқалған  емес, 
керісінше  құлшынған  белсенділік,  білек  түре  күреске  араласу  –  ол  кісіге  тән 
мінез  осындай.  Пленум,  конференцияларда  өз  пікірін,  кемшіліктерді  ашық 
айтатын,  сөз  бен  істің  алшақтығын  әшкерелейтін.  Расында  да,  шындық  сөз- 
күштің өзі, істің көзі. Сол кеңес заманында коммунистердің әр іс- әрекеті бюро, 
пленумда  қаралатын.  Бір  мысал  келтірейік,  бюро  мүшесі  болған  бір  азамат 
моральдық талаптарға жат қылық жасады деп пленум талқысына түсті. Пленум 
мүшелері  ойланбастан,  бірауыздан  партиядан  шығару  туралы  шешім 
қабылдамақ болғанда Құмаш Нұрғалиев сөз алды. Аталған азаматтың еңбегін, 
адамгершілік қасиеттерін айта келіп, адам тағдырына немқұрайды қарап, оның 
бір  рет  шалыс  басқан  ізін  аңдып  отырғандардың  аты-жөнін  атамай  тұрып-ақ, 
әркім осы айтып тұрғаны мен ғой деп ойлайтындай етіп қатты сынады. Сөзінің 
соңын қалжыңға айналдырып: «Бірде-бір рет жігітшілік жасамадым дегендерің 
маған  қараңдаршы»,  –  деді  (залда  көпшілігі  ерлер  болатын).  Осыдан  кейін 
тыныштық  орнап,  ешкім  басын  көтере  алмады.  Осылай  жалғыз  өзі  басым 
көпшілікке қарсы шығып, аталған азамат партияда қалды.  
1950-1960  жылдары  мал  шаруашылығының  жағдайы  ауыр  болды.  Оның 
басты  себебі,  әкімшіл-әміршіл    жүйенің  ауыл  шаруашылығын  жүргізудегі 
сауатсыз  әрекеттерінен  болатын.  Мал  шаруашылығының  материалдық-
техникалық  жабдықталуы  өте  төмен  деңгейде  болды.  Жағдайды  жақсарту 
бағытында  шешімдер  қабылданып,  қаулылар  қабылданып  жатты.  Саланың 
жемшөп  базасын  кеңейту,  мал  бағудың  жаңа  әдістерін  енгізу  әрекеттері 
жасалды.  Бұл  тығырықтан  шығу  жолын  республикада  қойды  ең  көп  өсіретін 
Семей облысы өзінше шешпек болды. 
Осы тұста Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі Қазақстанда қой санын 
50 миллионға жеткізу міндетін қойғаны мәлім. Республика комсомолдары бұл 
істі-жастар  ісі  деп  жариялады.  1971  жылы  Семей  облысының  Шұбартау 
ауданының  комсомол  ұйымы  бастама  көтеріп,  мектеп  бітіретін  жастарды  қой 
шаруашылығына 
келуге 
шақырды. 
Мектеп 
бітірушілер 
бастаманы 
«қолдайтындықтарын»  білдіріп,  шақыруға  оң  жауап  қайтарды.  Осылай,  қой 
өсіруші  комсомол-жастар  бригадалары  жаппай  құрыла  бастады.  Бригадалар 
шаруашылыққа  құрал-сайманмен  қамтамасыз  етілді,  жатахана  салынды,  киім-
кешек, мәдени-тұрмыс заттары бөлінді. Бригада бұрынғыдай отармен емес, 3-5 


 
71 
мың  қойды  бір-ақ  жерде,  ауысумен  бағуға  тиіс  болды.  Баспасөз  «игі 
бастаманы»  дәріптеген  насихатты  үсті-үстіне  жазып  жатты.  Қойшылар 
бригадалары  өзге  аудандар  мен  облыстарда,  кейіннен  республиканың  көп 
жерінде  құрыла  бастады.  Аудандық,  облыстық  және  республикалық  слеттар 
өткізіліп  жатты.  Мемлекет  Қазақстан  жастарының  алдына  қой  санын  таяу 
жылдарда 50 млн-ға жеткізуді мақсат етіп қойды. Жастар «50 млн меже емес» 
деп жауап берді. 
Семей  облысы  Шұбартау  ауданының  мектеп  бітірушілерінің  үндеуіне 
іспен жауап бере отырып, Боран орта мектебінің оқушылары жыл сайын бүкіл 
сынып  болып  мал  шаруашылығында  жұмысқа  қалып,  жастардан  шопан 
бригадаларын құрды. Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бюросы 
осы  бригадалардың,  «Боран»  кеңшарындағы  жұмыс  тәжірбиесін  мақұлдап, 
таратуға қаулы алды [108, 25 п.]. 
Оқушыларды  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  қатыстырып,  баулу  ісі  де 
атқарылып  жатты.  7;  8-сыныптарда  еңбек  звенолары  кұрылған,  бұл  звенолар 
кеңшар  бау-бақшасында,  мектеп  жанындағы  паркте  ынталана  еңбек  етіп, 
селоны  көгалдандырып,  көркейтуге  белсене  қатысты.  Жоғары  сынып 
окушылары оқу-өндірістік бригадалар кұрып, жемдік және бақшалық дақылдар 
өсіріп, жинады, төл алу науқанында сақманшылар болып, кеңшарда жыл сайын 
25-30 мың қозы алып, өсіруге белсенді қатысады. 200-250 оқушы жеке звенолар 
құрып,  кеңшардың  дайындау  бригадаларында  еңбек  етеді.  Мектеп  комсомол 
ұйымы  «Жырақұдық»  бөлімшесінің  қой  фермасын  қамқорлыққа  алған.  Оқу 
жылында қыс кезінде жоғары сынып оқушыларының комсомолдық отрядтары 
қой қораларын тазалады. Қ. Нұрғалиев өзінің көрегендігін тағыда байқата білді. 
Отарды  бір  жерде  бағудың  тиімсіздігін  айта  отырып,  қой  бағудың  бұрынғы 
атадан  қалған  дәстүрін,  тәсілін  қолдады.  Өмірдің  өзі  көрсеткендей, 
республикадағы  қой  өсіруші  жастар  бригадалары  алдарына  қойылған 
міндеттерді орындай алмады. 
Ол  тек  қана  бұл  мәселелермен  ғана  айналысқан  жоқ.  Басшылық  еткен 
мектепте  облыстық  көлемде  семинар-кеңестер  өткізсе,  Республиканың  кейбір 
жоғары оқу орындарына, атап айтсақ Өскемен педагогикалық институты, Абай 
атындағы  Алматы  педагогикалық  институтымен  тығыз  қатынаста  болып, 
оларға тәжірибе алаңқайы ретінде көп көмегін тигізді.  
Кеңестер  тұсында  қазақстан  мектептерінің  қасіреті  тереңнен  басталды. 
Мектеп  ісі  үздіксіз  реформаланды,  ал  оның  бағыт-бағдарлары  Мәскеуде 
орталықта  анықталатын.  Жалпы  алғанда,  кеңестік  заманда  білім  мен  ғылым 
саласында да басқа қоғам салаларындағы сияқты барлығы жоғарыдан берілген 
нұсқау  бойынша жүргізілді.  Ал  ғылыми-шығармашылық еркіндік  деген  мүлде 
қолдау  тапқан  жоқ.  Қ.  Нұрғалиев  оқу-ағарту  саласындағы  қиыншылықтарға 
қарамастан  жақсы  мамандарды  мектепке  көптеп  тарту  арқылы  ағарту  ісін  бір 
жүйеге  түсіруге  тырысып,  республикада  авторлық  мектеп  негізін 
қалыптастырды,  ауыл  мектебін  техникалық  базамен  қамтамасыз  етіп,  орта 
мектепті  басқара  отырып  ғалымдардың  ғылыми  жаңалықтарын  топтастырып 
және  бар  жақсыны  мектепке  жұмылдырды.  Құмаш  Нұрғалиев  жалғыз  ұстаз, 


 
72 
мектеп директоры ғана емес, ол сонымен қатар мектептен тыс іс-шараларға да 
қатысушы болды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет