Чекетаева роза



Pdf көрінісі
бет13/62
Дата06.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#11715
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
Байланысты:
чекетаева пособие 1 изд2

 
 
 
 


 
107 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі білім беру 
жүйесінің  деңгейімен  анықталады.  Тарихта  даму  бағыттарының  мақсаттарын 
білім  берумен  байланыстырған  әлемнің  ірі  мемлекеттерінің  стратегиялары 
жемісті  болып  шығып,  олар  индустриялық  дамыған  мемлекеттерге  айналып 
отыр.  Тарихи  тұрғыда  қарасақ  оқу  мен  тәрбие  ісінің  әрқашан  ең  көкейкесті 
мәселелер  қатарында  қала  беретіндігімен  тығыз  байланысты,  оқу  мен  тәрбие 
әлеуметтік  прогрестің  берік  іргетасын  қалайтындығын  әлемдік  өркениет 
тәжірибесі  толық  дәлелдеп  отыр.  Білім  мен  біліктіліктің  қайнар  көзі  мектепте 
қалыптасатыны көп дәлелдеуді қажет етпейтің математикалық аксиома сияқты. 
Білім беру жүйесі басқа да қоғамның әлеуметтік-мәдени институттары сияқты 
үздіксіз  жетілу  жағдайында  болуы  қажет.  Елімізді  сапалы  білім  беру  қазіргі 
күнде де мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. 
Тарих  кемшіліктер  мен  қателіктерден  ғана  тұрмайды,  әр  кезеңнің  өзіне 
лайықты  ілгерілеуі  де  болады,  онсыз  даму  тежеліп,  кері  кету  басталар  еді. 
Зерттеп отырған кезеңде Қазақстанның кеңестік білім беру жүйесі негізгі білім 
беруде  кемшіліктер  мен  қатар  өзіндік  жетістіктерге  де  жетті.  Біраз  болсын 
мектептердің  материалдық-техникалық  базасы  нығайып,  білікті  мұғалімдер 
қатары  өскені  ақиқат.  Осының  бір  айғағы  Қ. Нұрғалиев  басқарған  Шығыс 
Қазақстандағы  Боран  орта  мектебі  болды.  Қарама-қарсы  пікірлер  арасында 
шындық  жатады,  ендеше  өткеннің  әділ  бағасы  мен  объективті  суреттемесін 
беру, оны бүгінгі ғылым талаптары тұрғысынан шынайы саралау танымдық пен 
тәжірибелік маңызы биік мәселелердің бірі. 
Қ. Нұрғалиев жайлы қалам тартқандардың көбісі оны осы күнге дейін тек 
мұғалім немесе педагог санатында танып келеді. Шын мәнінде оған қайраткелік 
тән. Ол ұстаздық жолына жан-тәнімен берілген ұлттық сананы тәрбиелеуге өз 
үлесін  қосқан  зиялы  азамат.  Халық  мұғалімі  Қ. Нұрғалиевтің  Қазақстанның 
оқу-ағарту саласына қосқан үлесін былай зерделеп беруімізге болады: 
Біріншіден,  1925  жылдан  1946  жылға  дейінгі  аралықтағы  ол  тұлға  болып 
қалыптасты және Ұлы Отан соғысына қатысып, екі аяқ, бір қолынан айрылған 
бірінші  топтағы  мүгедектікпен  туған  жеріне  оралды.  Өйткені,  Құмаш 
Нұрғалиев  –  ХХ  ғасырдың  ең  аласапыран  кезінде,  қазақ  халқының  тағдыры 
тығырыққа  тіреліп,  болашаққа  даңғыл  жол  таба  алмай  күйзелген  дәуірінде, 
қызыл  тоталитаризмнің  отына  күйіп,  халқының  жартысынан  көбі  қырылып, 
ұлттық  рухы  тапталып,  зиялылары  жойылып,  мейірімсіз  отаршылдықтың  жан 
азабын  тартқан  кезде  өмір  сүрді.  Бұндағы  түпкі  ойымыз  халқымыздың  Ұлы 
Отан  соғысына  жаппай  қатысуын  көрсету,  қол  бастаған  Б. Момышұлы, 
И. Панфилов,  М. Ғабдуллин,  Ғ. Сафиуллин  сияқты  зиялы  азаматтарымыз 
болғанымен,  олар  санаулы  еді.  Ал  Құмаш  Нұрғалиев  тәрізділер  есепсіз  көп 
болатын.  Бірақ,  жалғыз  сынар  қолмен  үлкен  биіктерге  ұмтылғандар  санаулы 
ғана. 
Екіншіден,  ол  өзінің  атақ  даңқы  үшін  еңбек  қылған  емес,  ол  бейбітшілік 
түрдегі Отаны үшін еңбек етті, қаншама қуғын мен жаза төніп тұрған кезде ол 
ерліктің,  өрліктің  теңдесі  жоқ  үлгісін  көрсеткен  азамат.  Қандай  қиындықтарға 


 
108 
мойымастан өз еліне адал қызмет еткен ол ұлт намысын, оның мүддесін бәрінен де 
жоғары  қойды.  Әлеуметтік  саясаттың  ең  маңызды  буыны  –  білім  беру  мәселесі 
десек  артық  айтқандық  емес.  Сол  білім  беру  кез-келген  дербес  мемлекеттің 
аясында  мақсат-мүддесіз  болмайды.  Өйткені  ол  белгілі  елдегі  халықтардың, 
ұлттардың  мүддесі.  Сонымен  бірге  ол  кез-келген  елдің  болашағын  тәрбиелейтін 
мектептен бастап мемлекеттік құрылымдардың да мүддесі. Мәдени өмірдің сүбелі 
саласы болып есептелетін халыққа білім беру жүйесі қоғамдық өмірдің де жанды 
нүктесі  ретінде  тарихта  өзінің  орынын  ешқашан  жоғалтпайтының  білген  ол 
ұрпағын төрге сүйреп, ұлт болашағын ойлады. 
Үшіншіден,  әкімшіл-әміршіл  жүйе  үстемдік  құрған  кезде  ұлттық 
мектептердің  дамуына  толыққанды  жағдай  жасалмады.  Соған  қарамастан 
Қ. Нұрғалиев  мектептің  ісіне  мемлекеттік  жүйенің  әкімшілік  өктемдікпен 
араласуына  қатты  қарсы  болды.  Осындай  кедергілерге  қарсы  тұра  білген 
ұстаздың ең басты мақсаты мектептің өмір ағымынан, сол кезде көп айтылатын 
«ғылыми-техникалық  прогесс»  талаптарынан  артта  қалмауын  қамтамасыз  ету 
болды.  Сөйтсе де, Құмаш Нұрғалиев ең алдымен мұғалім еді, сондықтан да ол 
оқу-тәрбие  үрдісін  де  қадағалап  басшылық  жасады.  Оның  ойынша  мектептегі 
басты тұлға – оқушы мен мұғалім еді. Әрине, оның оқушылардың білім сапасы, 
мектеп  ісіне  қалың  қауымды  тарту,  политехникалық  оқу,  оқу  құралдарының 
сапасы, мектеп кітапханасы, материалдық базасы туралы айтқан ойлары бүгінгі 
таңда да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. 
Төртіншіден,  Қ. Нұрғалиев  1957-1988  жылдар  аралығында  авторлық 
мектеп  қалыптастырып,  Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  өрлеуіне  өзіндік 
үлес  қосты.  Қ. Нұрғалиевтің  мектепті  сол  заманның  озық  техникасымен 
жабдықтауы  оқу-ағарту  және  мектеп  тарихындағы  тарихи  қызметі  болып 
табылады (тұңғыш рет орта білімді ақпараттандыру технологиясын еңгізді, оқу 
үдерісін  ақпараттандыру  мәселесімен  айналысты).  Республикамыздың  мектеп 
тарихында  алғашқылардың  бірі  болып  мектептік-теледидарлық  техникалық 
орталық,  компьютерлік  сыныпты,  оқушылардың  өзін-өзі  басқаруды  еңгізді, 
бірінші  рет  ауыл  мектебінің  базасында  жалпы  және  жоғары  мектеп  қарым-
қатынасының  ерекше  формасы  болып  табылатын  Абай  атындағы 
педагогикалық институттың педагогика кафедрасының ғылыми-оқу әдістемелік 
кешенің ашуға жағдай туғызды. Бірінші топтағы мүгедек, денсаулығы керемет 
мықты  бола  қоймаған  бұл  адамның  бәріне  үлгергендігіне  еріксіз  қайран 
қаласыз. Осындай озық еңбегінің арқасында Халық мұғалімі, көрнекті ұстаз, ірі 
тәрбиеші  Құмаш  Нұрғалиев  біртуар  тұлға  ретінде  халықтың  қадір-құрметіне 
бөленді, ұстаздардың ұстасы атанды. 
Құмаш Нұрғалиев сол кездегі ағарту ісінің проблемасы мектептің өмірден 
алшақтығы,  оқушылардың  әлеуметтілігін  қамтамасыз  ете  алмайтын,  оқудың 
ағартушылық  сипатының  жетімсіздігі  деп  есептеді.  Сондықтан  да  Құмаш 
Нұрғалиев  мектепті  кең  әлеуметтік  қатынастар  жүйесі  ретінде  қарап,  жеке 
тұлғаның дамуы оның байланыстарының дамуы, ал тәрбие – осы қатынастарды 
мақсатты  басқару,  оның  негізі  патриотизм  деп  білді.  Ұлттың  болашағы 
мектептен  басталатынына  терең  мән  берген  оның  кәсіби  шеберлікті 
дамытудағы педагогикалық мұрасы қазақ халқы үшін үлкен құндылық.  


 
109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет