Чекетаева роза


 Нұрғалиевтер педагогикалық әулеті



Pdf көрінісі
бет12/62
Дата06.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#11715
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
чекетаева пособие 1 изд2

3.3 Нұрғалиевтер педагогикалық әулеті 
Әулеттің басы – КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев. Аңыз адам. Ерік 
күшінің  молдығы,  қызметіне  деген  жауапкершілігі,  әр  кез  білімін  көтеруге 
құлшынғыштығы,  ұйымдастырушылық  қабілеті,  жоғарғы  идеялылығы, 
адамгершілік  қасиеті,  педагогтық  іздемпаздығы,  шығармашылық  еңбегі  Боран 
орта мектебін еліміздің таңдаулы мектептері қатарына қосуға жәрдем етті. 
Заманымыздың  ұлы  ағартушыларынан  нәр  алған,  халық  ағарту  ісінің 
көрнекті  қайраткері,  елінің  адал  перзенті  Қ.  Нұрғалиевтің  42  жылдық  еңбегі 
бүгінгі ұрпаққа қалған педагогикалық ұстаздық, немесе кәсіби мұрасы. 
Нұрғалиевтар  әулетін  қай  жағынан  мақтан  етсек  те  артық  емес.  Өйткені 
бұл әулет-бар ілімін оқытқан, еңбекпен, өрнекпен өнерді ойға тоқыған, көңілді 


 
95 
жайнатқан, өмірді қайнатқан әулет, жастарға жол көрсеткен нұрлы шапағатын 
шашқан әулет.  
Құмаш  ағаның  ұстаздық  қызметінің  жемісті  болуына,  атақ-абыройының 
төңіректің  төрт  бұрышына  тарауына,  білімді,  білікті  ұл-қыз  өсіруіне  оның 
сүйікті,  ақылды,  асыл  жары  Қанипа  Әйкенқызының  қосқан  үлесі,  көрсеткен 
қамқорлығы, қиын-қыстау сәттерде адал пиғылмен берік сүйеніш, сенімді серік, 
тірек  бола  білген  қайырымдылығы,  ізгілікті  парасаттылығы  айтып  жеткізгісіз 
зор ықпал, әсер етті.  
Қазақта  «Жақсы  әйел  өміріңді  ұзартады»;  «Жақсы  әйел  теңі  жоқ  жолдас, 
түбі жоқ сырлас»; «Әйел - үйдің құты»; «Ана - ұлттың тірегі» деген өнегелі сөз 
бар.  М.  Әуезов  «Ер  серігі  болған  жар  жарастық  қандай  сұлу!»,  –  десе,  ал  М. 
Арын  «Қалай десек  те,  ең  мықты  мектеп,  ең  табиғи  мектеп  – отбасы.  Осында 
қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады», – дейді [128]. 
Қанипа Әйкенқызы Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері. Оның 
өмір  жолына  тоқталсақ:  Қанипа  Әйкенқызы  -  қазақ  әдебиеті  мен  тілінен  Қаба 
өңіріндегі Сармөңке ауылындағы (Шығыс Қазақстанда) тұңғыш ұстаз. Игілікті 
ісімен  ауыл  балаларының  болашағы  үшін  балаша  жүгіріп,  анасынша  қамқор 
болған үлкен жүректі адам.  
1946  жылы  Шыңғыстай  орта  мектебін  бітірген  ол  Нұрғали  атаның 
отбасына келін болып түседі [129]. Ененің қатал тәрбиесі мен ананың ақылын 
қабыстыра  білген  келін  туған-туыс,  ел-жұртының  ықыласына  ие  болды. 
Қайындары  мен  қайынсіңлілерінің  барлығын  беттерінен  қақпай  оқытып 
жеткізді, үйлендірді, барлығы жоғары білімді.  
Талаптың  атын  әр  қиынға  сала  жүріп,  Қанипа  Зайсанның  мұғалімдер 
даярлайтын  училищесін  сырттай  оқып,  ойдағыдай  тәмамдады.  Осы  жылы 
Сармөңкеде  7  жылдық  қазақ  мектебі  директорының  оқу  ісі  жөніндегі 
орынбасары қызметін қосымша жүктеме ретінде атқаруға кірісті. 
Қанипа  апа  Құмаш  ағаның  қара  шаңырағының  берекесін  келтіре  жүріп, 
екеуі  1948  жылы  Алматыдағы  қазақтың  Абай  атындағы  педагогикалық 
институтына сырттай (қазақ тілі, әдебиеті мен тарих факультетіне) оқуға түседі 
[130].  
Жеті  жыл  бойы  соғыстан  жарымжан  оралған  жан  жарын  жетелеп  жүріп, 
1955  жылы  екеуі  де  институтты  бітіріп,  дипломдарын  алып  шығады.  Жоғары 
білімді  ұстаз  мектепте  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінен  дәріс  беруді 
жалғастырады. Ұзақ жылдар бойы қаншама ауылдың қара домалақ қиын деген 
оқушыларын өзіне табындырады. Аналық мейірімімен, сабырлы мінезі мен көп 
ізденудің  нәтижесінде  оқушылардың  өз  пәніне  қызығушылығын  да  арттыра 
түседі. 
Оқу-ағарту саласындағы еңбегі жоғары бағаланып, 1961 жылы Қазақ КСР 
Жоғарғы  Кеңесінің  Мақтау  қағазымен  марапатталған  Қанипа  апайдың  жарты 
ғасыр  уақыт  аралығында  жолын  қуған  қаншама  шәкірттері  –  бүгін 
республикамызға,  облысымызға,  ауданымызға  танымал  тіл  және  әдебиет 
мамандары, мектеп директорлары, оқу ісінің меңгерушілері. 
Ақылды да мінезді Қанипа апай жан жарын сыйлап, күту арқылы Құмаш 
ағаның алаңсыз еңбек етіп, қызметінің алға басуына, қырық жыл табаны жерге 


 
96 
тимей, қос балдаққа сүйеніп тұрып-ақ, кешегі Кеңестер Одағының халық ағарту 
саласының озық қызметкері, «Халық мұғалімі» дәрежесіне жетуіне қосқан үлесі 
баға жеткісіз.  
Аяулы  ұстаз  бес  баласынан  сегіз  немере,  алты  шөбере  сүйіп  отырған 
бақытты  ана,  ардақты  әже.  Төрт  баласының  бірдей  ұстаз  болуына  ананың 
ықпалы  жоқ  емес.  Баласының  біреуі  -  Мақсаты  ғана  әскери  мамандықты 
қалады.  Ол  ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  офицері,  полковник,  қазірге  кезде 
құрметті  демалыста.  Басқа  балалары  Мәншүк  (Манира),  Талант,  Марат,  Гүл 
және  немерелері  де  педагогтар.  Үш  келіні  –  Рахима,  Майгүл,  Ғалия  үшеуі  де 
ұстаз. Нұрғалиевтер әулетінде Қанипа апа бастаған «сабақ» жалғасын табуда. 
Халық  мұғалімі,  ұлағатты  ұстаз,  қайсар  азамат,  тамаша  ұл-қыз  өсірген 
қамқор  отағасы,  білікті  қайраткер  Құмаш  Нұрғалиұлы  атындағы  Боран 
мектебін  бүгінде  оның  жан-жақты  білімді,  қайырымды,  иманды,  жаңалыққа 
жаны  құмар  баласы  Талант  басқарса,  Мараты  колледж  директоры,  Манирасы 
ағылшын  тілінің  маманы,  ғалым,  ағарту  саласының  үздігі,  ал  кіші  қызы  Гүл 
Нұрғалиева  педагогика  ғылымының  докторы,  профессор,  Республикалық 
білімді  ақпараттандыру  ғылыми  әдістемелік  орталығының  президенті.  Қазір 
оның өз ғылыми мектебі бар. Әке жолын қуған дарынды ұл-қыздар басқаларға 
қол  ұшын  бергіш,  қамқоршыл,  жастардың  кемелденуіне  қолайлы  жағдай 
жасауда  айырықша  қызмет  етіп  келе  жатқан  шәкірт  сүйіктілері,  ұрпақты  өрге 
сүйреген,  жоғары  атаққа,  марапатталуға  лайық  абзал  ұстаздар.  Құмаш  ағаның 
арманын іс жүзіне асырушы жомарт жүректі, жаны таза, тағылымы  мол, асыл 
затты  тәлімгерлер.  Қ.  Нұрғалиевтің  бұлардан  басқа  да  таланты  немере-
шөберелері,  өте  ізетті,  білімді,  иманжүзді  келіндері  толып  жатыр.  Олардың 
бәрін де үлкен жүректі ұстаз қадір тұтқан. 
Құмаш  Нұрғалиев  өмірден  кеткеннен  кейін  ол  басқарған  мектеп  «КСРО 
Халық  мұғалімі  Құмаш  Нұрғалиевтің  мектеп-гимназиясы»  атты  авторлық 
мәртебесіне  ие  болды  [131].  Биыл  Нұрғалиевтер  әулетінің  осы  мектепті 
басқарғандарына 53 жыл толды. 
КСРО  Халық  мұғалімі  Құмаш  Нұрғалиев  атындағы  көпсалалы  мектеп-
гимназиясы  республикада  ең  алдыңғы  жүз  мектептің  бірі  деп  ресми  танылды 
[132]. 
Оның  ұлы  Талант  Құмашұлы  осы  мектеп  педагогикалық  ұжымының 
қолдауымен директор болып сайланды. Сол кездің өзінде ол жоғары маманды 
педагог  ретінде  танылған  еді  және  Қазақ  КСР  Халық  ағарту  ісінің  озық 
қызметкері,  «Ыбырай  Алтынсариннің»  медалімен,  «Парасат»  орденімен 
марапатталған  болатын.  Сонымен  қатар  ол  педагогика  ғылымдарының 
кандидаты,  1991  жылы  Т.Қ.  Нұрғалиев  «Ауыл  мектебінің  оқу-тәрбие 
процесіндегі  мектептің  теледидарлық-техникалық  орталығын  пайдаланудың 
педагогикалық мүмкіндіктері» атты кандидаттық диссертация қорғады [133].  
Әйткенмен, ауыл мектебінің авторлық тұжырымдамасын дамытуды қолға 
алған  Талант  Құмашұлына  алғашқы  кездерде  елеулі  қиыншылықтар  кездесті. 
1990  жылы  Қазақстанда,  атап  айтқанда,  Зайсанда  «9  балдық»  ерекше  жер 
сілкінісі  болды.  Іс  жүзінде  мектепті  қайтадан  қалпына  келтіруге  тура  келді. 
Бұған  қосымша  осы  уақытта  ауыл  тұрғындарының  көші-қоны  басталды, 


 
97 
«Боран» совхозы күйреді, ауыл тұрғындары жұмыс іздеп жан-жақа көшуге тура 
келді.  Мұның    өзі  оқушылар  мен  мұғалімдер  деңгейіне  көп  әсер  еткен  жоқ. 
Басқа  жаққа  көшкен  ауыл  тұрғындары  балаларын  осы  жерде,  сапалы  білім-
тәрбие беретін мектепте қалдыруға ұмтылды. 
Бұл  ауыр  жылдары  мектеп  Президент  пен  ел  басшыларының  назарынан 
тыс  қалмады.  Бұған  дәлел  1992  жылы  Талант  Құмашұлының  республиканың 
Тәуелсіздік күні қарсаңында Н.Ә. Назарбаевтан құттықтау хат алуы [39, 264 б.].  
Талант Құмашұлының басқаруымен мектеп сақталынып қана қойған жоқ, 
сонымен қатар, Құмаш Нұрғалиевтің мектеп-гимназиясы авторлық тұжырымды 
одан әрі дамытты. Педагогикалық ұжым өзінің іскерлігін танытты. 
Мектеп  жаңғырудың  жаңа  жүйесіне  көшті.  Саяси  және  әлеуметтік- 
экономикалық  қоғам  дамуына  үлес  қосты.  Қазақстанның  дербес  мемлекет 
ретінде  қалыптасуына  қажетті  жағдайларды,  оқушыларды  тәрбиелеудегі 
теориялық  және  тәжірибелік  жаңғыруды,  педагогикалық  мақсатттар  мен 
міндеттерді  жаңаша  ойлауды  жүзеге  асырды.  Құмаш  Нұрғалиұлы 
қалыптастырған білім беру процесіндегі мектеп дәстүрін сақтай отырып, соның 
негізінде  қоғамның  талабына  сай  мұғалімдердің  ізденістерін,  олардың 
мүмкіндіктерін  дамытуға,  демократиялық  және  экономикалық  мәселелерді, 
адамдардың  еркіндігін,  өзін-өзі  басқаруын  қалыптастыру  мәселесіне 
айтарлықтай көңіл бөлді. 
Бүгінде  Құмаш  Нұрғалиұлының  авторлық  мектебінің  педагогикалық  рөлі 
күшті. Ол негізінен, үнемі шығармашылық ізденісте жүрген жас педагогикалық 
ұжым. 
Мектепті  техникалық  жағынан  жабдықтауды  мектептің  теледидарлық-
техникалық  орталығы  (МТТО)  арқылы  дамытудың  педагогикалық  идеясы, 
қазіргі  кезде  телевиденияны  жетілдіру  технологиясымен  және  ақпараттық-
коммуникациялық  технология  (АКТ)  негізінде  білімді  ақпараттандыру 
идеясымен байланысты. 
«МТТО өзінің лайықты бағасын алды, қазіргі кездегі ҚР Білім және ғылым 
министрлігінің  мектеп  үшін  алға  қойған  құралдарының  бірі  МТТО.  Бұл 
қысқартылған сөздерді педагогикаға енгізген біз болғанымызды мақтан етеміз, 
-  деп  ой  бөліседі  Талант  Құмашұлы.  –  Қазірігі  МТТО  аналогиялық  форматты 
цифрға  ауыстырады.  Ол  жаңа  компьютерде  10Гб  жедел  есте  сақтау  қуаты 
арқылы дискісі 120 Гб көлемді бағдарламалық өңдеуді сақтай алатын таңбасы 
Adobe  Premiere  –  6.5.  топтасады.  Процессорде  бейне-аудио,  шығу-кіру 
«тюльпан» типті қуаты аз өткізгіштерді аналогиялық іске қосуға мүмкін береді. 
Бұл  мектеп,  ауыл,  көлемінде  дыбысты  қабылдауға  техникалық  құралдардың 
тасқынында  қазіргі  рынокта  ұсынып  отырған  МТТО  сіздің  кез  келген 
талабыңызға  жауап  береді.  Балалардың  цифрлы  техника  мен  қазіргі  АКТ 
қатынас жасауында МТТО-ның педагогикалық маңызы өте зор. Оқушылардың 
жұмыс  түрлері  айтарлықтай  кеңіді:  принтермен,  скайнермен,  WEB 
камерасымен, FLASH анимациялық бағдарламасымен, т.б. жұмыс істеу артты. 
Олардың  жұмыс  тәжірибесі  ауыл  мектебін  ерекшеліктеріне  қажеттілерді 
айқындай  алады.  МТТО  бәрінен  бұрын  ауылдағы  білім  беру  ортасын  байыта 
түсуге  қабілеттендіреді.  Қазіргі  өзінің  бағдарламасы  арқылы  ауыл  мен  таяу 


 
98 
жердегі  мектепте  МТТО  жаңа  үлгісі  енгізілген.  МТТО  өзінің  хабар  беру 
деңгейінің  кеңейе  түсуіне  байланысты  жақын  маңдағы  шағын  мектептерді 
қалыптастыру үшін тиісті база болып табылады [39, 254 б.]. 
Боранда  шамамен  2,5  мыңдай  тұрғын  бар.  Хабарды  кем  дегенде  мың 
тұрғын  көреді.  Мұндай  көп  адамды  қандай  мәдениет  үйі  немесе  акт  залы 
сидыра  алады?    «Біздің  сұхбат»  айдарымен  берілетін  хабарға  ауыл,  аудан 
басшылары,  мамандар,  аудандық  маслихат  депутатары  қатысты.  Оларға 
тұрғындар  өздерін  толғандырып  жүрген  сауалдарын  қойды.  Сондай-ақ, 
ақындармен  жазушылармен,  мәдениет  қызметкерлерімен  кездесу  өткізілді. 
Мұның өзі балалардың және олардың ата-аналарының рухани танымын кеңейте 
түседі. Телеорталық, сонымен қатар, Борандағы бөлімшелік, орталық, аудандық 
ауруханаларға дәрігерлерді шақырып, хабарға қатыстырады. 
МТТО  «Мұрагер»  балалар  республикалық  өзін-өзі  басқару  тетігінің 
негіздерінің  бірі  болып  табылады.  Бұл  мектеп  ішіндегі,  мектеп  сыртындағы 
басқару үшін нағыз көпшілік ақпарат құралдары.  
Оның дербестік құндылығы оқушылардың хабарды өздері ұйымдастырып, 
түрлі  кәсіптік  қызметтерді:  бағдарламаның  редакторы,  режиссеры,  дизайнері, 
операторы міндеттерін атқара алатындықтары. Мұның өзі бастауыш сыныптан 
басталады. 
ҚР  БҒМ  Республикалық  ғылыми-әдістемелік  білімді  ақпараттандыру 
орталығының  (РБАО)  және    «КАТЕЛКО»  ЖАҚ-ның  ұйымдастырумен  2001 
жылғы қыркүйекте ашылған «Қашықтан оқыту серіктестік арнасына» (ҚОСА) 
байланысты МТТО хабарлары жаңара бастады. 
МТТО  мектеп  бағдарламаларының  оқу  бейнефильмдерідің  банкін 
қалыптастырды. ҚОСА бойынша РБАО жаңалықтары күнделікті беріліп тұрды. 
Әртүрлі  пәндер  бойынша  оқыту  бейнефильмдері  бір  айда  40  сағат  көрсетілді. 
Төрт жылда МТТО көлемінде білімнің әр саласына байланысты 300-ден астам 
бейнефильм  жинақталды.  Бұл  сабақ  қана  емес,  сонымен  бірге  білім  берерлік 
бағдарлама.  Бұларды  білім  беру  саласында  мұғалімдер  белсенді  пайдаланады. 
Көптеген материалдар мұғалімдер үшін беріледі, мұғалімдердің республикалық 
жарысы  толық  көрсетіледі;  РК  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтің  дарынды 
балалармен,  мұғалімдердің  шығармашылықпен  айналысатын  тобымен 
кездесулері  беріледі.  Бұл  хабарлардың  құндылығы  оның  авторлары  жетекші 
ғалым-әдіскерлер, 
Алматының 
таңдаулы 
мұғалімдері, 
жоғары 
оқу 
орындарының оқытушылары [134]. 
ҚР  БҒМ  РБАО  және  білімді  ақпараттандыру  технологиясы  жөніндегі 
ЮНЕСКО  институтының  ұйымдастыруы  мен  жүзеге  асырылған  «ҚР  ауыл 
мектептері  үшін  қашықтан  оқыту»  жобасын  мектеп  қызу  қолдады.  Осы  жоба 
деңгейінде  қашықтан  оқыту  технологиясын  меңгеруде  белсендік  танытты. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның 
(АКТ) 
педагогикалық 
мүмкіндігі  мұғалім  мен  оқушының  өз  идеясын  қашықтан  оқыту  арқылы  іске 
асырады.  Бұл  үздіксіз  білім  алуға,  өмір  бойы  оқуға,  ертеңгі  күні,  келешекте 
жоғары оқу орнының студенті, маман болғанда қашықтан оқыту негізі кәсіптік 
білімді  одан  әрі  жетілдіруге  өте  маңызды.  Кең    байтақ  Қазақстан  жағдайында 
мұндай білім берудің үздіксіз білім алуға өте зор септігі тиеді.  


 
99 
«ҚР  ауыл  мектептері  үшін  қашықтан  оқыту»  жобасы  ҚР  БҒМ  РБАО 
өндеген  мектептегі  электрондық  оқулықтарға  (ЭО)  және  мультимедиялық 
оқыту бағдарламасына (МОБ) негізделіп жасалған. Алғашқы ЭО 1998 жылдан 
бастап  мектепте  сынақтан  өте  бастады.  Бұлар  ауыл  мектептері  үшін  баға 
жеткісіз құнды: білім беру ортасын айтарлықтай кеңейтеді, мұражай, кітапхана, 
мұрағат  материалдарымен  кеңінен  танысуды  жүзеге  асырады;  оқу  процесін 
автоматтандырады; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі және мұғалімдердің 
әдістемелік өсуі үшін нақты жағдай жасайды. 
Мектептегі ауыл мәдениетін орталықтандырудың педагогикалық идеясы - 
Құмаш  Нұрғалиевтің  педагогикалық  тұжырымдамасындағы  жүйемен  және 
оқушының мәдениетін арттырудағы жалпы мәселемен байланысты. 
Сондықтан,  Халық  мұғалімі  Құмаш  Нұрғалиұлының  ауылдық  мектеп-
гимназиясы,  көркем-эстетикалық  орталықтар:  мұражай,  галерея,  дискотека, 
концерт  залы,  әдеби  салон,  елтану  мұражайы,  спорт  алаңы  бар  демалыс 
бақтарын қосатын кешенді әлеуметтік мәдениетті институт ретінде танылды. 
Бұл  педагогикалық  идеяның  шығармашылық  дамуы,  туған  мектебінің 
көркем-эстетикалық безендірілуінің бейнесінен көрінді. 
«Мектептегі Дарын» ШҚ РҰПО экспериментальді орталық алаңы ашылды. 
2002  жылы  Халық  мұғалімі  Құмаш  Нұрғалиұлының  мектеп-гимназиясы 
облыстық «2002 жылдың үздік мектебі» байқауына қатысты. Байқауға Шығыс 
Қазақстанның  ауылдық  және  қалалық  үздік  мектептер  қатысты.  Мектеп  «Бас 
жүлде»  иеленіп,  мектеп  басшысы  Талант  Құмашұлы  Құрмет  грамотасын 
иеленді [135].  
2002  жылы  Астанада  өткен  Қазақстан  Республикасы  шығармашылық 
жұмыс  істеуші  мұғалімдердің  форумында  Н.Ә.  Назарбаев  Т.Қ.  Нұрғалиевқа 
Алғыс хат тапсырды. Онда: «Құрметті Нұрғалиев Талант Құмашұлы! Ұстаздар 
қауымы өмірдің сан түрлі салаларында еңбек етіп жүрген озық ойлы, талантты 
жастарды  баулып,  қанаттандыру  арқылы  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық 
дамуына,  мемлекеттіліктің  нығаюына  барынша  өз  үлестерін  қосып  келеді. 
Солардың  ішінде  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  беріп,  оларды  адамгершілік, 
отаншылдық  рухында  тәрбиелеп  жүрген  Сізге  зор  алғысымды  білдіремін. 
Отбасыңызға  амандық,  еңбегінізге  табыс  тілеймін»,  –  деген  Алғыс  хат 
Борандағы мектеп қабырғасында ілініп тұр. 
2003 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні 
мерекесі құрметіне Астанаға өмірдің әр саласында еңбек етіп жүрген алдыңғы 
қатарлы  өкілдер  шақырылды.  Бұл  адамдарға  зор  құрмет  көрсетілді.  Олар 
Президенттің  қолынан  үкіметтің  жоғары  марапаттауларын  алды.  Қазақстан 
оқытушылары атынан салтанатқа Нұрғалиев Талант Құмашұлы қатысты. Білім 
салсындағы  ерекше  жетістіктері  және  жас  ұрпақтарды  тәрбиелеу  ісіне  қосқан 
зор үлесі үшін  Талант  Құмашұлы  «Парасат»  орденімен  марапатталды.  Мұның 
өзі елбасының педагогтарға деген зор ілтипаты. 
2003  жылы  Алматыда  «Ауыл  мектебін  басқару  және  білім  беру  сапасын 
арттырудың 
тиімді 
жолдары» 
атты 
республикалық 
семинар 
өтті.                         
Т.Қ. Нұрғалиевтің  үлгісінде  көрініс  тапқан  ауыл  мектебінің  проблемасы  мен 
оны  шешу  жолдары  семинарға  қатысушылардың  қолдауына  ие  болды. 


 
100 
Комиссия  мүшелерінің  шешімімен  жоба  жоғары  баға  мен  жүлделі  орынды 
иеленді.  
2005 жылы сәуір айында ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 
Халық  мұғалімі  Құмаш  Нұрғалиұлының  мектеп-гимназиясының  ұжымына 
«Үздік олимпиада мектебі» атағы берілді. Бүгінгі күнде Талант Құмашұлы әке 
салған  сара  жолды  жалғастырып  Құмаш  Нұрғалиұлы  атындағы  көпсалалы 
мектепті өрге жылжытуда. 
Марат  Құмашұлы  Нұрғалиев  –  Құмаш  Нұрғалиұлының  кіші  баласы.  Ол 
«Сыныптан  және  мектептен  тыс  жұмыстар  жөніндегі  тарихшы  және 
ұйымдастырушы  мұғалім»  мамандығы  бойынша  Өскемен  педагогикалық 
институтын  бітірген.  Қазақстан  ОК  КП  жанындағы  Алматы  Жоғары  партия 
мектебінде оқып, оны үздік аяқтаған. 
Ол  ұзақ  жыл  комсомол  және  партия  қызметтерінде  жұмыс  істеді:  үгіт-
насихат  және  мәдени-көпшілік  жұмыстарында  бөлім  меңгерушісі,  Шығыс 
Қазақстан  облыстық  партия  комитетінде  лектор,  Саяси  ағарту  Үйінде 
меңгерушінің  орынбасары,  Өскемен  қалалық  партия  комитетінде  идеология 
бөлімінің  меңгерушісі  болды.  1993  жылдан  Шығыс  гуманитарлық 
институтының  проректоры  болды.  Ол  қазірде  КСРО  Халық  мұғалімі  Құмаш 
Нұрғалиевтің есімімен аталатын Шығыс гуманитарлық колледжінің директоры. 
Бүгінде  КСРО  Халық  мұғалімі  Құмаш  Нұрғалиев  есімін  иеленіп  отырған 
колледж  салыстырмалы  түрде  –  1998  жылы  құрылды.  Ол  кезде  еліміздің 
шығысында  жеке  орта  кәсіптік  оқу  орындары  әлі  құрылмаған  болатын. 
Сондықтан  колледж  бұл  жерде  осындай  типтегі  алғашқы  мемлекеттік  емес 
мекеме болды [136]. 
Колледж  директоры  Марат  Құмашұлы  Нұрғалиевте  колледж  ашу  идеясы 
бірден  туындаған  жоқ.  Ол  кезде,  1997  жылдың  аяғында  жеке  жоғары  оқу 
орнының  қосалқы  құрылтайшысы  болған.  Оны  құрудың  бастамашысы  тарих 
ғылымдарының докторы, профессор Н.В. Алексеенко болды. Біздің ойымыздың 
бәрі  өз  мекемеміздің  жағдайын  нығайтуға  ықпал  ететін  жолдарды  іздеу 
төңірегінде айналып жүрді. Олардың ең жуыр маңдағы жоспарларында Мәскеу 
жоғары  оқу  орындарының  бірімен  байланыс  орнату  болатын.  Алайда,  түрлі 
жағдайлардың  ықпалымен  Мәскеуге  жіберген  адамы  тапсырманы  орындай 
алмады.  Міне,  осы  кезде  Николай  Владимировичке  жақын  болашақта  орта 
буын мамандарына деген сұраныс өсетінін айтып, колледж ашуды ұсынды.. 
Осылайша  Шығыс  гуманитарлық  колледжі  дүниеге  келді.  «Колледж  бір 
кездері әкемнің атын иеленеді-ау деген ешқашан ойымда да болған жоқ, – дейді 
Марат Құмашұлы. – Бұндай есімді иелену тек бедел әкеліп қана қоймай, үлкен 
жауапкершілік  жүктейтінін  де  түсінемін.  Мұны  жай  қызыл  сөз  үшін  айтып 
отырған  жоқпын.  Бүкіл  өмірі  бойына  әкем  тән  науқасын  жеңіп,  толыққанды 
еңбеккер  болуға  ұмтылды.  Ол  өз  дегеніне  жетті  де.  Бұған  тек  мемлекеттік 
наградалар  мен  КСРО  Халық  мұғалімі  деген  жоғары  атақ  қана  емес,  оның 
жерлестерінің  және  қай  кезде  болмасын  бірге  қызмет  етіп,  қарым-қатынас 
жасаған  адамдардың  зор  сүйіспеншілігі  мен  сыйластығы  да  куә  бола  алады 
[136, 3 б.]. 


 
101 
Колледжге  Құмаш  Нұрғалиев  есімін  беру  идеясы  бұрындары  айтатындай 
«төменде», студенттердің өзін-өзі басқару комитетінде туындады.  
2002  жылы,  Мұғалімдер  күнінің  қарсаңында  колледж  оқушылары  үшін 
«Ұстаз,  сенің  есіміңе...»  атты  әдеби  қонақжай  ұйымдастырылып,  ол  Құмаш 
Нұрғалиевқа  арналған  болатын.  Жастардың  көбі  ол  жөнінде  бұрын  ештеңе 
білмейтін  болып  шықты  да,  осы  бір  адамның  ерлігі  мен  қайтпас  қайсарлығы 
барлығының  жан-жүрегін  баурап  алды.  Осыдан  кейін  үш  жеті  өткен  соң 
студенттік  есептік-сайлау  конференциясында  колледж  атын  өзгерту  жөнінде 
жұмыс бастауға ұсыныс жасалды. 
Осы  уақыт  ішінде  колледж  дамуындағы  оң  үрдістер  кездейсоқ  сипатта 
емес  екені  анық  болып  қалып  еді.  Оқу  орнының  қысқа  ғана  тарихы  көптеген 
түрлі  оқиғалар  мен  жетістіктерден  құралған.  Семей,  Зыряновск,  Риддер, 
Шемонаиха  қалаларында  колледж  бөлімшелері,  Үлкен  Нарын  және  Зайсан 
аудандарының орталықтарында оқу-кеңес беру орындары ашылды. 
Колледж қалыптасуындағы жаңа кезең 2000 жылы, оқу орны дербес өмір 
сүре  бастаған  кезден  басталады,  колледж  директоры  М.Қ.  Нұрғалиев  өзімен 
пікірлес еңбекқор, шығармашыл ұжым құра алды. Мемлекеттік аттестациялық 
комитеттің 2001  жылғы  мамырдағы оң  бағасы  ұжымның  кәсіби мүмкіндіктері 
жоғары  екенін  көрсетті.  Мемлекетік  білім  стандарттары  және  тестілеу  ұлттық 
орталығы жүргізген тестілеу нәтижесінде аттестация кезеңінде оқушылар 4,24 
баллдық  орташа  білім  деңгейін  көрсеткен.  Ал  2003  жылдан  бастап  колледжде 
мемлекеттік білім беру тапсырыстары орналастырылады. 
Сонымен  қатар,  болашақ  мамандарды  даярлау  сапасына  деген  ұстаздар 
жауапкершілігінің артуы әкімшіліктің ұдайы қамқорлығын талап етеді. Бірнеше 
жылдар бойына әрбір оқытушының жұмыс нәтижелерін оның еңбек ақысымен 
байланыстыруға  мүмкіндік  берген  рейтинг  жүйесі  қызмет  істеп  келеді.  Бұнда 
бекітілген ережеге сәйкес рейтинг нәтижелерін пәндік-циклдық комиссияларда 
тәуелсіз сарапшылар шығарып, содан соң әрбір оқу жылының басында ұстаздар 
кеңесінде  бекітіліп  отырады.  Кеңес  шешімінің  негізінде  өткен  оқу  жылы 
бойынша тұтастай еңбекақы қайта есептеледі. 
Колледждегі  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  үшін  44  пән  кабинеті,  4  есептеу 
техника  кабинеті,  7  компьютерлік  сынып,  2  зертхана,  7  оқу-өндірістік 
шеберхана,  оқу  асханасы,  шаштараз,  әсемдік  кабинеті,  электронды  кітапхана, 
оқу залы, тағы да басқа жайлар оқушылар игілігіне берілген [137]. 
Оқушыларды  өте  жақсы  оқығаны  және  қоғамдық  жұмыстарға  белсене 
араласқаны  үшін  материалдық  және  моральдық  марапаттаулар  екенінен 
қолданылады. 2002 жылы КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев атындағы 3 
дәрежелі  стипендия  тағайындалды.  Содан  кейін,  29  қазанда,  Құмаш 
Нұрғалиевтің туылған күнінде студенттердің есептік-сайлау конференциясында 
құпия  дауыс  беру  жолымен  «Жылдың  ең  үздік  студенті»  анықталып, 
конференция  шешімі  негізінде  оған  құрылтайшы  оқу  ақысы  көлемінде 
стипендия тағайындайды. 
Сонымен  қатар,  ережеге  сәйкес,  Құмаш  Нұрғалиев  атындағы  стипендия 
жетім  балалар  мен  тұрмысы  нашар  отбасынан  шыққан  балаларға,  «Үміт» 
балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, Риддер қаласының «Светоч» балалар үйінің 


 
102 
тәрбиеленушілеріне  де  тағайындалады.  Екі  жылда  бір  рет  Өскемен 
қаласындағы Қ. Нұрғалиев атындағы орта мектептің ең үздік оқушыларына оқу 
стипендиясы  бөлініп  отырады.  Оған  дәлел  өзім  сынып  жетекшілік  еткен 
сыныпта  бір  жетім  балаға,  бір  жақсы  оқитын  оқушы  осы  колледждің 
степендиясының иегері. 
Жүргізіліп  жатқан  жұмыстар  колледж  беделіне,  нәтижесінде,  оқушылар 
контингентін  қалыптастыруға  оң  ықпалын  тигізуде.  Онда  оқитын  студенттер 
саны  бойынша  қазіргі  кезде  колледжді  Қазақстанның  шығысындағы  осы 
деңгейлі ең ірі оқу орындарының қатарына жатқызуға болады. 
11  мамандық  бойынша  қазақ  және  орыс  тілдерінде  болашақ  техникалық 
және  қызмет  көрсетуші  еңбек  қызметкерлері  әзірленеді.  Оның  үстіне  бірқатар 
мамандықтарды  Шығыс  Қазақстан  жеріне  тұңғыш  осы  колледж  әкелді.  Бұл  – 
киім және үй жасауы дизайнері, туризм және қонақүй шаруашылығын басқару, 
шаштараз өнері мен косметика суретші-модельерлері, қоғамдық тамақтандыру 
технологтары,  ПЖК  және  агроөнеркәсіптік  кешенді  басқару  сияқты 
мамандықтар. 
Келешекте  ұстаздар  ұжымы  оқу  орнының  қызмет  көрсету-технологиялық 
бейінін  қалыптастыру  бойынша  мақсатты  жұмысын  жалғастырмақшы.  Өткен 
жылдары колледж директоры Марат Нұрғалиев Астанадан «Нан, макарон және 
кондитер  өндірісі»,  «Сүт  және  сүт  тағамдарын  өндіру  технологиясы»,  «Жиһаз 
өндірісі бұйымдарын көркемдеп өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша 
оқыту құқына тағы да үш лицензия алып келді. Бір сөзбен айтқанда колледждің 
орта кәсіби мамандар даярлау ауқымы кеңейе түсті. 
Колледждің  алғашқы  күнінен  бастап  жалпы  орта  білім  бағдарламасы  іс 
жүзіне  асырылып жатыр.  Облыста 1998  жылдан  бастап,  ең  бірінші болып бұл 
жерде  өзінің  лицейінде  кәсіби  оқытуды  тәжірибиеге  еңгізу  жүргізілді. 
Колледждің  тәжірибелік  жоғары  сыныптарының  оқушылары  базалық  білім 
бағдарламасымен  бірге,  таңдап  алған  мамандығы  бойынша  колледждің  1 
курсының    бағдарламасын  меңгереді.  Ойдағыдай  сынақтан  өткенен  соң,  бұл 
жұмыстың  түрі  Өскемен  қаласында  №  9,  18,  30,  32;  Шемонайхада  №  2; 
Риддерде  №  10  мен  14;  Зыряновдағы  №  8,  11,  6  орта  мектептерде  біргіп 
жалғастырылды [138].  
Қазіргі кезде кәсіби оқыту бастауыш кәсіптік білім бағдарламасы бойынша 
жүргізіледі,  оқытуды  бітірген  соң  жоғары  сыныптың  оқушылары  арнайы 
мамандық алып шығады. 
Компьютерлендіру  мен ақпараттандыру жөнінде үлкен жұмыс атқарылып 
жатыр.  Жыл  сайын  осы  мақсат  үшін  20  ПК  дей  алынады.  Қазіргі  кезде 
колледжде 8 мультимедиялық пен компьютерлік кабинеттер қызмет атқарады. 
10  оқушыға  1  компьютерден  келеді,  ол  республикалық  орта  көрсеткіштен 
жоғары  деңгейде.  Барлық  ПЭВМ-дер  Интернетке  шығу  үшін  локалды  желіге 
қосылған.  Ол  үшін  512  Кбит/сек  жылдамдығымен  ADSL  бөлінген  желі 
орнатылған.  Оқыту  мекемесі  отандық  жерсерік  КАТЕЛКО  теледидарына 
қосылған.  Республикалық  білімді  ақпараттандыру  орталығымен  тығыз 
байланыста [39, 271-275 бб.]. 


 
103 
Колледждің құрылымында 2001 жылдан бастап 3 бағдарламашы, 5 оқыту 
шебері  білімді  ақпараттандыру  зертханасында  (БАЗ)  жұмыс  істейді.  Әсіресе, 
Алина 
Никалаевна 
Иванова 
мен 
Олжас 
Маратұлы 
Нұрғалиевтің                         
(Қ.Н. Нұрғалиевтің немересі) келуімен жұмыс барысы жанданды. 
Зертхананың  басты  міндеті  -  колледж  оқытушыларының  жұмысын  оқу 
үдерісін  ақпараттандыру  технологиясы  арқылы  оқылатын  пәнге  байланыссыз 
арттыруды  енгізу.  Олар  үшін  үш  рет  арнайы  10-сағаттық  компьютерлік  тегін 
курстар өткізілді. 
Осындай  жұмыстың  нәтижесінде  электронды  ақпаратты-әдістемелік 
кітапхананың  қоры  құрылған  (АӘКҚ).  Ол  үнемі  оқыту  бағдарламасымен, 
отандық  және  ресейлік  авторлардың  электрондық  оқулықтарымен,  оқыту 
бағдарламаларын  қашықтан  оқытудың  отандық  арнасымен,  оқытушылардың 
оқыту-әдістемелік 
құралдарымен, 
студенттердің 
жұмыстарымен 
толықтырылады  және  оны  барлық  филиал  үнемі  пайдалана  алады.  Ресейде 
өткен Қазақстан күндерінде колледждің электрондық кітапханасының нұсқасы 
Мәскеуде көрсетілді. 
Колледждің  оқытушылары  Вахрушева  Елена  Анатольевна,  Бубликова 
Елена  Петровна,  Республикалық  білімді  ақпараттандыру  орталығымен  бірге 
«Киімді әсемдеу үлгісін», «Киімді құрастыру», «Шашты әсемдеу үлгісі» туралы 
электрондық оқулықтар дайындалды. 
2003  жылы  колледж  «Есеп-қисаптың  теориzсы»  туралы  электрондық 
оқулық  үшін  республикалық  байқауда  3  орын  алып  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды [139] 
Бұдан басқа оқытушылардың барлық жұмысы, үнемі қағаз тасымалдаушы 
түрінде шығарылады. Тек 2004-2005 оқу жылында ғана 16 оқулық-әдістемелік 
құрал арнайы пәндер бойынша жалпы таралымы 2400 дана болып шықты. 
Колледж  базасында  колледждердің  директорлары  мен  олардың 
орынбасарларының,  әдіскерлердің,  ақпараттандыру  мұғалімдері  мен  сынып 
жетекшілерінің облыстық семинарлары өткізіп тұрады. 
Өз әкесінің ұстаздық дәстүрлерін ұстана отырып, Марат Құмашұлы қазіргі 
заманға  сай  оқу-материалдық  база  қалыптастыруға  айрықша  назар  аударады. 
Қазіргі  таңда  колледжде  кітапхана  және  80  орындық  оқу  залы,  электронды 
кітапхана,  шағын  баспахана,  шаштараз  және  косметика  салондары,  тігін  және 
ұсталық  шеберханалар,  көркемсурет  залдары,  тамақтану  технология 
зертханасы,  оқу  асханасы,  тренажер  залы,  Өскемен  қаласынан  80  шақырымда 
орналасқан биік тау су қоймасының жағасында туристік базасы бар. 
Колледжге  Құмаш  Нұрғалиұлының  есімі  берілгеннен  бері  барлық  ұжым 
күнделікті  атқаратын  еңбегімен  соған  сәйкес  болуға,  оның  ардақты  атына  кір 
келтірмеуге ұмтылады.  
Құмаш  Нұрғалиұлының  кіші  қызы  –  Гүл  Құмашқызы,  педагогика 
ғылымының  докторы,  профессор,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
Республикалық  білімді  ақпараттандыру  ғылыми-әдістемелік  орталығының 
президенті, ол әкесінің идеясын одан әрі жалғастырушы. «Кез келген бала, кез 
келген шәкірт, қай жерде жүрсе де, қалада ма, әлде ауылда ма, бәрібір лайықты 
білім алуға құқылы». 


 
104 
Қазіргі жағдайда, оның пікірінше мұндай табысқа жету үшін, ақпараттық-
коммуникациялық технологияның (АКТ) педагогикалық мүмкіндігін меңгеруге 
тиіс.  АКТ  негізінде  ақпараттық  білім  берусіз  жаңа  білім  жүйесін  сапалы 
қалыптастыру  мүмкін  емес.  Білім  беруде  технологияның  рөлін  айтарлықтай 
түсіну бала кезден, отбасынан басталады. 
Гүл  Құмашқызының  республикалық  білімді  ақпараттандыру  орталығына 
(РБАО)  келуіне  байланысты  мынадай    жобалар:  ауыл  оқушыларын  қашықтан 
оқыту  және  АҚ  «КАТЕЛКО»  «Қашықтан  оқытудың  серіктестік  арнасын» 
(ҚОСА)  іске  қосу  жүзеге  асырыла  бастады.  Гүл  Құмашқызы  педагогикалық 
технологиялық электрондық оқулықтарды құрастырудың авторы, оның тікелей 
басшылығының  арқасында  жалпы  орта  білімге  арналған  117  электрондық 
оқулық және кәсіптік білім беретін 80-астам электрондық оқулық жасалды. 
Қазақстан 
Республикасының 
Білім 
және 
ғылым 
министрлігі 
ұйымдастырған  электрондық  оқыту  басылымдарының  байқауында  2003  жылы 
1  орын  алды.  Прагада  1999  жылы  халықаралық  семинарда  «Electronic 
Publishing»  ОО  Институты  Сорос  қоры  жанынан  сертификатпен  белгіленді. 
2003 жылы 803 электрондық оқыту басылымының финальдық конкурсында 136 
мемлекет,  соның  ішінде  Женевадағы  гала-байқау  бұл  басылымдарға 
қызығушылық танытты. 2001 жылы ЮНЕСКО институтының «fokal point» 34-
ің  бірі  Республикалық  білімді  ақпараттандыру  орталығы  (РБАО)  мұрындық 
болды.  ЮНЕСКО  институтында  (Мәскеу)  2003  жылдың  мамырында  ҚР 
Президентік  білімді  ақпараттандыру  бағдарламасының  тұсаукесерінде  Г.Қ. 
Нұрғалиева  модератор  болды,  оған  ТМД  елдерінен  9  мемлекеттің  өкілдері 
шақырылған.  Тұсаукесердің  материалдары  ЮНЕСКО  (ИИТО)  халықаралық 
басылымдарында кеңінен жарияланды [39, 282-286 бб]. 
Бұл  зерттеулер,  қазіргі  ұрпақтардың,  мұғалімдер  мен  оқушылардың, 
оқытушылар  мен  студенттердің  пайдасына  асуын  көздейді.  Оның  бар 
ойлайтыны - білім берудің сапасын арттыру. Мұндай құндылық әкеден қалған 
асыл мұра деуге болады. 
Гүл  Құмашқызы  ғалым  ретінде  ленинградтық  ғылыми  мектепте 
қалыптасты.  Оның  ғылымға,  жаңалыққа  деген  ұмтылысы  А.И.  Герцен 
атындағы  Ленинград  мемелекеттік  педагогикалық  институтына  әкелді.  Мұнда 
ол ғылыммен шұғылданды, тәжірибиеден өтті және аспирантурада оқыды.  
Гүл  Құмашқызының  ғылыми  жетекшісі  жалпы  педагогика  кафедрасының 
меңгерушісі,  ғылымға  еңбек  сіңірген  қайраткер,  РҒА  академигі,  педагогика 
ғылымының  докторы,  профессор  Зинаида  Ивановна  Васильева  болды.  Ол 
басқаратын  ғылыми  деңгейі  бұрыңғы  КСРО-ны  ғана  емес,  сонымен  бірге, 
Шығыс Еуропа, Куба, Вьетнам елдерін де қамтитын [39, 288 б.]. 
Зинаида  Ивановна  Гүл  Құмашқызы  үшін  тек  ғылыми  жетекші  ғана  емес, 
өмірдегі  нағыз  ұстазына  айналды.  Аспирантурада  оқып  жүрген  кезде  Гүл 
Құмашқызы  көп  нәрсені  үйренді:  шынайы  зерттеушілікке,  лекторлық 
шеберлікке, ұжымдық, өз-ара қарым-қатынаспен оны басқаруға қалыптасты. 
Құмаш  Нұрғалиұлы  қызының  ізденістігіне,  талантына,  сүйсіне  қараумен 
қатар,  оның  жан-жақты  білім  алуына  жағдай  жасады,  қызының  еліміздегі 
жоғары  оқу  орынының  жетекші  педагогикалық  кафедрасында  оқығанын  және 


 
105 
жұмыс істейтінін мақтаныш ететін. Құмаш Нұрғалиұлы өзі ерекше бағалайтын 
Ленинградта  қызының  оқып  жүргенін  қадір  тұтатын.  Ол  институтта  алған 
білімнің жеке тұлғаны қалыптастыруда айтарлықтай ықпалы болатынын түсіне 
отырып,  қоршаған  ортанын  да  театр,  мұражай,  кітапхана,  аспиранттар 
арасындағы қызу талас, ақыл-кеңес, ұзақ әңгімені де пайдасы бар екенін жоққа 
шығармайтын. 1985 жылы Құмаш Нұрғалиұлы талантты қызының кандидаттық 
диссертация  қорғағанына  қатысып,  сөз  сөйледі.  Кафедраның  және  докторлық 
кеңестік  мүшелері  күні  бүгінге  дейін  Құмаш  Нұрғалиұлының  жарқын  сөзін 
мектеп басшы ретіндегі мазмұнды сөзін, оқу тәрбие үдерісін демократиялумен 
адамгершілікке бағытталған ой-пікірін ұмытқан жоқ. 
Ленинградтық  ғылыми  мектептен  тиянақты  білім  алып  қайтқан  Гүл 
Құмашқызы  Қазақстанға,  өзін  туған  институтына  келіп,  педагогикалық 
қызметке  кірісіп  кетті,  ғылыммен  одан  әрі  айналысты,  39  жасында  тұлғаның 
құндылығын  межелеу  проблемасы  жөнінде  докторлық  диссертацияны 
ойдағыдай  қорғап  шықты.  Сол  кездегі  республикадағы  ең  жас  педагогика 
ғылымдарының докторы атанды. 
Қазір  Қазақстанда Гүл  Құмашқызының  өзінің  ғылыми  мектебі  бар.  Оның 
басшылығымен 50 доктор және ғылым кандидаттары дайындалды. 
Гүл  Құмашқызы  Халықаралық  ақпарат  академиясының  академигі, 
Халықаралық  әлеуметтік  ғылым  академиясының,  Қазақстан  педагогикалық 
ғылым  академиясының  академигі.  Гүл  Құмашқызының  ғылыми-теориялық 
қызығушылық саласы барынша кең, ол негізінен 3 бағытты қамтиды: тұлғаның 
құндылығын  межелеу  проблемасы;  кәсіптік  білім  берудің  әдістемесі  мен 
теориясын  дамыту;  АКТ  негізінде  білімді  ақпараттандырудың  педагогикалық 
технологиясы. 
Ол өзінің атқарып жүрген қызмет саласында Қазақстан Республикасының 
«Ерен  еңбегі  үшін»  медалімен,  Кембридж  университетінің  «Ғылымға  қосқан 
үлесі» медалімен марапатталса, 2004 жылы Қазақстан Республикасының Білім 
және ғылым министрлігінің «Білім беру саласына ерекше сіңірген еңбегі үшін» 
төсбелгісімен марапатталды [140]. 
«Менің  ағылшын  тілі  мұғалімі  мамандығын  таңдауыма,  – деп еске  алады 
Манира  Құмашқызы,  –  әкем  тікелей  әсер  етті.  Ол  адамның  мәдениеттілігін 
шетел  тілін  білуімен  байланыстыратын.  Бүгінде,  жасымның  ұлғайған  кезінде, 
оның көрегендігіне қайран қаламын. Ол өз уақытынан озық адам еді. 
Біз отбасында 5 бала болдық. Әкеміз бізге қатал қарайтын әрқайсымызды 
құрметтей, жақсы көре отырып, әділ талап қоятын. Біз әрқайсымыз бір-бірімізге 
деген  жауапкершілікті  сезінетінбіз.  Мысалға,  мен  институтта  оқып  жүрген 
кезде  озат  студент  ретінде  Мәскеудің  Морис  Торез  атындағы  шет  тілдер 
институтына ауысуыма ұсыныс жасалынды, бірақ мен Алматыға оқуға келдім, 
ондағы  ойым  сол  кезде  әскери  училищеге  қабылданған  Мақсатпен  бірге  болу 
еді» [39, 254 б.]. 
Институтты ойдағыдай бітірген соң, ол Өскемендегі № 38 арнайы мектепте 
балалардың,  тілге  деген  сүйіспеншілікті  арттырып,  ағылшын  тілінің  мұғалімі 
болып,  ұзақ  жыл  еңбек  етті.  Бәрі  де  айтарлықтай  өте  жақсы  болатын.  Оның 


 
106 
ғажап  сабақтарын  оқушылар  ұмытпай,  ризашылығын  білдіріп  хат  жазып, 
құттықтаулар жебереді. 
Құмаш  Нұрғалиұлының  күш-қуаты,  жаңалыққа  ұмтылуы  Манира 
Құмашқызына  берілген,  оған  тек  таңғаларлықтай  ырзалықпен,  жақсы  ниетпен 
қарауға болады. Ол студентермен тек қана күнделікті сабағын өткізбей, ең жаңа 
идеяларды,  осы  заманның  талабына  сай  қазіргі  оқыту  әдістемесін,  жаңа 
ақпараттық-коммуникациалық  технологияны  өмірге  енгізіп,  сабақ  барысында 
қолданады.  Республикада  Манира  Құмашқызы  ағылшын  тілінің  бірнеше 
электрондық  оқулықтарының  авторының  ең  алғашқыларының  бірі  болып 
табылады («Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы», «Ағылшын тілі» 5, 
7 және 11сыныптар үшін және т.б.) 
Манира Құмашқызы өзінің айтулы еңбектері үшін «ҚазКСР халық ағарту 
ісінің  үздігі»  атанды,  Құрмет  белгісімен  марапатталды,  республикалық 
байқаудың  лауреаты  болды,  оған  жыл  мұғалімінде  «Жоғары  категориялы 
мұғалім» деңгейі берілді. 
Санай берсек бұл отбасынан отыз алты ұстаз. 
Қазақтың  маңдайына  біткен  ардагер  азаматы,  оқу-ағарту  саласының  ірі 
ұйымдастырушысы,  жаңалыққа  жаны  құштар  ізденімпаз,  мыңдаған  дарынды 
шәкірт дайындаған тәлімгер, Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевтің 
ұлы бастамасы бүгінде одан әрі жалғасын табуда. 
Бір  отбасынан  қырыққа  жуық  мұғалім  шығу  сирек  құбылыс,  нақты  отыз 
алты  және  қандай  мұғалімдер  дейсіз  ғой.  Бірінен  бірі  асып  түсетін,  бірінің 
ұстанымын  екіншісі  толықтыратын  кілең  жасампаз  жаңашылдар,  жастардың 
бақытына  жаралған  көшбасшы  ұйымдастырушылар.  Құмаш  Нұрғалиұлының 
кез-келген  баласы  қоғамға  пайда  келтіретін,  тиімді  іс  тындыратын,  білім  мен 
ізгілік қана мұратқа жеткізеді, деп үнемі ілгері ұмтылатын көргенді ізденімпаз. 
Қай-қайсысы  да  әке  абыройына  дақ  түсірмейтін,  әулеттің  даңқын  арттыратын 
текті  ұрпақ.  Осы  педагогикалық  әулетте  кезінде  әке  жетпеген  арман-
мұраттардың жарқын көрінісі егеменді еліміздің білім саласына қосқан, әлі де 
қоса  беретін  республикамызға  ғана  емес,  халықаралық  деңгейде  танымал  ұл-
қыздарының шығармашылық, педагогикалық еңбектері бүгінде халық игілігіне 
айналуда.  Бұл  тұрғында  Абылай,  Абай  әулеттерінің  тарихта  қандай  орны  бар 
екенін  ескерсек,  Нұрғалиевтер  әулетінің  де  ұлт  сана-сезіміне  игі  әсер  етер, 
ілгері ұмтылуға септігін тигізер тағылымы мол екенін айтуға тиіспіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет