Циклограмма І апта ( қазан, 2021ж.)



бет13/65
Дата09.04.2022
өлшемі495,29 Kb.
#30445
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Байланысты:
706057057 (2)

Сиқырлы микрафон.
Балаларды мадақтау.

Дидактикалық ойын: «Менің отбасым»

Балалар доп арқылы отасындағы адамдарды айтады.



Сергіту сәті

Иіліп оңға бір, иіліп солға бір,

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

  Қорытынды

Балалар, біз бүгін кімдер туралы білдік?

Сонда отбасы деген не?   

Балаларды мадақтау.  
3.


1.Жаратылыстану

Тақырыбы :Бақшадағы көкөністер

Мақсаты :Көгөністерді тану және олардың атауын білу қабілетін дамыту; бау-бақша дақылдарын өсіру туралы түсінігін кеңейту. Балалардың ойлау қабілетін күшейту. Еңбекқорлыққа баулу. Оқу қызметінің барысы.

Ұйымдастыру.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі екенің қайдан білдіндер?

Аптаның қай күні?

Ал,қазір қай уақыт?

Шаттық шеңбері

Жарқырайды күннің көзі,

Нұрын шашып далаға.

Күн сәулесін төгеді,

Бақыт сыйлап балаға.

«Сиқырлы қорапша» ойыны.

Балаларға қорапты көрсетіп,жетелеуші сұрақтар қоямын.

-Балалар,қалай ойлайсыңдар,мына менің қолымдағы қораптың ішінде не бар?

Балалардың жауаптары.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын, жұмбақты шешсеңдер қорапта не бар екенін білесіңдер.

Жұмбақ жасыру.

1.Іші жұмсақ,сырты қатты,

Еті қызыл,сүті тәтті.

2.Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

3.Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық.

Дұрыс.


Көгөністер қайда өседі?

Көгөністер қандай болады?

Көгөністерді неліктен пайдалы дейміз?

4. АКТ . Слайд Көкөкністер

Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар. Көкөністер бақшада өседі.

 Топтық жұмыс

Үстелдің үстінде жатқан қағаз қиындыларын құрастыру. (әр үстелде көкөністердің суреттері құрылады. Сол құрылған сурет топтың аты болады.)

1 – топ қызанақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).


2 – топ орамжапырақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).
3 – топ сәбіз туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).

Әр топ түсінік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет