3. Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Аттап жүру
Мақсаты: Қапшықты нысанаға лақтыруды үйрету.
Көзбен мөлшерлей білуді үйрету.Гимнастикалық баспалдақпен өрмелеуге жаттықтыру
ҰОҚ өтілу барысы:
Балалармен амандасуҚапшықты нысанаға лақтыру
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Шеңбер бойы жылжымалы қадаммен жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
3.Жалпы даму жаттығулары:
1. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары төменде. Басты оң жақ, сол жақ иыққа қою/5 рет/
2. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары бүйірде. Оң және сол иықты көтеріп- түсіру./ 6 рет /
3. Аяқтары алшақ қойылған. Алдыға еңкейіп, қолдарды артқа тығу, денені тік ұстап, қолды алдыға созып алақанды жоғары ұстап көрсету /5 рет/
4. Кеуденің жоғарғы бөлігін сәл еңкейіп, қолдарын тізеге қою; тізесін бүгіп солға қарай (сағат тілімен), одан кейін оңға қарай (сағат тіліне қарсы) дөңгеленіп айналады./6 рет /
5. Орнында тұрып, қол белде 8-10 рет секіріп, жүру. /6 рет қайталау./
Достарыңызбен бөлісу: |