Гистологияның электронды микроскоптық кезеңі 1950 жылдан басталады. Гистологияның ілгері дамуына неміс ғалымдары Е. Руска, М. Кнолль, Б. Боррненің электронды микроскопты 1928-1931 жылдары ашулары мен оны гистологиялық зерттеулерде 50-ші жылдардың басында қолдануы әсерін тигізді. Жасушаның құрылысы қысқа мерзімнің ішінде ультрақұрылымдық деңгейде зерттелді. А. Родин пероксисомаларды 1954 жылы ашты. 1955 ж. екі ірі ғылыми жаңалықтың ашылуымен сипатталды: Г. Паладе рибосомалар мен эндоплазмалық торды, К. де Дюв лизосомаларды ашты. 60-шы жылдардың басында сол кезеңге дейін белгісіз болған органеллалардың барлығы анықталды. Жәй микроскоптың деңгейінде белгілі болған органеллалардың нәзік құрылымы белгілі болды. Электронды гистохимия мен электронды ауторадиография әдістері 60-80 жылдары дами бастады. Барлық жасушалардың, тіндердің және мүшелердің электронды микроскопиялық сипаттамасы осы кездерде аяқталады. Ультрқұрылымдарды үлкейтіп көрсететін сканерлік электрондық микроскоптар гистологиялық зерттеулерге енгізіледі.
Догель Александр Станиславович 15.01.1852-19.11.1922 жж. Лаврентьев Борис Иннокентьевич 01.08.1892-09.02.1944 жж. Заварзин Алексей Алексеевич 13.03.1886-25.07.1945 жж. Қазақстан ғалымдары да: академик Ф. Мұхамедғалиев, Қазакстан ҰҒА-ның корреспондент мүшелері Т. Масенов, А. М. Мырзамадиев, А. Рақышев, профессор Г. Мұсағалиева, биология ғылымдарының докторы, профессор М. Нұрышев т. б. гистология мен цитологиянын дамуына белгілі дәрежеде өздерінің үлестерін қосты.
3. 1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн көптеген деректік материалға сүйеніп клеткалық теорияны құрастырды. Т. Шванн клетканы өсімдіктер мен жануарлардың универсалдық құрылымдық компоненті деп қарастырды. Алайда, М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі клеткалар құрылымы жоқ заттан пайда болады деп қате түсінген. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртұтас екендігін көрсетеді. Оның биологияның дамуына ғана емес, философияның да дамуына үлкен прогрессивтік әсері болды. Ф. Энгельс клеткалық теорияны XIX ғасырдағы үш ұлы жаңалықтың (энергияның тұрақтылық заңы, клеткалық теория және Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Клеткалық теория шыққаннан кейін 20 жылдан соң неміс дәрігері Рудольф Вирхов (1859) клетка клеткадан ғана пайда болады деген қорытынды жасап клеткалық теорияны одан әрі дамытты.