5
Тіршіліктің негізгі бөлігін клеткалық формалар құрайды. Олар екіге бөлінеді:
Прокариоттар.
Эукариоттар.
Прокариоттарға - бактериялар мен көк жасыл балдырлар жатады. Бұлар ядроға дейінгі организмдер, қалыпты ядросы болмайды, генетикалық материалдары бір жіпшеден тұратын, сақина тәрізді ДНҚ - оны генофор немесе нуклеоид деп атайды. ДНҚ жіпшесінде белок гистондар және цитоплазмасында митохондриялар, пластидтер, центриолдер болмайды.
Эукариоттарға – бір және көп клеткалы қалыпты ядросы бар организмдер жатады. Олар қарапайымдар, өсімдіктер, жануарлар және адамдар. Генетикалық материалдары хромосомаларда орналасқан. Хромосома - ДНҚ жіпшесінен және белок молекулаларынан тұрады. Барлық органидтары бар. Бөлінуі митоз жолымен жүреді.
А - жануар Б - өсімдік В - бактерия Клеткалық формалардың түрлері Эукариотты жасушалардың негізгі тұқым қуалайтын материалдары ядрода, ал оның кішкене бөлігі цитоплазмада орналасқан. Цитоплазмадағы тұқым қуалайтын материал жасушаның органоидтарында – митохондрияларда және пластидтерде болады, ол сақина тәрізді ДНҚ молекуласынан тұрады.
Цитоплазмалық тұқым қуалаудың көрініс беруі ядродағы ДНҚ-ның бақылауында болады және жұмыртқа жасушасының цитоплазмасы арқылы берілетін, аналық ерекше біржақты тұқым қуалау типі болып табылады. Цитоплазмадағы тұқым қуалау бастамаларын плазмондар, ал бастаманың өзін – плазмагендер деп атайды.
Өткен жүз жылдықтың 80-ші жылдары эукариот жасушаларының ядросында жіп тәрізді құрылымдар - хромосомалар анықталды. Ядродағы хромосомалардың құрылысы күрделі, ДНҚ мен гистонды белоктардан тұрады. Хромосомалардың қызмет атқарулары митотикалық циклдың кезеңдері мен фазаларындағы құрылымының ұйымдасу жағдайына байланысты.
Дәріс тыңдағандарыңызға рақымет!