МарчеллоМальпиги 10.03.1628-30.11.1694 жж. Өсімдіктер анатомиясы, 1671 ж. Неемия Грю 26.09.1641-25.03.1712 жж. Антони ван Левенгук 24.10.1632-23.08.1723 жж
XVII және XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың басында ғалымдар өз назарын клетканың ішкі құрылысына аудара бастады. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткадағы ядроны (1825) байқады. Оны алғаш тауық жұмыртқасынан тауып, ұрық көпіршігі деп атады. Кейінірек өсімдік клеткасының ядросын 1831 жылы британиялық ботаник Р. Броун ашты. Осыдан соң клетканың қалған құрылымын атау үшін австриялық анатом, гистолог Я. Пуркинье протоплазма (1839-1840) деген термин енгізді. Сонымен 1830 жылдары өсімдіктер анатомиясын зерттеу ісінде елулі жаңалықтар ашылды. Барлық өсімдіктер организмінің құрылымдық элементі жасуша екендігі белгілі болды.
XIX ғасырдың басында микроскоптық зерттеулердің кең таралуы клеткалық құрылыстың өсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне де тән екенін көрсетті. Бұл бағытта Я. Пуркинье мен И. Мюллердің мектептері көп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста Пуркинье өзінің шәкірттерімен бірге (әсіресе Валентинмен) адам мен жануарлардың әр түрлі ұлпаларын зерттеді. Пуркинье микроскопиялық анатомияның ғана емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың да негізін салушылардың бірі болды.
Роберт Броун 21.12.1773-10.06.1858 жж. Якоб Маттиас Шлейден 05.04.1804-23.06.1881жж. Неміс ботанигі Шванн, Теодор 07.12.1810-14.01.1882 жж. Рудольф Людвиг Карл Вирхов 13.10.1821-05.09.1902 жж. Ян Эвангелиста Пуркинье (1787-1869, Австрия) Иоганн Петер Мюллер 14.07.1801-28.04.1858 жж. Неміс биологы
Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бұл сала Ресейде де дами бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харьков (1867), Қазан (1871), Томскі (1883) университеттерінде және Санкт-Петербургтің Дәрігерлік-хирургиялық академиясында (1869) гистология кафедралары ашылды. Орыс ғалымы гистолог-эмбриолог А. С.Догель (1852-1922) гистологтар мектебін Томскіде, кейіннен Санкт-Петербургте ашқан. Ол өз еңбектерінің көпшілігін вегетативтік нерв жүйесі мен сезім мүшелеріне арнаған. А. С.Догельдің шәкірттерінің бірі — академик А. А.Заварзин (1886-1945) болды. Совет ғалым - гистологтары Б. И. Лаврентьев пен А. А.Заварзин нерв жүйесінің салыстырмалы морфологиясын, А. В. Немилов пен А. В. Румянцев ішкі секреция мүшелерінің құрылысын, Н. Г. Хлопин ұлпалардың құрылысы мен дамуын, Г. Н. Хрущев лейкоциттер жүйелерінің салыстырмалы гистологиясын зерттеуде үлкен табыстарға жетті.