«comparison» Дескриптор



Дата29.09.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146093
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР


Топтарға тапсырма: «COMPARISON»
Дескриптор:
Берілген ақпаратты оқып, талдайды;
Мейоз процесін сипаттайды;
Митоз процесін сипаттайды;
Мейоз және митозды салыстырады.
Митоз — дене (соматикалық) жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің бір түрі, ол ДНК ақпаратын толық қатесіз көшіреді, жаңа жасуша тудырады. Митозтоздық бөлінуі кезінде бір диплойдты жасушадан (2n) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплойдті жасуша түзілген. Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңі — интерфаза кезеңінде, сонымен қатар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды, ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайды. Митоз 4 фазадан тұрады. Митоз көп жасушалы ағзалар жасуларының көбеюінің негізгі жолы болып табылады.
Мейоз — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Бұл тапсырма арқылы оқушылардың оқу сауаттылығы және ғылыми
сауаттылығы артады
Топтарға тапсырма: «ANALYSIS»
Дескриптор:
Берілген дисктегі суреттерді ретімен орналастырады;
Продуценттерді атайды;
Консументтерді атайды;
Экологиялық пирамиданы дисктің көмегімен түсіндіреді.
Бұл тапсырма арқылы оқушылардың аналитикалық талдау
қабілеттері дамиды
Топтарға тапсырма: «MECHANISM»
Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.
Дескриптор:
Берілген құралдардан жел энергетикасын құрастырады;
Жел энергетикасын сипаттайды.
Бұл тапсырма арқылы оқушылардың креативті ойлау
қабілеттері дамиды, яғни жел энергетикасын құрастыру арқылы өз идеяларын ортаға салады
Топтарға тапсырма: «3 D LAYOUT»
Дескриптор:
Асқорыту жүйесі туралы ақпаратпен танысады;
Асқорыту жүйесін ретімен бейнелейді.
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Бұл тапсырма арқылы оқушылардың шығармашылық және
сауаттылығы қабілеттері дамиды, себебі ақпаратты дұрыс жазу, ретімен бейнелеп көрсету қажет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет