Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)
Ғылыми стиль Ғылыми стиль- функциональдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айрықша бір түрі. Ғылыми стиль жазба стильге жатады,оғаг әр ғылым саласында жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер,оқулықтар кіреді. Ғылыми стил өз ішінде шағын стильдерге де бөлінеді. Ғылыми стильде зерттеу нысаны болған зат пен құбылыс ғылыми негізде сипатталып, белгілі теориялық негіздермен дәлелденіп, логикалық жағынан негізгі ой мен құбылыстың байланысы нақтыланып, белгілі жүйеге құрылған хабарлы, өзекті,дәлелді,ой қисыны қорытындыланған ғылыми тұжырым жасалынады. Деректі ғылыми пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ой бөліктерінің жиынтық операциясы құрастырылып, ол белгілі ғылыми жүйемен сұрыпталып ойлау ынының негізгі анықтама байламы шығады. Сондықтан ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі-оның белгілі бір заңдармен қағидаларға сүйеніп, белгілі шарттылық ұғымын қанағаттандыру идеясын қамтиды,яғни бұрынғы қарастырылып отырған зат пен құбылысты дамытуға, түрлендіруге, басқаша сипаттауға, толықтыруға, теңестіруге, қарсылық жасауға т.б. ой мен тұжырым негіздерін басшылыққа алады. Осыдан келіп логикалық тепе-теңдік, қарама-қарсылық, терісті теріске шығаруы т.б. заңдармен негізделіп жасалынады.
Ғылыми стильдің ірі және шағын жанрлары болады. Ірі жанрларына жеке автордың және ұжымдық ғылыми еңбектер жатады: диссертация, инциклопедия, сөздік, оқулық, реферат,тезис,рецензия т.б жатады.
Ғылыми деректерді деңдейлік тұрғыдан қамтамасыз ететіндер алғашқы, кейінгі болып бөлінеді.
Алғашқы ғылыми жанрдың мақсатын белшілеу алғашқы ғылыми деректерді зерттеу нәтижесінен алынады, кейінгі ғылыми жанрлар алғашқы ғылыми деректердің соңғы жетістіктерін тиянақтап тұрады. Ғылыми стильдік жанрларының деректі коммуникативтік-прагматикалық функциясы жалпы ғылыми стильдің аумағында қаралады.
Ғылыми еңбектердің мазмұндық, ақпараттық,деректемелік, эпистемиалық формасын беретін жанрлық түрлері аз емес. Олардың қатарына мыналар жатады.
-академиялық еңбек, жеке ғылыми еңбектер, монография, мақала, диссертация, тезим, хабарлама, реферативтік-реферат, шолу, түйіндеме;
-анықтама-энциклопедия, энциклопедиялық сөздік, анықтама сөздікте;
-ғылыми-бағалағыштық рецензия, пікір, эксперт қорытындылары;
-полемикалық сөз дискуссиялары, ғылыми оқулық, оқу құралы, оқулық лекциялар жинағы;
- ғылыми-әдістемелік-әдістемелік құралдар, оқу жоспарлары, ғылыми-іскери-авторлық куәлік, жарнамалық, патент.
-өзегі;
-шеткі;
-шекаралық.
Ғылыми стильдің барлықжанрларының негізгі өзегі мен шеткі аймақтарында стилистикалық категория мен стилистикалық норма өзара белгілі прагматикалық қызметімен көрінеді.
Ғылыми стильдің негізгі өзегіне жататын монография және реферат аралығында ғылыми стильдің стилистикалық тапсырмасы стандарттық тілдік бірліктері арқылы жүзеге асады,бұл ғылыми стильдің стилистикалық нормасын қамтамасыз етеді.
Монография ғылыми ойдың көп аспектілі мазмұнын құрайтын күрделі композициялық құрылымды, теориялық және эмприкалық мазмұнының жаңашылдығын меңгертеді.
Пікір ғылыми еңбектің мазмұнын қысқаша жүйелейді. Зерттеудің негізгі проблемасына бас көңіл аударады, авторды, мақсаты мен міндетін қайта қарайды, таза ғылыми стилистикалық норма қолданылады. Адресат қабылдаушы ғылыми рецензияда ерекше прагматикалық бағыт ұстайды, өзі пікір білдіріп отырған ғылыми еңбекке стилистикалық бағалау категориясын береді.
Ғылыми стильдің жанрлары бір-бірін толықтырып, бірінің идеялық мазмұнын ашып, стиоистикаоық бағалау категориясымен жүйелеп түсіндіруді негіз етіп, стилистикалық гипотезиялық категорияны басшылыққа алып отырады.
Ғылыми рецензияда стилистикалық норма стандартты тілдік бірліктерді құрайды. Ғылыми рецензияда стилиситикалық бағалау категориясына қатысты лексикалық бірліктер жиі ұшырасады. Рефераттың ең көлемді түріне диссертацияның авторефераты жатады. Автореферат диссертациялық жұмыстың ең өзекті бөлігін қамтиды. Автореферат «сыналады», «адресті» , «үкімдік», «құқықтық» функцияларды да қарастырады.
Авторефераттың негізгі жән шеткері аймақтарыныда стандартты стилистикалық констукциялар жиі қолданып отырады: автордың пікірі бойынша, оның жаңалығы мынада: зерттеудің басты өзектілігі; зерттеу материалдары мына ғылыми зерттеу нысандарында пайдаланады т.б.
Ғылыми стильде прагматикалық, экстралингвистиклық факторлармен қатар ойлау стилінің қызметі стиль жасаушы фактор ретінде айрықша көзге түседі. Ғылыми стильде әлеуметтік өмір мен құбылыстың табиғатын түсіндіруде автор бірнеше ойлау стилін басынан кешіреді, оған ішкі ойлау мүмкіндіктері жатады адам ойы ғылыми ақпаратты іштей өңдейді, сыртқы ойлау стилі ғылыми ақпараттың өзіне дейінгі моделін тани отырып, жаңаша ғылыми мәтін моделін қалыптастырады.
Ғылыми стиль және оның барлық жанрларын ойлау мен фантазия қатар жүреді, сондықтан ғылыми стильдің гипотезиялық стилистикалық категориясын құрайтын тілдік бірліктерді қолданады.
Ғылыми стиль ойлау стилінің негізінде жасалынады, осыдан оның екі бағыты шығады: біріншісі – дискретті логикалық; екіншісі – психологиялық. Олар ғылыми баяндаудың ерекшеліктерін анықтайды, ғылыми мәтіннің прагмастилистикалық табиғатын толық ашуға мүмкіндік береді.
Ғылыми мәтінде ойлау стилі дискретті логикалық және қисындылық біліктілікті көрсете отырып, білімді ғылыми еңбектің незігінде қажетті танымдық пайымдау ретінде жүзеге асырады. Ғылыми мәтінде жаңадан жаңа тудырып отыру міндеті тұрады, бірақ оның өзі логикалық жағынан аяқталмағандықтан, кейде өзінің жалғасын күтеді. Ғалымның жеке стильдік ерекшеліктерін құрау алдын ала келісіп алынған жағдайда өтеді. Автор өзінің дара стилінде, ғылыми дискретті логикалық стилінде құрылымдық талдауға көп көңіл бөледі, терминдердің дифференциясына маңыз беріп отырып шындықтың, болмыстын бейнелеу нәтижесі іспетті терминдерді қалыптастырады, белгілі категорияларға бөлу тәртібін өте анық құрастырды, тілдің логика семантикалық жағына көңіл бөле отырып, кесте таблица, диаграммаларды дұрыс құруды басшылыққа алады.
Автор психологиялық танымдық ойлау стилі арқылы ғылыми мәтінді нақты жүйелілік сипатынан ажыратылады, әрқайсысы жеке қарым қатынасқа түсіп, кейбір терминдер концептуалды метафора құруға икеділік танытады.
Ғылыми стиль – жазба ситльге жатқандықтан, жазба стильдің өзіне тән қызметі болады. Жазба стиль әр уақытта біркелкі болмайды. Ғылыми стильдің ең басты лингвистикалық белгілері, яғни басқа стильдерден ажыратылатын стилистикалық нормалары болады. Ғылыми стиль қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің негізгі көрсеткіші болғандықтан әдеби тіл нормаларының басты өлшем шарттарын толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Тілдік норманың шарттары ұлттық тілдің құрылымдық өзіндік ішкі заңдылықтары болып саналады. Ғылыми мәтінде осы ұлттық тілдің табиғи сипаты толық сақталып, басқа стильдерден өзгешеленетін айырым белгілермен ажыратылып тұрады.
Ғылыми стильдің лексикамен алып қарағанда, басқа функциональдық стильдің өзіне тән белгілерін салыстыру арқылы оларға қатысты лексикалық нормалар межесін анықтау қажеттілігі туындайды. Лексика саласындағы тілдік нормаларды зерттеушілер «үш салаға бөліп қарау керек» деген пікірді тілге тиек етіп жүр. Оның ең бастысы жалпы жазба әдеби тілдік сөз нормалары болып табылады, осы тұрғыдан келгенде ғылыми мәтіндерде лексикалық норманың өзіндік дербестігін танытатын стильдік ерекшелігімен өзгешенетін стилистикалық нормаларын талдап, толықтыру керек болады.
Ғылыми стильде сөз әлемі өзінің сан алуан мағынасы мен жұмсалу ретіне қарай қисыны, дәлдігі, анықтығы, терминдік атаулық мағынасымен ерекше көзге түседі. Ғылыми мәтіндегі лексикалық нормалар ғана емес, грамматикалық және синтаксистік нормалар бүгінгі қазақ ұлттық ғылым тілін жасауда өзінің даму, өзгеру, толығу, жетілу процесінде ғылыми стильдің стилистикалық нормасының басты талаптарын орындайды.
Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданылатындығы, сөйлемнің анық, түсінікті болуы ғылыми жазбалардың стильдік белгілері болса, мұнда да жалпы тілдің ортақ нормаларымен қатар ғылыми стильдің стилистикалық нормалары тұрақтанады. Стилистикалық норма ғылыми стильдің стилистикалық категорияларынан түзіледі.
Ғылыми стильдің стереотиптік композициялық құрылысы коммуникативті прагматикалық мақсатты қамтамасыз етіп отырады: ғылыми мәтінді қабылдау мен өрістеудің дәл көрінісін береді, ғылыми баяндаудың анықтығын тануға мүмкіндік туғызады, адресаттың түсінуі мен қабылдауына сәйкес жоспарланады.
Ғылыми стильде нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды, морфологиялық тұлғалардың да жалпы тілдік грамматикалық варианттары жұмсалады. Сөйлем құрылысы да тілдік норманың қатаң тәртібін сақтайды. Сөздердің дәл мағыналарын жұмсау үстем болады, баяндау барысында синтаксистік нормалардың жалпы әдеби нормадағы варианттарына жол беріледі. Бұл стильде ғылыми терминдердің оның ішінде маманық терминдерінің қолданылуы ғылыми мәтіннің стильдік белгісі әр стилистикалық нормасы болып табылады.
Ғылыми стиль сыртқы элементтері қалыптасқан арнайы тақырыптан тұрады.
Онда ғылыми еңбектің жалпы мақсат мүддесін анықтайтын мәліметтік , жарнамалық көкейтесті негізгі идеясын ашатын ғылыми ой пікірдің негізі алынады. Ғылыми стильдің құрылымдық элеметтері болады. Олар: аталуы, яғни еңбектің тақырыбы: мәліметтік, хабарлау, ғылыми еңбектердің негізгі тақырыбы алынады. Кез келген ғылыми еңбектің тақырыптық атауы хабарлама түрінде баяндалады. Мысалы, қазақ тіл ғылымы туралы «Қос сөздердің табиғаты» деген тақырып осы ғыыми зерттеудің негізгі мазмұнын ашады, қос стильдің тақырыбының өзі ақ зерттелгелі отырған сол ғылым саласының негізгі мазмұнының тақырыбын терминдік атау арқылы береді. Қос сөздер қазақ тіл ғылымының зерттеу нысаны болғандықтан, өзіне тән ерекшеліктермен лексико - грамматикалық категория ретінде танылып, іштей құрамдық құрылымдық, мағыналық тұрғыдан талданып, таратылып айтылады.
Ғылыми стильдің кіріспе бөлімінде ғылыми зерттеудің тарихын, жазылу себептерін жаңалығын қысқаша баяндап береді. Ғылыми стильдің негізгі тарауы зерттеу нысанымен тікелей қарым қатынасқа түседі. Тілдік лексикалық қабатының негізгі ғылыми стильге тән сөздік қоры пайдалынады. Ғылыми стильде жазылатын еңбек өзінің мағлұматтарын ғылыми тәжірибеден алады. Ғылыми стильге жазылған шығарманың толық тілдік құрылымға енуіне ойлаудың логикалық пен нысаналыққа, дәлдік пен нақтылыққа, жүйелікке құрылуына тікелей байланысты болады. Ғылыми стильдің тарауларында зерттелінген құбылыс пен заттың жан жақты тарихи мәні ғылыми тұрғыдан сараланып, толық мәлімет жинақталып, белгілі түйінмен тараудың негізгі мазмұнын логикалық жағынан аяқтап беріп отырады.
Ғылыми мәтіннің сыртқы элементтерінің бірі – қорытынды. Қорытынды бөлімде зерттеудің толық сипатын жан жақты қорытындылап, зерттеудің негізгі мақсат міндетінің нақты мәнін қысқаша мазмұндайды.
Ғылыми стильдің негізгі сөздік қоры – терминдер. Бір қоғамның, бір мемлекеттің ғылыми стилін толық қалыптастыру ұлттық әдеби тілдің лингвистикалық белгілерінің көп қырлы құбылыс екенін танып, оның функциональдық қызметін толық көрсету болып табылады.
Ғылыми стильдің терминдік атауларымен қатар сөздік қорында мағыналық ауысу баламасы табылған сөздер де кездесіп отырады. Ғылыми стильдің кейбір түрлерінде ғылыми публицистикалық стильде фразеологиялық, метафоралық сияқты ойлау қызметінің әмбебап механизмдері арқылы танылатын таным процесіне тікелей қатысты сөз оралымдары да кездесіп қалады. Ғылыми стильде ауызекі сөйлеу тілі мен эмотивті тілдік құралдар қатыспайды, бірақ мүлдем жоққа шығаруға болмайды, ғылыми танымдық, ғылыми әдебиеттерде эмотивті тәсілдер қатыса алады.
Ғылыми стильде метафоралар кездескенмен, оның бейнелілік, көркемдік қасиеті бәсең болады. Мысалы: Франция – көне мәдениет ошағы, философия – барлық ғылымдардың атасы, Әдеби тілді байытып, қорландырып отыратын нәрлі бастаудың бірі – халық тілі. Ғылыми мәтіндерден алынған Франция – ошақ, философиялық – түп атасы, метафорлық қолданыста алынып тұрғаны байқалады. Бұл ғылым тілінде концептуалдық метафора деп аталынады, ол өзінің бейнелілігін жоғалта отырып, жаңа лексикалық мағына мен терминдік атауға ие бола алатын сөздер тобы. Ғылыми стильдің негізгі тілдік бірлігі терминдер болғанмен, деректі дерексіз уәж атаулары болып келеді. Мысалы: өлең, тармақ, бунақ, шумақ, дыбыс, әріп, лекция, категория т.б. деректі зат есімдер жаратылыстану ғылымдарында көп кездеседі. Сын есім жиі қолданысқа түседі, себебі ғылыми негізге алынған зат пен құбылыстың айрықша белгілері мен қасиеттерін анықтау үшін стилистикалық бағалау категориясы ретінде жұмсалады.
Ғылыми стильдің грамматикасының жазылуы мәнерінің екі түрі бар. Бірі – стильдік мәнері толық қалыптасқан, екіншісі ғылыми стилден ауытқушылығы басым келетін ғылыми шығармалар. Ғылыми стильдегі жазылған шығармаларда лексикалық құрылымдық компоненттері дайын тілдік бірліктер кездеседі. Ғылыми шығарманың бір беттік мәтініндегі әр азат жолдың аясындағы етістікті дайын тілдік бірліктерді алып қарастырайық. Мысалы: өнер болып табылады, үлгілерін қалдырған, сөз қозғайды, сәйкес келеді. Осы дайын етістікті баяндауыштар зерттелініп отырған ғылымының біріншіден, өнер ретінде көрінуін; екіншіден, оның тарихта, қоғамда сақталғанын; үшіншіден, зерттеліп отырған зат пен құбылыстың басқа да өнер атаулымен ортақтығын, үндестігін көрсету үшін; көруге болады арқылы ғылыми ақиқаттың жан жақты әдіс тәсілін дәлелдеу мақсатында алынып отыр; толық жүзеге асқанын көрсетеді; мәтінде кейбір етістіктер байланыс функциясын атқарып отырады.
Ғылыми стильде етістікті сөйлеммен қатар есімді сөйлемдер өте көп кездеседі. Ғылыми стильде де көркем әдебиет пен сөйлеу стиліне тән синтаксистік құбылыс болып табылатын есімді сөйлемдер жиі ұшырасады. Есімді сөйлемдердің қолданылуы ықшамдылық пен дәлдікке, нақтылық пен деректілікке әкеледі. Анықтамалы сөйлемдер анықтаушы субъект пен анықтаушы предикат тепе теңдік дәрежеде болады. Есімді сөйлемдер ықшамдылық пен дәлдікке негізделіп, айтылған ойдың негізін тиянақтайтын прагматикалық мақсатта жиі кездеседі.
Ғылыми стильдің синтаксистік құрамына көп сыңарлы терминологиялық тіркестер, терминологиялық сипат алған анықтауыштар, бірыңғай мүшелер де енеді. Мысалы: Грамматикалық мағына арнайы грамматикалық форма арқылы беріледі. Грамматикалық категория өзара тектес, мәндес, ыңғайлас болып келеді. Көп сыңарлы терминологиялық тіркестер ғылыми стильдің синтаксистік констукцияларын күрделендіріп жібереді. Орыс тілінен тікелей аударылған (кейбір терминдік атаулар дұрыс аударылмаған) ғылыми шығарманың тілі оның стилистикалық норманың бұзылуына да әкеп соғады. Ғылыми стильдегі жай сөйлемнің күрделенген түрі бағалаушы сөздер ретінде қоланылатын анықтайтын, бағалайтын, сипттайтын, толықтыратын деген сөздер жиі қолданылады.
Біраз зерттеушілердің көрсеткеніндей, ғылыми стиль құрмалас сөйлемнің 41 – 50 пайызын құрайды, ал оның жартысы сабақтас құрмалас сөйлемнен тұрады. Құрмалас сөйлем сияқты жай сөйлемдер анықтауыш есімдерімен, бірыңғай сөйлем мүшелерімен шұбалыңқы сөйлем күйінде кездесіп отырады. Ғылыми стильде жай және құрмалас сөйлемдерді байланыстырушы шылаулар өте көп кездеседі: себебі, өйткені, егер де, бірақ, алайда, дегенмен деген қыстырма сөздер кездеседі.
Басқа функциональдық стильдерге қарағанда сөзді байланыстырушы, дәнекерлік қызмет атқаратын сөз оралымдары ғылыми стильге ғана тән болып келеді.
Ғылыми стильдегі сөйлемдерді тиянақтайтын баяндауыш формасы көбінесе ауыспалы осы шақта жазылады.
Ғылыми стильде рай категориясы стильдік мәнде көп қолданылады. Сөйлеушінің қимыл, іс әрекетке көзқарасын, қимылдың іс әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигматикалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы болып табылады. Белгілі қимыл іс әрекеттің іске асу аспауы, көзқарасы, пікірі ақиқаттылығы, шарттылығы рай категориясы арқылы жүзеге асады. Ғылыми стильде ашық рай - қимыл , іс әрекет үш шақтың бірінде болу болмауын білдіретін рай түрі. Ашық райдың басты семантикасының ерекшелігі мынада іс әрекеттің объективті шындыққа қатысты өту өтпеуі шақпен байланысты өтеді. Ашық рай шақ категориясымен бірлікте болғандықтан, ғылыми стильдегі құбылыс пен заттың толық жүзеге асуына негіз болып, оның ақиқат шындығын көрсету үшін жұмсалынады. Ғылыми стильде шартты рай тұғасы жиі байқалады.
Ғылыми стильдің ауызша түріне ғылыми ортада өтілетін ғылыми пікірталас, ғылыми ой сұхбат жатады. Ғылыми стильдің ауызша түрі жазба ғылыми стильдің негізінде жасалады. Ғылыми стильдің ауызша түрінде жалпы ғылыми лексиканың негізі сақталанады, әр сөз ғылым тілінде өзінің тура мағынасында айтылады. Жалпы сөздік қор ғылыми мәтіннің сөздік қабатының маңызын арттырады. Ғылыми стильде гипотезиялық, бағалауыштық стилистикалық категорияны нақтылайтын лексикалық қабат жиі пайдаланылады. Жеке ғылымның терминдерімен қоса жалпы ғылымға тән ортақ терминдік атаулар көп қолданылады. Зерттеу объектісінің өзіндік жалпы ерекшеліктерін сипаттайтын сөздер номинативті атаулар болады. Олар терминдер және ұлт тілінің сөздік қорынан алынған сөздер де бола алады: мазмұн, мән, табиғаты, болмысы (зерттеу туралы); генезисі, шығу тегі, негізгі арналары; мәртебе, статус, орны, байланысы.
Ғылыми стильдің ауызша түрінен ерекшелігі оның стилінің еркіндігі деп айтуға болады. Себебі, бір сөздің бірнеше синонимдік қатары қайталанып айтылып отырады. Әдіс сөзіне бірнеше контекстік синонимдерді қолдана алады: әдіс, тәсіл, ұстаным, принцип т.б.
Ғылыми стильдің ауызша түрі ғылыми көзқарастардың зерделі ой тұжырымынан, пікірталастың ақиқат шындыққа негізделген логикалық ұайшылыққа апармайтын жүйесі арқылы ойлау мен тілдік стильдік бірліктердің қисындылығы коммуникативті прагматикалық мақсатпен жүзеге асады.
Ғылыми стильде ортологиялық, коммуникативтік , этикалық нормаларды сақтау оның стилистикалық категориясы мен нормасы тұрақтандырады.
Ғылыми стильдің ауызша түрі сөйлеу мәдениетімен тығыз байланысты. Сөйлеу мәдениетінің толық функциональды түрі және толық емес функционалды түрі бар. Функционалды стильдердің әдеби тілін толық меңгерген, сөйлеуде өзін өзі бақылай алатын, өз мамандығының төңірегінде ғана емес, басқа да салаларда еркін сөйлейтін, әр түрлі пайымдаулар мен этикалық тұжырым жасай алатын жеке тұлғаның сөйлеу мәдениеті сөйлеу мәдениетінің толық функциональды түріне тән басты белгілердің бірі.
Сөйлеу мәдениетінің толық емес функциональды түріне де жоғары білімді жеке тұлға маңызды рөл атқарады, бірақ ұлттық әдеби тілді меңгеру жоғары деңгейде емес, синонимдерді қолдануы аз, кейбір жағдайда ортологиялық, коммуникативтік, этикалық нормалары да бұзып отырады.