Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Құрмалас сөйлемдердің прагмастилистикалақ қызметі



бет49/50
Дата14.09.2023
өлшемі337,45 Kb.
#107831
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Құрмалас сөйлемдердің прагмастилистикалақ қызметі

Құрмалас сөйлем – функциолальдық стильдерің барлық саласында кездеседі, коммуникативтік және эстетикалық қызметімен стилистикалық мүмкіндіктерді тарату жиынтығын көрсетеді.


Құрмалас сөйлемдерді қолдану – кітаби стильдің айрықша белгісі. Ауызекі сөйлеу стильінде синтаксистік ерекшелік ретінде жақсыз , толымсыз сөйлемдерді қолданудың стилистикалық мүмкіндіктері өте жиі байқалады (толымсыз, жақсыз сөйлемдерде сөйлем мүшелерінің түсіп қалуы ым – ишарат қимылдары мен толықтырылып отырады). Бұл экстралингвистикалық фаторларға байланысты, ауызша пікірдің мазмұны құрмалас сөйлемдер қолдануды қажет етпейді, логика – грамматикалық байланыс жеке авторлық байланыспен бейнеленеді, шылаулардың түсіп қалуы интонациямен беріледі.Соған қарамастан жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер ауызекі сөйлеу стильінде сирек болсада кедеседі, кейде көркем әдебиет сильінің кейбір жанрларында, атап айтқанда, драмматургия жанрында кездесіп отырады.
Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас түрлері кітаби стильдерде кеңінен қолданылады.Зерттеушілер таза құрмалас салалас сөйлемдер сабақтас пен салыстырғанда сирек қоланыларды деген пікір де айтады.
Мысалы: Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізіледі және оның басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
Өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттемелері бойынша олар жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді (“Заң және заман журналынан”).
Ғылыми , публицистикалық , ресми стиль мәтіндерінде алынған факті,бақылау, зерттеу шешімдерін суреттеуде салалас құрмалас сөйлемге жүгінеді. Өзінің стилистикалық бай мүмкіндіктерін көрсетуде сабақтас құрмалас сөйлемдер кітаби стильдің кез – келген түрінде жиі ұшырасып отырады. Құрмалас сөйлемдер күрделі мағыналық және грамматикалық қарым- қатынасы беруге өте бейім болып келеді, бұл әсіресе ғылым тіліне тән. Ғылыми стильде олар белгілі тезисті толық ,нақты құруды ғана көрсетпейді ,белгілі аргументті бекітуді көздейді, ғылыми негіздеме жасайды.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің конструкцияларының дәлдігі көп жағдайда жалғаулықтар , шылаулар арқылы мәтіннің стилистикалық нормасын түзуге тікелей ықпал етеді. Жалғаулықты, жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдердің жалпы коммуникативтік синтаксистік құрылысы ғылымдарды ерте қызықтырған.
Құрмалас сөйлемдер – көркемдік пен логикалық күштіліктің пәрменді құралы.Пікір білдірудің грамматикалық әлуеттілігін көрсетеді.Сөйлем күрделенген сайын адам ойының күрделенуі басым болып келеді.Сөйлемде ойлардың жаңашылдығы мен көркемдігіне көңіл бөлетін акценттік стилистикалық категориялар жиі байқалады. Сөйлемнің өн бойынан бір ғана акценттік стилистикалық категориялар ғана емес , басқа стилистикалық категориялардың жиынтығын толық көруге болады. Ғылыми стильде гипотезиялық стилистикалық категориялар маркерленген синтаксистік конструкцияларда толық көрініп тұрады.
Ресми стильде құрмалас сөйлемдер міндеттілік стилистикалық категорияны айқындайды.
Көркем әдебиет стильінде сөйлемнің образдылылық бейнелілік түрлерін “автор образы ” стилистикалық категориясы береді.
Сөлем және оның көп құрамды түрлерін зерттеу нәтижесі мен ойлау мен тіл оның негізгі алғы шарттарының бірі болып табылады. Бұл әсіресе ,сөйлемді оқып- үйренуде ерекше көзге түседі. Жалпы сөйлем табиғатын зерттеуде ,оған анықтама беру де оның көп құрамды түрі бір екені белгілі болды.Сөйлемнің коммуникативті,логикалық пайымдау, психологиялық сияқты ойлау формаларының өзара қатынасынан сөйлемнің 250 – ге жуық синтаксистік бірліктерден тұратын түрлері бар екені зеттеушілер тарапынан сөз болып жүр.
Құрмалас сөйлемдердің стилистикалық бағасы қай стильде қандай дәрежеде көріне алады. Соған қысқаша тоқталып өтейік.
Құрмалас сөйлемдерде анықтауыш қатынастығы және түсіндірмелі қатынастығы бағыныңқы сөйлемдер публицистикалық стильде өте жиі қолданылады. Ресми стильде анықтауыш қатынастағы шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің қолданылуы ғылыми стильден кейін тұрады. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер ресми стильдің заң саласына қатысты мәтінде жиі байқалады.ъ
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері әр стильде әр түрлі мағыналық – стилистикалық реңк алып отырады. Мысалы, шартты бағыныңқылы сабақтас көркем әдебиет стиліне қарағанда публицистикалық стильде жиі көрінеді. Мезгіл немесе шартты бағыныңқылы сабақтастардың стилистикалық тапсырма алуы әр түрлі, шартты бағыныңқылы ғылыми стильдің сын мақаласында жиі қолданылады, онда мәтіннің мазмұны салыстыру әдісіне негізделеді, ғылыми конструкцияларының стильдік белгісі ретінде көрінеді.
Ғылыми стильде мезгіл бағыныңқылы сабақтас қосымша шартты мәнді беруге күш салмайды (яғни нақты мезгілден жалпылық дерекке ұмтылады). Мысалы: Ғылыми болжам тиімді болып саналғанда ғана өзінің ақиқатын көрсете алады т.б.
Көркем әдебиет стильінде мезгіл бағыныңқылы құрмалас сабақтас сөйлемдер төрт есе көп қолданылады. Себебі, көркем әдебиет стильі таза уақыт пен кеңістік категориясына бағынады, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем көркем әдебиетте әр түрлі шылаулардың шақтық формаларының көмегімен қимыл, іс- әрекетке өзгеруі, қарқыны, үдемелі сипатты, оқиғаның уақыт арасындағы өзгерістер т.б.
Құрмалас сөйлемнің саласы сабақтас түрлері көркем әдебиет стильінде әр түрлі стилистикалық амал – тәсілдер арқылы бейнелілік түзеді. Он сегіз жас. Он сегіз жаста адам баласы бір – бірімен қарым қатынастың әлденше түрін талай көріп, сүйініп те жерініп те, түңіліп те, тіпті бұзылып та үлгере алады (Дулат Исабеков).Осы сөйлемде сабақтастың екінші сасыңқы компоненттерінің бірыңғай тұрлаусыз мүшелер арқылы келіп, ойды тиянақтап, сөйлемнің динамикалы қасиеттерінің ерекше формасын құрайды. Кейде көркем әдебиет стилінде сабақтас құрмалас соңғы компонент ойды тиянақтаудың жаңаша формасын бере отырып, стилистикалық акценттік категорияны анықтайды. Осы шаққа дейін ол ер балалармен талай қыдырған, талай рет суға бірге түсіп, талай рет өзен жағасындағы құмдауатта күнге қыздаранып жатқан, кейбіреулерімен балалық әуестікпен сүйіскен де (Д.Исабеков).
Бұл көркемдік әдебиет стилінің бейнелік сипатына әрі стилистикалық бояуларға ие болуына, оқырманына стилистикалық әсер беруіне ықпал етеді.Құрмалас сөйлемдердің ішінде сабақтас құрмалас сөйлемдері автордың таңдап алуы, мәтіннің логокасына, прагматикалық мақсатына тікелей баланысты. Безендіруші стилистикада сөйлемнің эстетикалық функцииясында көрінеді: қай сабақтастың түрі бейнелік беруге мүмкіндігі мол болса, сол құрмаластың түрі стилистикалық тапсырманы орындауға мүмкіндік ала алады.
Синтаксис – ойлау формасының күрделі құрамы, сондықтан мәтінде құрмалас сөйлемдердің көп құрады түрлері жиі кездестіруге болады. Бұл ерекшелік , әрине , біріншіден, және функциональдық стильдердің өзіне тін синтаксистік ерекшеліктері, сөйлемдердің стильдердегі атқаратын қызметінң әлеуметтілігіне тікелей қатысты, екіншіден, бір беттік сөйлемдердің кездесуі авторлық ойлау формасының жеке стильдік мәнеріне де тікелей қатысты.
Құрмалас сөйлемдер барлық стильдердерде, өздері қолданылатын стильдерде әр түрлі функция атқарады:



  • сөйлемнің интонациялық – ырғақты қарым – қатынас реттейді;

  • сөйлемдегі айтылатын ойдың қарама – қарсылығын күшейтуді мақсат етеді;

  • сөйлемнің “қисынды жүйелікке” құрылған типретінен қызығушылық тудыра отырып , хабар беру үшін де қолданылады;

  • жеке субъектінің көзқарасын береді.

  • Көркемдік – бейнелілікті суреттейді.

Құрмалас сөйлемдердің стильдерде көп кездесетін сипаты шаблон немесе тиянақты модельдердеің қалыптасуы- әр стильдің ешшісіндегі синтаксистік нормалар.Мысалы , ресми стильдегі жарты беттік немесе 1-2 бетке жуық сөйлемдердің жартысы өзінің тиянақты модельдері мен ресми стильдердің синтаксистік компоненттері екенін бірден танытады. Ресми стильдегі сөйлемдеп көп құрамды немесе салалас түрлері басқа стильге жалпы сыртқы құрылымдық сипаты арқылы бірден көзге түседі.
Құрмалас сөйлемдер әр стиль саласында ауызекі сөйлеу стилін қоспағанда көбінесе ресми, көркем әдебиет және ғылыми стильде өзінің әр түрлі функциясы арқылы қолданылады.
Мысалы, көркем әдебиет стилінде біржақтық интонациялық қызмет атқарады. Публицистикалық стильде эмоционалды әрі логикалық қызмет атқарады.
Ресми және ғылыси – ресми стильде олрдың голикалық функциясы стилистикалық міндеттілік категориясымен ажыратылып отырады.
Көркемдік – бейнелік нақтылықты суреттейтін сөйлемдер – басқа стильдерден ерекше бөлек дүние. Тілдік құралдары іріктеу, сұрыптау модельдері өнер заңына тікелей байланыстыб олып келеді. Ешуақытты ол сөйлем басқа “суреттеуде” қайталанбайды;

  • жеке авторлық қолданыс үлгісі стиль мәнері деп танылады;

  • суреттердің ішкі әлемінен астасып барып айтылады;

  • суреттердің жеке эстетикалық әлеміне тікелей қатыстылығында көрінеді;

  • ойдың шексіздігі мен қиял, фантазия сияқты ұғымдардың тоғысуынан жасалынады.

  • көркем әдебиет стилінде бір ғана құрмалас сөйлемдер “безендіруші синтаксистің” негізгі арқауы бола алады.

Мысалы:
Енді қайтып мынау туған жердің тамылжыған табиғатын, асқар тау, асау өзенін көре алмас;, емін- еркін сараңдау аң- құсын қуып, орман- тоғайын аралай алмасын:, көк шалғынына көлбей жатып, сонау тұп – тұнық аспанға қарап, тұңығы шайқалмаған көңілмен армандай алмасын;,құлын жүні көрінбес тау шалғынын кертіп ойып, қол тартпамен алақанға түкіріп пішен ора алмасын;, Алтайдың аппақ қатында от шанамен ағыза алмасын; ,мұратына қатқан сүңгі, кірпіктегі қырауды сүртіп, тоңып – жаурап келгенде,Нюра құйып берген құда шайды самайынан тер ағып іше алмасын, көктем шыға – көктен іздегені жерден табылғандай масайрай, жағасын кеміріп долдана таситын Бұқтырманың аққұла толынына қарап, тамырынан сансыз салындыны санап, аяй алмасын; енді қайтіп адамға жалғыз – ақ рет берілер тіршіліктің шәрбаты суалып, кермет тартарын, кетуі кетерін, сөйтіп, мынау жарық дүниенің торқалы тойын көріп, топырақты өлімінде ауыл ақсақалдарының ақылын тыңдай алмасын сезді, білді, түңілді, тайғақ үмітіне жүгінді.
Бірақ ол кезде дәл қазіргідей терең күрсініспен парасат таразысына салған жоқ – ты, масаң сезімнің әуені меңдеп, тым тез ұмытқан да, үйреншікті әдетіне ырқында ысқыра шалқып кете барған ; енді сана сарабына салып отырса, орта жасқа жақындаған жасында жанын сақалар мұрат- мақсатсыз лағып, ерегеспен есерсоқ ғұмыр кешіпті; тіпті өткен өмірін ғұмыр деп стаудың өзі де ұят, аспиранттық өмірінен бергі өткізген уақыты – ай тақыр бос ,іс – түссіз екен- ау... Сонда кімге ерегесті, кімнің қылшығы қисайды, кімдердің шат – шадыман тұрмысына ортақ болды, кімдер мүсіркеп, “обал болды- ау ” деп маңдайынан сипады; оның бүгін ашқан жаңалығы – басқаны басындыру үшін ең әуелі өзіңдң жеңу, тек өзіңе сеніп, өзіне-өзің тәрбиеші болу; сен адамдарға керек емессің, адамдар саан керек; егер сен өзіңнің бұл жалғанда бар екеніңді, қолыңнан іс келетін іскерлігіңді тәлелдесең ғана, басқалар назар сала бастамақ;жатқан тастың астынан су жүгңре ме, тәцірі; демек. Талант дегеніміз – жігер – қуаты бойында жалындап жүрген жастық шағында, қарағұстан тиген соққы есеңгіретіп тастады, алғашқы соққыдан-ақ арманын күл-талқан етіп алды да,бар ашуы – ыза ,өш- кегін өзінен алғыс келгендей ішімдікке салынды, жинап – терген білімін сыраханаларда айтып, талайдың таңдайын қақтырды;оның біліміне, білгіштігіне тәнтіб олған студенттер үйірсек тартып, пір тұтып жүрді де, ой қайталауы көбейіп бара жатқан соң , сырғақсып кеткен; дос-жаран,құрбы-құрдастардан біртіндеп айрыла бастады;ақыры аяғында әйеліне бұдан бас тартып, баласын ертіп төркініне кетіп тынды; жалғыздық басталды; жұмыссыздық басталды;тайғанақ тағдыр басталды;ол бәрінен бұрын студенттердің алдында көсіліп оқыр лекциясын сағынатын (О.Бөкей).
Жоғарыда клтірілген бір мысал көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем,2-ақ грамматикалық тұлға арқылы 14-15 сөйлемнің бірыңғай мүшелері бағыныңқы сөздер арқылы келіп тұр.Суреттелген құбылыс енді болмайтын, қайталанбайтын іс – әрекетті нақ “болмайды” деп айтпай, күдікті, күмәнді шегініс арқылы айтылады, оның жүзеге асатынына көз жеткізу үшін көре алмасын, армандай алмайсын, бара алмасын, іше алмасын, аяй алмасын сезді,білді-түңілді, жүгінді деп аяқталуы, кейіпкер жанының сезді, білді, түңілді деп болымсыз есімше енді іс-әрекеттің мойын ұсынып көндігуін айқындайды, егер оның әрқайсысын бөліп-бөліп алсақ, оның сөйлемде стильдік қызметі айрықша мәндер ала алмас еді. Суреттеліп отырған нақты “құбылыс” кешенді түрде алынып, сөйлем арқылы әмбебаптық психологиялық- эстетикалық ең әсерлі синтаксистік конструкцияларын беріп отыр.
Әрине, онда метафора дм, түрлі стилистикалық фигуралар да, бейнелі сөздер де толығымен қатыса алады. Сөйлемнің әр констукциясы өзіне белгілі тәртіп пен грамматикалық заңдылыққа сүйеніп құрылғаны көрініп тұр (дәл осы 2 сөйлемнің ір сөйлем арқылы қолданады, себебі онда іс- әрекет, қалақ,сезім,ситуация әр түрлі ойлар тоғысы оқырманға болмыс шындығы арқылы берілген, суреткердің шығармашылық ой мен сөзді шебер пайымдау әрекетінің ең озық құрмалас сөйлем артылы манадай прагмастилистикалық мүмкіндіктерді көрсетеді:

  • сөйлем есеп беру мақсатында жазылған;

  • өмірін суреттеу үшін өткен өмірге үңіледі;

  • уақыт, оның қадірін білмеу, оны бірнеше рет санамалап түсіндіреді;

  • осы мақсатта көбінесе өткен шақ формасының ауыспалы өткен шақ тұлғасын жиі пайдаланылады;

  • өткен өмір мен болашақты салыстыру үшін келер шақ категорияларын қатар қолданып, констраст суреттер тудырады;

  • көп компонентті басыңқы сыңарлы сөйлемдердің ішінде кейде бірықғай салалас не сабақтас сөйлемдер болуы мүмкін: дос-жаран,құрбы-құрдастардан біртіндеп айрыла бастады;ақыры аяғында әйеліне бұдан бас тартып, баласын ертіп төркініне кетіп тынды; жалғыздық басталды; жұмыссыздық басталды;тайғанақ тағдыр басталды;

  • сөйлемнің конструкциялық құрамы күрделенген сайын жоғары дәрежеде ойлау арқылы психологиялық әрекеті де жоғары болу керек.Сондықтан суреткердің шұғыл ой өздертуі оны бір қалыпты динамикадан басқа жағдаяттарға, ой көркемдігіне ауыстырып отырады;

  • шұғыл ой өрісі қалыпты психологиялық әрекет тудырады:Ол бәрінен бұрын студенттердің алдында көсіліп оқыр лекциясын сағынатын.Жоғарыдағы сөйлемнің мотивті басқа стильдік ой тудыруға бетбұрыс жасаған;

  • егер автор сөйлемдерді баяндауышық тұлғада немесе оны жай сөйлеммен беріп отырса,оның стильдік мәні айрықша сезінбес еді, екіншіден, логикалық байланыс үзіліп қалды.

Жайлау әсіресе,Барханның зарығып тосар бақытты шағы.Көш қамын елден бұрын сайлап, қалайда бұрынырақ жетіп. Із теймей тұнып жатқан жап-жасыл даланың салмағын қызғана жұтып, алқызыл,алсары гүлдерін елден бұрын қызыға жұлатын;ешкім қарап тұрған жоқпа дегендей жан – жағына жалақтап алып,балаша тығыздау, жалаң аяқ, жалаң бас жүретін,жүретін...бұл баяғыда,бұдан отыз жыл бұрын ақ басатанға мініп, көкжиекке сіңіп кеткен әкесінің соңынан қуған аяныщты халдей емес, мүлдем басқа, басқа жүгіріс:Барханда балалық шақ болған жоқ,оны ерте жоғалтқан...ерте...сол батысқа, жаудың бетін қайтаруға аттанып кеткен балалығымен тек жарықтық жайлауда жолығып мұңдасатын,ағыл-тегіл жыласатын, сосын мәз болып күлетін,күліп жүріп гүл теретін,жайлау дегенде байғұс Жұмагүлдің де есі қалмаушы еді: сондықтан осыдан бес жыл бұрын күйеуі ауданға барғанда сатып әкеп берген қызыл ала жалғыз көйлегін киіп, бейне бір той салтанатына жиналғандай бір ғажап қалушы еді: Бархан екеуі бір-бірінің көңіл-күйін айтпай түсініп, қол ұстасқан, қолтықтасқан қалыпта көкпеңбек теңізді армансыз кешер еді, көкпеңбек шалғын шалқарын қатар жүзіп бара жатыр ерлі- зайыпты қойшы өздерінше шақырып, өздерінше ән салатын; ол ән шыншыл да сезімтал жүректің, бұйрығы әрі тар арнадан асып – төгіліп, еркіндігін,көптен аңсаған бостандығын бозала таңда енді-енді ғана алғандай,әуелеп алысқа...әлдеқайда жыраққа шығандап, шымшымдай тарап жатыр еді;әншейінде әнді қойып бір ауыз әңгіме айтпайтын адамдарға кең тыныс, қанаты талмас қиялмен әуелете шырқаған әнін ұйып тыңдағандай әрі бас иіп, тағзым ете таңырқағандай жайлаудың мың-милион гүлдері ырғалып, әдемі әуезге қосылғандай болушы еді;ал,Бархан мен Жұмагүл болса сонау кең жайлау – жасыл бесікте жылына жалқы рет құшақтасып, өздерінің жұбы жазылмас жұбайлар екенін еске алысатын:сонда Бархан қыздай қосылған қосығының қуаныш пен мұң араласқан шаршаңқы көзінен мөп – мөлдір таза жасты сұқ саусағының ұшымен сүртіп тұрып:”Жұмагүл-ай , сендей әйелі барменде арман бар ма екен” – деуші еді:оынау жылына жалғыз рет қана айтылар әрі келте,әрі терең сөзден кейін Жұмагүлдің де бақытында шек болмайтын, бұл өмірде бар екенін сезінетін, жылдың төрт мезгілінде осы сөдің қуатымен жүретін,жылдың төрт мезгілінде осы сөзді сағынып, санамен сарғая тосатын... (О.Бөкей).
Бұл сөйлемде автордың бейнелі ойлауы отырманның да образды ойлауын тудыра алады. Көркем шығармалар поэтикалық шындықтың бейнесі, тілдің эстетикалық бейнесі арқылы көріне алады. Осыған автор қалай жетуі мүмкін. Тек жай сөйлемдер арқылы ғана ма, жоқ көп компоненттері құрмалас сөйлемдер арқылы ма?
Бейне жасау үшін ауызекі сөйлеу процесінен әлдеқайда көп уақыт кетеді,осыдан логикалық қоытынды шығады. Мәтіннің ерекшелігі сөйлем арқылы әсер ету, оқырманға образ беру белсенділігін арттыру,деталь, баяндаудың әр бөлімдеріне назар аудару, сол сөйлемдер арқылы оқырманның көңіліне сезім тудыру, көрермен соны “көруі’, “сезінуі’, “қабылдауы’ керек екеніне стильдік ой тастау болып табылады.Көркем әдебиет стилінің өзіне тән ерекшеліктеріне зерттеушілер өте ерте кезеңнен назар аурадған, ертедегі грек- рим риторикасы және стилистикасы, инбия поэтикасымен грамматикасы туралы еңбектер осның ағағы.
Сөйлемнің ең қуатты күші ұзақ сонарға созылған жоғарыдағы сөйлем алдыңғы екі сөйлемнен әлдеқайда ауқымды әрі көлемді.
Бір теттен асатын сөйлем компонент құрамы сабақтас, кейде аралас құрмалас сөйлеммен келеді. Ең басты ерекшелік бұл сөйлемде интонациялық – ырғақтық синтаксистік конструкциялар белгілі бір мақсатта бір- бірімен тең салада байланысып үйлесімділікке құрылған.
Қазақ тілінде өткен шақ мағыналарын білдіретін аналитикалық форманттар – ып еді;, - ушы еді өткен шақ реңктерін беру мағыналары бір – бірімен тең емес. Олардың реңктері де сан алуан, яғни стильдік мағынасы да басқа – басқа бола алады.
Көп құрамды логикалық стильдік құрмалас сөйлемдер функцтональдық стильдердің барлық түрінде кездеседі. Сөйлемнің пікір алысу туралы жұмсалатын тіл тұлғаларының құрылысы өте күрделі.Жай пікір, күрделі пікірге құрылған концептуалды ойды хабарлай алатын сөйлемдер де көп кездеседі. Сөйлем – өте күрделі категория, оның күрделілігі мынада: сөйлем туралы ғылыми ойдың басталуы көне дәуірдегі логикалық зерттеуден басталған. Қолданыс тілі стилистикасында сөйлемнің грамматикалық, логикалық пікірді білдіретін сөйлемдер бар екенін айтуға болады.
Сөйлемнің табиғаты да, құрылымы да стильдік мағынаға ие болып әр түрлі стилистикалық коннотацияға жол ашады.
Ал ,логикалық пікірлі сөйлемнің мақсаты өзінің қай стильге телінетініне байланысты белгілі бір шектеулі көлемге сәйкес келеді.Ал грамматикалық сөйлем бүкіл тіршілік – болмыстағы әр алуан қасиет – қозғалыс, іс –әрекет пен құбылыстарды дәл бейнелеуге негізделеді.
Қолданыс тілі стилистикасында дискретті логикалық ойлау стилі негізінде (жеке ғылыми стильге қатысты алынып отыр) сөйлемнің сыртқы, ішкі құрылымы толық өзгеріп отырады.
Көркем әдеби стиліндегі сөйлемдер түзуінің көптеген эстетикалық сипатына стилистикалық мәніндегі мүмкіндіктерін көрсете алады.
Құрмалас сөйлемдердің стилистикалық мүмкіндіктері “ жеке автор” шеберлігіне байланысты. Құрмалс сөйлемдер көркем әдебиетте логикалық байланысы үзілмей, стилистикалық мәндерді айшықты, әсем жеткізудің стилистикалық ұстанымын көрсетеді.
Ресми стиль мәтінінде көп құрамды құрмалас сөйлемдер нүкте,үтір арқылы ажыратылып, үнемділік әдіске , “авторсыз” белгілі логикалық жүйелікке негізделіп,бірнеше беттік сөйлемдерді бере алады. Бұл ұжымдық сөйлем үлгілері ресми стильге тән стилистикалық белгіні ғана көрсете алады. Бұл ресми стильдің басқа стильдерден ерекшелігі тікелей қатысты. Бұл стильдік ерекшелік мәтіннің көркемдік сипатына қызымет етпейді, тек оның стилистикалық категорияның басқа көңіл бөлетін қызыметін атқарады.
Қазақстан Республиканың заңдық құзырындағы ядролық, радиоактивтік және арнаулы ядролық емес материалдарды, екі мақсатта пайдаланатын материалдарды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
ядроның радиоактивтік және арнаулы ядролық емес материалдар, екі мақсатта пайдаланылатын материалдар мен ядролық емес технологиялар, сондай – ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы коммерциялық емес сипаттағы беруді қамтитын басқа да таулар мен қызметтердің экспорты мен импортына қатысты мәселелер боынша бақылауды жүзеге асырады.

өз құзыреті шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортына мемлекеттік балауды; атом энергиясын падалану объектілерінде аварияға қарсы жоспарлауды бақылауды, Қазақстан Республикасының аумағында ядролық және радияциялық қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалауды, сондай-ақ, ядролық материялдар мен қондырғыларды физикалық қорғаудың қамтамасыз етіліуін қадағалауды қамтамасыз етеді;


тізбелері таратпаудың халықаралық режимдерімен белгіленетін ядролық материалдардың, технологиялардың , құрал- жабдықтардың,қондырғылардың, арнаулы ядролық емес материалдардың, өнімдерін екі мақсатта пйдаланатын құрал-жабдықтар мен технологиялардың, сондай – ақ,радиоактивтік сәулелену және изотоптық өнім көздерінің атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтерінің экспорты мен импортын бақылауды қамтамасыз етеді;
вдмостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан жеке және тұлғалардың атом энергиясын пйдалану саласындағы номативтік және нормативтік құқықтың кесімдерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады,
өз құзыретінің шегінде лицензиялықережелердің сақталуын бақылауды жүзеге саырады, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша зерттеу және ғылыми дұмыстарды ұйымдастырады,мамандандырылған халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің қадағалау органдарымен бірге аварияға қарсы жоспарлауды, бақылауды, ядролық жәнеродиоациялық авариялар мен авариялық жағдайлар туралы жедел хабарламалар алмасуды жүзеге асырады;
ядролық материялдарды сақтау, тасымалдау мен пайдалану кезеңінде олардың физикалық қорғалуын,Қазақстан Республикасының аумағында ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін қадағалауды жүзеге асырады;
ядролық мареиялдардың мемлекеттік есебін жүргізеді;
атом энергиясының пайдаланумен мемлекеттік байланысты қызмет түрлерін лицензиялайды және өз құрыреті шегінде лейензиялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады (Нормативтік акт ережелері).
Біз жағарыда екі стильдегі көп компонентті құрмалас сөйлемдерден үзінді келтірдік, біріншісі көркем әдебиет стилінің синтаксистік конструкцияларды, екіншісі ресми стиль мәтінінен алынды, екі сөйлемнің сыртқы құрылымдық синтаксистік формаларының орналасуы бірдей, олардың әр стиль үлгісіндегі мәтін екенін аңғартады, біріншіден, екі стиль түрінің жіктелуі бойынша нүкрелі үтір арқлы ажыратылған.Бірінші көркем әдебиет стиь үлгісі арасында жол тастамай жалғасып жазылып отыр, екінші ресми стиль үлгісі нүктелі үтір арқылы логикалық жалғастығы ұзіліп қалмау үшін белгілі арақашықтырты тастап,келесі жолдан жазылған, көп компоненттік құрмалас сөйлемдердің әр стильдегі сыртқы стильдік – техникалық құрылысы деп қарауға болады.Екіншіден, көп құрамды құрмаластық компонент құрылымына әкеп тұрған оның арасындағы нүктелі үтір тыныс белгісі.
Нүкте үтір – таңба әр түрлі синтаксискік блоктардың бөлініс қызметінің шекарасын айқындайды, бірақ ол бір ғана фразада көріне алады, берілген сөйлемдердің әрқайсысы сенатикалық – стилистикалық мағынаға ие болады.
Нүкте - үтір синтаксис конструкциялардың аяқталғанын білдіреді, бірақ ол әлі толық аяқталмағанын да көрсетіп тұр. Оның ретушті стипаты басым болып келеді, сондықтан өзінше стильдік мәнер түзеді.
Ресми стильде дара стиль болғадықтан,о ндағы сөйлемнің құрылымы аз болып келеді.Ал, кейбір нормативтік актілерде олар өте созылыңқы құрылым жағынан да өзіндік ерекшелігімен көзге түседі.Жоғарыда көрсетілген мысалдарға сөйлемнің бастауышы субъективке негізделіп әрі санамалап көрсетілген сөйлемдерде олардың предикативтік қатынасы стандартты формулаға құрылған: жүзеге асырылады,... қамтамасыз етеді т.б. болуы мүмкін, әр сөйлем жаңа азат жолдан кіші әріппен басталып, өзіндік белгілі стильдік тәртіппен орналасады.Сөйлемнің констукцияларының дұрыс құрылуына кез келген тілдік бірліктердің белгілі дәрежеде ықпалы болады. Соған сәйкес қиысуға тән баяндауыштың морфологиялық формалары да сөйлемге тән тиянақты білдіріп те, білдірмей де тұратындығын кездестіруге болады.
Классикалық синтаксистік зерттеулерінде тиянақтылық қасиет предикативтіліктің сапа – мазмұнна тән нәрсе екендігі бұрыннан айтылып келді. Ол әсіресе, қиысу сияқты баланысу формасына және жақтық көрсеткіш қана емес, басқа да предикативтік тұлғалар субстантивтеніп те ресми стильдің негізгі стильдік мазмұнын құра алады. Жоғарыда көрметілгендей сөйлемдер жақтық жағынан қиысып синтаксистік құрылымды толық көрсетіліп тұр.
Сөйлемнің стильдік жағынан түрленуі, эмоциялық мағына алуы, яғни экспессивтік стилистиканың түрлерінің толық стильдік сипаты көбіне баяндауыштың формасы арқылы жүзеге асады. Сондықтан қолданыс стилінде баяндауыш тұлғада стандартты тілдік оралымдардың негізін құрап отырады. Мысалы. Қылмыстық за қылмысқа бірге қатысуды бірлескен қасақана қылмысты әрекет дей отырып , бірге қатысқан әрбір қатысушының қылмыс істеуге қосқан үлесін нақты анықтауды талап етеді,қоғамға қауіпті әрекеттерін белгілейді . Сыныптық пен прокуратура орындарында белгіленген дипломатиялық дәреже сыртқы істер министрлігі қызметкерлеріне өкілетті және төтенше елгілерге консулдық қызметшілерге беріледі (“Қылмыстық құқық” ғылыми оқулық).
Бұл ғылыми стильдің синтаксистік құрылымында көзге түсетіндайын стильдік оралымдары екен.
Ресми стильде іс – әрекетті субъектінің бұйрығы ретінде айтатын баяндауыштар бар:асырасын, орындалсын, жүзеге асырылсын, ұсынылсын т.б. іс - әрекетке міндеттеу, ұсыныс ретінде айтылатын баяндауыштар да өзі телінген стильдің синтаксистік компоненттерінің негізгі стильдік тиімділігін танытып отырады. Ауыспалы осы шақ формалары функциональдық стильдің барлық синтаксистік саласында кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет