Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Құқық философиясының əдістері



Pdf көрінісі
бет72/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122
Құқық философиясының əдістері
Ғылым  методологиясы - зерттелетін  пəнге  əкелетін  бастапқы  ғылыми
тəсілдер  жиынтығы. Егер  ғылым  пəні  нені  зерттеуді  айқындаса, ал  əдіс  қалай
жəне қандай ғылыми əдіс арқылы зерттеуді көрсетеді.
Əрбір  бірен-сараң  дамыған  бұрынғы  жəне  қазіргі  заман  философиясы -
философиялық-құқықтық  ілім  пəні  мен  əдісінің  бірлігі  жəне  өзара  байланысы
болып  табылатын  құқық (мəн  жəне  құбылыс  тұрғысында) туралы  теориялық
білімдердің анықталған біртұтастығының жиынтығы.
Осы əрбір философиялық-құқықтық қағиданың (теорияның) пəнін де, əрі
əдісін  де  сипаттау  үшін  оның  бітімінде  жатқан  құқық  ұғымын  айқындау, оны
негіздеу - өзекті маңызға ие.
Пəн  мен  əдіс - құқық  философиясының  айқындалған  қағидасында
сарапталған бірыңғай теорияның, бірден-бір теориялық құрылымының, бірден-
бір  білімдер  жүйесінің  сипатын  көрсетудің  əртүрлі (теориялық  абстракцияда,
ойда ажыратылған) формалары. Жалпы алғанда, кез келген өзге теориялардағы
сияқты  философиялық-құқықтық  теория  пəні  мен  əдісінің  өзара  əрекеті  мен
бірлігіндегі  əдіс  дегеніміз – өз  əрекетіндегі, болмысындағы  пəн (өзінің
қалыптасуындағы, құрылымындағы  жəне  танымдық  əсеріндегі), ал  пəн
дегеніміз – əдістің танымдық мағынасы мен маңызының жүйелі - құрылымдық


167
көрінісі.
Философиялық-құқықтық  зерттеудің  танымдық  құралы  мен  əдістерінің
жиынтығы түріндегі, таным жиегі, амалы ретіндегі объекттен ізденістегі пəнге
жетелейтін, əкелетін  құқық  философиясының  əдісі - бұл  да  теориялық  форма,
өзіндік  танымдағы, дамуындағы, жаңғыруындағы  жəне  бітіміндегі  теорияның
дəл  өзі. Бірыңғай  философиялық-құқықтық  теориядағы  оның  пəні  мен  əдісін
бөліп  қарастыру, берілген  теорияның  танымдық  қасиеттерін, сипатын,
мағынасы  мен  маңызын  неғұрлым  терең  жəне  жіті  ұғыну  үшін  қажеттігі  тек
ойлау абстракциясы ғана болып табылады.
Кез  келген  бірізділікті  философиялық-құқықтық  теорияда  оның  пəні
(объект жөніндегі анықталған білім) методикалық зерделенген, ал əдісі (объекті
түсіндірудің, ұғынудың  əдісі, таным  формасы) - пəндік  айқындалған.
Сондықтан, осындай теория əдістемелік маңызға ие, таным əдісі функциясына
ие  жəне  осы  рөлді  тікелей  немесе  жанамалай  орындайды (кейінгі
философиялық-құқықтық теорияның құрамдас моменті ретінде).
Өзінің  іргелік  танымдық  құндылығы  мен  орасан  зор  эвристикалық
мүмкіндігінің  пəрменіне  қарай  кейбір  терең, əрі  ілкімді  философиялық-
құқықтық  теориялардың  əдістері  дами  келе, келешекте  өзіндік  жалпылық
(жалпы философиялық, жалпы ғылымдық, жалпы теориялық) методологиялық
маңызы бар теорияға айналады. Мысал ретінде, осындай жалпы философиялық,
жалпы  ғылымдық  əдістер  қатарына  логикалық, диалектикалық, онтологиялық,
феноменологиялық, экзистенциялық, жүйелік, салыстырмалы  жəне  т.б.
зерттеулерді алуға болады.
Əрбір  жаңа  философиялық-құқықтық  ілім  дегеніміз  өзінің  танымдық
жаналығының  өлшеміне  қарай  алынған  өзінің  жаңа  пəні  мен  жаңа  əдісі  бар
жаңа  теория. Сондықтан  ескі, бұрынғы  теориялар  танымдық  жағынан,
шығармашылық жағынан осы жаңа теорияның əдісі мен пəндік құрылымының
моменті, көрінісі болып  табылады. Өзге (бұрынғы  жəне  қазіргі) теориялардың
танымдық  құндылығын  сақтау  деген - оны  қайталау  емес, керісінше  оны
жаңғырту жəне жаңа  танымдық əлеуетте  жаңа теорияның мəндік, пəндік жəне
методтық бітімін дамыту.
Либертарлық (немесе либертарлық-юридикалық, формалды-юридикалық)
əдіс  дегеніміз 
зерттелетін 
шындықты 
құқықтық 
шындық  түрінде
философиялық-құқықтық  танудың  ұғымдық-құқықтық  əдісі, формалды  теңдік
принципі  жəне  оның  көрінісінің  сыртқы  формалары  тұрғысындағы  құқық
жөніндегі білімді жасау мен үйлестіру.
Либертарлық  əдістің  негізінде  формалды  теңдік  принципі  жатады.
Методикалық  тұрғыда  алғанда  формалды  теңдік  принципі - құқықты,
формалды-құқықты  формалды-логикалық  түсіну  жəне  оған  сəйкес  құқықты
реттеу  мен  құқық  əрекетінің  пəндік  ауқымын  юридикалық  формализациялау
əдісі. Либертарлық  метод - танымдағы, танылымдағы  шындықты  құқықтық
сараптаудьң  əмбебаптық  əдісі, сонымен  бірге  формалды  теңдік  принципі
негізінде  берілген  құқық  ұғымы  шекарасы  мен  тарапы  жағынан  шындықты
зерделеу  тəсілі, зерттеудегі  шындықты  құқықтық (формалды - теңдік) түсіну,
көрсету, өлшеу, сараптау  жəне  бағалау  əдісі. Бұл  əдіске  дүниеге  құқықтық


168
көзқарас, шындықты  құқықтық  ұғыну  тəн. Осындай  философиялық  танылған
шындық  құқықтық  шындық  болып  табылады, яғни  танылымдағы  шындықтың
құқықтық  қасиеттері  мен  байланыстарының  жүйесі. Осы  құқықтық  шындық
философиялық-құқықтық  танымдағы  дүниенің  ізденістегі  ақиқаты  мен
ашылатын мəнін көрсетіп, паш етеді.
Юридикалық  əлемнің, құқықтық  дүниенің  формуласы  формалды  теңдік
принципі болып табылады. Егер атомистер физика тарапынан дүние мəні атом
десе, ал  либертарлық  құқық  философиясы  дүниенің  мəні  формалдық  теңдік
дейді. Сонда  олардың  əрқайсысы  дүние  деп  өзінің  ізденістегі  білімі  мен
танымын, физик  атом  əлемін, ал  құқықшы  заңгер  құқық  əлемін  айтады. Осы
əртүрлі  дүниенің  əртүрлі  формуласы (əртүрлі  ғылымдардың  жасампаздық
əрқилы  ғылыми  жəдігерлері, дүниенің  ғылыми  бейнесі) шын  мəнінде
жалпылық нəрсені көрсетеді, яғни объективтік дүниенің əмбебаптық заңдарын
бейнелейді.
Осы  мағынада  алғанда  құқық  философиясының  ізденістегі  ақиқаты  мен
əдісі - əлеуметтік  шындықтың  мəні, принципі, ережесі  мен  тиесілі  тəртібінің
нормасы ретіндегі формалдық теңдік болып табылады. Шындықтың құқықтық
тəртібі принципі болып табылатын формалды теңдік либертарлық əдістің өзегі
бола  тұра, сол  арқылы  танымдағы  шындықты  юридикаландырады  жəне  соған
сəйкес философиялық-құқықтық теория жүйесі ретінде, əрі құқықтық шындық
формасында  осы  шындық  туралы  білімдерді  көрсетеді, зерделейді  жəне  оның
мəніне жетеді.
Осы  əдістің  танымдық  мүмкіндігі  либертарлық  құқық  ұғымының  өзінің
жасампаздық, шығармашылық (эвристикалық) əулетімен  айқындалған  жəне
оның теориялық маңызының, берілген философиялық-құқықтық теорияның пəн
ауқымының  мағыналық  шеңберімен, шекарасымен  анықталады. Дəл  осы
берілген  құқық  ұғымы  соған  сəйкес  философиялық-құқықтық  танымның
юридикалық-танымдық сарапталуын бағышталуын (интенционалдануын) жəне
шекарасын анықтайды.
Философиялық-құқықтық  білімнің  мөлшерлік  өзгерістері  тұтастай
алғанда құқық философиясының айқындалған қағидасы бітіміндегі, оның əдісі
мен пəні болып табылатын құқық ұғымы ауқымы мен өрісін қамтиды.
Философиялық-құқықтық  білімнің  сапалық  өзгерістері  бұрынғы  құқық
ұғымынан  жаңа  құқық  ұғымына  өту, жаңа  əдіс  пен  жаңа  пəнге  сəйкес  жаңа
философиялық-құқықтық теорияның қалыптасуымен байланысты.
Əлбетте, осындай сапалық өзгерістердің дəрежесі əртүрлі болуы мүмкін,
бірақ  философиялық-құқықтық  таным  процесі  мен  философиялық-құқықтық
ойдың прогресінде осы жаңа ұғымдар сапалық секірістерді білдіреді.
Жаңа  құқық  ұғымы  дегеніміз  құқық  философиясының  эмпирикалық
берілген нысандарының өзін жəне олар туралы бұрын  жинақталған теориялық
білімдерді  зерттеу, түсіну  жəне  зерделеуді  жəне  сонымен  бірге  соған  сəйкес
жаңа  əдісті  де  білдіреді. Неология (жаңа  ілім  туралы  ілім) тұрғысынан
қарастырғанда  құқық  философиясының  тарихы - құқықтың  жаңа
ұғымдарының  жəне  соның  негізінде  қалыптасатын  жаңа  философиялық-
құқықтық теориялар тарихы.


169
Философиялық-құқықтық ойлау прогресінің жалпы процесінде  жаңалық
моменті  мирасқорлық, жасампаздық  моментімен  тығыз  байланысты. Жаңа
(жаңа  құқық  ұғымы, жаңа  теория, жаңа  қағида  жəне  т.б.) дегеніміз  бұл  тұста
жəне  барлық  өзге  жерде  сияқты  ескінің  негізінде  пайда  болады, құқық  пен
мемлекетті  ұғыну  мен  түсінудің  неғұрлым  терең, неғұрлым  мазмұнды  жəне
неғұрлым үйлесімді танымдық формасы, диалектикасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет