Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Ғылымда ақиқат ұғымы, анықтамасы жəне түрлері



Pdf көрінісі
бет73/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   122
Ғылымда ақиқат ұғымы, анықтамасы жəне түрлері
Негізінен ғылыми таным - ұйымдастырудың қатал формасын өзара құрап,
оның  қарсы  келмеуі, дəлдігі, жүйелігімен  көрінеді. Ғылыми  танымның
спецификалық бағытталуы ақиқатқа жету болып табылады.
Ақиқаттың негізгі  мəселесі  болып - ақиқат  деген  сөздің этимологиясына
көңіл  бөлу  керек. Ақиқаттың  негізі  туралы  мəселе - эпистемологияның  ең
күрделі  мəселесі  болып  табылады. Оның  тарихы: Платон (б.д.д. 428/427-
347жж.) - ежелгі грек философы, идеалист, Сократтың шəкірті. Оның пікірінше
ақиқатты білімді - эпистема, доха (пікірлер) айыра білу керек деген.
Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) - ежелгі грек философы, логика жəне де
басқа  арнайы  білімдердің  негізін  қалаушы. Аристотель  ақиқатқа  былай
анықтама  берген. «Ақиқат - ол  сананың, ойлау  мен  заттың, білім  мен
шындықтың  болмыспен  сейкестігі» (Истина - это  соответствие  мысли  и
предмета, знания и действительности).
Орыс философы Павел Флоренский (1882-1937 жж.) айтуы бойынша тілді
зерттеушілер «ақиқат» деген  сөзді «бар» етістігімен  байланыстырады.
Айтқандай ақиқат ол бар нəрсе, яғни ол тікелей бастан кешкен шындық арқылы
беріледі.
Сонымен, ақиқат  дегеніміз - субъекті  мен  объектінің  арасындагы  өзара
байланыс, негізінде жүріп жатқан əлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол
объективті. Ақиқат  өзінің  мазмұны  жағынан  объективті, ал  формасы  жагынан
субъективті.
Объективті  ақиқат  дегеніміз  қоғамдық  адам  түсінігіндегі, білімдегі
субъектіге, адамға, адамзатқа  тəуелсіз  мазмұнды  айтады. Егер  объективті
ақиқат  болса, онда  оны  білдіріп  отыратын  адамның  түсінігі  сол  ақиқатты
бірден, толығымен, тұтасынан  абсолютті  түрде  білдіре  алмай, тек  шамамен
салыстырмалы (ықтимал) түрде  ғана  білдіреді. Бұл  жерде  салыстырмалы
(ықтимал) ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз.
Абсолютті ақиқат терминінің үш мағынасы бар:
1. Ол  нақты  толық  білдіріледі. Яғни, ақиқаттың  ең  соңғы  шегі. Бұл
мағынада  ақиқат  танымның  бір  де  бір  деңгейінде  іске  асырылмайды. Бұл
метафора. Сол  тұрғыда  ол  толық, нақты  білімді  білдіреді, яғни  танымдық
идеалдың бір түрі. Осы тұрғыда ақиқатқа танымның ешқандай деңгейіне жетуге
болмайды.
2. Кейбір  ақиқат  қарапайым (инвариантты), тұрақты  білімге  келтіріледі.
Мысалы, химиялық элементтер атомдық салмаққа ие.


170
3. Абсолютті  ақиқат  ескі  жəне  алғашқы  теорияны  жоққа  шығармайды,
қайта дербес  жағдай  ретінде  оны өз  ішіне қоса қамтып, қолдану шекараларын
анықтап береді.
Қорыта  келгенде, ақиқат  ол  тұрып  қалған  жүйе  емес, ол  зат  пен  ойлау
сəйкестігінің үлкенге үлкені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет