128
Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұханов, Ә.Тәжімұратов, Қ.Әмірғазин,
Д.Шоқпаров қазақ сәндік қолданбалы өнері
мен қолөнерін көркемдік
құбылыс ретінде зерттеген, көркем бұйымдарды өнертанымдық
бағалау өлшемдерін анықтауға ерекше көңіл бөлген ғалымдар болды.
Қазақ өнертануында бірқатар өнертанушылар
белгілі суретшілердің
арасынан да шықты. Суретшілер Қ.Телжанов, С.Мамбеев Қазақстан
суретшілер одағына басшылық жасаған кезде қазақ бейнелеу өнері
мен сәндік қолданбалы өнерінің әрбір
қоғамдық даму кезеңдеріне
өнертанымдық сипаттама берді.
Жалпы қазақ бейнелеу өнертанымын айтқанда алдымен
суретші
Нағымбек Нұрмұхамбетовтің
алғашқы кәсіби өнерзерттеуші
болғандығын айту қажет. Ол - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің
көркемдік ерекшелігін талдауға
арналған еңбектің авторы, көптеген
суретшілер шығармаларына баға берген өнер сыншысы болды.
Көрнекті өнертанушы
Гүлшара Сарықұлова
-
қазақ қыздарының
ішінен шыққан кәсіби өнертанушы. Қазақстан бейнелеу өнері
шеберлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған еңбектің
авторы.
Г.Габитова
- Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің
шығармашылығын зерттеуге үлес қосқан өнерзерттеуші.
И.Рыбакова
-
қазақ бейнелеу өнерін зерттеген алғашқы өнертанушылардың бірі.
Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің
өмірі мен шығармашылығын
зерттеген.
Р.Көпбосынова
-
қазақ сәндік қолданбалы өнер
шығармаларын зерттеуге бағыт ұстаған өнертанушы болды. Қазақ
бейнелеуінің
көрнекті өнертанушысы
Барманқұлова Баян
1942 жылы
Алматы қаласында дүниеге келген. 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік
университетін өнертану мамандығы бойынша бітірген. 1976 жылы
Алматыда «Әбілхан Қастеев» атты монографиясы жарық көрген.
Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті сыншысы
Оразбекова Лаура
1949
жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір елді мекенінде дүниеге
келген. 1981 жылы И.Репин
атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін
және сәулет институтын өнертану мамандығы бойынша бітірген.
Қазақ сәндік қолданбалы өнерін зерттеуге ауқымды үлес қосқан өнер
зерттеуші. Өнертану ғылымдарының кандидаты. «Қазіргі өнер
формасында көшпенділердің дәстүрлі өнерінің трансформациясы»
атты жарық көрген еңбегі арқылы қазақ бейнелеу өнертанымының
дамуына ерекше үлес қосқан өнерзерттеуші.
Қазақ өнертану сынында
өзіндік орны бар өнертанушы
Мұқажанова Гүлжамила
1944 жылы
өмірге келген. Оңтүстік өңірі суретшілері шығармашылығын зерттеген
Достарыңызбен бөлісу: