131
дәрежесін алу үшін 1986 жылы
кандидаттық диссертациясын
қорғаған, 1997 жылы докторлық диссертациясын қорғаған. Бейнелеу
өнерінің философиялық аспектілерін зерттеуші ғалым. «Этнос.
Мәдениет. Сана» (2001), «Евгений Сидоркин» (2005) атты
өнертанымдық
еңбектер
мен
зерттеу
нәтижелері
бойынша
монографиялық еңбектер жазған. Қазақ бейнелеу өнері шығармаларын
зерттеушілердің бірі Ш.Ж. Тоқтабаева- философия ғылымдарының
докторы. «Нүкте мен шексіздік», «Қазақ
сәндік қолданбалы өнерінің
құпиясын ашудың кейбір зерттеу тәсілдері», «Паралелдік әлем», «Б.
Заурбекова», «Бронислав Залецкий. Жизнь казахских степей» атты
өнертанымдық еңбектер жазған. Өнертанушы ғалым
Болатбаев
Құдайберген
Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университетін
бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Қазақ бейнелеу
өнеріндегі салт-дәстүрлер көріністерін бейнелеумен ерекше көрінген
суретші және өнертанушы. Қазақ тілді баспасөз беттерінде ұлттық
бейнелеу өнері шеберлері туралы зерттеулер жасаған ғалым.
Ұлттық
өнер дәстүрінің сабақтастығының сақталуы туралы еңбектер жазған
өнертанушы. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында, Абай
атындағы Ұлттық Педагогикалық
университетінде оқытушы, доцент,
профессор қызметтерін, ғылыми істерді ұйымдастырушы басшы
қызметтерін атқарған. Ғылыми еңбектері
Қазақстан бейнелеу және
сәндік қолданбалы өнері шығармалары мен көркем бұйымдарын, өнер
шеберлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеу бағытын қамтиды.
Жас өнертанушы
Қарабекова Раушан
Исмайловна- Қазақстан
Республикасы Ғылым академиясының М.Әуезов
атындағы әдебиет
және өнер институтының ғылыми қызметкері. «Реализм және
абстракция» атты еңбек жазған.
Қорыта айтқанда, Қазақстан өнертанушыларының еңбектерін
сараптау
нәтижесі, олардың ұлттық бейнелеу өнері шығармаларының
көркемдік ерекшеліктері туралы жан-жақты өнертанымдық және
толық көлемде талдаулар жасалған. Аталған өнертанушылар бейнелеу
өнерінің
көрнекті
шеберлерінің
шығармашылық
стилі
мен
бағыттарына сипаттамалар берген. Көрнекті өнер шеберлерінің өмірі
мен шығармашылығы
туралы монографиялық еңбектер, ұжымдық
зерттеу еңбектері жарық көрген. Бейнелеудің дамуы мен қоғамның
интеграциялық дамуына сәйкес сипаттама берілген.Өнертанымдық
талдау өлшемдері ретінде өнертанушының тұрақты
және көлемді
Достарыңызбен бөлісу: