Химиялық эксперимент өзінің оқу-тәрбиелік міндеттерін сөзбен ұштастыру арқылы ғана ойдағыдай атқарады. Көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді қойғанда берілетін нұсқау – тапсырма
Химиялық эксперимент өзінің оқу-тәрбиелік міндеттерін сөзбен ұштастыру арқылы ғана ойдағыдай атқарады. Көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді қойғанда берілетін нұсқау – тапсырма:
Химиялық эксперимент өзінің оқу-тәрбиелік міндеттерін сөзбен ұштастыру арқылы ғана ойдағыдай атқарады. Көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді қойғанда берілетін нұсқау – тапсырма:
1) тәжірибенің мақсаты;
2) тәжірибеден қандай заттар алынды олардың қасиеттері;
3) құралдың құрылысы және жеке бөліктерінің қызметі ;
7) реакция теңдеуін жазу және қорытынды жасау ғылыми тіл арқылы жүзеге асады.
Зертханалық тәжірибелер де ауызша немесе жазбаша түрде нұсқаулар арқылы жасалады. Сарамандық жұмыстардың кіріспесі, ұйымдастырылуы қортындысын шығару тіл арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылардың эксперименті — заттар мен химиялық реакцияларды танып білудің негізгі құралы.
Ол арқылы оқушылар заттардың құрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті, заттардың генетикалық байланысын, химиялық құбылыстардың мәнісін түсінеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алады.
Оқушылардың эксперименті — өздігінен істейтін жұмыстардың бір түрі, зертханалық және сарамандық жұмыстарға жіктеледі, олар бір-бірінен дидактикалық мақсаттары арқылы ажыратылады.
Зертханалық жұмыстардың мақсаты — жаңа білім алу, өтілетін оқу материалын саналы түрде игеру, сондықтан олар жаңа материалды оқып-үйрену сабақтарында жасалады.
Оқушылар сарамандық жұмыстарды тақырып өтілген соң орындайды, олардың мақсаты алынған білімді және білікті бекіту, нығайту, нақтылау, жетілдіру және тексеру.
Оқушылардың таным іс-әрекеті, яғни оқу барысы тұрғысынан алғанда оқушылардың эксперименті мынадай кезендерде жүзеге асады:
1) тәжірибенің мақсатын түсіну;
2) заттарды зерттеу;
3) құрал құрастыру немесе дайын күйінде берілген құралды пайдалану;
4) тәжірибені орындау;
5) тәжірибені бақылау, нәтижесін талдау және қорытынды жасау;
6) алынған нәтижені түсіндіру және реакция теңдеулерін жазу;
7) жазбаша есеп беру.
Мұғалім оқушылардың зертханалық жұмыстарды қалай жасағанын қадағалап бақылайды, олардың әр тобынан өзіне көмекшілер тағайындап алады.
Оқушылардың жіберген қателері қолма-қол түзетіледі.
Зертханалық жұмыстардың техникасы және жабдықтары онша күрделі болмайды, олардың уақыты кесімді және оқушылар бір мезгілде орындайды.
Зертханалық жұмыстардың нәтижесі даярлық жұмыстарына тікелей байланысты.
Мұғалім әр тәжірибенің қалай жасалатынын (жеке, топпен және жаппай) алдын-ала анықтайды. Соған сәйкес құрал-жабдықтарын әзірлейді, оларды, тәжірибе бойынша жеке карточкаларға жазып қояды. Тәжірибе кезіндегі әр оқушының міндетін анықтайды. Жұмыстың соңында оқушылар жұмыс орнын ретке келтіреді, мұғалім алдын-ала белгілеген оқушыларының дәптерін жинап алады. Зертханалық жұмыстың нәтижесі бойынша әңгімелесу өткізеді, қорытынды жасайды.
Зертханалық жұмыстар жаңа сабақ үстінде өткізілетін болғандықтан сабақтың желісі үзілмей, оның алдына қойылған мақсаттарының орындалуына жасалған жұмыстар нақтылы септігін тигізуі тиіс. Тәжірибелер көрнекі көрсету немесе зертханалық жұмыс түрінде өткізіледі.
Бақылауды қорытындылау үшін мынадай сұрақтар қойылады:
1. Неліктен калий иодидінің ерітіндісі крахмалмен көк түс бермеді?
2. Екінші тәжірибеде хлордың түсі неліктен өзгермеді?
3. Үшінші тәжірибеде хлор арқылы қандай процесс жүзеге асты? (Реакция теңдеуін жазыңдар.)
Осы тәжірибеден екі қорытынды жасаңдар:
а) хлордың активтілігі туралы;
ә) иод түсінің өзгеруі туралы. (Бұл сұрақтарға жауап іздегенде оқушылар өздеріне бұрын белгісіз «жаңалық» ашқандай сезінеді.)
Зерттеу әдісінде қойылған мәселені шешкенде оқушылардың дәйектілігі арта түседі.
Үлестіріліп берілетін материалдармен жұмысты, химиялық тәжірибелерді өздігінен орындайды, құралдар құрастырады, модельдер жасайды; графикалық жұмыстар және т. б. орындайды. Оқушылар әр зерттеудің жоспарын жасап, соған сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Кейде мәселені өзі қойып, қалай шешудің гипотезасын ұсынады, оны тексерудің жолдарын анықтайды. Ол үшін ғылыми, оқу және анықтама әдебиеттермен жұмыс істейді.
Мектеп дәрісі.
Дәріс. Әңгімеден айырмасы ұзақ мерзімді (30— 40 минут) баяндауға жатады, жоғарғы кластарда жиі қолданылады.
Орта мектеп реформасында, жаңашыл мұғалімдер іс-тәжірибесінде, кейінгі әдістемелік әдебиеттерде дәріске көбірек көңіл бөлінеді, оның тиімділігі нақтылы дәлелденген.
Мысалы, электролиттік диссоциациялану тәрізді теориялық тақырыптан алдымен дәріс, одан соң оқушылардың сұрақтарына жауап қайтару, содан кейін семинар және диспут өткізілген тиімді.
Дәріс мұғалімнің жан-жақты дайындалуын қажет етеді және оған қойылатын талаптар:
1. Дәрістің жалпы педагогикалық, дидактикалық және методикалық мақсаттарын анықтау;
2.Оқу материалын іріктеу:
а) жаңа білімді игеруге қажетті оқушылардағы білім қорын анықтау;
ә) жаңа білімнің мазмұнын және көлемін нақтылы белгілеу;
3.Дәріске қажетті оқыту құралдарын іріктеу, әдістемелік жағынан негіздеу;
4.Дәріс жоспарына кіретін негізгі мәселелерді, олардың баяндалу ретін, оқушыларды белсенді қатыстыру тәсілдерін ойластыру;
Дәрістің қорытынды бөлімінде оқушылардың материалды қандай дәрежеде түсінгенін тексеретін бақылау сұрақтарын, қорытындылау және жүйелеу жолдарын белгілеу.
Семинар
Семинар -практикалық жұмыстарды - жүйелі түрде орындау — анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы.
Семинар сабақтары білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады.
Практикалық жұмыстарды орындау мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты.
Мысалы, химиядан практикалық жұмыс химиялық құбылыстарды түсіндіруге және бақылау біліктілігін дамытуға;
заттарды алуға және ажырата білуге себепші болады; оқушыларды химиялық лабораториядағы жұмыстың қарапайым тәсілдерімен таныстырады;
заттармен, химиялық ыдыстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
Жұмыстың күрделілігі біртіндеп өзгереді: оқушылар көп уақыт алмайтын күрделі тапсырмаларды орындауға көшеді. Тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін оқушылар практикалық жұмысты өз бетімен жүргізулеріне болады.
Бақылау сұрақтары.
1Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының сипаттамасын бер
2.Сабақ химияны оқытудың негізгі формасы қандай?
3.Сабақ қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі?
4.Сабақтың құрылымы қалай анықталады?
5.Қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қандай үш салаға біріктіруге болады?
6.Сабаққа талдау жасаудың негізгі бағыттары қандай?