Байланысты: Дәрістер Ашық тау-кен жұмыстарындағы маркшейдерлік іс
Д.7. Карьерлердегі маркшейдерлік графикалық құжаттар Маркшейдерлік графикалық құжаттар бастапқы және туынды сызбалардан тұрады. Бастапқы сызбалар қабылданған бір координаталар жүйесінде, маркшейдерлік түсірістер мен өлшеулер нәтижесінде, ал туынды сызбалар, оларды көбейтумен немесе арнаулы инженерлік толықтырулармен жасалады.
Бастапқы сызбалар дәлдігі, түсіру масштабының дәлдігіне сәйкес болады. Барлық маркшейдерлік сызбалар екі топқа бөлінеді:
1) жер бетінің сызбаларының топтары;
2) тау-кен қазбаларының сызбаларының топтары;
Жер бетінің тау-кен мекемесі орналасқан аймақтың планы 1:5000 немесе 1:2000 масштабтарда жасалады. Бұл планда жер бедерінен басқа түсірілетін нысандар; бөлініп берілген жер ауданының, кен өндіру орнының шекаралары, кеннің жер бетіне шығып жатқан жерлері, карьердің жобалық және нақтылы нобайлары, көлік жолдары, кен үймелерінің, қоймаларының шекаралары, тірек және түсіру торларының қосындары ж.б. керекті нысандар көрсетіледі.
План негізі қатты заттан жасалады. Планды планшеткаға (ауданы кіші план) бөліп жергілікті кен өндіру жағдайларына қарай, ретпен орналастырады. Планды керек болған кезде толтырып отырады, жылына бір рет толтырып отырса жеткілікті. Планды керек болған уақытта толтырады дейтін себебіміз, кейбір кен өндіруге қатысты құрлыстарды, құрылымдарды тез арада толық көрсетуге немесе өзгертуге тура келеді. Ал, кейбір нысандардың планы бөлек жасалады., олар:
-тұрғын үйлер және әлеуметтік құрлыс нысандарының планы;
-өндіріс алаңының планы;
-бос жыныстар үймелерінің, қоймаларының және кен байыту фабрикасының қалдықтарын сақтайтын жер бөліктерінің планы;
-кен өндіру аймағының, кен қазу жұмыстарына бөлініп берілген жер шекаралары.
Бұл пландардың масштабтары, олардың не үшін керек екен-дігіне байланысты нақтылы анықталып, 1:5000-тан 1:500-ге дейінгі масштабты пландар қатарын құрайды. Арнаулы 1:10 000 немесе 1:25 000 масштабтар-дағы жер бетінің сызбаларын пайдалану оңай болу үшін: планшеттердің жер бетін түсірудегі орналасу картограммасы; тірек және түсіру торларының қосындарының орналасу планы, сонымен бірге реперлерді, қосындарды бекіту тәртібі, құрлыстары қоса беріледі.
Кен өндіру горизонттарындағы қазбалардың планы барлық кен қазбаларының бастауы болып есептеледі. Олар өндірілген кен көлемін анықтауға, олардың дұрыс қазылғандығын тексер-уге және де кен қазу жұмыстарын жоспарлауға керек болады.
Карьердің көлеміне байланысты горизонттық пландар 1:1000 немесе 1:2000 масштабтарда сызылады. Жылдық өнімдері 1 млн.м (бос жыныстарды қосқанда) немесе күрделі геологиялы карьерлерде 1:500 масштабтағы пландар сызылады.
Горизонттық пландарға кескінделетін құрылымдар: координаталар торлары; түсіру негіздерінің қосындары; кемердің жоғарғы, төменгі жиектері; айлық қазылу алаңдарының шекаралары; барлау қазбалары, сызықтары, геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар; көлік және энергетикалық жүйелер; карьер бойынша горизонттың шеткі жиектері, сақтану белдеулерінің нобайлары. Горизонттық планды ай сайын толықты-рып отырады.
Тік қималар горизонттық пландардың масштабында салын-ады. Қималар кен қабаттарының орналасу жағдайларын, кен қазу жұмыстарының мерзімдік жылжуларын толық, нанымды көрсетеді. Қималар кен қабатына перпендикуляр, барлау төтелдерінің сызықтарының үстінен өтеді. Кен қабатының ұзынабойлық қимасының саны кен қабатына перпендикуляр қималардан аз болғанымен, оларда кен қабатының геологиялық жағдайларын толық бақылап отыруға мүмкіндік туғызады.
Толық планды сызу үшін, сереофотограмметриялық түсіру әдісін қолданған кезде горизонттық планды толықтырып отыру қоса жүргізіледі. Жер бетіндегі маркшейдерлік түсірістер кезінде толық план, горизонттық план негізінде ай сайын толықтырылып отырылады.
Толық план масштабы 1:2000 немесе 1:1000 болады. Бұл планға горизонттық пландағы барлық жағдайлар, нысандар түсіріліп отырылады: кемердің соңғы түсіріс кезіндегі жиегі, жер бедері, ондағы жобалық құрылымдар т.б . нысандар, кемер жиектері жиі өзгеріп тұратындықтан толық план қаламмен сызылып, керек кезінде тушпен кескінделіп, жылтыр қағазға немесе басқа көбейтуге ыңғайлы материалға көшіріліп отырылады.
Горизонттық сұрыптау планы негізгі горизонттық пландар негізінде кескінделіп, онда геологиялық ақпараттар айқын көрсетіледі. Кеннің геологиялық құрамының сапалық, сандық шамаларын изосызықтармен көрсету, осы планның негізінде жасалады.
Ұзынабойлық темір жолдардың, автомобильдердің, тролейвоздардың және аспалы канатты жолдардың өстерінің қимасы салынып, ондағы жұмыс істеу шамаларының жай-жапсарларын тексеруге, анықтауға, қадағалауға мүмкіндік береді.
Қималардың ұзынабойлық масштабы 1:2000, тік масштабы 1:200 болып келеді. Қималарды толықтырып отыру, айына бір рет жүргізіледі.
Тәжірибе жүзінде барлық маркшейдерлік сызбалардың көшірмесі көбейтіліп, кен қазу жұмыстарының уақтылы, ұқыпты жүргізілуіне мүмкіндік жасалады.