Фатализм - (лат. fatum - тағдыр, fatalis – қашып құтылмайтын) - антидиалектикалық дүниетанымдық тұжырымдама. Фатализмге сәйкес дүниеде орын алатын барлық құбылыстар мен процестер алдын-ала белгіленіп қойылған, яғни әлемде тағдыр, жазмыштың бұлтартпас үкімі жүреді. Ендеше, бұл әлемде бостандыққа, шығармашылыққа орын қалмайды, бәрі де кажеттіліктің үстемділігіне бағындырылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстар, окиғалар мен жағдайлар peті о баста, алдын-ала белгіленіп, «маңдайға жазылып» қойылған. Фатализмнің варианттары көп, бірақ солардың, бәріне ортақ нәрсе - орын алып отыратын жағдай қисыны адамға байланысты емес, ендеше, оның қолында тұрган жоқ деп қарастырылуы. Теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам өмірінің қилы жағдайларын Құдайдың құдіретімен анықталады деп түсіндіреді.
Фаллибилизм - (агылш. fallible - қателікке ұрынған, кінәлі) - таным процесіндегі қателіктерінің өспелі нақтылықпен алғандағы түбегейлі мүмкіндік беретін идеясы, постпозитивизм бағыты. Фаллибилизм принципі Поппердің толеранттылық принципімен сәйкес.
Фальсификация - (лат: falsus - жалған, fasio - жасау) - ғылыми қоғамдастықта қабылданған іргелі теорияларға сәйкестендіру мақсатында, тәжірибе және теориялық тексеру нәтижесінде болжамның жалғандығын айқындайтын ғылыми процедура немесе әрекет.
Феномен - мән уғымымен байланысты және оған қарсы қойылатын ұғым. Шындықты мына түрде қарастырады: адам аңғал реализмнен («заттарды көріп тұрамын») заттардың құбылысы (көрінісі) олармен бірдей еместігін түсінуге көшеді. Идеалистік философияның түсіндіруінше тек с ғана өмір сұретін, танып білуге болмайтын ішкі мәніне - ноуменге қарама-қарсы деп есептелінетін құбылыс. Ауыспалы өмірде сирек кездесетін,ерекше жаралған ерен қабілеті бар адам; не бip ғажап құбылыс.
Феноменология - (грек. Феномендер туралы ілім)- басында философиялық пәндердің бipi, кейінірек идеалистік философиялық бағыт, философиялық сананы натуралистік ұстанымдардан (объект пен субъектіні бөліп тастайтын) арылтуға, философиялық сараптаудың өзіндік саласына – сананың өз актілері және олардың мазмұны туралы рефлексиясына жетуге, танымның, адамның өмір сүруінің және мәдениеттің бастапқы негіздерін, толық сипаттамаларын анықтауға ұмтылады.