Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



бет36/39
Дата27.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#110952
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
    Бұл бет үшін навигация:
  • Уақыт
Техницизм - техниканы коғам тағдырын анықтауыш күш деп түсіндіретін әлеуметтік-психологиялық нұскау және саяси-коғамдық ой бағыты. Техницизм коғамдағы елеулі өзгерістер тікелей техниканың әсерімен жүзеге асады деп ұғындырады. Техницизм идеологиясы адамзат ушін техниканың дамуы қашанда ізгілік деген үстірт көзөарасқа негізделген. Техницизм идеологиясының мәдениеттанушылар, әлеуметтанушылар ілімдерінде кездесуін олардың адамзат мәдениетінің тарихи негізгі сатыларын техниканың белгілі бip аспектілерімен байланысты қарастыруларынан байқаймыз. Мыс., олардың бipi (Дж.Ленский) мәдени кезеңдерді еңбек құрамының өзгерісімен байланыстырса, келесісі қуат көзінің өзгерісімен, үшіншісі, (Л.М.Мак-Люэн) қарым-қатынас, ақпарат алмасу құралдарының өзгерісімен байланыстырады.
Уақыт - материя болмысының жалпы формасы, атрибуты, болмыстың ұзақтығын және дүниедегі барлық материалдың жүйелер мен процестердің жағдайларының ауысу реттілігін білдіреді.
Универсализм - жан-жақтылық, көпқырлылық, бәрін қамтушы білім, тұтастыққа ұмтылу, универсумды тұтас ретінде қарастыратын, осы тұтастан жекені бөліп шығарып, түсіндіруге және ұғынуға тырысатын ойлау турі.
¥гым - дүниені танып-білу сатысындағы белгілі бip тұтастықта қарастырылып отырған заттың мәнін оның қалыптасу тәсілін анықтау арқылы олардың теориялық танымның формасы. Ұғым ойлаудың логикалық формаларының бipi, ұғымда шындықтың заттары мен құбылыстары және олардың арасындағы байланыстар олардың жалпы және ерекше қасиеттерін анықтау арқылы жалпы түрде бейнеленеді. Бүкіл ойлау процесі ұғымдар туғызу, оларды жүйеге келтіру және пайдалану жолымен қалыптастыру. Ұғымның қалыптасуы, бейнелендірудің сезімдік формаларынан оған өтуi күрделі процесс: мұнда дуниені тануды салыстыру, талдау мен синтез, абстракциялау, идеализациялау, жалпылау сияқты әдістері және ой қорытындысының айтарлықтай формалары қолданылады. арқылы оны әлдеқайда тереңірек танып білу іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет