Д. Т. Кен же таев Ә.Ә. Сай лы баев Ө. О. Тұяқ баев зайырлылық ЖӘне дінтану негіздері негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет157/194
Дата18.10.2023
өлшемі3,82 Mb.
#118474
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   194
Байланысты:
Зайырлылык жане динтану 9 каз УЧЕБНИК

188
§29. Жалған діни ұйымдар мен 
ағымдар туралы түсінік. Дін атын 
жамылған теріс пиғылды ағымдар, 
олардың белгілері және зардабы
Сендер бұған дейін әлемдегі дін түрлерімен, тарихымен, олардың 
адамзатқа тигізетін игі әсерімен таныстыңдар. Алайда кейінгі жылдары 
дін атын жамылған жалған діни ұйымдар да пайда болды. 
Жалған діни ұйым деген не?
Дін та ну әліп пе сі нен
 Жал ған ді ни ұй ым
– адам дар дың құ қық та рын бұ за тын, олар ға пси хо-
ло гия лық әдіс-тә сіл дер ді қол да на оты рып, зия нын ти гі зе тін ді ни ағым. 
Жалған діни ұйымдардың қауіптілігі неде?
Жалған діни ұйымдардың
ортақ сипаты діни ілімнің ақиқаттылық 
деңгейіне байланысты емес. Мұндай жалған ұйымға мүше адамдар қор-
шаған әлеуметтік ортадан оқшауланады және өздерінің жетекшілерінің 
сөзсіз бағынады. 
Жалған діни ұйымдар тыйым салынғаннан кейін уақытша жұмысын 
тоқтатып, белгілі бір мерзімнен соң атауын өзгертіп, қайта әрекет етуі мүмкін.
Жалған діни ұйымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы 
инс титутына, адам денсаулығына қатер төндіреді. Мұндай діни ағым-
дардың өкілдері исламдағы «жиһад» ұғымын қате түсінеді. Олар жиһад-
ты басқаларға қарулы соғыс жүргізу деп ұғады. Ал шындығына келген-
де «жиһад» сөзі араб тілінен аударғанда белгілі бір нәтижеге, мақсатқа 
жету үшін адамның қажыр-қайрат жұмсауы деген мағынаны білдіреді.
Дін та ну әліп пе сі нен
Шынайы жиһад дегеніміз:
• 
әркімнің өз кемшіліктерін түзеуі;
• 
өзіңнің ішкі дүниең мен жүрегіңді тазарту;
• 
өз бойыңдағы қызғаншақтық, қанағатсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық 
секілді жаман қасиеттерден арылу;
• 
өз бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді жетілдіру;
• 
әркімнің өз нәпсісін, еліктеуін және әлсіздігін жеңуі.
Дін та ну әліп пе сі нен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет