230
Курсты қорытындылау
Мінеки, жас достар, сендер «Зайырлылық және дінтану негіздері»
курсын тәмамдадыңдар. Қазақстанның қазіргі саясаты елімізде ұлт,
этникалық топтар мен мәдениет арасындағы өзара сыйластық пен
татулықты орнату, рухани, адамгершілік құндылықтарға негізделген
қоғамдық жүйе құруға бағытталған.
Сендер осы пән арқылы құқықтық және діни сауаттылықтарың
қа лып та сып, за йыр лы лық қа ғи да тын құн ды лық ре тін де тү сін дің дер.
Дін нің қо ғам өмі рін де гі ор нын, әлем дік дін дер дің, жалғ ан діни ұйым-
дар дың жә не дес трук тив ті ді ни ағым дар дың та ри хы мен қазіргі жағ-
да йын зер де ледіңдер. Сондай-ақ гуманистік дүниетанымдарыңды қа -
лып та сты рып, зайырлылық қағидатын тұрақтылықтың басты факторы
еке нін түсіндіңдер.
Сендер оқу жылында:
1) тәжірибеде алған білімдеріңді, әртүрлі жағдайларда жауапты
шешімдеріңді;
2) өздеріңнің және басқалардың жаңа идеяларын;
3) сыни тұрғыдан бағалауды және ақпаратпен сенімді жұмыс істеуді;
4) зерттеушілік жұмыс дағдыларын;
5) тұрақты даму үшін ашық, гуманистік қоғам құруға бағытталған
бі лім мен дағдыларды қолдана алдыңдар.
Енді курсты қорытындылау мақсатында топтық, жұптық және жеке
жобалық жұмыстарды орын даңдар.
Достарыңызбен бөлісу: