«ДАҒдарысқА Қарсы басқару» пәні бойынша дәрістік кешен


Циклдық фазалары және оның көрініс табуы



Pdf көрінісі
бет4/60
Дата04.01.2023
өлшемі1,59 Mb.
#60408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
«ДА дарыс А арсы бас ару» п ні бойынша д рістік кешен

Циклдық фазалары және оның көрініс табуы 
Классикалық қоғамдық ұдайы ӛндіріс циклы тӛрт фазадан тұрады. 
Бірінші фаза -дағдарыс (қүлдырау). Бүл кезде ӛндіріс кӛлемі және 
іскерлік белсенділік қысқарады, бағарың түсуі байқалады, тауардың қалуы, 
жүмыссыздар саны және тоқырау саны күрт ӛседі. Бүл жағдайда 
экономиканың дағдарыстардың жекелей салаларға жағымсыз әсер 
дәрежесінің айырмашылығын айта кеткен жӛн. Күнделікті қолданыстағы 
заттарды жеткізуші салаларда ӛндіріс кӛлемі салыстырмалы масштабта аз 
қысқарады. Бұл уақытта түтынушыларда бүндай жағымсыз экономикалық 
жағдайда қүрал жабдықпен түрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем 
тоқтатып жақсы күндерді күтеді. Сәйкесінше металлургия, ауыр машина 
жасау салаларында, тоңазытқыш, автомобиль және тағы басқа ӛндірістің 
тӛмендеуі, жеңіл және тамақ ӛндірісіне қарағанда кӛбірек болады. 
Экономиканың монополияланған және монополияланбаған секторындағы іс 
әрекеттің де айырмашылықтары бар. Егер де жоғары монополияланған 
салаларда дағдарыс кезеңінде ӛндіріс кӛлемінің күрт қысқаруы кезінде баға 
тӛмендейді, ал капиталдың аз шоғырланған са-лаларында ӛнім кӛлемі аздап 



тӛмендегенде баға да түседі. Қарапайым түсіндіргенде, монополия ӛзінің 
экономикалық билігіне сүйеніп, дағдарысты аз шығынмен ӛткізеді. 
Екінші фаза - депрессия (стагнация). Бұл фаза (ұзақтылығы - жарты 
жылдан үш айға дейін) шаруашылық ӛмірдегі жаңа жағдайлар мен 
сүранымдарға бейімделу, жаңа тепе-теңдік алу фазасы. Бүл фазадағы тән 
қасиеттер сенімсіздік, ретсіз іс-әрекеттер. Кәсіпкерлердің конъюктураға 
деген сенімділігі еңбекпен қалпына келеді, шаруашылық жағдайдағы баға 
түрақтылығына қарамастан, олар бизнеске едәуір кӛлемде қаржы салуды 
байыппен қарап, тәуекелділікке бармайды. Бүл фаза кӛп жағдайда пайыз 
нормасының түсуімен сипатталады. 
Үшінші фаза - жандану. Бұл қалыпқа келу фазасы. Капиталсалымдары 
басталып, баға ӛсіп, ӛндіріс және пайыздық мӛлшер ӛседі. Жандану ең 
алдымен ӛндіріс қүралдарын жеткізуші салаларды қамтиды. Басқалардың 
жетістіктерінен жаңа ӛндірістер қүралады. Былайша айтқанда, жандану 
дағдарыс алдындағы макроэкономикалық кӛрсеткіштер деңгейіне жетумен 
аяқталады. Бүдан кейін жаңа, жоғары кӛтерулер басталады. 
Төртінші фаза - кӛтерілу (бум). Бүл жаңа тауарлар және жаңа 
ӛндірістердің пайда болуы, капитал салымдарының едәуір ӛсуі, акциялар 
курсы және басқада бағалы қағаздар пайыздық мӛлшерінің ӛсуі, баға және 
еңбек ақының ӛсуі сияқты бірқатар жаңа енгізулердің арқасынада 
экономикалық дамуды жылдамдататын фаза. Және дәл осы уақытта банктің 
баланс қуаты дамып, тауар қоры молаяды. Экономиканың ілгері дамуын 
жаңа деңгейге шығарған кӛтерілу кезекті жаңа дағдарысқа база дайындайды. 
Жаңа кезекті дағдарыстың алғашқы серпілісі (себебі) жиынтық 
сүраныстың қысқаруы болып табылады. Қайтадан ӛндіріс тӛмендейді, табы-
стың азаюы, шығындар мен сүраныс қысқарады. Алғашқы жиынтық 
сүраныстың қысқаруын тудыратын факторлар әрқилы болуы мүмкін: тозған 
қүралдарды ауыстыру, жекелей ӛнімдерге сүраныс түседі, салық және не-сие 
пайыздары ӛседі, ақша айналым заңдарының бүзылуы, әртүрлі саяси 
жағдайлардың туындауы, кӛрінбеген жағдайлар және тағы басқалар. Бүның 
бәрі қалыптасқан нарық теңдігін бүзып, кезекті экономикалық дагдарысқа 
серпін беруі мүмкін. 
Ұдайы ӛндіріс циклдылыгы мен дәстүрлі фазалардың жиі бүзылу 
себептерінің кӛптігін ескере отырып, әртүрлі бағыттағы ғалымдар 
циклдылықтың тӛмендегідей әртүрлігін үсынады: 
Кондратьев циклы немесе үзақ толқынды цикл, үзақтылығы 40-60 жыл. 
Оның басты қозғаушы күші болып қоғамдық ӛндірістің техноло-гиялық 
базасын түбегейлі ӛзгерту, оның қүрылымын қайта қарастыру; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет