«ДАҒдарысқА Қарсы басқару» пәні бойынша дәрістік кешен



Pdf көрінісі
бет2/60
Дата04.01.2023
өлшемі1,59 Mb.
#60408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
2. Дағдарыс типологиясы 
Тәжірбие кӛрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де 
бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, қүралдарды 
дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер 
дағдарыс типологиясы және дағдарыс мінезі белгілі болса, онда оның 
ӛткірлігін тӛмендету уақытын қысқарту және ауыртпалықсыз ӛтуімен 
камтамасыз ету мүмкіндігі туады. 
Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық 
әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бӛлігін 
қамтиды. Бұл дағдарыстарды бӛлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс 
жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, 
оның қүрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек. 
Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бӛлуге болады. 
Макродағдарыс едәуір үлкен кӛлемдегі және масштабты мәселелерге 
тән. 
Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды. 
Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бӛлек алып 
қарауға болады. Ол фирмадағы қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық 
мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бүл экономикалық процестердегі 
дағдарыстың ақшалай корінісі. 
Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе 
қайшылықтардың оршуінен туьшдайды: жүмыскерлер мен жүмысберушілер, 
кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жүмысшылар, 
персонал және менеджерлер және т.б. Кӛбінесе әлеуметтік дағдарыс
экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып 
табылады, кей жағдайда ӛздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, 
еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер 
қатынасында, патриоттық сезімде. 
Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі 
теориялық мектеп ӛкілдерінің кӛзқарастарын талдай отырып, әр түрлі 
түсініктерді шығаруға болады - таза субъективтіден, яғни сүраныс пен 
үсыныстың психологиялық концепциясының ӛзгеруімен, ӛндірушілер мен 
түтынушылардың пессимистік немесе оптимистік кӛңіл-күйде болуынан, 
қатаң, барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп-ка-
питалистік ӛндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне 
дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағьшан айырмашылығы, 
ӛздерін ешқандай экономикалшық мектепке қатысы жоқтығын айта оты-рып, 
кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда. 



Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда 
болу себептерін теориялық түрғыдан қарастырсақ: 
Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, ӛндіріс 
пен түтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды 
шаруашылық шеңберінде ӛндіріс пен түтыну арасында тікелей байланыс 
болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болма-
ды. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар ӛндірісі мен айна-
лысының дамуы себеп болды. Еңбек бӛлінісі, маманданудың және коопера-
цияның дамуы, ӛндіріс пен түтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. 
Бірақ та жәй тауар ӛндірісінде дагдарыс ықтималдығының қажеттілігі бол-
мады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды ӛткізу 
қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдагы ӛткізу процестерінің бұзылуы 
байқалмады. 
Тауар ӛндірісінде, ӛндірісті үйымдастырудың үстемдік етуші формасы 
болып, ал нарық оның реттеушісі болғалы, ӛндіріс пен түтыну арасындағы 
айырма уақытпен де және кеңістіктеде тез күшейе түсті. Стихиялық және 
анархиялы жағдайда ӛндірістегі экономикалық дағдарыстар объективтІ 
заңдылық бола бастады. 
Капиталистікке дейінгі ӛндіріс әдісінде, материалдық игіліктер 
жеткіліксіз ӛндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық ӛндіріс 
туындады. Неліктен бұлай болды? Экономиканың дамуы, ӛндірістің 
қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде 
жекеменшіктің сақталуьша әкелді. Бүл қоғамдық мінездегі ӛндіріс пен 
иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің ӛршуіне әкелді. 
Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, ӛзіндік 
спецификаны кӛрсетеді, ол дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. 
Экономикалық 
дағдарыстың 
мәні, 
тауарды 
артық 
ӛндірудің 
тӛлемқабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, үдайы ӛндіріс 
жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бүзылуынан, фирмалардың 
жаппай тоқырауынан, жүмыссыздықтың ӛсуі және басқада әлеуметтік-
экономикалық күйзелісте кӛрініс табады. 
Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық ӛндіріс дамуындағы, 
ӛндірістің қүлдырауы және кӛтерілуін сипаттайтын заңдылықтар кӛрініс 
табады. Бұл мәселені К.Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол 
дағдарыс себеп-терінің стихия және анархиялық ӛндіріс кезінде, болмай 
қоймайтындығын дәлелдеп ашқан. Белгілі экономист В. Леонтьевтің 
айтуынша: Іскерлік цикл теориясы Маркстік саясиэкономия алдында айқын 
қарыздар. 
Маркстік емес мектеп ӛкілдері алғашында, экономикалық циклдардың 
болатындығын теріске шығарып, дәстүрлі нарық механизмі шеңберіндегі 
құбылыс сияқты циклдықты жеңу мүмкіндігін дәлелдеп бақты. Әлемдік эко-
номиканың XX ғасырдағы дамуы артықӛндіріс процесіндегі циклдық 
кӛзқарасы шегінен бастартуға әкелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет