8
Китчин циклы, үзақтылығы 3-5 жыл, кәсіпорынның тауарлы-
материалды қүндылықтарының салыстырмалы кӛлемі динамикасынан
туындайды;
Жеке шаруашылық циклы, 1 жылдан 12 жылға дейінгі кезеңді қамтып,
инвестициялық белсенділіктің ауытқуына байланысты ӛмір сүреді.
Қазіргі жағдайда ғалымдар Н. Д. Кондратьевтің (1892-1938) ұзын
толқын теориясына үлкен кӛңіл бӛледі. Ӛткен ғасырдың 20 жылдарынан-ақ,
КСРО шаруашылық конъюктурасының динамикасы сүрақтарын қарастыра
отырып, Кондратьев ел экономикасының
дамуын сипаттайтьш бірқатар
кӛрсеткіштерді, әлемдегі капиталистік шаруашылық динамикасы-мен,
экономикалық салыстырулар жүргізді. Зерттеулер нәтижесі оның капи-
талистік ұдайы ӛндірістің ұзын толқындар концепциясының туындауына
әкеліп соқты. Кӛптеген статистикалық материалдарды қорытып, Кондратьев,
кішігірім капиталистік ұдайы ӛндіріс циклымен (үзақтылығы 8-10 жыл)
қатар, ұзақтылығы орташа (48-55 жыл) үлкен ұдайы ӛндіріс циклы барын
дәлелдеді. Бұл циклдардан Кондратьев екі фазаны немесе екі толқынды бӛліп
кӛрсетті: жоғарлатқыш және тӛмендеткіш.
Бірінші цикл - 1787 - 1792 ж.ж. бастап 1810-1817 ж.ж.
дейін
(жоғарлатқыш толқын) және 1810 - 1817 ж.ж. бастап 1844-1855 ж. дейін
(тӛмендеткіш толқын). Екінші цикл 1844-1851 ж.ж. бастап 1870-1875 ж. дейін
(жоғарлатқыш толқын) жоне 1870-1875 ж.ж. бастап 1890-1896 ж. дейін
(тӛмендеткіш толқын). Үшінші цикл 1890-1896 ж.ж. бастап 1914-1920 ж.
дейін (жоғарлатқыш толқын) және 1920 жылдан 1940 дейін (тӛмендеткіш
толқын). Оның есебі бойынша, келесі тӛртінші үлкен цикл 40 жылдың
соңынан бастап 70 жылдардың басына дейін жалғасуы керек болған.
Жоғарлатқыш толқын күтіліп, ал 70 жылдардың басынан 80 жылдардың
ортасына дейін - тӛмендеткіш толқын. Тӛртішні циклдың тӛмендеткіш
толқынынан, келесі үлкен бесінші циклдың жоғарлатқыш толқынына ӛту,
осы есеппен 90 жылдың басы, ал осы бесінші циклдың жоғарлатқыш
толқынының жоғарғы нүктесі, XXI ғасырдың бірінші ондығьшда жетуі тиіс.
Әлемдік экономиканың даму тәжірибесі кӛрсеткендей Кондратьевтің
ұзын толқындары қоғамдық ұдайы ӛндірістің дамуын дәл болжаған.
Сондықтан да оның теориясы әлемнің кӛптеген елдерінде кӛрініс тапты,
және шет елдік әлеуметтік-экономикалық
әдебиеттерде, үлкен циклдар
қүрметтеліп орын берілді. Бұл теорияға 80-90 жылдары бірқатар
халықаралық конференциялар арналған, нәтижесінде мынадай қорытындыға
келген, әлемде табиғи және қоғамдық процестер дамуының бірегейі ретінде
циклдылық заңы бар, сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық
мінездегі заңдылықтарды, табиғи-экологиялық циклдар олардың сәйкестілігі
және ӛзара әрекеті, әсерін есептемей түсіну мүмкін емес.
Кондратьев
идеясын,
ғылымның
дамуымен
сәйкес
кӛптеген
ғалымдармен зерттелген. Бүл бағытта табысты еңбек еткен Австрия
экономисі Й. Шумпетер болды. Ол ӛзінің Іскерлік циклдар (1939 ж.)
еңбегінде капиталистік экономиканың үзақ мерзімді тербелісінің басты
9
қозғаушы күші болып, техникалық және технологиялық
жаңа еңгізулердің
толқын тәріздес динамикасы екенін дәлелдеді. Қазіргі күнгі жағдайда үзақ
толқындар дәстүрлі циклына да біршама әсері бар. Егер дағдарыс үлкен
циклдың тӛмендеуші толқынында кенет пайда болса, онда оның біршама
терең және үзақтау мінезде екенін анықтауға болады, ал үлкен циклдың
жоғарлаушы толқынында, дағдарысты жеңуде жағымды (позитивті) әсерде
болуы мүмкін.
Экономикалық дағдарыс түрлері және
олардын динамнкасы Кейнстен
кейін батыстың экономикалық ойлары, қоғамдық ұдайы ӛндірістің
циклдылығын мойындап қана қоймай, циклдылық себептерін және
күрылымын зерттеу формаларьш терендетті, сонымен қатар қоғамның
әлеуметтік-экономикалық
дамуына
циклдылықтың
жағымсыз
әсері
салдарынан нейтрализациялау әдістері мен жолдарын іздестірді. Әртүрлі
жақтастардың циклдылыққа деген кӛзқарас позициялары жақындасты.
Бірақта, басқа да кӛзқарас бар: циклдар және дағдарыстар - әр елдің ішкі
дамуының ерекшелігінің нәтижесі.
Дағдарыстар жүйелі түрде (циклды), немесе
кезеңді яғни белгілі бір
заңдылықтарымен қайталанатын және жүйесіз. Ұдайы ӛндірістің жүйелі
дағдарысы және циклдың басталуын кӛрсетеді, сол кезде экономика бірінен
кейін бірі болып тӛрт фаза ӛсіп және келесі дағдарысқа база дайындалады.
Олар, экономиканың барлық саласын қамтуымен сипатталып, үлкен
терең және ұзақтылығын кӛрсетеді. Экономикалық дағдарыстың жүйесіз
түріне, аралық, жартылай, салалық және қүрылымдық. Аралық дағдарыс
жаңа циклдық басталуына жол бермей кӛтерілу немесе жандану фазасын
уақытша тоқтатады. Ол кезектілікпен салыстырғанда терең емес және ӛте
үзақ емес, және локалды мінезде. Бүл дағдарыстар 1924 және 1927 жылдары
капита-листік елдерде белең алған болатын. Ал 1953 -1954 ж.ж. және 1960-
1961 ж.ж. бұндай дағдарыстар АҚШ пен Канаданы қамтыды.
Жартылай дағдарыстың аралылықтан айырмашылығы, ол барлық
экономиканы қамтымай, тек қоғамдық ұдайы ӛндірістің бірін ғана қамтиды.
Бұған мысал ретінде 1932 жылы Германиядағы
банк дағдарысын келтіруге
болады.
Салалық дағдарыс халық шаруашылығының бір саласын ғана қамтиды.
Бұған әртүрлі себептер түрткі болуы мүмкін. Олардың ішінде: сала
дамуының үйлеспеуі, күрылымдық қайта қүрылулар артық ӛндіріс. Бүндай
дағдарыстар ұлттық және халықаралық болады. Соңғысына 1958-1962 ж.ж.
әлемдік кеме қатынасы дағдарысы және 1977 тоқыма ӛнеркәсібіндегі
дағдарыс.
Құрылымдық дағдарыс қоғамдық ӛндірістің пропорционалды заңының
бұзылуы болып табылады. Бұл сала аралық диспропорцияда кӛрініс табады,
біржағынан және айрықша түрдегі натуралды түрде дамуды реттеуге
бағытталған ӛнімді шығару. 1977 жылдары батыс экономикасын энергетика-
лық, шикізат және азық-түлік дағдарыстары жансыздандырды.
10
Кезекті кезеңді дағдарыс басталар алдында, ӛндіріс жоғары деңгейге
жетіп оның соңы артық ӛндіріске әкелетіні белгілі. Бұл кезде ӛнімді ӛткізу
мүмкін сияқты болып, банктер ӛнеркәсіпті және сауданы несиелендіріп,
ӛндірісті кеңейтіп және үсынысты кӛбейтуде. Ӛзіңіз елестетіп кӛріңізші,
автострада да кӛпір жарылып алдыңғы
машиналар тоқтап қалады, бірақ
арттағы кӛліктер алға жылжи береді, жылжи береді, қозғалыс қауіпсіздік
қызметі жолды бӛгемегенше тығын үзарған сайын, оны тарату қиынға
соғады.
Достарыңызбен бөлісу: