Дәріс №6. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен
мазмұны
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта
тарапынан кӛптеген дағдарыс тӛнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік
күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз
пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен
байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни
кәсіпорынды басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз
ету сұрақтары жүктелетіні сӛзсіз. Бұл мәселе терең және кӛп қырлы
болғандықтан, біз зерттеу жұмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық
дағдарысқа қарсы басқарудың қаматамасыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық-экономикалық
дағдарыстар,
әдетте,
ӛнеркәсіп
кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек ӛнімділігі
азаяды, жас және білікті мамандар ӛндірістен кетеді.
Кәсіпорын алдына ӛзіне тән ӛндірістік қызметтерді орындауына
байланысты ӛзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға
әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік
индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау,
қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды, ӛзекті мәселе туады.
Әрбір кәсіпорын үшін ӛзінің экономикалық дағдарысқа қарсы
басқарудың қамтамасыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана
емес, тұрақты экономикалық ортада да экономикалық дағдарысқа қарсы
басқарудың міндеттері ӛз кӛкейкестілігін жоймайды.
Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында экономикалық дағдарыстын
сұрақтарын шешуде басты кӛңілді ӛндірістің және ӛнім ӛткізудің қалыпты
қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына,
ақпараттардың компьютерлік базасының бұзылмауына, теріс пиғылды
бәсекені болдырмауға бағыттайды.
Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлуетінің (ӛндірістік, технологиялық,
ғылыми-техникалық және кадрлық ) бұзылуы оның қызметіне қауіп
тудырады. Бұл ретте, ұдайы ӛндіріске мүмкіндік болмай қалады.
Кәсіпорында инвестициялардың басты кӛздері — амортизациялық
аударылымдар, таза табыс және қарыз қаражаттары болғандықтан, дағдарыс
жағдайында, айтылып кеткен инвестиция кӛздерінің тартылып қалуы мүмкін.
Кәсіпорын әлуетін біртіндеп жаңалау (инновацияларды игеру, тұтыну сапасы
артық
тауарлар
шығару)
алдыңғы
қатарлы
ғылыми-техникалық,
46
конструкторлық, технологиялық және инвестициялық құралдарды игеру
арқылы жүргізілетіні белгілі. Ұдайы ӛндірісте осы құралдарды ұзақ уақыт
бойы қолданбау кәсіпорынның дамуын тоқтатады.
Қазақстан Республикасының егемендік алған кезеңінен бастап,
«экономикалық дағдарыс» термині елдің құқықтық — нормативті
құжаттарынан берік орын алды. Осындай нормативті құжаттардың қатарына
ҚР-ның «ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, ҚР-ның экономикалық
қауіпсіздігінің Мемлекеттік стратегиясы жатады. Ұлттық заңдылықта
экономикалық дағдарыс талаптары мен түсінігі, біздің ойымыз бойынша,
анық кӛрсетілмегендіктен, біз «экономикалық дағдарыс» түсінігін жан -
жақты қарастыруды үйғардық.
Үлкен заңгерлік сӛздікте экономикалық дағдарыс келесідей түсінік
беріледі: «…мемлекеттің үдемелі дамуы мен әлеуметтік, саяси және қорғану
қабілетін дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін экономиканың
жағдайы».
ҚР-ның «ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы «Заңында экономикалық
қауіпсіздік «ҚР-ның ұлттық экономикасының тұрақты дамуына және
экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер ететін үрдістер мен факторлардан,
ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғалған жағдайы» деп кӛрсетілген .
Біз жоғарыда тоқталып ӛткен экономикалық дағдарысқа қарсы басқару
түсінігіне берілген екі анықтамада да кәсіпорынның экономикалық
дағдарысы қарастырылмаған, экономикалық дағдарыс түсінігі мемлекет
деңгейінде ғана қарастырылған деп тұжырымдап, анықтамаларды
зерттеуімізді ары қарай жалғастырдық.
Отандық және ресейлік авторлардың ғылыми жұмыстарында
кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету
кӛзқарастар кӛрсетілген. Соларға шолу жасау арқылы, ӛз ойымызды
білдірмекпіз.
Бір авторлардың пікірінше, кәсіпорынның (фирманың, ұйымның)
экономикалық қауіпсіздігі ғылыми — техникалық, технологиялық, ӛндірістік
және кадрлық әлуеттің сыртқы және ішкі экономикалық қатерлерден
қорғалған жағдайы және оның барлық ресурстарын тиімді қолдану арқылы
ұдайы ӛндіріске қабілеттілігі .
Келесі
авторлар
кәсіпорынның
(шаруашылық
субъектісінің)
экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды оның ғылыми — техникалық,
технологиялық, ӛндірістік және кадрлық әлуетінің тікелей (белсенді) және
жанама (енжар) экономикалық дағдарыс, мысалы, мемлекеттің тиімді емес
ғылыми — ӛндірістік саясатымен немесе қолайсыз сыртқы ортаның
қалыптасуымен байланысты дағдарыс, қорғалуы және ұдайы ӛндіріске
қабілетті.
Басқа авторлардың пікірінше, экономикалық дағдарысқа қарсы басқару
дегеніміз — жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға мүмкін болатын экономикалық
қатерлердің қарсы шаралар жүйесіне немесе басқа сӛзбен айтқанда,
кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне тең болуы.
47
Кейбір авторлар экономикалық дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорын
қызметіне дағдарысты алдын алу үшін корпоративті ресурстарды неғұрлым
тиімді пайдалану және қазіргі кезде, болашақта кәсіпорынның тұрақты
қызмет етуін қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді .
Осы
пікірлерде
кәсіпорынның
экономикалық
дағдарыспен
байланыстыруға талап болмағаны байқалады, дегенмен дағдарыстын алдын-
алу туралы мәселе қозғалған. Экономикалық дағдарыс ұштаса отырып,
дағдарысқа әкелуі мүмкін болғандықтан, айтылып кеткен кӛзқарастарды біз
дағдарыстың алдын-алу шараларымен байланыстыра кӛрсеткіміз келді.
Біздің ойымызша, кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен мәнін
келесідей түсінік толығымен ашар еді: «Кәсіпорынның экономикалық
дағдарысқа қарсы басқаруын кәсіпорындағы барлық ресурстарды (ӛндірістік,
технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік)
ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму
шаралары жүйесінің тиімді қызмет ету жағдайы». Осы ретте, бұл түсінікте
ресурстарды толығымен пайдалану, дағдарыстардың алдын-алу, ұдайы
дамуды қамтитын жүйе толығымен қамтылып, кәсіпорынның экономикалық
дағдарысқа қарсы басқару түсінігі толығымен ашылады деген ойдамыз.
Нарықтық экономика кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың
нарықтық стратегиясын ғана емес, ӛзінің құрамына міндетті түрде
интеллектуалдық меншікті және экономикалық дағдарыстан қорғаудың
арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек.
Кәсіпорындағы осы қызметке жауапты бӛлімшенің, дағдарыс ережелерін
сақтауды бақылайтын және қорғау жоспарын, құралдарын анықтайтын, бұзу
әрекеті мен фактілерін анықтау және нейтралдау жұмыстары бірінші жолға
қойылады.
Кәсіпорын
инфрақұрылымының
кез-келген
элементінің
қызметінің босаңсуы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару тікелей әсер
ететін болғандықтан, кәсіпорынды басқару үрдісі экономикалық қауіпсіздік
сұрақтарымен тікелей байланысты.
Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз
ету үшін меншікті корпоративті ресурстар пайдаланылады:
1.
Капитал ресурсы;
2.
Персонал ресурсы;
3.
Ақпараттар және технологиялар ресурстары;
4.
Техника және жабдықтар ресурстары;
5. Құқық ре сурстары: патенттер, лицензиялар, экспорттық квоталар
және .
Экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері әлеуметтік-экономикалық
мәртебені анықтайтын экономикалық қызығушылықтардан тұрады. Меншік
иелерінің және жалдамалы қызметкерлердін экономикалық мүдделерінің бар
екенін айта кеткен жӛн. Меншік иесінің, сәйкесінше кәсіпорынның бар
мүддесі таза табыс алумен байланысты болғандықтан, оны алуға кедергі
келтіретін факторлардың бәрі сәйкесінше экономикалық қатер болып
48
табылады. Осылайша біз экономикалық қатер деп, таза табыс мӛлшерінің
тӛмендеуіне немесе жойылуына әкелетін мүмкін жағдайды айтамыз.
Ӛнеркәсіптік кәсіпорындар үшін экономикалық дағдарысқа қарсы
басқару бағалау ӛте маңызды. Себебі, қызметтегі белсенді әлует дағдарысқа
қарсы дамуды анықтайтын, экономикалық ӛсудің кепілі және елдің
экономикалық тәуелсіздігін, дағдарысқа қарсы басқару дағдарыстан
сақтайтын тұрақты фактор болып табылады. Оның босаңсуы кәсіпорынның,
мемлекеттің болжауға мүмкін болмайтын зардаптарға ұшырауына әкелуі
мүмкін.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару ең алдымен
менеджерлердің мүмкін қатерлерді кӛре білу және алдын-алу, пайда бола
бастаған қиындықтарды тез шешіп, оң жолға түсу шараларын жүзеге
асыруымен байланысты.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруда тӛнетін
қатерлерді келесі түрде жіктейді:
• Субъективті, кәсіпорынның немесе оның басшылығының тиімсіз
қызметімен байланысты, қатерлер. Мысалы: тӛмен бәсеке қабілеттілік
әсерінен ӛнімнің нарықта ӛтпеуі, қаржылық тұрақсыздық жағдайы.
• Объективті, кәсіпорынға тәуелсіз жағдайлардан болатын қатерлер.
Мысалы: инфляция деңгейі, табиғат апаттары.
Кәсіпорынның
экономикалық
дағдарысқа
қарсы
басқару
функционалдық тұрғыдан келесі элементтерден тұрады:
• Технико-технологиялық;
• Интеллектуалдық және кадрлық;
• Қаржылық;
• Саяси-құқықтық;
• Ақпараттық;
• Экологиялық .
Осы элементтерге толығырақ тоқталып кетейік.
Технико-технологиялық элемент. Экономикалық дағдарысқа қарсы
басқаруды қамтамасыз етуде менеджерлердің кәсіпорындағы технология,
құрал-жабдықтар әлемдік стандарттарға сай келетінін, балама ӛнімдерді
шығаратын
кәсіпорындарда
қандай
технология
пайдаланатынын,
қолданыстағы технологияны ішкі резервтердің кӛмегімен жақсарту
мүмкіндігін талдау және жаңа ғылыми ізденістерді байқауы керек.
Интеллектуалдық және кадрлық элемент. Қазіргі экономикалық
жағдайларда экономикалық дағдарысқа қарсы басқару деңгейі кӛп жағдайда
мамандардың
біліктілігімен
анықталады.
Сондықтан,
кәсіпорында
жұмыскерлерді іріктеу, оқыту және ынталандыру жүйесі ұйымдастырылған
деңгейде болуы керек. Оның үстіне, кәсіпорынның басқару персоналы
экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жағдайын үнемі талдап отыруы,
дағдарыс жағдайында сасып қалмайтындай болуы керек.
Қаржылық элемент. Бұл элемент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты
49
болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің
қаржылық
тұрақтылығының
жойылу
себептері
ӛндіріс
кӛлемінің
тӛмендеуімен, ӛнімнің ӛзіндік құнының жоғары болуымен, активтерді тиімсіз
жоспарлау және басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақтылықты
сақтау үшін кәсіпорынның қаржылық — экономикалық қызметінде нақты
тапсырмаларды жоспарлау және ӛткізу жолдарын қарастырған жӛн.
Келесідей стратегиялық міндеттерді анықтауға болады: ӛнімді жетілдіру,
ӛзіндік құнды тӛмендету, аз шығындармен ӛндіріс тиімділігіне қол жеткізу,
рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету.
Саяси — құқықтық элементті қорғаудың үрдісін келесі түрде жүргізуге
болады:
• кері әсерлерді анықтау;
• қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;
• осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.
Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында
ақпараттарды жинап, сақтап, ӛңдейтін белгілі бір бӛлімше болуы керек. Осы
бӛлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды
талдап, ары қарай дамуы үшін колдана білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны
сақтайтын шараларда осы бӛлім арқылы жүргізілуі керек.
Экологиялық элемент. Кәсіпорын экологиялық мӛлшерлерді бұзудан
болатын айып пұлдары сияқты шығындарды тӛлегісі келмесе, халықаралық
және ұлттық экологиялық мӛлшерлерді сақтауы керек.
Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі шаралар алгоритмі тиімді
болар еді:
1.
Мүмкін болатын экономикалық қатерлерді талдау;
2.
Қарсы шараларды жоспарлау;
3.
Қабылданған шаралардың орындалуын бақылау;
4. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін
талдау.
Кейде
экономикалық
қауіпсіздікті
заңдылықтағы,
нарықтағы,
экономикалық тәуекелдерді есептеуде кеткен қателермен байланыстырып
жатады. Осы қателердің бәрі кәсіпорынның таза табысына кері әсер ететінін
айта отырып, біз мемлекетті, тұтынушыларды, табиғат факторларын
экономикалық
қатер
тӛндірушілер
ретінде
кӛрсетуден
аулақпыз.
Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару менеджерінің басты
қызметі — заңгердің, экономисттің, жоспарлау бӛлімінің алдына
экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін арнайы
міндеттерді қоюда болып табылады.
Кәсіпорындардың
экономикалық
дағдарысқа
қарсы
басқаруды
қамтамасыз ету үрдісі, біздің ойымыз бойынша, бірнеше кезеңдерден тұрады.
Бірінші кезеңде кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының
түрлері мен себептері анықталуы қажет. Екінші кезеңде сол қатерлердің
алдын-алатын шаралар жүйесі іске қосылуы керек. Үшінші кезеңде олардың
орындалуы бақылауға алынса, тӛртінші кезенде тиімділігі талдануы мүмкін.
50
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса,
шараларды қайтадан бастауға болады, қанағаттанарлықсыз деңгейде болса,
тиімді қызмет жасайтын жүйе құру керек болады. Осы айтылған
кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару қамтамасыз ету
циклын біз тереңірек талдайтын тоқыма-кілем кәсіпорындарына да кеңінен
қолдануға болады.
Тоқыма-кілем ӛнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа
қарсы басқаруды қамтамасыз етудің екінші кезеңінде дағдарысқа қарсы
басқаруды қамтамасыз етуді дәл қазіргі жағдайы бағаланады. Осы ретте,
кәсіпорынға тӛнетін қатер және осы қатерден мүмкін болатын зиян
толығынан талданады. Әрбір кәсіпорында жоғарыда айтылғандай
қатерлердің алдын-алу шараларынан барынша оң әсер алатын ақпараттарды
жинау, талдау және бағалаудың бірегей жүйесі болуы тиіс. Кәсіпорынның
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі жағдайын анықтау
бірнеше басты бағыттарда жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, кәсіпорынның
қаржы-экономикалық қызметі бағаланады. Есептік мәліметтер негізінде
кәсіпорын капиталының құрылымы мен серпіні, қарыз қаражаттарынан
тәуелсіздігі мен автономдығы, айналым қаржыларының ағымдағы кезеңдегі
және болашаққа ӛтімділігі мен тӛлем қабілеті талданады.
Осы тәріздес талдауға негізгі және айналым капиталының пайдалануы,
еңбек ӛнімділігі, кұрал — жабдықтың пайдалануы мен тозуы да ұшырайды.
Кәсіпорынның еңбек ресурстары мен еңбек ақы қорына ерекше назар
аударылады. Тоқыма-кілем ӛнеркәсібі кәсіпорындарының шығындары
құрылымын талдау ресурстар үнемінің жасырын жолдарын, дамудың
интенсивті, жоғары технологиялық жолдарын анықтауға жол береді.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің
ағымдағы жағдайын бағалауда тоқыма-кілем ӛнеркәсібі кәсіпорнының ӛз
ӛнімін ӛткізу кӛлемі туралы ақпаратының мәні зор. Бұл жерде басты
кӛрсеткіш болып, сатылымдардың ассортименті мен аймақтық құрылымы
анықталады. Маркетингтік тұрғыдан кәсіпорынның тауар нарығындағы
орнын, бәсекелестерінің артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтау
кәсіпорынның нарықтағы үлесін, баға-сапа қатынасын, баға саясатын,
бәсекелік стратегиясын анықтауға-мүмкіндік береді.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды камтамасыз етуді
бағалауды аяқтай отырып, кәсіпорынның табыстылығы мен рентабельділігін
талдау жӛн болады. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз
етудің келесі кезеңінде тоқыма- кілем ӛнеркәсібі кәсіпорнының кысқа және
ұзақ мерзімге даму бағдарын жасау жатады. Кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету экономикалық қатерлердің алдын алу
шараларын ӛткізу арқылы жұргізіледі. Егер қатер құшағын жайып тұрса,
мысалы: кәсіпорыннан құрылтай құжаттарын тартып алғандай қылып алса,
фирманың бұрынғы қызметкерінен сотқа арыз түссе, әріптестер қарыздарын
қайтармай жатса, бәсекелестер кәсіпорынның тауар белгісін рұқсатсыз
пайдаланып жатса, кәсіпорынның арғы экономикалық ӛмірін қалай
51
анықтап, жоспарлаймыз. Тоқыма және кілем ӛнеркәсібі кәсіпорындарының
экономикалық, ӛндірістік, қаржылық қызметін талдау бізге дағдарысқа қарсы
басқару кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі
болуы мүмкін деген ой салды. Біздің елімізде кәсіпкерлер үшін нақты
экономикалық еркіндікті қажет ететін нарық аяғына тұрды. Мұндай қадам
үшін нарыққа сай еңбек ӛнімділігін, тиімділікті, тұтынушылар мен
жабдықтаушылардың алуан түрлі талаптарына икемделетін ӛндірісті
қамтамасыз ететін фирма мәдениеті мен басқару жүйесі керек-ақ. Дағдарысқа
қарсы басқаруда, фирманың экономикалық ең тиімді басқару құралы ретінде,
осындай әлует бар.
Ешкім және ешқашан дағдарыстан қорғап қалуға кепілдік бермейді.
Әдетте, дағдарыстық жағдай аяқ астынан болады. Дағдарыс кәсіпорындарды
қызмет саласына, қызметкерлер санына, ӛнім сапасына және басқа
жағдайларға қарамай-ақ таңдайды. Дағдарыстық жағдайда менеджменттің
әдеттегі, бәрімізге белгілі шеңберінен тыс тұратын әдістері қолданылуы тиіс.
Олардың кейбірі арнайы, тек дағдарыс жағдайларында қолданылатын болса,
кейбір әдеттегі әдістері бизнестегі тиімді шараларға қол жеткізу құралдары
сапасында қолданылады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер
тәжірибесінде макро — микродеңгейлерге дағдарысқа қарсы шаралардың бай
қоржыны бар .
Қазақстан кәсіпорындарында дағдарыс мүлде күтпеген, «кӛктен
түскендей» тосын жай ретінде қабылданады да, оған, кӛп жағдайда,
кәсіпорын персоналы дайын еместігін байқатады. Нарықтық экономикада
жекелеген компаниялардың дағдарысы үйреншікті іс, сондай-ақ, қазір
жекелеген елдерді ғана емес, тұтастай континенттерді қамтитын жүйелік
дағдарыстарға да етімізүйреніп келеді. Дағдарыстық құбылыстарға,
мүмкіндігінше, әдеттегі табиғи құбылыс ретінде қарап, алдын-ала мұқият
түрде дайындалу керек. Сол кезде кәсіпорын үшін зиян аз, ал дағдарыстан
шығу жеңілірек болады. Дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның
экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге қаншалықты
қатысы бар екенін анықтау үшін, зерттеу жұмысымыздың келесі бӛлімін
соған арнадық.
Достарыңызбен бөлісу: |