Дәріс №9. Дағдарысқа қарсы менеджмент объектілері мен субъектілері
1. Дағдарысқа қарсы басқару
– кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі
2. Дағдарысқа қарсы басқару объектілері мен субъектілері және олардың
кәсіби білімі мен дағдылары бойынша талаптар
1. Дағдарысқа қарсы басқару – кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі
Нарық қатынастарының қазіргі кезеңінде отандық фирмалардың кӛріп
отырған қаржы тапшылықтарына қарамай-ақ, нарықтағы орындарын
бекітуге, ӛз бизнесіне тұрақты нысан беруге деген талпынысын байқаймыз.
Бұл шиеленіскен бәсеке жағдайында ӛміршеңдікке ұмтылуды қажет ететін
уақыт талабы.
Дағдарыстық жағдайлар кӛптеген себептердің әсерінен пайда болады.
Олардың ішінде, табиғат апаттарын, экологиялық , қаржы, азаматтық немесе
құқықтық дағдарыстар атап айтылып жүр. Бұл тізімді ары қарай
жалғастыруға болады, бірақ шет елдердегі, айрықша, біздің елдегі
дағдарыстардың басты себебі-қанағаттанарлықсыз менеджмент. Қазіргі
қазақстандық жағдайлар мамандарға дағдарыстардың түрлерін тәжірибеде
зерттеуге мүмкіндік туғызады. Әр дағдарыстың ӛзіндік ерекшелігі бар
болғандықтан, олармен күресудің бірдей жолы жоқ.Дегенмен, әлемдік
тәжірибеде дағдарыстарға дайын болу жағдайында қолданылатын іс-
шаралардың қалыптасқан жүйесі бар. Ол жоспарлау құралдарының
кӛмегімен жүзеге асады. Болуы мүмкін дағдарыстық құбылыстарды
жоспарлау- сын сәтінде жасалатын қадамдардың механикалық бір ізділігін
алдын ала анықтау және ұйымға тез әрі тиімді әрекет жасау үрдісін қамтиды.
Шарықтаған бәсекелестік жағдайында, нарықта ӛз орнын табу үшін
уақыт талабы отандық экономикалық кызметте келесідей шешімдерде дұрыс
жауап іздеуді талап етеді:
шаруашылық механизмдерінің қызмет етуінің ӛзгеруі;
басқару шешімдерін қабылдау шарттарының ӛзгеруі;
жаңа жағдайлардағы кәсіпорынның стратегиясын жасау және
жүзеге асыру;
басқарудың жаңа мүмкіндіктерін белсенді пайдалану;
шаруашылық жүргізуде барлық заңды әдістерді пайдалану.
Осы жағдайда дағдарысқа қарсы басқарудың концепциясын анықтап алу
маңызды болып табылады. Осы мәселе бойынша зерттеулері бар кӛптеген
авторлардың пікірі бойынша, дағдарысқа қарсы шараларды нарықта қызмет
етуші кәсіпорынның қаржылық нәтижелері ӛте нашар болған жағдайда ғана
пайдалану қажет. Бұл — теріс кӛзқарас, себебі басты мақсат дағдарыстың
алдын-алу болғандықтан, біздің ойымызша, дағдарысқа қарсы басқаруда ең
78
бастысы -қаржылық киындықтар тұрақты, күнделікті сипат алмайтын
жағдайларды қамтамасыз ету.
Экономикалық әдебиеттерде дағдарысқа қарсы басқарудың кӛптеген
анықтамалары бар.
Кейбір авторлар дағдарысқа қарсы басқарудың «нақты бір борышқор
кәсіпорында қолданатын дағдарысқа қарсы нысандар мен әдістердің
жиынтығы» деп түсінеді. Дағдарысқа қарсы басқару микроэкономикалық
категория болып табылады және кәсіпорынның жойылуы мен қайта
жандануы кезіндегі ӛндірістік қатынастарды қамтиды.
Ресейлік экономист- ғалым Э.А.Уткин дағдарысқа қарсы басқару
дегенде,
ресейлік
кәсіпорынның
нарықтық
қызметінде
мүмкін
қиыншылықтардың болмауына, оның ӛз жеке қаржыларына негізделген,
кеңейтілген, ұдайы ӛндіріске, тұрақтылыққа бағытталған басқаруды түсінеді.
Профессор Э.М.Коротков былай жазады: «дағдарысқа қарсы басқару -
дағдарысты алдын-ала кӛре білуге кӛзделген басқару, оның белгілерін,
залалдарын азайту шаралары талдап, оны ары қарай дамуға пайдалану».
Келесі авторлар тобы дағдарысқа қарсы менеджментті қазіргі
менеджменттің барлық әлеуетін пайдаланып, бизнестегі қолайсыз
жағдайларды жою немесе алдын-алуға бағытталған кешенді,жүйелі басқару
деп қарастырады. Олардың пікірінше, кәсіпорында арнайы бағдарлама
жасалып, жүзеге асырылуы қажет, бағдарлама уақытша қиындықтарды
жойып, ӛзіндік ресурстарды пайдалана отырып, нарықтық позицияны
сақтауы қажет.
Батыс Еуропалық экономистер дағдарысқа қарсы басқару деп, «негізгі
мәселе нарықта ӛз орнын сақтап қалу болатын, кәсіпорын қызметіне қауіп
тӛндіретін жағдайдан ӛтуге қажетті кызметті» айтады. Бұл қызмет келесі
түрде сипатталады: «кәсіпорынға қауіп тӛндіретін жағдайдан ӛту үшін
қажетгі әдістер мен тәсілдерді интенсивті қолдануды арттыру».
Бірақ та, Хаберландтың ойынша, барлық назар жедел, қысқа мерзімді
мәселелерге, қатал және тез шешуші шаралармен байланысты мәселелерге
ауады. Дағдарыстың еркін және оңтайлы жақтарын атап ӛткісі келетін
авторлар, дағдарысқа қарсы басқаруды керісінше, «жақындап келе жатқан
қиын кезеңді алдын-ала біліп, даму бағытын ӛзгертуге мүмкіндік береді деп
анықтайды».
Қазақстандық экономист-ғалымдар дағдарысқа қарсы басқаруды -
кәсіпорындағы базистік, ӛзгермелі шамаларды сақтап қалуға бағытталған
шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру деп анықтайды.
Сонымен қатар, Қазақстанда қалыптасқан кейбір кӛзқарастарға сәйкес,
дағдарысқа қарсы басқару банкроттығының функциясы немесе міндетті
қосымшасы болып табылады.
Кӛптеген елдердегі нарықтык экономиканың қалыптасуы мен даму
тарихы, оның қызмет ету үрдісінің бірқалыпсыздығын, ӛнім ӛндіру мен
ӛткізу кӛлемінің ауытқуын, ӛндірістің тӛмен құлдырауларын ашып кӛрсетеді.
Бүл — дағдарыстық жай деп қарастырылып, жалпы заңдылық болып
79
табылады. Осы айтылған зандылық кәсіпорынның ӛміршеңдік циклімен
тығыз байланысты.
Отандық
және
шетелдік
экономист-ғалымдардың
зерттеулерін
қорытындылай келе, біз «кәсіпорынның экономикалық кауіпсіздігін
камтамасыз ету» түсінігіне дағдарысқа қарсы тұрғысынан тоқталуды
үйғардық.
Біздің кӛзқарасымыз бойынша, » Кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету-кәсіпорынның күнделікті ӛмірінде қолданылып,
стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлеуетін
кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтарды жеңетін
және нарықтағы ӛз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған
дағдарысқа карсы басқару іс-шараларының жиынтығы».
Осы тұрғыдан алғанда, дағдарысқа қарсы басқару экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде, дағдарыс жағдайында ғана
емес, кәсіпорын қызметінің даму жағдайында да қолданылатын шаралар
ретінде кӛрінеді.
Экономикалык қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайында уақытша
қиыншылықтан ӛту үшін беріліп, нақты жасалған еңбек ынталандырылады,
сәйкесінше, сыйақының жаңа түрлері мен басқарудың жаңа стильдері пайда
болады.
Дағдарысты қабылдаудың екі концепциясы бар:
1.
Дағдарысқа деген қатынас — қолда барды сақтап қалуға
бағытталған. Мұнда дағдарыс кауіп және тосқауыл деп қабылданып,
қатысушы тұлғалар немесе ұжым үшін тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі
болады. Осының нәтижесінде, жауапты тұлғалар дағдарысты теріс қабылдап,
дағдарысқа дейінгі қалыпқа жету шараларын жүзеге асырады.
2.
Дағдарысқа деген қатынас — жаңашылдыққа бағытталған. Бұл
жағдайда дағдарыс кәсіпорынның эволюциялық даму үрдісіндегі жаңартуға
деген қажеттілік деп қарастырады. Мұнда дағдарыс, белгілі бір
иррационалдық немесе дұрыс емес жасалған мақсаттар, ережелерден
тазартудың әдісі болып табылады. Осының нәтижесінде, дағдарысты
туғызған, бұрынғы жағдайды ӛзгертуге әкелген талаптар ұтымды шешіммен
қарастырылады. Мұнда негізге дағдарыспен күрес емес, ӛзіндік құрылымды
жаңа қатынастарға сәйкес ӛзгерту алынады.
Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тӛмендегі
белгілермен сипатталады: экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
негізгі мақсаты кез келген экономикалық, саяси және әлеуметтік
құбылуларда нарықта тұрақты бекіну және компанияның тұрақты
қаржыларын қамтамасыз ету. Сәйкесінше ол әрі жоспарлы және жан-жақты
міндеттерді шеше алуы керек; оның шеңберінде кәсіпорынның (тек уақытша
қаржы қиындықтарын ғана емес) ағымдағы міндеттерін шешуге, ерекше
жағдайларға сай келетін басқару құралдары қолданылады; экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәні -жағдайларға байланысты әр түрлі іс-
әрекеттерді ескеретін, сыртқы ортада болған шамалы ӛзгерістерге жедел
80
немесе пәрменді әсер ету үшін, алдын-ала дайындалған басқару
шешімдерінің балама нұсқалары; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің негізінде — кәсіпорынның іс-әрекетінің барлық салалары мен
бӛлімшелерінде үнемі және тізбектей жаңашылдықтар енгізу үрдісі;
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпорын қандай қиын
шаруашылық жағдайға тап болмасын, бұл қиындықтардан кәсіпорынды ең аз
шығындармен шығара алатын , қаржылық және басқару механизмдерін іске
қосуға негізделеді.
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару механизмі келесі негізгі
элементтерден тұруы мүмкін:
1. Қаржы жағдайының диагностикасы;
2. Кәсіпорынның бизнесін бағалау;
3. Маркетинг;
4. Ұйымдастырушы — ӛндірістік менеджмент;
5. Персоналды басқару;
6. Қаржылық менеджмент;
7. Инвестициялық саясат;
8. Дағдарысқа карсы бизнес-жоспарлау;
9. Бизнесреинжиниринг үрдісі;
10. Кәсіпорынның таратылуын ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы экономикалық кауіпсіздікті қамтамасыз ету оның
құрылған мезетінен басталады. Дәл осы мезетте кәсіпкерлік қызметті
жүргізуші, таңдалған миссиялы фмрманың қызмет ету үрдісі барысында,
мүмкін болатын потенциалды
мүмкіндіктер мен қауіп-катерлерді анықтайтын факторларды тереңінен
зерттеу және болашақ фирманың бағытын, яғни қызмет саласын бір жағынан,
ӛзінің жеке мүдделері мен мақсаттарына, екіншіден, оның объективті пайда
болатын үлкен қауіптерді кейін қайтарудың потенциалды мүмкіндіктеріне
сәйкес анықтау болып табылады.
Кәсіпорынның әр түрлі қызмет саласымен байланысты факторлар
кәсіпорынның құлдырауына ӛз әсерлерін тигізуі мүмкін, сонымен қатар әсер
ету тізбесі ӛте күрделі және шытырман болуы мүмкін, сондықтан
экономикалық қатердің алғашқы себебін не болғанын нақты айтуға
болмайды.
Фирманы құру бастамасынан-ақ, фирманың экономикалық қорғау
(қауіпсіздік) жүйесін құру туралы сӛз қозғау қажет. Егер кәсіпорынның
сәтсіздігінің негізгі сипаты оның тӛлем қабілетсіздігі болса, экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде негізгі рӛл қаржылық менеджментке беріледі.
Сӛз жоқ, бұл экономикалық құралдың мүмкіндіктері үлкен, бірақ шексіз
емес, Қаржылық менеджменттің нәтижелері кәсіпорынның барлық нарықтық
қызметінің нәтижесі, барлық ұжымның сапалы жүмыс жасауының нәтижесі
болып табылады.
Осылайша, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
механизмін калыптастыру мәселесі тәжірибелік жағынан ӛте қиын және
81
әдістемелік жағынан толықтыруды талап етеді. Ол, біздің экономикалық
ӛндірістік нақты сектордың дамуын анықтайтын ӛзекті мәселе болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |