Дағды: Пациентті төсек орнын дайындау техникасы
№
|
«Пациентті төсек – орнын дайындау техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: төсекте жайлы жағдай жасау.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауруханаға түсуі.
|
|
|
Әзірле: функциональдық кереуетті, матрасты, матрас тысын, ақжайманы, жастық тыстарын, екі жастықты, жұмсақ қалың бәйке көрпені қаптама сейсебімен, клеенканы, жаялықты.
|
|
|
Матрасты матрас тысына салыңыз.
|
|
|
Кереуеттің торына тысқа салынған матрасты салыңыз.
|
|
|
Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін матрас тысының еніне сәйкестеп, клеенканы жылжымайтындай етіп бекітіңіз.
|
|
|
Матрастың үстіне ақжайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.
|
|
|
Жастықтарға тысын кигізіңіз,оларды аздап көпсітіңіз, кереуеттің бас жағына қойыңыз.
|
|
|
Астыңғы жастықты тіке қойыңыз, ал үстіңгісін сәл жоғарырақ, кереуеттің арқа сүйенішіне тіреліп тұратындай қылып қойыңыз.
|
|
|
Көрпеге сейсебін кигізіңіз және оны мұқият түзетіңіз.
|
|
Дағды: Халі ауыр пациенттің төсек – орнын тыстарын ауыстыру техникасы.
(ұзынын жасалатын әдіс)
№
|
«Халі ауыр пациенттің төсек – орнын тыстарын ауыстыру техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: төсекте жатқан пациентке жайлы жағдай жасау
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: пациенттің жеке басының гигиенасын сақтау, төсек жаралардың, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.
|
|
|
Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатын клеенка қапшықты, қолғапты.
|
|
|
Пациентке манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Таза ақжайманы бікүл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.
|
|
|
Пауиенттің басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.
|
|
|
Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.
|
|
|
Кереуеттің шетіне қарай абайлап пациентті жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.
|
|
|
Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша пациентке қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).
|
|
|
Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.
|
|
|
Пациентті арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.
|
|
|
Лас ақжайманы пациенттің астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.
|
|
|
Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.
|
|
|
Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырыңыз.
|
|
|
Пациенттің басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.
|
|
|
Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейіргерге тапсырыңыз
|
|
|
Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|
Пациенттің төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.
Дағды: Халі ауыр пациенттің төсек – орнын тыстарын ауыстыру техникасы.
Достарыңызбен бөлісу: |