Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет8/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   121
Дагды : Пациентті арқасымен жатқызу».





«Пациентті арқасымен жатқызу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.





Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

Жауабы


Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудын алдын алу.





Әзірлеу: функциональды кереуетті, 4 валикті, 2 кішкентай жастықтарды, қол ұшына арналған 2 валикті, аяққа арналған тіректі (құмы бар қапты).





Пациентпен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.





Пациенттің жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.





Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз.





Мейіргер тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).





Төсектегі пациентке көлденең қалыпты беріңіз.





Пациентті арқасымен жатқызыңыз.





Пациенттің бел аймағы астына кішкене бүктелген жаймалы валикті салыңыз (бел омыртқаларын ұстау үшін).





Пациенттің бас астына иықтың жоғарғы бөлігі астына кішкентай жастықтарды салыңыз (дененің жоғарғы бөлігін дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, мойын омыртқалары аймағының иілу контрактурасын алдын ала ескерту).





Санның сыртқы бетіне, ұзын бойына сан сүйегінің ұршық аймағынан бастап валикті салыңыз (санның сыртқы бұрылуын алдын ала ескерту).





Сирақтын төменгі үшінші бөлігі аймағына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге қысымды азайту үшін, оларды ойылудан сақтау үшін).





Табанға 90гр бұрышпен тіректі қойыңыз (сыртқы бүгілуді қамтамасыз ету және аяқтың салбырауын алдын ала ескерту).





Пациенттің қолын алақанмен төмен аударыңыз және оларды тұлғасына паралельді орналастырыңыз, иық астына кішкентай жастықтарды салыңыз (иықтың артық бұрылуын азайту үшін, шынтақ буынының жазылуын алдын ала ескерту).





Пациенттің қолының ұшы ішіне валикті салыңыз (саусақтардың жазылуын және бірінші саусақтың бұрылуын азайту үшін).





Пациенттің ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.





Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет