№
|
«Пациентті ішімен жатқызу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
|
|
Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.
|
Жауабы
|
|
Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудын алдын алу.
|
|
|
Әзірлеу: функциональды кереуетті, 8 кішкентай жастықтарды, 2 жастықты.
|
|
|
Пациентпен сенімді қарым қатынас орнатыңыз.
|
|
|
Пациенттің жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.
|
|
|
Кереуеттін (тормозын) тежеуін бекітіңіз.
|
|
|
Мейіргер тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).
|
|
|
Кереуетке көлденең қалып беріп, науқастың басының астынан жастықты алып, оған көмек көрсетуге жолды камтамасыз етіңіз.
|
|
|
Ішіне аудару жасалатын науқастың шынтақ буынынан жазылған қолын тұлғасының барлық ұзындығына паралельді (қатар) орнатыңыз және қысыңыз, сан астына қолыңыздың ұшын салып, пациентті оның қолы арқылы ішіне «аударыңыз».
|
|
|
Егерде пациент денесінің бір жақ жартысында салдану (гемиплегия) болса, онда салданған қол арқылы ішіне аударуды жасаңыз (төсектегі науқасты аудару жеңілденеді).
|
|
|
Пациенттің денесін кереуеттің ортасына жылжытыңыз (пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету).
|
|
|
Пациенттің басын бір жақ қырына бұрып, оның астына аласа жастықты салыңыз (ол мойын омыртқаларының бүгілуі мен жазылуын азайтады)..
|
|
|
Салдануы бар пациенттің басын дененің жансызданған жағына бұрыңыз
|
|
|
Кішкентай жастықты пациенттің ішіне, диафрагма деңгейінен біраз төмендеу салыңыз (бел омытқаларының жазылуын және бел бұлшық еттерінің күшін азайту үшін), әйелдердің кеуде қысуын азайтады.
|
|
|
Пациенттің иығынан бүгілген қолдарын, жоғары көтеріңіз, оның қолдары науқастың басына орналасады (пациентке жайлы қалып беру).
|
|
|
Шынтақ астына, білекке және қол ұшына кішкене жастықтарды салыңыз.
|
|
|
Табандардың астына жастықты салыңыз, аяқтың саусақтары матрацтың үстінде болуы керек (аяқтың саусақтарын матрацқа қысуын азайтады, табанның салбырауын және оның сыртына бұрылуын алдын ала ескертеді).
|
|
|
Пациенттің ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.
|
|
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|