Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: « Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу



бет108/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: « Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу »





«Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы

1

Мақсаты: емдік.




2

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша құлақтағы ауру сезімі және қабыну процессі.




3

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.




4

Емделушіге емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.




5

Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).




6

«Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.




7

Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.




8

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.




9

Емделушіні отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.




10

Емделушінің басын сау қырына қарай бұрыңыз.




11

Құлақтан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.




12

Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.




13

Оң қолға тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.




14

Сол қолмен емделушінің құлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғары қарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты ұстап құлаққа 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.




15

Сыртқы құлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышын енгізбеңіз.




16

Емделушітың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.




17

Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.




18

Емделушінің басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.




19

Қолғапты шешіңіз.




20

Пайдаланған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.




21

Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет