Дағды: «Қолтық ойығындағы шашты қыру».
№
|
«Қолтық ойығындағы шашты қыру» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1.
|
Максаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру,жеке бас тазалығын сақтау.
|
|
2.
|
Қолдану көрсетілімдері: операциялар жасар алдында.
|
|
3.
|
Әзірлеу:жаққышты,сұйық сабынды,қыруға арналған станокты,жеке ұстараны,қолғаптарды,сүрткілерді,суды.
|
|
4.
|
Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.
|
|
5.
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз.
|
|
6.
|
Пациенттен қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз.
|
|
7.
|
Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.
|
|
8.
|
Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап,шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.
|
|
9.
|
Қолтық асты аймағындағы теріні жылы сумен жуыңыз.
|
|
10.
|
Теріні сүлгімен құп-құрғақ қылып сүртіңіз.
|
|
11.
|
Қолғаптарды шешіңіз.
|
|
12.
|
Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
|
|
Дағды: «Қасағадағы шашты қыру».
№
|
«Қасағадағы шашты қыру» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1.
|
Максаты:пациенттің жеке бас тазалығын сақтау,қасағадағы шашты қыру.
|
|
2.
|
Қолдану көрсетілімдері:операция жасау алдында.
|
|
3.
|
Әзірлеу:жаққышты,сұйық сабынды,қыруға арналған станокты,жеке ұстараны,қолғаптарды,сүрткілерді,суды,Эсмарх крушкасын,судноны.
|
|
4.
|
Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.
|
|
5.
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз
|
|
6.
|
Пациентке судноны беріңіз.
|
|
7.
|
Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз.
|
|
8.
|
Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап,шаштың өсу бағытына қарай қырыңыз.
|
|
9.
|
Пациенттің астын жуыңыз.
|
|
10.
|
Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз.
|
|
11.
|
Судноны жинап алыңыз.
|
|
12.
|
Қолғаптарды шешіңіз.Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
|
|
Дағды: «Дәрет сауытын (судноны) беру».
№
|
«Дәрет сауытын (судноны) беру» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1.
|
Максаты: Пациенттің физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету.
|
|
2.
|
Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан пациенттерге ішегін және қуығын босату кезінде қолданылады.
|
|
3.
|
Әзірлеу:зарарсыздандырылған дәрет сауытын,клеенканы,жаялықты,қолғаптарды,кермені,суды,әжетхана қағазын,ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты,қауіпті жоюға арналған контейнерді.
|
|
4.
|
Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.
|
|
5.
|
Дәрет сауытын жылы сумен шайып,оның ішінде аздап су қалдырыңыз.
|
|
6.
|
Пациентті айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз,беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз,жамбастың астынаа клеенканы,оның үстінен жаялықты төсеңіз.
|
|
7.
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз
|
|
8.
|
Пациентті аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесеңіз,аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз.
|
|
9.
|
Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп,пациентке жамбасын көтеруге көмектесіңіз.
|
|
10.
|
Оң қолмен дәрет ыдысын пациенттің бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып,оның бұтаралығы дәрет сауыты тесігінің тура үстінде болуы қажет,сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытыңыз.
|
|
11.
|
Пациентті көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз.
|
|
12.
|
Пациент дәретке шығып болған соң,пациентті аздап қана бір қырына бұрыңыз,дәрет сауытын оң қолмен ұстап тұрып,оны пациенттің астынан шығарып алыңыз.
|
|
13.
|
Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз.Қағазды дәрет сауытына салыңыз.
|
|
14
|
Дәрет сауытын,клеенканы,жаялықты,кермені жинап алыңыз.
|
|
15.
|
Пациентке ыңғайлы жатуға көмектесіңіз.
|
|
16.
|
Дәрет сауытын жаялықпен немесе клеенкамен жауып,дәрет бөлмесіне алып кетіңіз.
|
|
17.
|
Дәрет сауытын ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз.
|
|
18.
|
Қолғапты қауіпті жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
19.
|
Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
|
|
Дағды:_«Зәр_қабылдағышты_беру».'>Дағды: «Зәр қабылдағышты беру».
№
|
«Зәр қабылдағышты беру» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1.
|
Мақсаты:пациенттің жеке бас тазалығын сақтау,пациенттің физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету,зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.
|
|
2.
|
Қолдану көрсетілімдері:қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан пациенттерге қуықты босату кезінде қолданылады.
|
|
3.
|
Әзірлеу:зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты,залалсыздандырылған дәке сүрткілерін,клеенканы,жаялықты,резеңке қолғаптарды,кермені,ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты,қауіпті жоюға арналған контейнерді.
|
|
4.
|
Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.
|
|
5.
|
Пациенттің кереуетінің жанына кермені қойыңыз.
|
|
6.
|
Көрпені қайырып тастаңыз,пациенттің аяқтарын тізесінен бүгіп,сандарын екі жаққа алшайтуын өтініңіз.
|
|
7.
|
Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдай болса,онда оған көмектесіңіз.
|
|
8.
|
Пациенттің жамбасының астына клеенканы,содан кейін жаялықты төсеңіз.
|
|
9.
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз.
|
|
10.
|
Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.
|
|
11.
|
Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз,онымен пациенттің жыныс мүшесін ораңыз.
|
|
12.
|
Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз,дәке сүрткілерін алып тастаңыз.
|
|
13.
|
Пациентті көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.
|
|
14.
|
Зәр қабылдағышты,жаялықты,клеенканы жинаңыз..
|
|
|
Пациентті жауып,кермені жинап алыңыз.
|
|
15
|
Зәр қабылдағышты,ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке сүрткілерін,қолғапты қауіпті жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
16.
|
Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
|
|
Дағды: «Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу».
№
|
«Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, пациенттің жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: пациенттің ауыр халі.
|
|
|
Дайындаңыз: ішінде жылы (t-37-380С) әлсіз калий перманганат ерітіндісін 1: 5000 фурациллин ерітіндісін немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, клеенканы, зәр қабылдағышты (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
|
Пациентке емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
Пациент әйелді кермемен оңашалаңыз.
|
|
|
Пациент әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне зәр қабылдағышты қойыңыз.
|
|
|
Пациентті шалқаснан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіліп, азғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек.
|
|
|
Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз.
|
|
|
Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты киіңіз.
|
|
|
Пациент әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасінің ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфекткамен жоғарыдан төмен қарай ( қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз.
|
|
|
Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз.
|
|
|
Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз.
|
|
|
Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз.
|
|
|
Қолданылған сүрткілерді, корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
|
|
|
Судноны және клеенканы жинап алыңыз, қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандырыңыз.
|
|
|
Пациентті көрпемен жауып қойыңыз.
|
|
|
Кермені жинап алыңыз.
|
|
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |