Дайындаңыз: резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың
|
|
|
Пациентке ем шара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шара жасауға рұқсатын алыңыз.
|
|
|
Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.
|
|
|
Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.
|
|
|
Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз.
|
|
|
Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
|
|
|
Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.
|
|
|
Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.
|
|
|
Пациенттің терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).
|
|
|
Пациентке ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.
|
|
|
Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.
|
|
|
Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.
|
|
|
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|
Ескерту: жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.
Дағды: «Мұзды мұйықты қолдану».
№
|
«Мұзды мұйықты қолдану» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
|
|
|
Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.
|
|
|
Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.
|
|
|
Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.
|
|
|
Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
|
|
|
Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.
|
|
|
Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
|
Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.
|
|
|
Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.
|
|
|
Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.
|
|
|
Пациентке тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз
|
|
|
Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.
|
|
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|
Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.
Дағды: «Қыша қағаздарын қою».
№
|
«Қыша қағаздарын қою» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
|
|
|
Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы
|
|
|
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
|
|
|
Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.
|
|
|
Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
|
Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).
|
|
|
Пациентті ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.
|
|
|
Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).
|
|
|
Пациенттісүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.
|
|
|
5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).
|
|
|
Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.
|
|
|
Пациенттің терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
|
|
|
Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.
|
|
|
Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
|
|
Ескерту:
қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;
қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;
емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға деиін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.
Дағды: «Ыстық ылғалды копресті қою».
№
|
«Ыстық ылғалды копресті қою» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.
|
|
|
Дайындаңыз: ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.
|
|
|
Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
|
Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.
|
|
|
8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.
|
|
|
Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.
|
|
|
Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.
|
|
|
Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).
|
|
|
Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
|
|
|
Пациентті жылы жабыңыз.
|
|
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|
Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
Дағды: «Салқын копресті қою».
№
|
«Салқын копресті қою» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
|
|
|
Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.
|
|
|
Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
|
Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.
|
|
|
Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.
|
|
|
Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.
|
|
|
Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді.
|
|
|
Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |