Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: Пациентті және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау техникасы



бет35/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: Пациентті және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау техникасы



«Пациентті және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы


Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларынын диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.





Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.





Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).





Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, 70 спиртті, 5 спирттелген йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді





Пациентке алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз.





Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.





Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.





Мейіргер манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.





Пациентті емшара кабинетіне шақырыңыз.





Пациентті беліне дейін шешінуін сұраңыз.





Пациентке кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңі, қолғапты киіңіз.





Пациенттің кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын 70 спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.





Жұмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыру) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін төс сүйегінің ортасына ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде жүргізіңіз.





Кассирскийдің пункциялық инесіне шектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.





Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.





Заттық әйнекті кептіріңіз.





Инені алған соң тесілген жерді 5 спирттелген йод немесе 70 спирт ерітіндісімен өңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.





Қолғапты шешіңіз.





Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.





Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.





Пациентті палатаға апарыңыз.





Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.




Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет