Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: «Пациентті гастростома арқылы тамақтандыру



бет24/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   121
Дағды: «Пациентті гастростома арқылы тамақтандыру



«Пациентті гастростома арқылы тамақтандыру» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы


Мақсаты: Пациентті тамақтандыру.





Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми, жарақатында қатерлі ісіктерде зақымдануында





Әзірлеу: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі) ыдысты сұйық тамақпен 35-45 0С дейін жылытылған, қысқышты, жабысқыш пластырьді.





Пациентке емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.





Пациентті алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.





35-45 0С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.





Пациентке жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.





Резеңке түтіктен кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты алыңыз.





Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.





Құйғыны сәл қырына пациентке қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.





Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.





Шайді ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.





Құйғыны алып, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.





Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.





Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).





Қолыңызды жуып,кептіріңіз.






Дағды: «Халі ауыр пациентті тамақтандыру»





«Халі ауыр пациентті тамақтандыру» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: пациентті тамақтандыру




2

Қолдану көрсетілімдері: төсек тәртібінде жатқан, қал-жағдайы ауыр пациент.




3

Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, поильникті, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.




4

Тамақты қандай реттілікпен қабылдайтынын ұнататынын пациенттен сұраңыз.




5

Пациентке қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз




6

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.




7

Пациенттің кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.







Тумбочкіге немесе керует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.




8



Пациентке ыңғайлы жағдай беріңіз, отырғызу немесе жартылай отыру (Фаулер қалпы).




9

Пациенттің басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егерде отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе поильникті тамақпен ауызына жақындатыңыз




10

Пациентті қасықпен аз порцияда немесе поильникпен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.




11

Ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз




12

Сүлгіні сумен суландырып, пациенттің еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.




13

Паценттің кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз.




14

Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз




15

Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.




Ескерту: егерде пациентте алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп,сумен шайқаңыз.
Дағды: «Халі ауыр пациенті мұрын-асқазан сүнгісі арқылы тамақтандыру»





«Халі ауыр пациенті мұрын-асқазан сүнгісі арқылы тамақтандыру» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы


Мақсаты: сүнгіні енгізу және пациентті тамақтандыру.





Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.





Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.





Әзірлеу: залалсыздандырылған, 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүнгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ертіндісін, қасқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшерінде, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты.





Пациентке және туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.





Енгізетін сүнгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.





Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.





Пациентті арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.





Қолғапты киіңіз,мұрын жолдарын қараңыз.





Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтаңыз және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, жұтынуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.





30-40 мл ауаны жане шприціне сорып алып және оны сүнгіге жалғастырыңыз.





Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз.





Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).





Сүнгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.





Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз және оны пациенттің бетінің айналасына және басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.





Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.





Құйғыны немесе шприцін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғынын ауызында тамақ қалмағанша.





Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.





Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.





Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, құйғыны алыңыз.Сүнгінін шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз,келесі тамақтанғанға дейін пациенттің мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны пациенттің киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).





Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.




Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтын ойылуының алды алуын жүргізеді: -38-400 су моншасында тамақты жылытады;
- қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;
- егерде пациенттің ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;
- сүнгі кеңірдікке түскенде пациент көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүнгіні жылдам шығару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет