№
|
«Жұтқыншақтан жағынды алу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).
|
|
|
Әзірлеу: дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған крафт пакетінде залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, жолдама бланкісін, қолғапты, бет пердені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
|
Пациентке жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге пациенттің келісімін алыңыз.
|
|
|
Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.
|
|
|
Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.Бет перде мен қолғапты киіңіз.
|
|
|
Пациенттің бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.
|
|
|
Пациентке қарама- қарсы отырыңыз.
|
|
|
Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.
|
|
|
Пациенттен аузын кең ашуын сұрап, шпательді аузына енгізіңіз.
|
|
|
Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.
|
|
|
Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.
|
|
|
Тампонды тілдің, тісктік, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына ауыз қуысына енгізіңіз.
|
|
|
Жеңіл айналмалы қозғалыспен жұтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампомен жүргізіңіз.
|
|
|
Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ көмекей безі, тілшік, сол жақ таңдай доғасы, сол жақ көмекей безі, жұтқыншақтың артқы бетінен шырышты алыңыз.
|
|
|
Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
|
|
|
Тампонды ауыздың тілдің тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.
|
|
|
Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.
|
|
|
Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
|
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|
|
Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе 37гр С термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз.
|
|