Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет55/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Ескерту:
- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;
- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:
- қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;
- қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;
- қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен наукастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);
- қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;
- көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;
- бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.
Дағды: «Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау»





«Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау.





Қолдану көрсетілімдері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.





Әзірлеу: залалсыздандырылған құрғақ түкіргішті немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды банканы, биксті, шыны аяқ, қайнатылған сумен (суытылған), салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.





Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.





Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты және бет пердені киіңіз.





Пациентпен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.





Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды пациентке жүргізіңіз.





Пациентке қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.





Пациенттен сұраңыз:таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды, ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды,тік тұруын немесе тік отыруын,түкіргіштің қақпағын ашуды,аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын,пациент қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.





Түкіргішті немесе банканы қақпақпен жабыңыз.





Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.





Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.





Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.





Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.





Қолды жуып, кептіріңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет