№
|
«Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындагы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.
|
|
3
|
Дайындаңыз: 20-30 мл кең мойынды құрғақ, таза шыны ыдысты (пенциллин флаконың), қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконнын сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, пациенттің аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейіргердің қолы).
|
|
4
|
Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы пациентпен нұсқау жүргізіңіз.
|
|
5
|
Алда болатын анализге дейін пациент 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет. (рационынан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).
|
|
6
|
Пациентке түсіндіріңіз, нәжіс зерттейтін күңі таңертең алынады.
|
|
7
|
Пациенттен немесе жанүя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кетуін, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.
|
|
8
|
Егерде жауап дұрыс болса нұсқау беріңіз, нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын:
|
|
9
|
3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;
|
|
10
| |
|
11
|
Пациентке нәжісті жинау іс-әрекетін түсіндіріңіз.
|
|
12
|
Нәжіс жинау алдында, қолыңызды ҚР ДСМ бұйрығы бойынша өңдеңіз, резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
13
|
Пациентке түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.
|
|
14
|
Үлкен дәретке отырған соң 5-10 г нәжісті алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз (тығынмен).
|
|
15
|
Ыдысты ішіндегі нәжіспен лабораторияға жіберіңіз.
|
|
16
|
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
17
|
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|