Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: «Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау



бет70/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: «Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау» техникасын
көрсету.





«Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).




2

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы гепатиттер.




3

Дайындаңыз: жаңа жиналған зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивпен, шыны түтікті.




4

Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз.




5

Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.




6

Қолыңызды ҚР ДСМ бұйрығы бойынша өңдеңіз, резеңке қолғапты киіңіз.




7

Зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.




8

Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.




9

Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын төгіңіз.




10

Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.




11

Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.






Ескерту: жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек, неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.
Дағды: «Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдерге)» техникасын көрсету.





«Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдергетәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.




2

Қолдану керсетілімдері: бүйрек аурулары.




3

Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.




4

Пациентке алда тұрған зерттеу (зәрді жинау) мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз:
(егерде зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.)




5

  1. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салып, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.




6

Пациенттен дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.




7

  1. Пациент қолын жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатуын сұраңыз.




8

  1. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз.




9

  1. Жыныс еріндерін емшара аяқталғанша саусақтарынызбен ажыратыңыз.




10

  1. Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.




11

  1. Салфеткаларды кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.




12

  1. Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз.




13

  1. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.




14

  1. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын түтіктің тесігінің жанына орналастырыныз.




15

  1. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.




16

  1. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.




17

  1. Ыдысты қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.




18

Пациент қолын жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатуын сұраңыз. Киініңіз.




19

3әрі бар ыдысты мейіргерге беріңіз.




Ескерту: бикстегі зәрді жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз, материалды жібергенге дейін тоназытқышта t4-60С сақталуы қажет, зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет