№
|
«Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағыадамдарды (реконвалесцентті) тексеру.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу,жедел ішек инфекциялары.
|
|
3
|
Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтікті, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын материалды алуға арналған, қолғапты, дем пердесін, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
4
|
Пациентке зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға рұқсат алыңыз.
|
|
5
|
Қолыңызды ҚР ДСМ бұйрығы бойынша өңдеңіз, резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
6
|
Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.
|
|
7
|
Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.
|
|
8
|
Шыны түтікті штативке орнатыңыз.
|
|
9
|
Пациентті сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.
|
|
10
|
Оң қолмен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен шығарып алыңыз.
|
|
11
|
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен пациенттің бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.
|
|
12
|
Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.
|
|
13
|
Шыны түтіктін шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.
|
|
14
|
Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.
|
|
15
|
Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.
|
|
16
|
Биксті «кілтке» жабыңыз.
|
|
17
|
Қолғапты, дем пердесін шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
18
|
Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.
|
|